Алматы қаласындағы Халыққа қызмет көр..." /> Жалғызiлiктi, жалғыз тұратын қарттарға, бөгде адамның күтiмiне және жәрдемiне мұқтаж мүгедектерге және мүгедек балаларға үйде әлеуметтiк қызмет көрсетуге құжаттарды ресiмдеу - Шалқар газеті

banner-top12

Керек баған

Уақыты 19 сентября, 2014 | қосқан shalqar | 825 рет оқылды

0

Жалғызiлiктi, жалғыз тұратын қарттарға, бөгде адамның күтiмiне және жәрдемiне мұқтаж мүгедектерге және мүгедек балаларға үйде әлеуметтiк қызмет көрсетуге құжаттарды ресiмдеу

Алматы қаласындағы Халыққа қызмет көрсету орталықтарында көрсетілетін қызмет түрі
«Жалғызiлiктi, жалғыз тұратын қарттарға, бөгде адамның күтiмiне және жәрдемiне мұқтаж мүгедектерге және мүгедек балаларға үйде әлеуметтiк қызмет көрсетуге құжаттарды ресiмдеу»
Қажетті құжаттар:
1) тұтынушының жазбаша өтiнiшi, ал кәмелет жасқа толмаған және әрекетке қабiлетсiз адамдарға – заңды өкiлiнiң (баланың ата-анасының бiреуiнiң, қамқоршысының, қорғаншының) жазбаша өтiнiшi немесе белгiленген нысандағы медициналық қолдаухаты;
2) баланың туу туралы куәлiгiнiң көшiрмесi немесе жеке куәлiгi;
3) тұрғылықты жерiнен анықтама немесе азаматтарды тiркеу кiтапшасының көшiрмесi;
4) мүгедектiгi туралы анықтаманың көшiрмесi (қарттар үшiн талап етiлмейдi);
5) белгiленген нысан бойынша медициналық карта;
6) мүгедектердi оңалтудың жеке бағдарламасынан үзiндi көшiрмесiн (қарттар үшiн талап етiлмейдi);
7) 18 жастан асқандарға – соттың әрекеттік қабылеті жоқ деп тану туралы шешімі;
8) зейнеткер жастағы адамдар үшiн – зейнеткер куәлiгi;
9) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерi және соларға теңестiрiлген адамдар үшiн Ұлы Отан соғысының мүгедегi, қатысушысы және соларға теңестiрiлген адамдардың мәртебесiн растайтын куәлiк.
Салыстырып тексеру үшiн құжаттардың түпнұсқалары мен көшiрмелерi ұсынылады, содан кейiн құжаттардың түпнұсқалары қайтарылуға жатады.
Алматы қаласы ХҚКО баспасөз қызметі.




Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to Top ↑
  • Соңғы жазбалар

  • Свежие комментарии

  • Архивы