banner-top12

Оқырман хаты ecp

Қосқан уақыты Қазан 12, 2014 | 989 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Электрондық сандық қолтаңба – болашағыңыздың кілті!

Ақпараттық технологиялардың арқасында біздің өмірімізге жаңа терминдер мен түсініктер енді. Е-үкімет саласында басты терминдердің бірі – электрондық сандық қолтаңба (ЭСҚ) болды. Оның құжаттардың заңдық күші бар екенін сәйкестейтін және растайтын құрал ретінде пайдалану біздің өмірімізде қалыпты жағдай болып кетті.
Электрондық сандық қолтаңба – бұл электрондық құжаттың жасанды түрінен қорғау үшін арналған реквизит. ЭСҚ қолтаңба иесін теңестіруге, сондай-ақ электрондық құжаттағы ақпаратта бұрмалау жоқтығын анықтауға мүмкіндік береді.
Электрондық сандық қолтаңба – бұл мағыналы құжаттамалармен алмасу үшін өте ыңғайлы қазіргі заман құралы, электрондық қолтаңба механизмін енгізу арқасында Қазақстан өңірінің шекарасы экономикалық қызметтер үшін шектеулі болмайды.
Қолтаңбаны қолдану өте оңай. Ол үшін ешқандай арнайы білімнің, дағдының және іскерліктің керегі жоқ. Электрондық құжаттамамен алмасуға қатысатын әрбір ЭСҚ пайдаланушыға ашық және жабық (құпия) криптографиялық кілттер беріледі.
Басты элемент құпия (жабық) кілт болып келеді, оның көмегімен электрондық құжаттарды шифрлеу жүргізіледі және электрондық сандық қолтаңба қалыптасады. Сондай-ақ құпия кілт пайдаланушыда қалады және оған жеке тасымалдаушыда беріледі. Ол дискета, смарт-карта немесе флеш-карта болуы мүмкін. Оны басқа да жүйені пайдаланушылардан құпия сақтау керек.
ЭСҚ шынайылығын тексеру үшін ашық кілтті қолданады. Қазақстан Республикасы Куәландыру орталығында ашық кілттің дубликаты бар, ашық кілттердің тіркеу куәліктерінің кітапханасы құрылған. Куәландыру орталығы ашық кілттерге тіркеу және бұрмалау мен жасанды түрлерін жасаудан сенімді сақтауды қамтамасыз етеді.
Ашық кілт тек жабық кілтпен бірге ғана жұмыс істейді.
Электрондық сандық қолтаңбаны пайдалана отырып, Сіз:
– облыс ғана емес, сондай-ақ республика мемлекеттік органдар виртуалдық қабылдауына өтініштерді жүзеге асырасыз (бұл қызмет Қазақстан Республикасы азаматтарына өз өтініштерін мемлекеттік органдарға тапсыруға мүмкіндік және өтініштің дәрежесін: мемлекеттік органға жеткізілгенін, орындалуға берілгенін, орындалғанын және т.б. тексеруге мүмкіндік беретін мемлекеттік орган тарапынан жауапты әрекетке кепілдік береді);
– үйден шықпай тәулігіне 24 сағат аптасына 7 күн мемлекеттік қызметтерді ала аласыз.
– тауарлардың және қызметтердің электрондық саудада, аукциондарда және тендрларда ең тиімді баға ұсыныстарын ұсына және таңдай аласыз;
– Интернет арқылы қазіргі заман негізінде ең аз шығынмен аса тиімді қарым-қатынас жасай аласыз;
– Қазақстанның кез-келген облысы, қаласындағы серіктестермен алыстан жүргізу режимінде экономикалық операцияларды жасай отырып, өз бизнесіңіздің таралу шегін кеңейте аласыз.
Электрондық сандық қолтаңбаны жеке, және де заңды тұлғалар ала алады.
ЭЦҚ пайдалану төмендегідей жеңілдіктер туғызады:
• құжаттарға заңды маңыздылықты берумен құжаттардың ақпарат алмасу құпиялығын арттыру есебінен қаржылық шығындардың тәуекелін азайту;
• құжаттамалардың есебін беру және алмасу үрдісінде құжаттар қозғалысы уақытын айтарлықтай қысқарту;
• электрондық саудада бір ЭЦҚ пайдалану, мемлекеттік органдарға есептілікті тапсыру, қаржы құжаттарымен жұмыс жасау және бұрыштамалау мүмкіншілігі;
• құжаттарды жеткізудің, есебін жүргізудің және сақтаудың даярлық рәсімдеуін жетілдіру және арзандату; құжаттаманың сенімділігіне кепіл болу;
• кросс-сертификация туралы негізгі шетелдік куәлік жүйелерімен келісім. Халықаралық құжат айналымы үшін ресейлік ЭЦҚ пайдалану мүмкіншілігін қамтамасыз ету;
• электрондық цифрлық қолтаңба қағазсыз құжат айналымда дәстүрлі мөрді және қол қоюды ауыстыруға рұқсат етеді. Мөр немесе жазбаша қол қоюдың және қағаз парақтың арасында әдеттегі байланыспен бірге цифрлық қолтаңбаны құрған кезде электрондық құжат, құпия және ашық кілттердің арасында күрделі математикалық тәуелділік пайда болады.
• құжат алмасудың корпоративтік жүйесін құру.
Электрондық цифрлық қолтаңба – уақыттың жаңа талаптарымен бірге кім қадам басуды қалағандардың барлығы үшін тиімді шешім. Егер алынған ақпараттың келісім қортындысын немесе түпнұсқалығын растауды тексеру үшін жүздеген шақырымнан келгенше ЭЦҚ артықшылығы анық – электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қойылған құжат, бірнеше секундта белгіленген жеріне берілуі мүмкін. Құжатты электрондық алмасудың барлық қатысушылары олардың бір бірінен қашықтығына байланысты емес тең мүмкіншілікті алады.
Қазіргі уақытта азаматтар ЭЦҚ артықшылықтарын түсіне келе қолтаңба алушылар саны көбейді. Алмалы ауданының ХҚКО бойынша күніне 90 азамат, 60-тан астам заңды тұлғалар ЭЦҚ жазғызып, қызмет түрлерін алуда. Бұл көрсеткіштер күннен-күнге өсуде. Осы қарқынмен ЭЦҚ алатын болса, болашақта Қазақстан Республикасының барлық азаматтарының электрондық үкімет порталымен жұмыс істеу мүмкіндігі болады деп сенеміз.

Н. Алдабергенова,
Алмалы аудандық ХҚКО бөлімінің басшысы

 




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑