banner-top12

Ақпараттар ағымы c1a4b01ca76273744ad162e299102614

Қосқан уақыты Тамыз 29, 2016 | 651 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

«Еуразия барысы» «Алматы Аренада» өтеді

Қазақ күресінен «Еуразия барысы» турнирі 2016 жылдың 2-ші қазанында 12 мыңдық «Алматы Арена» спорт кешенінде өтеді.

Аталған турнир Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен Алматы қаласының 1000 жылдығына арналады.  Сайысқа 8 елден, 130 қатысушы келеді деп жоспарланған.  Трансляциялар «Қазспорт» және «Боец» каналдарынан жүргізіледі.

 «8 елдің ең мықты балуандары «Еуразия барысы» атану үшін сайысқа түседі. Біз, Алматы қаласы өзінің 1000 жылдық тойында осындай мәртебелі жарысты қабылдайтынына қуаныштымыз.  Сондай-ақ, бұл жаңа спорт кешені «Алматы Аренада» өтетін ең бірінші халықаралық турнир болмақ»,- деді Алматы қалалық қазақ күресі федерациясының өкілі Мақсат Қиқымов.

«Алматы Аренада», «Еуразия барысын» өткізу аталған спорт кешенінің әлеуметін байқап көруге мүмкіндік бермек.  Өйткені, бұл спорт нысанында 2017 жылдың қаңтар-ақпан айында қысқы Универсиада ойындарының ашылу және жабылу салтанаттары мен мәнерлеп сырғанау және керлингтен сайыстар өтеді.

Сондай-ақ, қыркүйек айынан бастап, «Алматы Аренада» қазақ күресімен айналысуға арналған зал ашылады деп жоспарланған. Онда, күн сайын, Алматы тұрғындарына арнап,  аталған спорт түрінен күндізгі және кешкі жаттығулар өткізіледі.




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑