banner-top12

Ақпараттар ағымы photo_253419

Қосқан уақыты Сәуір 24, 2020 | 89 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Жаңа көліктерді онлайн тіркеу сервисі сәтті жұмыс істеуде

 

Жақында қосылған жаңа көліктерді (бірінші рет) онлайн тіркеу сервисі сәтті жұмыс істеуде

Бақыт Бейсеналин мен Нұралы Ахметбаев бүгін Алматыдағы карантин кезінде автокөлік иелерінің дайын құжаттарын беретін №2 Мамандандырылған ХҚО-да кездесті. Екеуі де Алматыдағы «Тайота орталығынан» көлік сатып алған. Алайда, карантин салдарынан рәсімдеудің реті келмей жүрген. Электрондық үкімет порталы арқылы жаңа көліктерді тіркеу сервисінің іске қосылуын күткен екен. Осы аптада қосылған сервис арқылы көліктерін онлайн рәсімдеген олар, судай жаңа көліктерінің өз аттарына тіркелген мемлекеттік нөмірін алды.

photo_2020-04-24_01-55-27

«Көлігімді онлайн тіркеу қиындық тудырар деп ойлағам. Айтарлықтай қиын болмады. Жеке кабинетіме келген автосалон жіберген өтініммен танысып, жаңа көлігіме нөмір таңдадым. Банктік карточкамен мемлекеттік баж салығын және тіркеу алымын төлеп, өтінімді растадым. Бар болғаны осы. Дайын деген хабарламаны алған соң, нөмірлік белгіні алуға келдім. Бас аяғы бір сағатта жұмысым бітті. Орталықтағы мамандарға да рахмет, барлық қызметті жоғары деңгейде көрсетті», – дейді Алматы қаласының тұрғыны Бақыт Шабанұлы.

Жаңа көлік иесі атанған тағы бір азамат Нұралы Ахметбаев та онлайн рәсімдеудің қолайлы екенін айтып, замандастарын үйден шықпай қызмет алуға шақырды.

Ахметбаев Н docx

Бұл сервис осы аптаның басында іске қосылды. ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, ҚР Ішкі істер министрлігі, «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕ АҚ және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ бірлесіп іске асырған сервисте, әзірше Қазақстан аумағында жасалған, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден әкелінген автомобильдерді онлайн тіркеуге болады.

«Жаңа көлікті онлайн қалай тіркейміз» деп телефон соғып сұраушылар көп еді.  Енді ол да шешімін тапты», – дейді «Азаматтарға арналған үкімет» МК Алматы қаласы филиалының PR-менеджері Жаңыл Әпетова.

Енді автомобиль сатып алу жөнінде келісім жасалғаннан кейін автосалон өкілі VIN-кодты, сондай-ақ клиенттің ЖСН-ы көрсетілген қажетті құжаттарын бекітіп, eGov порталы арқылы автокөлік құралын тіркеуге өтінім береді. Бұл өтінім сатып алушының жеке кабинетіне келіп түседі. Сатып алушы eGov порталындағы жеке кабинетіне кіріп, өтініммен танысады. Автомобильге арналған мемлекеттік нөмірлік белгіні таңдай отырып, мемлекеттік баж салығын және тіркеу алымын төлейді және өзінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен (ЭЦҚ) қол қойып, өтінімді растайды. Сатып алушы дайын техникалық құжат пен нөмірлік белгіні тиісті хабарлама келген соң, бірнеше сағаттан кейін мамандандырылған ХҚО-дан өз бетінше ала алады.

ТЖ кезінде электрондық үкімет порталы арқылы ресімделген дайын құжаттар мен нөмір белгілерін  Алматы қаласы Майлин көшесі, 85 мекенжайындағы №2 Мамандандырылған ХҚО-дан  алуға болады.

Бұдан басқа, алдын ала ресімделген сенімхат бойынша құжаттарды және мемлекеттік нөмірді үйге жеткізу қызметін пайдалануына болады.

Филиал PR-менеджері Жаңыл Әпетованың айтуынша, карантин кезінде онлайн рәсімделген 231 көлік нөмірі Алматы қаласына тиесілі. Сонымен қатар, 1155 алматылық жүргізуші куәлігін онлайн рәсімдеген.

Жаңадан іске қосылған автокөліктерді бірінші рет тіркеу сервисін пайдаланған 5 алматылық көліктерін өз аттарына рәсімдеп, мемлекеттік нөмірін алып үлгеріпті.




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑