banner-top12

спорт 4M2A9946

Қосқан уақыты Мамыр 6, 2016 | 449 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

FISU бақылау кеңесіне Алматыдағы Универсиадаға дайындықтың аралық қорытындысы таныстырылды

4M2A9946 4M2A9945 4M2A9909 4M2A9867 (1)
Алматыда Халықаралық студенттік спорт федерациясының бақылау кеңесінің басқосуы өтті. Аталған жиында Алматыдағы Универсиадаға дайындықтың барлық бағыт бойынша аралық қорытындысы таныстырылды, деп хабарлайды 2017 жылғы қысқы Универсиаданың баспасөз-қызметі.

Жиынға Бақылау кеңесінің төрағасы, FISU вице-президенті Мариан Дымальский, Бақылау кеңесі төрағасының орынбасары Кайрис Ульп, Қысқы Универсиадалар директоры Милан Августин, 2017 жылғы қысқы Универсиаданы ұйымдастыру және өткізу бойынша дирекциясының төрағасы Әсет Әбдуалиев және де дирекцияның құрылым бөлімшелерінің жетекшілері қатысты.
Жиын барысында 2017 жылғы қысқы Универсиада дирекциясы басшылығы, студенттер ойындарына мына бағыттар бойынша дайындықтары туралы есеп берді: көлік, тарату, медиа, трансляция және ICT, спорттық қызметтер, тестілік шаралар, салтанатты шаралар, нысандарды басқару, жарияланымдар, медициналық қызметтер, Атлетикалық қалашық, делегацияларға қызмет және т.б. Таныстырудан соң, келесі сауалдарға жауап берілді.
Төраға Мариан Дымальский, FISU бақылау кеңесінің қазіргі сапары Алматыға жасалған бірінші сапары екенін айтты.
«Біз бұл жерге дайындық барысын бақылап, баға беруге келдік. Сондай-ақ әрине, түйткілді мәселелерді шешуге жиналдық. Бүгін, біздің сапарымыздың басында, жарыстың Ұйымдастыру комитетімен маңызды кездесу өтті. Және осы жиынның өткеніне толықтай көңіліміз толды. Біздер Ұйымдастыру комитетінің жақсы есебін тыңдадық. Менің осы сапардан алған бірінші әсерім өте жоғары. Мен өз кезегімде бірнеше Универсиаданың дайындығына араластым. Осы істерге жауапты адамдарың жұмысына үнемі көңілім толып келеді»,-деді FISU вице-президенті almaty2017.com сайтына берген сұхбатында.

Күннің екінші жартысында Бақылау кеңесінің басшылығы, Атлетикалық қалашық пен 12 мыңдық Мұз сарайының құрылысына инспекторлық етті.
«Біз Атлетикалық қалашыққа бас сұғып, таңдай қақтық. Жарысқа келетін барлық спортшылар осы жерде орналасатынына сөссіз риза болады. Атлетикалық қалашық, басқа да жаңа нысандар секілді, жақсы болмақ. Менің ойымша, жалпы айтқанда Алматының Универсиадаға дайындығы көңіл көншітеді», – деп сөзін аяқтады Бақылау кеңесінің төрағасы әрі FISU вице-президенті Мариан Дымальский.
Інжу Сағидолла,
спорт шолушысы




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑