banner-top12

Ақпараттар ағымы 20150605150242

Қосқан уақыты Маусым 23, 2015 | 686 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Енді көшеде жүріп те мемлекеттік қызметті ала аламын

Болат Берікұлы кеңестік кезеңнің ой-топшылауымен, кеңестік менталитетпен өскен жандардың бірі. Бір іс тындыру үшін ондаған мекеменің есігін қағып, ұзын-сонар кезекке тұратын кезеңді де көрген. Бұл ол заманда үйреншікті көрініс болатын. Жақында ол пәтерін кепілге қойып, банктен несие алмақшы болды.Банк талап еткен жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама алу үшін ХҚКО-ға келді. Бұрын ісі түсіп ХҚКО-ға келмеген екен, алғаш көруі. Кең де жарық зал. Қызмет көрсету залдары рет-ретімен бөлінген. Келушілер инспекторларға өту үшін электрондық тақтадағы нөмірмен кезегін күтуде, бәрі жылдам. Ал коннекшн аталатын өзіне-өзі қызмет көрсету аймағында әркім қажетті қызметін өзі алуда. Инспекторлар түсінбеген жерлеріне көмектесуде.
Болат та алдымен өзіне электрондық сандық қолтаңба жаздырды.Өйткені өз қолтаңбаңмен кез-келген уақытта, үйде отырып-ақ электрондық үкіметтен қажетті қызметтер мен анықтамаларды алуға болатынын ХҚКО кеңесшілері түсіндірген болатын. Енді онымен қалай қызмет алуға болатынын, электрондық үкіметке қалай кіруге болатынын білу үшін өзіне-өзі қызмет көрсету секторына келіп жайғасты. Инспекторардың түсіндіруімен әп-сәтте қажетті анықтамасын шығарып алды.
– Бұл жақсы екен. Баяғы заман болса, осы анықтаманы алу үшін кемінде бір жеті уақытыңыз кететін еді, мен 10 минутта ЭСҚ да алдым, анықтаманы да алдым – дейді Болат Берікұлы риза болып.
– Иә, бірақ Сіз ХҚКО-ға келу үшін уақыт кетірдіңіз ғой. Енді ЭЦП арқылы үйде отырып-ақ ала аласыз мұндай анықтамаларды. Тіпті сол банктің өзінде тұрып-ақ алу мүмкіндігіңіз бар.
– Солай ма?! Еліміз біраз алға ілгерілеген екен. Енді артық қағазбастылық пен әуре-сарсаң, бюрократиялық кедергілер мен сыбайлас жемқорлық дегендерден құтылатын болыппыз ғой. Өте керемет!
– Ал сіз, енді ұялы телефон арқылы да анықтамаларды алуға болатынынан хабарсыз шығарсыз. Телефоныңызға мобильдік үкімет қосымшасын енгізе отырып, қажетті анықтамаларды алуыңызға мүмкіндігіңіз бар. Қажет десеңіз, ұялы телефоныңызға жүктеп берейін.
– Әрине қажет. Жүз жасағыр, міне менің телефоным, бағдарламасын жүктеп бере ғой. «Электрондық үкімет. Электрондық үкімет» деп күнде айтылып жатқан әңгіменің байыбына бармай жүр екенбіз-ау. Электрондық үкіметпен талай жұмысты оп-оңай бітіруге болады екен ғой. ХҚКО-ға келмегенде, мұның бәрінен хабарсыз жүре берер ме едім, кім білсін! Енді көшеде жүріп те мемлекеттік қызметті ала алатын болдым – деп ризашылығын білдіріп, хош айтысты.
Иә, электондық үкіметтің мүмкіндігі шексіз. Енді мобилдік үкімет іске қосылды. Сіз мұны пайдалана отырып уақытыңыз бен қаржыңызды үнемдейсіз. Сондықтан, Электрондық қолтаңба алып, электронды үкіметтің қолданушысы болыңыз.

Інжу Сағидолла




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑