banner-top12

Ақпараттар ағымы IMG_1102

Қосқан уақыты Қыркүйек 30, 2019 | 104 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

           Гимназияда «Рухани жаңғыру» күні өтті        

  IMG_1223 IMG_1178 IMG_0993 IMG_1387 IMG_1045 IMG_1080IMG_1167 IMG_1184 IMG_1145 IMG_1017 IMG_1014IMG_1132 

Қазақстан Республикасы  Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының гранттық бағдарламасы негізінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасын  ілгерілету жөніндегі ғылыми -ағартушылық жобаны әзірлеуге және іске асыруға ҮЕҰ, сараптамалық қауымдастықты тарту» жоба аясында Алматы қаласы № 13 мектеп-гимназиясында  «Рухани жаңғыру» күнін өткізді.  

«ҚАЗАҚТАНУ», «Өзгерісті өзіңнен баста» мәдени-ағартушылық лекторийі, «Ұлы дала өнері» атты көрме, Book dating, Талантты таныту, Буккроссинг және т.б. шаралар өтті.

Шараға   Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, қазақтың салт-дәстүрін зерттеуші, этнограф Болат Бопай, №13 мектеп-директоры Нұржамал  Дүйсенбаева, “Ауған соғысының ардагері ұйымы жетекшісінің орынбасары, қоғам қайраткері Еркін Қуанбай, Халықаралық «Жанашыр» қоғамдық қорының президенті Жаңыл Әпетова, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аға оқытушысы Рахила Наралиева, ақын, Ләззат Игісін қатысып, қоғам қайраткері Алмаш Бимағамбетова жастармен рухани жаңғыру тақырыбында әңгіме өрбітті.

«Ұлы дала тарихы-ұрпаққа аманат!» атты кездесумен ашылған шаралар кешені «Талантты таныту» кешіне ұласты. Кешке ақын, Монғолия қазақ ақындары арасында өткен Алтын жебе жыр мүшәйрасының (1992ж), Ақтан Бабиұлының 100 жылдығына арналған мүшәйраның (1997ж) бас жүлдегері. Монғолия Жастар Одағының алтын медалінің, Мағжан Жұмабаев атындағы арнайы сыйлық иегері Гүл Зарқұмар қатысып, балаларды өз поэзиясымен сусындатты. Сондай-ақ, №13 мектеп-гимназияның талантты оқушыларының өнер жолындағы тұсауы кесілді.

Оқушылардың «Рухани жаңғыру» тақырыбына арналған «Ұлы дала өнері» атты көрмесі де жоғары деңгейде өтті.

Мұнан кейін  Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, қазақтың салт-дәстүрін зерттеуші, этнограф Болат Бопай, Ауған соғысының ардагері, қоғам қайраткері Еркін Қуанбай, этнограф, жазушы, фольклоршы Байахмет Жұмабай, журналист, қоғам қайраткері Жаңыл Әпетова, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аға оқытушысы Рахила Наралиева, ақын, Ләззат Игісіннің  әрбір аудиторияда «Қазақтану» лекторийлеріне жалғасса, енді бір сыныптар  «Мен рухани жаңғыруды қалай түсінемін» атты шығарма жазу байқауына қатысып жатты.

Кітапханада өткен «Буккроссинг» шарасы да балалардың қызығушылығын тудырды. Мектеп ұжымы мұндай шараны міндетті түрде жалғастырып, дәстүрге айналдыратындарын айтса,  қоғам қайраткері Еркін Қуанбай өткізген «Букдатинг» шарасы да балалардың «Көшпенділер» триллиогиясын оқуға деген құштарлығын арттырды.

Шаралар кешенінің соңында, мектеп-гимназияда өткен шараларды пысықтауға арналған Викториналық ойындар болды. Алғырлығымен, зеректігімен,  көзге түскен балаларға ұйымдастырушылардың Алғысхаттары мен арнайы сыйлықтары табысталды.

Осылайша,  №13 мектепте өткен Рухани жаңғыру күні, оқушылардың санасына сілкініс жасап, өздерін осы қоғамның толыққанды мүшесі ретінде мемлекеттік бағдарламаларға белсене араласуына жол көрсетті.

Гүлдана Ермекқызы

 

 




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑