banner-top12

Ақпараттар ағымы кельн банер на экран

Қосқан уақыты Мамыр 12, 2016 | 786 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Еуропа қазақтарының Кельн құрылтайы

2016 жылдың 14-15 мамыр күндері Германияның  Кельн қаласында өтетін шетел қазақтарының құрылтайына Қазақстаннан бір топ делегация құрметті қонақ болып қатынаспақшы. Ілгерілі-кейінді атамекенге ат басын бұрған қандастарға жиырма жылдан бері жан-жақты қолдау көрсетіп келе жатқан Халықаралық “Жанашыр” қоғамдық қоры (президенті Жаңыл Əпетова;) Кельндегі дүбірлі дүрмекке Қазақстандық делегацияны ұйымдастырып алып барады.

Жиынға Германиядағы Қазақстан елшілігі, Түркия мемлекетінің үкімет адамдары, Еуропадағы қазақ қоғамдары басшылары, және Еуропадағы және Түркия, Ұлыбритания, АҚШ елдерінен 2000-дай қазақ бауырлар қатысады.

Құрылтайдың бірінші күні футбол және спорттық ойындар

Екінші күні – Қолөнер көрмесі, Сурет көрмесі, Айтыс, Қазақстандық және жан-жақтан жиналған өнерпаздар көнцерті. Марапаттаулар.

Талай жыр бəйгесінде қара үзген: Мұхамеджан Тазабеков, Жандарбек Бұлғақов, Сырым Əуезхан сынды арынды айтыс ақындары Еуропа қазақтары алдында қара өлеңнің қаймағын сыпырмақ. Қазақ эстрадасының жұлдызды əншілері: Ұлықпан Жолдасов, Төреғали Төрəлі, Төрəлі Төлепов, Фарида Жолдасова, Қажымұрат Шешенқұлұлы, жыршы-термеші Əбіш Əділбеков тойға əннен ақ маржан шашпақ. Құрылтай күндері ҚР Суретшілер одағының мүшесі, “Дарын ” Мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Гүлназым Өмірзаққызы мен этнограф-суретші Салтанат Өмірəлі өздерінің жеке сурет, қолөнер бұйымдарының көрмесін ашады. Қазақстандық өнер саңлақтары бүгінде осы сапарға жан-жақты қамдануда! Осыған дейінгі Еуропа мемлекеттерінде өткен қазақ бауырлар басқосуларының концерттік бағдарламаларын əркез жүргізіп келген Қазақ радиосының журналисі Жазира Амантайқызы, Кельнде де сахна тізгінін қолына алмақ. Ендеше, сан ғасырлар санасы сарғая жүріп қол жеткізген Қазақ елінің төл тəуелсіздігінің ширек ғасырлық мерекелі жылы алыстағы бауырлармен амандықта жүздескенше!!!

 




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑