banner-top12

Ақпараттар ағымы GGGvsBrook_KZ_173x145_v01_

Қосқан уақыты Тамыз 29, 2016 | 444 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Геннадий Головкин мен Келли Брук жекпе-жегін тікелей эфирде көрсетеді

Қазақстандық жанкүйерлер тағатсыздана күтіп отырған Геннадий Головкин мен Келли Брук арасындағы бокстық кездесуін қыркүйектің 10-нан 11-не қараған түні, сағат 23:00-де «Қазақстан» мен «Kazsport» телеарналары тікелей эфирде көрсететін болады. Сондай-ақ, kaztrk.kz және kazsport.kz. сайттары арқылы жекпе-жектің онлайн-көрсетілімі жүргізіледі.

Лондонда орналасқан Еуропаның ең үлкен алаңдарының бірі – 20-мың адамдық «О2» спорт кешенінде орта салмақ дәрежесінде WBA (Super), IBO, WBC (Interim)  және IBF нұсқалары бойынша Әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин IBF нұсқасы бойынша жартылай орта салмақтағы әлем чемпионы британдық Келл Брукпен жұдырық түйістірмек.

Танымал отандық кәсіпқой боксшымыз Геннадий Головкиннің айқастарын «Қазақстан» мен «Kazsport» телеарналарының тікелей эфирінде көрсету игі дәстүрге айналғанын атап өткіміз келеді. Мәселен, биылғы сәуірде қазақстандық көрермендер Геннадий Головкиннің Доменик Уэйдке қарсы бокстық кездесуін тікелей эфирден қараса, өткен жылғы Давид Лемьемен қолғап түйістіруін 3,5 миллионнан астам қазақстандық тамашалап, 1 миллионнан астам жанкүйер телеарналардың сайттары арқылы көрген болатын.

34-жасарлық Головкин үшін бұл 36-шы сындық белдесу және боксерлік шаршы алаңына 17-ші рет чемпион есебінде шығуы. Одан бұрынғы 35 рет өткізген жекпе-жегінің барлығында ол ұтысқа ие болған (оның ішінде 32-і нокаутпен). Ал, оның қарсыласы 30-жасарлық Брук те еш жеңілмеген, 36 жұдырықтасуы таза жеңіспен аяқталған (оның ішінде 25-і нокаутпен).

Геннадий Головкин – Қазақстан мақтанышы, қазіргі заманғы үздік кәсіби боксшыларының бірі. Қазақстан Республикасының құрметті спорт шебері. Ол әуесқой бокста 350 кездесу өткізіп, 345 жекпе-жегінде жеңіске жеткен. 2006 жылдан бері кәсіби бокс құрамында.




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑