banner-top12

Жаңалықтар

Уақыты 22 мая, 2015 | қосқан shalqar | 925 рет оқылды

0

«Елмұраның» жаңа шығарылымы

Алматыдағы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде өткен ІІ Халықаралық түркі әлемі зерттеулері симпозиумы аясында «Елмұра» республикалық ұлттық, мәдени-танымдық журналының 2015 жылғы №1 таныстырылымы өтті.
Үш айда бір рет жарық көретін бұл басылымның бұған дейін 2 нөмірі жарық көрген болатын. «Елмұраның» жаңа шығарылымы бас редактор Салтанат Өмірәлінің «Ұлттық қолөнеріміз – асыл мұрамыз!» деп аталатын мақаласымен басталады. Бас редактордың орынбасары Ләззат Игісіннің айтуынша, ұлт мүддесіне қызмет етуді мақсат тұтқан журналдан оқырман бұл жолы «Иран-Ғайыптың «Ұлыс жыры» өлеңін, Болат Бопайұлының «Қазақ халқының табақ тарту салты», Серікбол Ерәділұлының «Асау үйретудің барысы», «Жанымхан Ошанның «қазақ жауынгерінің келбеті», Ғалия Қайдауылқызының «Ұлттық киім – ұлттық идеяның алтын арқауы», Болат Құрманғажыұлының «Ешкі сүті ем екен» және «Ұлыстың ұлы күні — әз-Наурыз», «Шұбаттың емдік қасиеті» сияқты танымдық мақалаларын оқи алады. Сондай-ақ «Елмұра» компаниясы қазақтың қолөнер бұйымдары мен кәдесыйларының  суреттері басылып, кейбіреулері түсіндірмесімен жарияланған.




Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to Top ↑