banner-top12

Әдебиет 09611a643854b4367f56d09734f6ee90

Қосқан уақыты Мамыр 9, 2014 | 634 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

«ЕТІҢ ШЕКЕР, СОРПАҢ БАЗ»

Сең бұзылмады. Қазақ әдебиетін алып айтсақ іс осылай.сәлкеу, масыл дүние бір! Баяғының таз кебін киуге шақ. Бірақ уақыт бөтен. Шаң берерлік дүйым өзгеріс береудің ырқына жығылмай, құрақ ұшпай өз соқпағының қым-қуытымен жөңкіледі. Ойқой, комунистік идея (бәлелер) құйрығын бұтына қысып… өмірлік бет-беделінен қожырағалы қашан?!

Әйтеуір нешік, сілкіністер сараң. Бетке қарап, лпасыз туындылар шектен тыс көтермеленеді… Ім, әдебиеттің басынан бұлт сейілген жоқ. Мың рет қайталанып кеп жатқан не, сол кешегінің жай, дүбіраяқ нәрселері.

Тәуелсіз елдің тәп-тәуір әдебиеті- еу, отызыңда орда бұзар ой бар ма? Күйің мардымсыз болған соң, кім орда бұздыра қойсын, кім?.. Қия бассаң сензорлық бағам, тәсілдер, кеу-кеулей, дүр береді! Ізденіс, түр, сөз тыңдылығының қылт бере, бұра тартарын мәнсұқтап, желбауаз мезіретімен ықтыра түспек. Ой Алла, осы бір «Ықтырудың» гөйгойін тартып отырған әдебиет отызында орда бұзып, өз ойының құмалағын төрттен қоя алар ма екен!?

Бірінің аузына бірі түкіріп қойғандай, өрескел «Ыңғайластық» бұл! Әсілі, «Бірыңғайлық» ең зұлым күш. Еріксіз тізе бүктірумен біріктіре кеп… Оның ыдырауы үстінде онан бетер қабағат арпалыс қажет.

Біздің сол- арпалыс, сілкіністеріміз шабан. Әлгі бір «Ыңғайластық» әдебиеттің сорын қайнатты білем, олар қатерлі де, мол топ! Әрине,  «Бірдің екіге бөлінуіндей» көзқараспен  ауыл үй қонсақ, бәрінің ондай болуы нағайбыл. Бірақ, өткен іздерін бек әтуерлей; ет қызуымен «Советтене» бастап; бағыныштылық бас айналдырған өнімсіз, көдек әдебиеттің хам-қатері мол-ақ!

Уақыт жылдам да, қызу! Берік арман, шын үміттер алыс жатыр. Әрі ол жап-жақын. Бәсекелестікке сай елу ел қатарына өтуіміз дұрыс-ақ. Абырой-атаққа кәні қып, марқайтып тастар еді. Әдебиеттің дәстүрге сүйей қарасақ ана бір кескіндік оған, шарт етіліп, қойылмауы да ықтимал. Бірақ, ел қалай көшеді- солай, әдеби тірліктер жұрт бағып қалмайтын шығар. Яки, тілегені сол қиқу, өзгерістер ғой, оның!

Көркем ой құбылыстары мен әдебиеттік астарлыққа үрке қарар жайсыз әдетке нағып бүйрегіміз жабысып қалған? Талай ілгері кеткен- жаңашыл әдебиеттің өрге сүйрей өгізіндей көрінген- Фост модернизм жарықтықтың, не күнәсі бар? Елдік беделімізге жақжұттылық-нұқсан тигізіп, біз де оның шылапасын шыр айналдырмағамыз. Қарадай көлеңкесінен айбынып, айбыну белгісі ұқсас: Отызында орда бұзар әдебиетіміздің алдын торуылдай, кес-кестей берсек былайғы жұрттың күлкісін келтірмей ме? Күлкісін! Ал, ұрпақтың ақыл-ой деңгейінің тарихи шығындарын арқалап, жүнін жұлған тырнадай болатын кім? Тағы біз!

Фост модернизм былайша, таралған лақап, әдеби тәсіл ғой. «Тәсіл» екен, оның оқ бойы ұзақ көрінер, жетімсіз жері де бар. Әзір бас жаққа барысбайық. «Тәсіл» дедік пе? Әйтсе ол, сезім қайшылықтарына мықтап бой алдыруы лазым. Рас, онда –бұл «Бой алдыру» ат көпір!… Онымен қабат модернизмдік әдеби ықпалдар өркениет ғасырының сірге жияр уақытына неғұрлым жуық, тығыз. Ескірмеген «Жақсы лепес-жарым ырыс»- деп, қазақ айтпай ма, адамзаттың өмір сүру үрдісіне орай олқылық етпейтін кемел шағы оның. Қазыр өмір, уақыт, адамдық байланыстар-соған бейім. Айдарынан жел есіп, шарпымағаны жоқ!

Дәп модернизммен тыныстай алмаған замандық әдебиет ең кемінде, бейшаралық тақсыретін аяусыз тартар еді. Өзгедей тәсілдердің барлығы мұның қолына су құйып бере алсын ба? Жас, жасырып келе жатқан – өмір икеміндік –қимыл әбжілдігі бар, жаһандық әдеби үрдістер онсыз шабан-шалаң, талқанын тауып жей алмастай.

Баяғы, Социялистік рэализм келт қатаң айтылыспен де-советтік идиологияның -өз айналысы, таптық болжам, үстемдік қару екендігі аян. Екіншіден, Совет одағы Түрікпеннің түбіне кеткен соң, нарықтық экономиканы судай сапырып отырған қоғам- ортақсындырар жалпылық мүделерден лаға безген. Әзір оның әдеби қарашаңырағы үшін, социялистік рэализм тәсілінің бұты бір тиын. Мұрнына су жетпей жүрген тырысшаңдықтар да тек, модеризмдік тәсілдер жағынан күсет!

Социялистік рэализымның әлемдік әдебиетке қанжығалатқан кейбір си-сиапаттары мол-мол! Әсіресе, әдеби туындының аузын аққа тигізер- оның рэалистік жағы. Соған сүйеніп біраз мықтылар, өмірдің өшпес табиғылығы тарапынан қалам тартты! Ол- маң дала, мұз таулар әліптес мәңгілік уақиға, шаң жұту қиын. Десе де, ілупарындап таланттар орындай алған жазатайым табыс еді. Социялистік рэализым келеден қалды әзір!

Айтпақшы, социялистык ықылымдардың жарғы шаларлық әдебиет- нысансыз, кейіпкерсіз әдебиет- тұғын. Мүделік , бейзаттық бостандығы да тайғақ, бұғаулар шеңберін бұзып – шара алмай, ойнның ылғи бер жағынан қайтады… Ал, түйсіктер мәселесі-оның  (кейпкерлердің  теріскей беті. Ұра-жырықтар қалқалап көрінбейтін, ол маңай мүлдем иен. Мінеки, кейіпкерсіз әдебиет осы.

Біреулер… социялистік рэализімнің мәні аузынан кетпеген біреулер соған, сол ауқымға өлердей ара түскендіктен, әдебиет адамның бір қауымынан күш сарқылды. Жас, әдебиетке өлермен-тың буынның өзін олар бидайдай қуырады. Әйтеуір не, әйтеуір баяғының базары қызып тұр!… Былықпалық сепсімеген кездері, Құдай-ау, әдеби даралық, ерек мінездер нағып танылсын-ау, танылмай жүр. Отызында орда бұзғыз- ұлттық әдебиеттің мүшкіл халы сол әне!

Таң қалатын нәрселер жиырақ шығар?.. Сірә, біздің әлемдік әдебиеттен, тартымдылықтарынан тиіттей үмітіміз болса ғой, әдебиеттің тоба қызығы-ақ, есептелінер- «Әдебиет- әдебиет үшін» ді нағып ауызға алмап едік? Нағыз, шын тебіреніс онсыз туылмайды. Сонау кез модернизм советтік идеялогия, социялистік рэализмнің қас жауы боп есептеледі. Өйткені, ол таптық күрестер шоғырының, шоғырлық санатының ушықтыруынан қалыс еді. «қалыстыққа» сай тек, «Әдеби көркемдік» деп шырылдаған! Байқаңыз, сол шырылдаумен бәлем, Шолохов, пролотариат әдебиетінің атасы Максим Горький, Әуезовтердің ұшарласуын айт!

Әрине олар қыл көпір үстімен жан тігіп… көпкөрім жасырынбақ ойнады! Таланттарының тым өскендігімен селкеу білінер, сезік алдырар құбылыстарды шындықтың өзінен көрі де көркем сыза, дәт барып, көз қимастай, абзал түйсікке айналдырғаны да рас!

Ал, біз «Әдебиет-әдебиет үшіннің» маңы түгіл, маңайына бармай жатып, құр қалғанның біріміз бе, емеспіз бе, өздерің біл. Қашанға дейін өтірік тоқсына береміз? Өтірік дәнішпансимыз? Өтірік өрге жүзген боламыз? Қасиетіңе бас, ел тәуелсіздігінің ендіргелеп көрінер керемет кезінде, жарқын демокортияның берік мүмкіндігі алдында ұялудан қалып барамыз-ау? Ендігім қай бүгежектік, саңылаусыздық, ойбай?!

Бес саусақ бірдей емес. Әдеби әрекеттерге замандық тыныспен нық қарай, тымағын алшы киіп отырған ағайын сирек, санаулы. Бірақ, әйтеуір түзік ой, жаңа көзқараспен үйірсек, мың болғырлар! Сүйткенмен, әлгіні айтқанымыздай: қымсетсе-ақ цензуралық жел құйын үйіріле, қайдам тақыр жердегідей ол құйын, әйбет үйіріледі!..

Әсілі өмір тек, өмір үшін күш аларлық! Ол жағын тірлік сан рет сездіріп еді!.. не дейміз, ысқырып атқан аңның обалы, тірлігіміз түйсіндіріп отырған тап, біздің обалымызз жоқ. Ендеше, «Әдебиет – әдебиет үшін» – деу, бәрінен бұрын жаратылыс заңы –дүр! Ол – қосып, қалыңдатылар ештеңе емес, көркемдік әлуеттіліктің етегінен ұстағандық, оған тәуелділік қамы. Сол бетімізден қайтып, бөтен бастақ бірдеңелер істей қалсақ па; «Әдебиет – дебиет үшінге» жамандық ойласақ па, бұл – адамзаттың соқтауылдай бір мүшесі ретінде-ақ, азынып, әуместенгеніміз. Адам баласы жетеғабыл тұрған пенделік ақыл-ойөрісінің тәуіне қиянат. Жүрген жеріне шөп шыққысыз қаскөйлек саналмақ.

 Ұлттық мүдде –мұраттың бер жағынан қайырып – ауыл арасындық әулиелікке өлшеусіз ден қойғыш үйкүшік жаңсақ танымның баяғыға мәу демес бауырбастылық пен сужүректіліктің уықтары отын болса екен! Өзіңе бебелеп айтқанда, «Етің шекер, сорпаң баз» саналатын жас, жаңа әдебиеттің қомақтанылу, ілшерілетілуі үшін, бүгінгі буын барыңды сал!

  Серік Қапшықбайұлы,

  ҚХР мемлекеттік сыйлығының иегері, ақын, жазушы.




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑