banner-top12

Ақпараттар ағымы photo_2019-09-06_15-34-51 (3)

Қосқан уақыты Қыркүйек 6, 2019 | 96 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Жаңа орталық алматылықтарға 1 аптада 2 мыңға жуық қызмет көрсетті

photo_2019-09-06_17-35-25 photo_2019-09-06_17-26-57 photo_2019-09-06_17-26-56 photo_2019-09-06_17-26-52

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы мегаполистердегі халыққа қызмет көрсету орталықтардың жүктемесін азайтып, қызметалушылар үшін ыңғайлы жағдай жасау мақсатында өткен аптада Алматы қаласының Алмалы ауданында тағы бір ХҚО іске қосқан болатын. Халық тығыз орналасқан ауданда орналасқан жаңа орталық бүгінде өз тиімділігін дәлелдеп, қала тұрғындарына қызметтерді ыңғайлы ортада және тез алуға мүмкіндік беріп отыр.

Іске қосылғанына бір апта ғана уақыт болған орталық қызметкерлері алматылықтарға 1900 қызмет көрсетіп үлгерді, оның басым бөлігі электронды түрде.

Жаңа ғимарат көлік қатынасына ыңғайлы жерде орналасқан. Жүргізушілер үшін 30 орындық тұрақ та қарастырылған. Жалпы орталықта 18 құжат қабылдау орны, 4 миграциялық полиция қызметкерлеріне арналған үстелдер, қызмет алушыларға арналған 75 орындық күту залы бар. Соңғы заманауи үлгіде эллипс формасында жасалған «Connection point» өз-өзіне қызмет көрсету аумағында орталықтың кеңесші мамандары кез келген бағытта үздіксіз көмек көрсете алады. Жұмыс күндері бұл жерде орташа есеппен 1500 адам қызмет алады. Жаңа ХҚО Байзақов көшесі, 174 ғимаратта орналасқан.

Айта кетейік, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы жыл басынан бері 9 фронт-офисті іске қосты, оның 3-і мамандандырылған ХҚО (Алматы қ., Шымкент қ. Алматы облысы), 4 миграциялық қызметтер орталығы (ШҚО, Қызылорда, Павлодар, Түркістан облыстары) және Алматы қаласындағы 2 ХҚО.




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑