banner-top12

Ақпараттар ағымы 21

Қосқан уақыты Ақпан 7, 2017 | 428 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Ертең 28-ші Бүкіләлемдік Қысқы Универсиада ойындарының жабылу салтанаты өтеді

2017 жылдың 8 ақпанында Универсиада ойындарының жабылу салтанаты өтеді. 1,5 сағатқа созылатын салтанат «Алматы -Арена» кешенінде өтеді. Көрермендер қызықты оқиғаларға толы шоу-бағдарлама тамашалайтын болады. Сондай-ақ, аталмыш шараға Қазақстан эстрадасының жұлдыздары қатысады.
Жабылу салтанатындағы қызықты сәттердің бірі – келесі Универсиада ойындарының эфстафетасын қабылдап алатын Красноярск қаласының «визиттік картасы» болмақ. Осы елеулі оқиғаға байланысты, шараға Красноярск қаласының басшылығы мен шығармашылық тобынан тұратын делегация қатысады.
Айта кетсек, Қазақстан құрамасы медальдар саны бойынша жалпы есепте екінші орынды сақтап қалды. Құрама қоржынында 11 алтын, 6 күміс, 11 қола жүлде бар. Универсиада чемпиондары: шаңғышы Иван Люфт, Алина Райкова, фристайлшылар Бағлан Іңкәрбек пен Жанбота Алдабергенова, шаңғышы Галина Вишневская, аралас командалық спринтте үздік шыққан Анна Шевченко мен Олжас Климин, мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен және фристайлшылар Юлия Галышева мен Дмитрий Рейхерд.
Жабылу салтанатының шарықтау шегі – FISU жалауын келесі форум астанасы – Красноярск қаласына беру сәті болмақ. Көрініс жастар ұйымшылдығы мен Қазақстан халқы бірлігінің жарқын символына айналады.
«Қазақстан» және «Kazsport» телеарналары 28-ші Бүкіләлемдік Қысқы Универсиада ойындарын сағат 18:50-де тікелей эфирде көрсетеді.

Інжу Сағидолла




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑