banner-top12

Жаңалықтар

Уақыты 2 сентября, 2020 | қосқан shalqar | 71 рет оқылды

0

Ғалымдар: коронавирус 100% ауамен таралады

Қытайда Covid-19 індетін желдетілмейтін автобуста таралуын зерттеді. Эпидемиологтардың ешқандай ауру белгілері жоқ науқас сау адамға індетті ауа арқылы жұқтыра алатындығы туралы пікірлерін растағаны туралы француз басылым Le Monde хабарлады.

Зерттеу барысында Covid-19 ауруына шалдыққан еш белгілері жоқ, маскасыз адам бір сағат ішінде желдетілмеген автобустың үштен бір жолаушыларына індетті жұқтырған. Ғалымдардың айтуынша, вирустың таралу радиусы ойлағаннан әлдеқайда көп. Вирус автобустың алдыңғы қатардағы жолаушыларымен бірге, артқы қатардағы жолаушыларынан да табылған.

Еске салсақ, эпидемиологтар осыған дейін сырқат адам жөтелгенде немесе түшкіргенде тамшылар арқылы жұғады деп мәлімдеген. Дағдарыс кезінде көптеген елдер індеттің ауа арқылы таралуы мүмкін деген болжамды елемеген.




Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to Top ↑