banner-top12

Оқырман хаты Фото0048

Қосқан уақыты Желтоқсан 3, 2014 | 1  117 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Ең бастысы – сапалы қызмет көрсету

Мемлекеттiк қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенiм бiлдiру болып табылады және мемлекеттiк қызметшiлердің адамгершілiгiне және моральдық-этикалық бейнесiне жоғары талаптар қояды.
Қоғам мемлекеттік қызметшi өзiнiң барлық күш-жiгерiн, бiлiмi мен тәжiрибесiн атқаратын кәсiби қызметiне жұмсайды, өзiнiң Отаны – Қазақстан Республикасына адал да қалтқысыз қызмет етедi деп сенiм бiлдiреді.
Қазақстан тәуелсіздік жылдары өзінің әлеуметтік-экономикалық, мәдени және саяси дамуында нақты жетістіктерге қол жеткізді. Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясында ұзақ мерзімдік басымдылықтарының бірі кәсіби мемлекет құру деп белгіленді. Жоғары кәсіби мемлекеттік қызмет және біздің мемлекеттің алдында тұрған басқарудың тиімді құрылымын құру ісіндегі міндеттерді іске асыру көбінесе мемлекеттік қызметшінің кәсібилігіне байланысты. Мемлекеттік жүйені дамытудағы басым бағыттардың бірі – Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшінің оң беделін қалыптастыру және нығайту болып табылады.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев елді тиімді басқару үшін мемлекеттік қызметшінің бойында болуы тиіс негізгі қасиеттерді атап көрсетті.
Халықпен жұмыс істейтін қызметші билік пен өз өкілеттіктерін қолдана білуі және адал болуы керек. Қызметте өз қамы үшін емес, мемлекет игілігіне жұмыс істеуі, мемлекет қаржысын өз қалтасымен шатастырмауы керек.
Халықпен жұмыс істейтін қызметші заң талап¬тарымен толық сәйкестікте өмір сүруі керек. Кез келген орында, кез келген лауазымда қандай жағдай болса да халықтың, өз елі азаматтарының сенімін жоғалтпай жұмыс істеуі керек.
Қызметші әділдіктің, қарапайымдылықтың үлгісі болып, адамдар арасында өзін ұстай білуі керек.
Бұл қасиеттердің түпкі мағынасы – жоғары моральдық жауапкершілік, кәсіби білім, оны тәжірибеде қолдана білу, әділдік, адалдық, белсенді өмірлік позиция. Мемлекеттік қызметтегі әрбір адам өз жұмысының маңыздылығын сезінуі және өз елінің ұлтжанды азаматы болуы керек. Ол халықтың және мем¬лекетпен жүргізілетін басқарушылық қызметінің тиімділігін бағалау критерийлерінің сенімділік деңгейінің көрсеткіштері болып табылады.
Мемлекеттік қызметтің оң имиджіне ұсынылатын негізгі қағидалар Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметкерлерінің Ар-намыс Кодексінде белгіленген. Онда: «Мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің адамгершілігіне және моральдық-этикалық бейнесіне жоғары талаптар қояды»,– делінген.
Мемлекеттік қызметші болу – зор құрмет, сондықтан да, кәсібилікпен бірге жоғарғы адамгершілік қасиеттерге ие болған абзал. Әсіресе, қазіргі таңда, жаңа ақпараттық технологиялар мен БАҚ еркіндігі туған шақта мұндай қасиет болу керек. Мемлекеттік қызметші болуға үміткер адамдар халық алдында жауапкершілікті сезіне білуі үшін мемлекеттік қызметтің беделін көтеру керек.
Мемлекеттік қызметшінің имиджін қалыптастыру идеологиялық, саяси және мәдени аспектілерді көздейді. Мемлекеттік қызметкердің оң имиджін қалыптастыру – қиын және ұзақ үрдіс. Мемлекеттік қызметкердің жұмысы мен өзін-өзі ұстауы баршаға анық. Оның беделі – мемлекет беделінің бір бөлігі. Мемлекеттік қызметкерлердің және жалпы биліктегі мемлекеттік органдардың барлық басшыларының жұмысына қарап халық билікке, оның қарапайым халыққа деген көзқарасына баға береді. Осыдан мемлекеттік қызметкерлердің мойнына жүктелген үлкен жауапкершілікті байқауға бо¬лады.
Бүгінде мемлекеттік қызметтің бірыңғай мемлекеттік биліктің заң шығаратын, іске асырушы және соттық салаларға бөлінуіне қарамастан барлық ұйым түрлеріне бірдей негіз бен ұстаным құрудың қажеттілігі анықталған. Осы негізде Елбасымыздың «Қазақстан-2030» атты Қазақстанға Жолдауында «Жаңа генерация шенеунігі – ол ұлттың қызметшісі, патриотты әрі әділ, өз ісіне адал кәсіпші», – деп атап өтті. Қоғамның қазіргі мемлекеттік қызметтен күтетіні де осы.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі қоғамдық үрдістерді реттеуге, мемлекеттің біртұтастығын қамтамасыз етуге және Қазақстан Ре-спубликасы азаматтарының мүдделерін жүзеге асыруға икемделген.
Білікті, білімді, әдепті, сабырлы, шыншыл, отансүйгіш, ұлтжанды қасиеттері мол азаматтардың мемлекеттік қызметтерді атқарып, халыққа қызмет етуіне қол жеткізу үшін тиісті іс-шаралар жүргізіле бермекші.
Мұны мемлекет басшысы Н.Назарбаев та «Мемлекеттік қызметке біз жұмыс істеу үшін шақырамыз. Себебі, халқымыз бізді өзіне жұмыс істеу үшін жалдайды. Сондықтан, біз өзіміздің халықтың қызметшісі екенімізді ұмытпайық. Мансапқорлық көрсетпей, халыққа жақын, әр істе әділ болып, әрбір адамның мұң-мұқтажын қолдан келгенше түсініп, оны дәл сол кезде орындай алмасаң да түсіндіріп, дұрыс жауап беріп, шығарып салу – біздің парызымыз. Сонда әкімшілік те, мемлекеттік қызметкерлер де халыққа жақын болады»,-деп бірнеше мәрте қадап-қадап айтты. Елбасының айтқан бұл сөздері әрбір мемлекеттік қызметші үшін басты қағидаға айналуы тиіс. Мемлекеттік орган мен азаматтар арасында тікелей қарым- қатынас болмау мақсатында елімізде ХҚКО ашылды. ХҚКО арқылы мыңдаған азаматтарға қызметтер көрсетіліп, жемқорлықтың қысқарғанын байқауға болады. ХҚКО қызметкерлері сапалы да саналы қызмет көрсетуде. Қызметкерлер жоғары деңгейде жұмыс аткарып жатыр. Халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметшінің басты ұстамы- елге қызмет көрсету.
Раушан Асылбекова,
Алматы қаласы
Алмалы аудандық ХҚКО инспекторы




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑