banner-top12

Өнеге photo_2019-02-25_14-40-12

Қосқан уақыты Ақпан 23, 2019 | 94 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Еңбекпен есейген жан

photo_2019-02-25_14-41-22«Азматтараға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Алматы қаласы филиалы Жер кадастры басқармасының басшысы Икрамбеков Алмас Зубаирұлы ұжымдағы жастың да, кәрінің де құрдасындай. Үнемі көңілді жүретін басқарма басшысын, әріптестері құрдасындай әзілдей отырып, құдасындай сыйлайды. Өз қарамағындағылармен қарым-қатынасты осылайша қалыптастырған басшының, жұмыс нәтижесі де жаман емес. Себебі, ол бүкіл саналы ғұмырын осы жер саласына арнап келеді. Өзі де қатардағы инспектордан бастап, басшы қызметіне дейінгі сатылардан өткен. Ол алғаш еңбек жолын 1984 жылдары Шымкент облысындағы өсімдіктерді қорғау орталығынан бастаған ол, Оңтүстік Қазақстан Облысының Мақтарал ауданында жер инспекциясының инспекторы, мемлекеттік жерді қорғау бөлімінің Алматы облысы және Алматы қаласы бойынша аймақаралық жер инспекциясының  басшысы, «АлматыгорНПЦзем» директор орынбасары қызметтерін абыроймен атқарған азамат. Жұмыс жайын жақсы біледі. Алматыдай үлкен шаһардың бүкіл жер телімдерінің құжаттары осы басқарма мамандарының қолынан өтеді десек, артық айтқандық емес. Ол аздай, Елбасының 2012 жылғы 21 қыркүйектегі №385  Жарлығымен Алматы облысының Талғар, Іле, Қарасай аудандарынан  11920 гектар,  2014 жылғы 16 сәуірдегі №789 Жарлығымен 23 мың гектар жер қала иелігіне өтті.Осының бәрінің құжаттандыру жұмысында Алмас Зубаирұлы басқаратын ұжымның қолтаңбасы жатыр. «Қаланың кептелісімен, әр қиырдағы тұрғындардың жер телімдерін сызып, картографиясын жасаймыз. Бұл біздің міндетіміз, дегенмен кезекті тапсырманы  беріп тұрып басшымыз Алмас Зубаирұлы өз әкеміздей еркелетіп аттандырады. Шаршағанымызды білмей, көтеріңкі көңіл күйде жұмысты бітіріп келеміз. Жұмыстың сәтті, нәтижелі бітуі ұжымдағы атмосфераға тікелей қатысты болатынына көзіміз жетті» – дейді ұжымдағы жерге орналастырушы мамандар.

Алмас Зубаирұлы өзінің бес баласымен қоса, ұжымдағы қызметкерлерін де өз ұл-қыздары санайды. Салада көп жылдардан бері еңбек етіп келе жатқан Маусымбаев Нұрлан, Шыңғысов Айдар, Иманқұлов  Саян, Есалова Арайлым, Әубәкіров Жасұлан, Әубәкірова Ләззат сынды әріптестері Алмас Зубаирұлының басшылығымен, ұжымның абыройын асқақтатып, қала тұрғындарының алғысына бөленіп жүр.

Икрамбеков Алмас Зубаирұлы саладағы еселі еңбегі үшін «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл», «Астанаға 10 жыл»  мерекелік медальдарымен, «Құрметті жерге орналастырушы» төс белгісімен  марапатталған. Көңілі ашық, пейілі кең, досқа адал, жолдасқа жолбасшы болған абзал азамат, өмірлік жолдасы Жанат Салдарқызы екеуі –  ұлдарын ұядан ұшырып, қыздарын құтты орындарына қондырып, төрт немере сүйіп отырған ардақты ата, асыл әже.

Гүлмарал Ерсұлтанқызы




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑