banner-top12

Ислам тағылымы p_27446_1_gallerybig

Қосқан уақыты Мамыр 16, 2009 | 902 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Иманы толық елдің ытнтымағы бүтін

 

Имам-Асылхан Аманқұлов пен сұхбат

 

Бұл күні Қазақстанда мұсылман қазақ еліміз деген сөз – баспасөзге кірліккен жаңа тіркес қана емес, тұтас ұлтымыздың мақтанышына айналған халықтық ұстаным болып қалыптасты. Тарихқа көз жіберсек, алаш-алаш болғалы ұлтымыздың тарихи қалыптасуында – ел бастаған көсемдер де, сөз бастаған шешендер де алдымен әлемнің нағыз жаратушы иесі Алладан жәрдем тілеп, Алланы ғана мадақтаған. Ел басына күн туып, “елім ‑айлаған” зар заманда да, ұлт еңсесін көтеріп жеңіске жеткен мерейлі мерекеде де, мұсылман қазақ алдымен өздерін, ұлтын емес, алдымен Алланы-құдай тағаланы ұлықтаған. Мұның дәлелі отандық, кіндік кітіпханаларымыздағы үш жүз томнан тұратын діни тақырыптағы қисса –дастандар мен фольклорлық туындылар, ғасырлар қойнауынан бізге  жеткен тарихи жырлар, қолданбалы өнер мен сәулет саласындағы ескі жәдігерлер, тарихи хаттар мен мөрлер, құлыптастағы жазулар бәрінен де қастерлісі – Қазақстанда сақталған “Құрани–Кәрімнің” сан алуан баспалық нұсқалары, не алуан кітаптар мен құнды қолжазбалар, қазақ халқының ежелден исламдық өркениетке етене болған қауым екендігі, барлық өміршең өнегелі бастамаларын алдымен  Алланың атымен бастағандығы мен мұндалап –ақ тұраы. Міне, сондықтан да қазақ елінің хақ дін исламды ұлттық идеология деп санасуы – халқымыздың бейбіт өмірі, береке-бірлігінің ұлттық өнегесінің жетекші баағыты есебінде ғасырлар бойы халқына ағартушылық білім нәрін берген қазақ моллаұстаздарының ұйытқысы болған өнегелі Имамдар туралы білген-түйгенімізді халайыққа таныстыру мақсатында, елімізде тәуелсіздік таңы атаудан бір жарым жыл бұрын құрылып қалыптасқан, қазақстан тұңғыш ресми Исламдық діни мекеме-Қазақстан мұсылман Діни басқармасы (ҚМДБ) мүфтилігінің тұңғыш бас мүфтиінің орынбасары әрі Алматы қаласының орталық мешітінің бас имаамы, 2003 жылан Алматының іргесіндергі Қарасай ауданы, Абай ауылы мұсылмандарына Шабдарбаевтар салып берген мешіт-медресе(“Нұр ислам”бірлестігінің) төрағсы және осы мешіт-медресе орталығының бас имамы болған Асылхан Өмірзақұлы Аманқұловтың саналы ғұмырын исламдық уағыз-насихат айтып келе жатқан ғибадат жолындағы өмірбаяннан қысқаша мағлұмат беруді дұрыс болар деп санаймыз .

әлхамдуллилах, Исламият тарихына тән аңыздар легінде тұтас Азияны тамсандырған “Басында Қызықұрттың кеме қалған, болмаса ал әулие, неге қалған”, – деп айтатын әйгілі бір аңыз бар. Осынау қасиетті Қызығұрт өңірінде аузында Алланы мақтаған иманы бар, қойнында Алладан түскен аса киелі кітап”құран-кәрімі”бар, табиғат аясында алдына салып өмір бойы ұжым шардың мыңдаған қойын баққан Өмірзақ деген отағасы мен Сенбі есімді он бала тауып өсірген алтын құрсақ абыз ана қасиетті шаңырағында 1962-жылы Асылхан деген ұл дұниеге келеді. Асылхан мектеп қабырғасында ұстаздарында, достарына сүйкімді һәм оқуға ынталы оқушы болады. Бала атаулының мектепте оқып жүргены қиялына қондырған бір арманы болушы еді ғой, біздің Асылханды да бұл бір балалық арманнан айналып өткен жоқ. Есейгенде киноактер болсам, батырлардың рөлінде ойнасам деп қиялданатын еді. әр көрген киноларындағы жағымды кейіпкерлердің сөз саптауын, қимылын өзінше ойнап мәз болатынды-ды. Алайда, жылдар озып замандар ауыса бастады. Ойнаса бала жеңіп, шындаса әке жеңетін кісілік қасиет Аманқұлов әулетінің ішінде Асылханға білімнің ең абзал жолын таңдауға мықтап ықпал жасады. Түптеп келгенде Өмірзақ әкенің арғы аталары-майқы би сынды ұлт көсемдерінің бірі болған әулеттен шығып, Алланы ұлықтаудығы сүйекке сіңген қасиетті әдетінен туындаса керек. Баласының шариғат білімін терең игерген сауатты азамат әке Өмірзақ-“Балам Бұхарадан оқып білім алу менің аталарым ұшін ілімнің ең зор шыңына шығу болып саналған. Кешегі Тұрмағамбет молланың ұстаздары да, онан бұрынырақта Алайда, Бұхараға жеткені де бар, жетпегені де бар- деп тебіренген әке:

-мен діни білім алуды шектейтін қиын заманда өстім, ал сенің мұсылманша білім алуға бізден гөрі  жолдың жеңілдеу болғалы тұр. Алла өзіңе ұғымталдықты дартқан екен, сен де алланы ұлықтап исламдық білім алу жолына тұскін “- деп, ұлын хақ жолын оқып білу сынды ұлы мұратқа талпындыра бастайды.

Міне Асылхан Алланың қалауымен хақ жолында білім алудың алғашқы сәтті қадамына осылай аяқ басып, 1986-жылы Бұхарадағы “Мир Араб” сынды Исламдық білімді тереңдетіп оқылатын орта Азиядағы байырғы білім ордасына келеді. Бұл өзі осынау жылдардағы әлемді жалт қаратқан Қзақ халқының желтоқсан айындағы ұлт-азаттық көтерілісінің бұрқ ете түскен, қазақ ұлтының намысының оянған, дәлірек айтқанда құдайсыз қызыл қоғамның іргеі шайқала бастаған бір тарихи белең еді. Ал біздің Асылхан білім алған Бұхарадағы білім ордасы болса, кейінгі ғасырдың сағымдай құбылған сан алуан өзгеріс тұсында, өзбек ағаларымыздың кеңестік үкіметтің атаулыға қарсы тұратын сұрқай заманның өзінде, ұлтшылдық ұжданына қырау түспегендіктен хақ дін Исламнан безбеген, орыстандыруға еңсесін ездірмеген рухани бүтіндігінің арқасында ,”Бұл біздің Бұхара шахары ғой”,- деп әйгілі білім ордасын маңайлап арман қуып барған басқа “түріктерге” әсіресе Қазақстан сияқты Мәскеулік Қызыл жүйеге де болған еді. Атап айтқанда, Бұхараға барған қазақ талапкерлерге дәрісханасы түгіл дарбазасының маңайына жолатпайтын кездері де болады. Сонымен Асылхан қазақты, өзбек өз ағалары, алғашқы үш жыл үнемі дарбазасының сыртына қуып тастап отырды, алайда он жылдық білім тұрғысынан барлық пәнінен сүріне қоймайтын зерек талапкер Бұхараның қабылдау комиссиясының алдына жету үшін биік қорғаннан секіріп түскен жас қазақ жалынды ұл Асылхан.

– Уа Тақсыр, ұстаздар төрт көзің түгел отырған дәл осы сәтте менен емтихан алыңыздаршы. Сұрақтарыңыздан сүрініп құласам өз обалым өзіме, ал сынақтан ақсамай өтсем, ендігі жерде ешқандай себепсіз кеудемен итеріп, дарбаза сыртына ығыстырып, тастамауларыңызды өтінемін. Ислам деген атқа лайық әділет жасаңыздаршы, -деп тұрып алған оның исламдық білімге деген құштарлығына тәнті балған ұстаздар Асылханнан шұғыл сынақ алып, ақыры “Қазақстандық талапкер А.Аманқұлов сынақтары кілең беске тапсырғандықтан оқуға қабылдансын “,-деп жариялауға мәжбүр болды.

Міне, сол күннен бастап Асылхан Өмірзақұлы байырғы Түркістан халқы мақтаныш санайтын Еуразиялықтар “Мир Араб”- деп атайтын Бұхара медресесі сынды білім ордасының щәкірті болды. Барлық пәндерді қызыға, құлшына үйреніп озат оқыған Асылхан табиғатында даусының зорлығынан, сұлу саздылығынан осы білім ордасының қабырғасында жұріп, азаншы болды, әрі құранды қирағаттап оқуда Бухарадағы барлық шәкірттердің алды болып көзге түсті. Араб тілінде жақсы игеріп, өз ортасының үздігі бола білді. Мыңдаған шәкірттерін жүздеген құжырларға орналастырған, ежелгі Түркістан халықтарының әдет-ғұрыптарын, әдеп-ибасын сақтап жалғастыруға ғасырды-ғасырға жалғап келе жатқан, әрі Исламдық құндылықтарды дамытуда Бұхара медресесі – имам ағзам Әбу-ханифа мазғабының ғылыми тұжырымдарына мұрагерлік ететін осы бір білім ордасындағы ұстаздар легінде, Лүтыолла деген ұстаз болса, оқу орнының директоры (мүдідірі) еді. Ал оның оқу істерін басқаратын орынбасары ұстаз Әбдірахман еді. Сондай – ақ Жәләлидің ұстаз, Садриддин қари қатарлы ғұламалар да шікірттердің жадында Ұстаз, Садриддин қари қатарлы ғұламалар да шәкірттерінің жадында Ұстаз деген мәртебеге лайық көрнекті тұлғалар болатын. Осы білім ордасының беделімен атағына лайық оқу-ағарту бағдарламасының басты негіздері туралы да Асылхан қажыдан ұғып білгенбіз. Мынаған саяды. Яғни салыстырмалы түрде айтсақ, Совет үкімет тұсындағы құдайсыз қоғамның  қанды құрығына қарамастан, сол кездің өзінде Бұхара медресесінде Мұғалімсәни деп аталатын Құран әліппесінен бастап, Құранды көркем мәнерімен сауатты оқудың әдістемелік негізі саналатын-Тәжуид ғылымның,”Құран кәрімнің ” Түркі тіліндегі байырғы нұсқа тәпсірлерін: пайғамбарымыз Мұхаммед салла аллаһу ғалейһи уассаламның өмір баяны мен Хадисы шәріф Өсиетнамаларын: “Фиқұл-акпар” сынды шариғаттық заңнамалардың толық негіздері ; Ақида деп аталатын исламдық заңнамалар жинағын; Сарып-наху сынды араб тілінің грамматикалық жүйесін; “Сияри наби” дейтін пайғамбарлар тарихынан; түркі дүниесіне тән Ислам тарихнамаларын; жалпы Ислам тарихын; Ежелгі Түркістанық құндылықтарды – Қожа – Ахмет Яссауидің хикметтерін және түркі әлеміндегі ғұлама Ұстаздар ғұмырнамасынан мағлұматтар, мұсылман Галмграфиясы (араб жазуының хаткерлік өнері) тағы басқа да ғылыми  негіздерді қамтыған дәрістер оқытылыпты. Ал осы бір түбі бір түркі халықтарының мақтанышына айналған ақу орнынан Асылханнан бұрын оның отандас ағалары Ратбек қажы Нысанбайұлы, Жақия қажы Бейсенбайұлы, имам-  Абдулүмүтәліп, Ибрахим Қарнақбаев, Бекайдар Әміреев және Жолдасов Абдуллаһ қатарлы көрнекті азаматтар да осы Бұхарадан білім алған еді.

Өмір шіркінің өзі де алма кезек өзгерістерге толы бұлы бұраң жолдары арқылы мағыналы шығар. Асылханға байланысты тағдырдың таңғаларлық тұстары да болды, атап айтқанда билік тарапынан Рәтбек қажының бас муфтиліктен алып тастаған 2000-жылы кейін Алматы орталық мешіті намазхандары, өздерінің ұстазы сынды Имам Асылханның Бұхар мақамды күміс дауысын жұма құтпаларында ести алмайтын болды. Алайда, Асылхан орталық мешіттегі имандық мәртебесінен шектелгенімен Исламият үшін қызмет ету мұратынан айрылған жоқ, қайта ол бұрынғысынын да зор құлшыныспен Ислами-уағыз насихат айту жолында құлшына еңбек етті. дін-исламият біліміне сусаған мұсылман қауым ортасынан жиі көріне білді,

Осы арқылы халқтаң құрметіне бөлену бақытына қол жеткен тақуалығы мен білімдарлығы жарасқан Асылхан қажы мен Дидарғанибет болуың сәті бізге 2007- жылдың “қараша, желтоқсан мен сол бір екі айда” қазақ елінен 4000-нан астам мұсылман қажылық сапарға аттанғалы жатқан мұбарак күндерде түсті. Асекең “Нұр Ислам” бірлестігімен “Фаттаһ” фирмасы бірлескен қажылық сапар өтеу жобасы бойынша, 150 азаманның сапарға тән құжаттандыру жұмыстарымен өте қарбалас жүр екен. Бірнеше   сұрақ ат үсті жағдайда асығыс сөйлестік.

– Асылхан Хазырет сіз қазақ еліндегі тәуелсіздік таңы атқан соңғы 18 жылда Алматы қаласының бас имамы болс жүріп, ресми ғибадатшысы ретінде ұлтымыздың үлкен жетістіктерінің бастылары қайсылыры деп атар едіңіз?

     – Бір Алланың жәрдемімен қазақ халқы өзінің Исламдық хақ дінін қайтадан қалыптастыра бастады. Еліміз тәуелсіздік жариялаудан бір жарым жыл бұын Қазақстандағы мешіт-медіреселерді сырттан басқаратын Өзбекстандағы мүфтиліктен бөліп, елімізде ресми тәулесіз Діни мекеме Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы (ҚМДБ) құрылды. Барлық мақтау Аллаға тән, Алланың жәрдемі балмаса адамдардың діни миссияларын дамытып, халықтың қолдауына қол жеткізуі екі талай қиын іс еді. Осы орайда мына бір үлкен шындықтың басын ашып айту керек. Тұнғыш құрылған мүфтилікті Рәтбек Нысанбайұлы сынды білімді әрі өте батыл қайраткер тұлғаның қажырлы еңбегінен бөліп қарау, арысы-тарихқа, берісі-азаматқа қиянат болар еді. Міне осындай бір мүбарак жылдар екі ғасырдаң ортасында басталды, Қазақстанда дін Исламға бағытталған кедергілер мен керітартпа көзқарастар күйрей бастады. Бір кезде жұма намазға көп жиналды дегенде адам саны 100-ге әрең жететін, орталық мешітке ендігі жерде мыңдаған адамдар келетін болды. Демек, Тәуелсіздіктің қадірін бәрінен бұрын құдайшыл мұсылман қауым сезінетін болды. Біз Қазақтан моллалары әр намазымызда Алланың сөзі-“Кәләм шәріптегі”, Өте рақымды,ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.Алланың жәрдемімен жеткен жеңісті сәттерде, Алланың діні- Исламға, адамдардың топ-тобымен кіргенін көрген кезінде Раббыңа Таспих айтып, мақтаулар арна. Алладан кешірім сұра, Алла тәубаны тез қабылдаушы. (Ұлы Құдірет иесі) – деп “Нсаыр” (жәрдем) сүресін аса зор әсерлі сезіммен оқи бердік, оқи бердік . Міне, мұның өзі Алла бізге алып берген тәуелсіздік болмысымызға, Алланың өзі айтқан ұлы дәлел еді. Сайып келгенде тәуелсіздіктіктің әр қазақ үшін аса зор бақыт екендігі талассыз шындық. Ел тарихында осындай тәуелсіздік- жеңісін ата-бабамыздан бізге аманат болған арманның іске асуы сынды, тарихи жеңісті кезең еді. сондай-ақ, біз Алаш баласы тәуелсіздік арқылы халқымыздың ғасырлар бойы ұстанған қасиетті Ислами құндылықтарын, ұлтымыздың рухани байлығы деп бағалайтын қазақ мұсылмандары үшін, ұлт тағдыры мен жер тағдырын, еліміздің амандығын, отанымыздың тұтастығын тек Алланың көмегімен ғана ұрпақ-ұрпаққа жалғай аламыз.

Басқа білімді азаматтардың қанатты сөзді қалай айтуында таласым жоқ, ал мен үшін дін түзелмей, мін түзелмейді. Ислам хақ дін, нағыз бейбітшілік кепілі, басқаны былай қойып, халық бастан кешіріп жатқан әлеуметтік жағдайларды да Исламдық қағидалар ғана әділ әрі түбегейлі шеше алады. Сөздің тобықтай түйіні, халқымыз таңдаған осы бір хақ дін исламият ғана. Алланың жәрдемі арқылы ел тәуелсіздігін қорғап, сақтай алады. Халқымыз аңсаған мұрасына жетеді. Қазақ еліндегі мақтан етер жетістік те, жеңіс  те осы. Барлық мақтау әлемінің нағыз жаратушысы Аллаға тән – Алла Ұлы.

– Асеке хақ дін ислам жолында уағыз-насихат айтуда есіміңіз Қазақ еліне мәшһұр имам болған жылдарыңыз да құдай жолында халқымызға көрсеткен Имам-ұстаздық дәуіріңізде есте қалған маңызды сіттеріңіз туралы айта кетсеңіз.

– Алхамдуллиләһи раббиль ғаламин. Әрине, барлық мақтау әлемінің жаратушы иесі Аллаға тән. Сіз менің Алматы қаласының бас имамы болғандығымды жиі-жиі еске түсіріп отырсыз, әрине айтушы мен тыңдаушы бірдей болсын демекші ҚМДБ-ның алғашқы қалыптасу кезеңінде Тіке өзіңіз де осы муфтилік мекеменің тұңғыш баспсөз қызметкері болдыңыз. Исламдағы бес парыздың бірі Аллаға иман келтіру, ал тұңғыш мұфтиліктің баспасөз органы болып “Иман” газеті шықты. Бас муфти Рәтбек қажы осы гезетте “Иманы кәміл ел мықты” деген тұдырымдамалық мақала жариялады. Сол жылдардан бері біздер Аллаға иман келтіруді күндіз – түні насихаттап келеміз. Халқымыз әсіресе жастарымыздың хақ дінге иман кедтіріп, исламға келуі, көмектесуі жағынан жетістіктер жыл сайын артып келеді. Осы тұрғыдан алғанда мен де тәуелсіздікті өз қолыммен құраған отандастарымның бас қаласы Алматыда бас имам болып, Алланы мадақтаған қауымның алдыңғы легінде табылған діндарлық тағдырымды әрине мақтаныш етемін. Халықтан алдына шығып көппен дидарғанибет болуды мақтаныш етудің еш әбестігі жоқ шығар. 1990-жылдардың басында Қазақстанда бұрын болмаған жаңа құбылыстар қалыптасты. Атап айтқанда әр жұмада еліміздегі дипломатиялық міндетін өтеп жүрген елші сырзалар, отандық тарихтың талай бел-белестерін састап кешірген ардагер аға буын уәкілдерімен жамағаттас болып, бірге намаз оқып, бірге Алладан жарылқау тілеп, бірге Алланы ұлықтаған күндерімді еске алудың өзі неге тұрады. Ал замандастар жайына келсек, ел президенті Н.Ә.Назарбаевтан бастап ғылым, білім, өнер саласында көрнекті адамдары, жоғары шенді әскери адамдар да, отанға аралған қандас бауырлар, елімізге қыдыра келген көрші елдер мен алыс шет ел қонақтарымен де мешітте жүздесіп, Аллаға бірге сыйынып, құдайдан елімізге баянды бейбітшілік тіледім. Осындай әсерлі жүздесудің бірі, еліміздің тәуелсіздігін бірінші болып мойындап, бізбен бірге қуанған туркия елі еді. Сол түркияның бұрынғы президенті Тұрғыт Озал (жаны жәннатта болғай) сынды әлемге әйгілі тұлғада біздің Алматы орталық мешітіндегі жұма намазға қатынасып, бізбен бірге намаз оқып, “Қазақ бауырлар Алла жіберген тәуелсіздіктеріңіз нығайып, халқыңыз бақытты болсын “,- деп батасын беріп еді. Алматы орталық мешітінде көп жыл намазхан болған менің мұсылман отандастарым кездесе қалса, бірге өткізген діни мерекелеріміз бен мүбәрак рамазан айлары іспетті әр күні мерекеге татитын берекелі ораза күндерімізді қуана сөз етеміз. Міне, осының бәрі менің әрбір қуанышты сәттерім. Ал шариғаттық заңнамалар тұрғысынан мұсылман орынсыз артық мақтануды, өзін дәріптеуді қаламайтын қауым. Алайда біз толық мұсылман болуды баса дәріптейміз. Өйткені, ислам үйреге берсе таусылмайтын теңідей терең ұлы ғылым ғой! Абай айтқандай,”Алла мінсіз, әуелде пайғамбар хақ, муһмин болсаң үйреніп сен де ұқса бақ, құран рас, Алланың сөздур ол, тахиліне жетерлік ғылымның шақ”, міне сондықтан менде үнемі үйрену, іздену үстіндегі адамдардың бірімін. Сайып келгенде тағы да Абайдың “Қайрат, ақыл жүрек үшеуі өнерлерін айтысып, таласып келіп, ғылымға жүгінді” деген ақылиясындағыдай біз Алланың жалғыз екенін, Мұхаммед пайғамбарымыздың ең соңғы Алланың жалғыз екенін, Мұхаммед пайғамбарымыздың ең соңғы Алланың елшісі екендігін, құран Алланың адамзатқа жіберген ақыл кітабы екендігін, ислам барлық білімнің түп негізі, ең кемелденген жоғары ғылым шыңы екендігін айта отырып, бәріміз де осы ақиқатқа ғана иман келтіріп, осы әлемдік ғылымды ғана мақтаныш етуіміз, амалға асыруымыз керек деп айлаймын.

– Асылхан қажы, сіз де аудиториясы ауқымды шәкірті мол әйгілі ұстаздар сияқты сан мыңдаған мұсылман қауымының ұстазы-имамысыз, сондықтан да сізбен үнемі жүздесетін намазхан жамағаттарыңыз ғана емес, сізді имам деп танитын халқыңыз сіздің үй-іші бала-шағаларыңыз туралы және қазіргі кезде қайда, не істеп жүргеніңіз туралы білгісі келеді.

– Құдайға мың да бір шүкірлік етемін. Достарымыз бен құрбы-құрдастарымыз Салиха деп құрметтейтін әйелім болса, иншалла, шаңырағымыздың құт-берекесі деп мақтауға лайық жан. Ал балаларым да өз қатарынан кем емес. Үлкен қызым сапаргүл Ауылшаруашылық университетін тәмамдаған, экономист мамандығы бойынша жұмыс істейді. Мөлдір деген қызым Абай атындағы университетті бітіргелі тұр. Болашақ шығыстанушы. Сұлтан биыл мектеп бітірмек. Зухар, Рамазан, Наурызбайлар мектепте оқиды. Балаларымның ең аз білетін “Құрани Кәрімнен” бір пара жатқа оқиды. Әрине, өз ана тілдерінде оқитын Аманқұловтар орыс тілінен тыс халықаралық тіл ретінде араб тіліне бейім деуге болады. Ағайын –туыс, құда- жекжаттармен араласуда, қонақ шақырып, қонаққа баруда жұрт қатарынан қалыспаған жайымыз бар.

Бұл күнге дейін… рет қажылық сапарда болдым. 2003-жылдан бері Абай ауылында Шабадарбаевтар әулеті салдырған мешіт-медресенің бас имамынмын. Бұл мешітті осы өңірге бет-беделі бар асыл текті Ажар Смайылқызы деген абзал ана өзі бас болып, сәні мен сәулеті жарасқан мешіт және медресе салызған еді. Бірталай қалталы отандастарымызға өнегелі бастама болатын осы бір қайырлы істі бастаушы әрі соңына дейін алға қойған мақсатын орындап шыққан Ажар ана 2006-жылы қайтыс болды. Әрине, мұндай сауапты қайырымдылық шараның бел ортасында Ажар апамыздың ұлы Амангелді Смағұлұлы Шабдарбаев айрықша қайраткерлік танытты. “Анадан ұл туса игі еді, ата жолын қуса игі еді”- деген халық дпналығынан ғибарат алсақ, әрине, құдайшылдығы отаншылдығына негіз болады деп бағаласақ, Амангелді ағаның қауыпсіздік саласынаң генералы екендігін де айта кетудың артықтығы жоқ. Абай ауылы мешітінде Шабдарбаевтар әулетінің барлығы Алланы ұлықтауда нағыз азаматтарша үлес қосты. Осыған байланысты біз әр жұма сайын халқына мешіт салғызып берген өнегелі әулетке алғыс айтып, дұғамызға қосудамыз. Ал мұның өзі кейінгі ұрпаққа-өнеге, қазіргі қауымға – береке екендігінің шынайы дәлелі болмақ. Міне, сондықтан Алла тағала халқымызға тәуелсіз ел болу бақытын сыйлағандықтан, біз тек Алланы ұлықтаған иманы толық елдің ынтымағы бүтін, тәуелсіздігі баянды болатындағын  айтқымыз келеді. Алла бәрімізге береке берсін!

 

Асылхан Хазірет, шын жүректен айтқан сұхбатыңыз үшін көп рахмет!

 

Әңгімелескен:Тілухан әл-Мәжени.

 

Халықаралық Абай қорының аға ғылыми қызметкері, Исламтанушы.




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑