banner-top12

Ақпараттар ағымы 7d5f66820c66618f96a2782033ebdded

Қосқан уақыты Сәуір 25, 2016 | 489 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Генадий Головкин әрдайым жеңіске жектен қуанышты хабарын анасына бірінші хабарлайды

график трансляции Головкина 4d9bf2e6b8d0df759f201a83328a2cbc 7d5f66820c66618f96a2782033ebdded
WBA (Super), IBO, WBC (Interim) және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы Әлем чемпионы, қазақстандық Геннадий Головкин (34-0, 31 КО) америкалық боксшы Доминик Уэйдке (18-0, 12 КО) қарсы жекпе-жек өткізіп, 2 раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті.
Лос-Анджелестің «Форум» аренасында өткен кездесуді «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы мен kaztrk.kz сайты тікелей эфирде көрсетті. Айта кетейік, kaztrk.kz сайтының өзінен бір мезетте 14000 мыңнан аса жанкүйер тамашалады.
Ал, «Қазмедиа Орталығының» Киноконцерттік залы көрермендерге лық толы. 1000 адамнан астам жанкүйер үлкен лэд-экраннан тікелей эфирде тамашалап, Геннадий Головкинге қолдау білдірді.
Сонымен қоса, жеңіске жектен Генаның анасымен «Таңшолпан» бағдарламасында тікелей эфирде байланыс орнатып, қандай әсерде отырғанынан хабардар болдық.
«Қазіргі уақытта мен қатты қобалжып отырмын, Гена босаған соң ең алдымен маған хабарласып, қуанышымен бөліседі. Мен ұлымның барлық жекпе-жегін өткізбеуге тырысамын, әр кезде уайымдап отырамын. Барлық қазақстандықтарға қолдау көрсеткендері үшін үлкен алғысымды білдіремін» – деп Геннадий Головкиннің анасы Елизавета Сергеевна Головкина «Қазақстан» Ұлттық арнасының тікелей эфирінде қуанышымен бөлісті.

Головкин-Уэйд жекпе-жегін мына сілтеме арқылы коре аласыздар:

http://itube.kaztrk.kz/embed/104
«Қазақстан» РТРК» АҚ баспасөз-қызметі




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑