banner-top12

Ақпараттар ағымы IMG_0670

Қосқан уақыты Қазан 8, 2019 | 108 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Этностармен өткен мәдени шара

 

IMG_0589 IMG_0818 IMG_0690 IMG_0844 IMG_0630IMG_0699 IMG_0544 IMG_0795 IMG_0437 IMG_0602 IMG_0545 IMG_0560 IMG_0537 IMG_0479 IMG_0405 IMG_0306 IMG_0266 IMG_0264IMG_0920IMG_0454

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының негізгі қағидаттарын, оның жаңа мазмұнын және бес әлеуметтік бастамаларды ілгерілету бойынша ақпараттық-түсіндіру және ағарту жұмыстарын қалыптастыруды, қазақ халқының тарихы, дәстүрлері, мәдениеті, діні, рухани орталықтары, философиясы, әдебиеті, өнері, тұрмысы мен ой-санасы туралы неғұрлым толық білім алу жүйесін және бірыңғай ортақ құндылықтарды қалыптастыруды мақсат еткен кезекті кездесу Алматы қаласындағы А.Розыбакиев атындағы №153 мектеп  гимназиясында өтті.

«Қазақтану», «Өзгерісті өзіңнен баста» мәдени-ағартушылық лекторийлері, Буккроссинг, Book Dating, «Таланттарды таныту» шаралары мен  «Ұлы дала өнері» атты көрме және тағы басқа жалғасты шараға қатысқан 200-ден аса оқушы үлкен әсер алды. Шара соңында олар парақшаларға өз пікірлерін жазды.

Шараға Алматы қаласы  Қазақстан Халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, ҚХА ғылыми-сараптамалық тобының мүшесі, осетин этно-орталығының басшысы Казбек Владимирович Мамсуров, философия ғылымдарының докторы, профессор Бақытжан Сатершинов, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, халықаралық «Ильхам» сыйлығының лауреаты, ақын Дәулетбек Байтұрсын, Халықаралық «Жанашыр» қорының президенті Жаңыл Әпетова, Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің президиум мүшесі Майра Сағымбекова, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің аға оқытушысы Рахиля Наралиева, «Бәйтерек» жастар орталығының төрайымы Мейіргүл Қазыбаева, «Өлкетану» оқулығының авторы Қатира Қамысбаева, «DATUB» түрік этно-мәдени орталығының кеңесшісі, продюсер, композитор, дирижер, ҚХА-ның мүшесі Сабир Гусейнов, орыс мәдени орталығының мүшесі Ангелина Рыковалар қатысып, Рухани жаңғыру күнінің маңызын арттыра түсті.

«Мектебімізде халықаралық «Жанашыр» қорының ұйымдастырған іс-шараларына оқушыларымыз қызығушылықпен қатысты. Жас ұрпақ үшін мұндай шаралардың маңызы зор. Оқушылар шын мәнінде рухани нәр алды деп сеніммен айта аламын», – дейді мектеп-гимназия директоры, алматы қаласы мәслихатының депутаты Шавкет Ниязұлы Умаров.

Шара Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының Гранты негізінде Халықаралық «Жанашыр» қоғамдық қорының «Бірыңғай ортақ құндылықтарды қалыптастыру, сондай-ақ Қазақстан этностары арасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын ілгерілету жөніндегі жоба аясында өтті.




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑