banner-top12

Құрылтай no image

Қосқан уақыты Қараша 25, 2012 | 752 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

«Елге ел қосылса – құт»

Алматы қаласы Әкімінің орынбасары М. Мұқашевтің сөзі

Қадірлі форум қонақтары!

Құрметті Алматылықтар!

Бүгін біз Оралмандардыңқалалық форумына жиналып отырмыз.

Басқосуымыз Президентіміздің  «Қазақстаннныңәлеуметтік жаңғыртылуы. Жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламалық мақаласында айтылған міндеттерді талқылап, оларды жүзеге асырудың жолдарын өздеріңізбен ақылдасуға арналып отыр.

Тәуелсіздігімізді жариялап, егеменді ел болған сәттен бастап Президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен төрткүл дүниеге тарыдай шашылған миллиондаған қандастарымыз елге орала бастады.

Сол кезде түрлі экономикалыққиыншылықтармен бетпе-бет келген жас елдіңәлеуметтік мәні зор мұндай іске тәуекел етуі көптің таңданысын туғызғаны анық.

Әлемніңәр қиырын паналаған қандастарын елге шақырған мемлекеттер санаулы ғана. Атап  айтсақ, Қазақстан, израиль және Германия елдері. Ресей бұл жұмысты енді қолға алып жатыр.

Елбасы Н.Ә. Назарбаев тәуелсіз Қазақстанның саяси-экономикалық даму жолын нарық заңдылықтарымен байланыстырды. Дәл осы сәтте өзге елде жүріп, нарықтыққоғамныңқыр-сырын жетік меңгерген қандастарымыздың елге оралуы Тәуелсіз еліміздің экономикасына серпіліс әкелгені анық. Осылайша, оралман ағайындар атақонысқа өздерімен бірге кәсіпкерлікпен айналысудыңәдіс-тәсілін ала келді. Көшіп келген қандастарымыз нарықтыңқиыншылықтарын жергілікті халықпен бірдей бөлісіп, оны еңсеруге күш жұмсағаны даусыз. Еліміздің түрлі салаларда жеткен жетістіктеріне оралмандардыңқосқан үлесі зор екендігін атап өткен жөн. Әр саланың дамуына үлес қосып, өзіндік таңба қалдырғандары бүкпесіз ақиқат.

Елбасы – «Қазақстаннныңәлеуметтік жаңғыртылуы. Жалпыға ортақ еңбекқоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламалық мақаласында еңбек адамының абыройын арттыруға  зор мән берді. Қандастарымыз қандай да бір әлеуметтік жеңілдікке ие болайын деп емес, атақонысымызда еңбек етіп, ортақ Отанымыз Қазақстанның гүлденуіне үлес қосайық деген ізгі ниетпен келгені де шындық.

Бүгінде шеттен келген қандастар еліміздің түрлі саласында – өнерде, білім мен ғылымда, спортта, өндірісте, шағын және орта бизнесте және т.б. табысты еңбек етіп келеді.

Сонымен қатар, елге ағылған ағайынның көшін жүйелеу мақсатында 2010-2012 жалдар аралығында «Нұрлы көш»  бағдарламасы қабылданып, ойдағыдай іске асыруға мемлекет қазынасынан қомақты қаражат бөлінді. «Нұрлы көш» бағдарламасы аясында іргелі істер атқарылуда.

«Елге ел қосылса – құт» деген дана халқымыз. Сөйтіп, еліміздің тәуелсіздігі арқылы қол жеткізген, ұлттық рухымызды көтерудің зор мүмкіндігі саналған ұлы көш бір сәтке толастаған емес.

Осылайша, 20 жылда ел халқының саны 1,5 миллионнан астам қандасымызбен толықты.

Алматы қаласы өз кезегінде 20 жыл ішінде ресми есеппен алғанда 3 мыңнан астам отбасына немесе  9 мыңға жуық оралман бауырларымызға құтты қоныс болды.

Өзге елден көшіп келген қандастарымызды жұмыспен қамту мәселесі бойынша ЕлбасыныңҚазақстан халқына Жолдауының негізінде әзірленген «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасына сәйкес, тұрғындарды, оның ішінде оралмандарды әлеуметтік  жұмыс орындарына  және жоғары оқу орындары, колледждер мен лицей түлектерін жастар тәжірибесіне жіберу бойынша бағдарламалар жүзеге асырылып келеді.

Сондай-ақ, оралмандарды қолдау бойынша арнайы орталыққұрылды. Қалалықәкімдікте «Оралмандарды  бейімдеу бойынша комиссия» жұмыс істеуде.

Қадірлі қауым!

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқандай «Қазақстан – дүниедегі әр қазақтыңқастерлі құбыласы!  Қазақстан – әлемдегі барша қазақтыңқұтты қарашаңырағы!».

Ардақты бауырлар, еңбектеріңіз табысты, мақсаттарыңыз биік болсын дей отырып, бүгінгі форум жұмысына сәттілік пен жаңа жетістіктер тілеймін!

 




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑