banner-top12

Ислам тағылымы no image

Қосқан уақыты Мамыр 16, 2012 | 639 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Ислам дініне үрке қарамайық

 

Ислам атауының терминдік мағынасы  тыныштық, бебітшілік дегенді білдірсе діндік мағына жағынан бағыну, бойсыну, дәлірек айтсақ аллаһа сеніп, оған құлдана білу, оның әмірлерін орындап, шектен шықпау сияқты көлемді мазмұнды қамтиды.

Осы айтқанымыздың айғағындай-ақ  мұсылмандар өзара кездескенде «Ассаләмұғаликум рахматуллаһи уәбәрәкәтуһу» деп амандасады. Мұндағы айтылған бір сөйлем сөзге үңілетін болсақ «Аллаһтың есендігі, рахметі және берекеті болсын» деп ең әуелі бейбітшілікті өзек еткен, ізгі тілектерін білдірісіп, онан кейін бала-шаға, үй іші,мал-жандарының хал-жағдайын сұрасады.

Адам баласының әу бастан-ақ  ұстанған діні  хақдін «Ислам». Әр-бір жіберілген пайғамбарлар ислам дінін өз қауымына жеткізетін елші болса, аспаннан түскен тәңірлік кітаптар (зәбур, тәуәрәт, інжіл) ислам заңдылықтары.  Әйтседе әр дәуірдегі қауымдардың Аллаһқа ортақ қосуы өз қолдарынан құдай жасап соған табынуы, пайғамбарларын мойындамай қарсы келуі, тіпті кейбір пайғамбарларды(Зәкәрия, Яхия)өлтіруі. Сонымен қатар Аллаһтың сөзі болған кітаптарды өз пайдалары үшін өзгерткен. Осы себепті ұлы Алла ең соңғы пайғамбар Мұхаммад(с.ғ.с)-ды барша адамзат баласына үлгі етіп жіберді, әрі қасиетті құранды бүкіл әлемге үкімі қияметке дейін жалғасатын насихат ретінде түсіріп, бұрынғы кітаптардың (зәбур, тәуәрәт, інжіл) күшін жойды.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с) дін тарату барысында өте кішіпейілділік , мүләйімділік таныта отырып, естіген адам төзгісіз әрқандай бір қиыншылықтарды сабырлықпен жеңе білген. Тұүтас өмірінде дөрекілік, золық-зомбылық  жасауды білмеген. Ешбір жұртшылыққа ислам дұшпандарына өздері бастап соғыс ашпаған. Тек өздеріне төнген қауіп-қатерге, шапқыншылыққа қарсы тұрып қорғану үшін шайқасқан. «Һижреттің» 2 -4 жж айналасындағы ислам үшін болған жалпы соғыстарда мұслылмандардан және олардың қарсыластарынан болып небары 1018 адам ғана өлген. Ал дүние-мүлік, патшалық үшін бүкіл әлемді шарпып екі дүркін болып өткен  1-2 дүниежүзілік соғыстарында 7 милион адам өліп  21милион адам жараланған.

Міне осы салыстырмалы көрсеткіштің өзі-ақ ислам діні тыныштық пен бибітшіліктің ұйытқысы екенін дәлелдеумен қатар ислам дінін ұстанушыларды бүлгінші,терарист деп жала жапқысы келетіндердің аузына құм құяды.

Ата-бабаларымыздың ежелден ислам дінін ұстанып келе жатқаны айтпасақта белгілі, алайда 70 жылғы бодандық дінімізді діңкелетіп, тілімізді кесіп, салт-дәстіріміздің сағын сындырды, Аллаһқа шүкір «Орнында бар оңалады» дегендей еліміз тәуелсіздік алғалы бері ислам діні етек жайып жастардың бет аласы қуанарлық жағдайда. Өкінішке орай әліде болса тамыры тереңдеп, буыны беки қоймаған дінімізге тұс-тұстан шабуыл жасаған өзге діндегілермен өз ішімізден шыққан бүлікшілер еліміз мұсылмандарын әр-сәрі күйде қалдырып отырған  жағымсыз жағдайдың асқынып келе жатқанын жасыра алмаймыз. Мысалы, исламның ата жауы болған басқа діндегі бұзғыншылардың айтақтауы мен дінді желеу етіп «Халифат »құрамыз, билікті аударып барлығын дін бойынша басқарамыз дейтін бүлгінші топ біздің елденде бой көрсетті. Олар өз мақсаттарын іске асыру үшін қарсы келгендерді өлтіру, зақымдау бүлік тудырудан тайынбауды дәріптеп, осы жолда өздерінің құрбан болуын шаһиптік дәрежеге көтереді. Діни басқарманың үкімі мен беталысы, мемлекеттің заң саясаты дегенмен санасыпта жатпайды, бұл топтағылар «қой терісін жамылған қасқырлардың арандатуына ұшырап»өздерініңде адасып жүргендерін аңғармастан кіршіксіз исламды бұзақылықтың білтесі етіп көрсетуде.

Ал енді бір бөлім бауырларымыз, намаздың соңынан құран оқып, бата жасау, қайтыс болғандарға құран бағыштау, көпшілікке және үлкен кісілерге иіліп құрмет көрсету, келіннің сәлем салуы т.б. осы сияқты діни және ислам шариғатына үйлесімді жол-жосындарды дінге кірген жаңалық, адамды діннен  шығаратын күпірлік әрекет деп айыптап әлінен асады. Мұны былай қойғанда пайғамбар (с.ғ.с.)-дың ізбасары болып саналатын аты әлемге мәшһур діни ғалымдардың салып кеткен сара жолын теріске шығарып өздерін дінді кемел ұстанушылармыз деп «қылшығын шығарамын деп, былшығын шығарғанның» кебін кейуде. Қортып айтқанда ислам дінін жете түсінбей желігіп жүргендердің ұшқары әрекеттеріне бола ислам дініне үрке қарамайық ағайын.

Қызырғазы Тоқтар




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑