banner-top12

Ақпараттар ағымы 44787259_131296121176858_8187421853430579200_o (1)

Қосқан уақыты Қазан 25, 2018 | 164 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Эстрада және спорт жұлдыздары электрондық үкімет порталы арқылы қызмет көрсетті

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Алматы қаласы Наурызбай аудандық фронт-офисінде цифрлық қызметтерді танымал етуге арналған акция өтті.

Шараға эстрада және спорт жұлдыздары – «Музарт» тобының әншілері Мейрамбек Беспаев, Кенжебек Жанәбілов, джиу-джитсудан, жауынгерлік самбодан, жекпе-жектен спорт шебері, ISCP нұсқасы бойынша кәсіби панкратионнан әлем чемпионы, ММА бойынша NOFC Гран-При турнирінің жеңімпазы Ержан Естанов, ережесіз жекпе-жектен әлем чемпионы Османжан Касимов, әншілер Роман Майғазиев, Талғат Жорабаев, Райым Уайыс және тағы басқа  танымал тұлғалар қатысып, Наурызбай аудандық фронт-офис келушілеріне қызмет көрсетті.

44685227_131296334510170_8341982788517363712_o 44760789_2113592685623333_9093462981391417344_o photo_2018-10-24_17-48-08 photo_2018-10-24_17-48-25 photo_2018-10-24_17-48-45 photo_2018-10-24_17-49-0343573264_131296134510190_7930235535254093824_o44787259_131296121176858_8187421853430579200_o (1)

Акция барысында азаматтарға электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) алу, мобильді үкіметке тіркелу жолдары көрсетілді. Жұлдыздар электрондық кезек талонын ұсынып, мемлекеттік қызметтерді алу бойынша кеңес берді. Тұрғындардың цифрлық сауаттылығын көтеріп, электрондық қызметтерді үйден немесе жұмыс орнынан өз бетінше алуға, «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көп сұранысқа ие анықтамаларды алуға үйретіп, смартфон, планшет арқылы бір реттік код көмегімен өз мәліметтерін тексеру қызметтерін кеңінен насихаттады.

–Халыққа қызмет көрсету орталығына жиі келіп жүріп, мұнда қызмет көрсету осыншалық жауапкершілік пен сабырлылықты, төзімділікті талап ететінін білмеппін. Толассыз келіп жатқан әр түрлі мінезді адамдардың көңілін тауып, шаршағаныңды сездірмей, тік тұрып қызмет ету, сұрақтарына қанағаттанарлықпен жауап беру екінің бірінің қолынан келе бермейді. Бұл жерде жұмыс істейтін азаматтар бесаспап мамандар, нағыз төзімді жауынгерлер дер едім. ХҚО қызметкерлері күнбе-күн енгізіліп жатқан цифрлық қызметтерді меңгере отырып, оны өзгелерге үйретіп, үлкен жұмыс тындырып жатыр екен. Біз бүгін оларды қолдап келіп отырмыз. Бір күнгі азғантай қолдауымыз, халық игілігіне жарап жатса, мақсатымыздың орындалғаны, – дейді әнші Роман Майғазиев.

Қызмет алушылар өз кумирлерінің қолынан анықтамалар алып қана қоймай, олармен суретке түсу мүмкіндігін де жіберіп алмады.

–Әрбір адам өз уақытын үнемдеп, мемлекеттік қызметтерді онлайн алуға үйрету мақсатында мұндай акцияларды университеттерде, сауда орталықтарында және т.б. адамдар көп жиналатын орындарда өткізіп жүрміз, – дейді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Алматы қаласы филиалының PR-менеджері Жаңыл Әпетова.

Акция аясында азаматтарға цифрлық қызмет алу жолдары көрсетілген арнайы парақшалар таратылды.

Көптеген мемлекеттік қызметтерді үйден шықпай-ақ алу еш қиын емес. Ол үшін pki.gov.kz  арқылы ЭСҚ алуға өтініш беріп, мемлекеттік корпорацияның кез-келген фронт-офисіне барып өтінішін растап, қажет болса өзіне-өзі қызмет көрсету секторынан қызмет алуға байланысты  толық кеңес алуына болады. ЭСҚ-сыз да бір реттік СМС хабарлама арқылы 40- тан аса мемлекеттік қызмет түрін және EgovKzBot телеграм бот  арқылы да алуға болады.
Мобилдік үкімет портплына кез-келген ХҚО-да немесе  электрондық үкімет порталындағы жеке кабинетіңізде тіркелуге болады.

 




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑