banner-top12

Ақпараттар ағымы IMG_7751

Қосқан уақыты Тамыз 25, 2019 | 119 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

“Жанашыр” қоғамдық қоры қабылдау өткізеді

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ мемлекеттік гранты аясында Халықаралық “Жанашыр” қоғамдық қоры Алматы қалалық ҚХА Медиация кабинетімен бірге 2019 жылы қыркүйек айында  Алматы қаласы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен бірге «Келісім» атты азаматтарды  қабылдау күнін өткізеді.

Шараға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы,  Алматы қалалық ҚХА Медиация кабинеті, Халықаралық құқық қорғау орталығы, Халықаралық “Жанашыр” қоғамдық қоры өкілдері қатысып, қала тұрғындарына әртүрлі даулардың, ұлтаралық түсініспеушіліктердің алдын алу, заңдық, құқықтық тұрғыда және мемлекеттік қызмет алуға қатысты кеңестер береді.

Қыркүйек айында қабылдау келесі мекенжайларда өтеді:

  • 2019 жылғы 04 қыркүйек күні «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Алатау аудандық фронт-офисінде («Нұркент» шағын ауданы, 5-ғимарат, 16-19) сағат 11-00-ден бастап;
  • 2019 жылғы 06 қыркүйек күні «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Медеу аудандық фронт-офисінде (Марков к-сі, 44) сағат 11-00-ден бастап;
  • 2019 жылғы 16 қыркүйек күні «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Алмалы аудандық фронт-офисінде (Сүйінбай даңғылы, 2/4) сағат 11-00-ден бастап;
  • 2019 жылғы 18 қыркүйек күні «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Жетісу  аудандық фронт-офисінде (Серіков к-сі, 6а) сағат 11-00-ден бастап;
  • 2019 жылғы 19 қыркүйек күні «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Алатау  аудандық Көші-қон бөлімінің фронт-офисінде («Нұркент» шағын ауданы, 5-ғимарат, 25-26) сағат 11-00-ден бастап;

Қабылдауға келіп, толғандырған сұрақтарыңызға жауап алыңыздар!

Анықтама үшін телефон: 9738533, 87009738533




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑