banner-top12

Ақпараттар ағымы IMG-20140723-WA0010

Қосқан уақыты Шілде 30, 2014 | 657 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

«Жаңа толқын» байқауы тікелей эфирде трансляцияланған күндерде «Қазақстан» Ұлттық арнасының аудитория саны 40 пайызға артқан

 

«Gallup Media Asia» TNS зерттеу мәліметтері бойынша, 100 мыңнан астам тұрғындары бар қалаларда «Қазақстан» Ұлттық арнасында көрсетілген «Жаңа толқын – 2014» жас әншілердің он үшінші байқауының аудиториясының үлес салмағы (6+ аудиториясында) 23,9 пайызды құраған. Яғни, байқауды трансляциялау кезінде барлық көрермендердің төрттен бір бөлігі «Қазақстан» Ұлттық арнасын көруді қалаған. Аталмыш жағдай тұрғындар саны 100 мыңнан кем қалалар мен елді мекендерде де байқалған.

Қорыта айтқанда, «Қазақстан» Ұлттық арнасында «Жаңа толқын – 2014» байқауының тікелей эфирдегі трансляциясын ұйымдастыру – телеарна аудиториясының санының 40 пайызға дейін артуына ықпал етті.

Бүгін, 30 шілде күні 14 00-де Алматы қаласындағы Қазақстан Баспасөз клубында Әлішер Кәрімов пен оның продюсері Алтынбек Рахметовтың қатысуымен байқау қорытындысына арналған баспасөз мәслихаты өтеді.

Естеріңізге сала кетейік, «Қазақстан» Республикалық телерадиокорпорациясы «Жаңа толқын – 2014» жас әншілердің он үшінші байқауын Қазақстан аумағында тікелей эфирде трасляциялаудың айрықша құқығын алғаш рет иеленді. Байқау 22 мен 27 шілде аралығында латвияның Юрмала қаласында өтті, деп хабарлады «Қазақстан» РТРК» АҚ баспасөз қызметі.

Тікелей эфирдегі трансляцияны қазақ тілінде белгілі журналист Асхат Садырбай жүргізді.

Аталған халықаралық байқауда Қазақстанның атынан Әлішер Кәрімов өнер көрсетті. Ол 2005 жылы Superstar.KZ жобасына қатысып, танымал болды.

Байқаудың алғашқы күні «Әлемдік хит» тақырыбында Әлішер Адриано Челентаноның (Adriano Celentano) «Confessa» әнін орындады. Байқаудың екінші күні әнші «Жаңа толқын – 2010» байқауының екінші орын иегері украиндық орындаушы Татьяна Ширкомен дуэт орындады. Байқаудың үшінші күні «Премьералар күні» деп аталды. Қатысушылар жаңа әндер орындады. Әлішер көпшіліктің назарына «Әрине» әнін ұсынды. Бұл әнді арнайы осы байқауға жас ақын Талант Арғынғали мен композитор Ғалымбек Исмбергенов жазған болатын. Әлішер әннің бірінші бөлігін қазақ тілінде орындаса, екінші бөлігін орыс тілінде орындады.

«Жаңа толқын» танымал музыканы орындаушылардың халықаралық байқауы тек Ресей мен Латвияның ғана емес, сонымен қатар жақын және алыс шет ел мемлекеттерінің кең көлемдегі музыкалық оқиғасы болып табылады.  Сайыскерлердің жеңіске ұмтылуын, олардың сайыстық бағдарламасына миллиондаған телекөрермендердің қызығушылығын оятуы, «Жаңа толқын» байқауының бүкіл Еуразия континентінің жыл сайын күтілетін музыкалық жаңалығы болып табылатыны даусыз.

Байқаудың басты мақсаты – дарынды жастарды анықтау. Байқауды алғаш рет ұйымдастыру  туралы ұсынысты 2002 жылы Игор Крутой мен Раймонд Паульс ұсынған болатын.




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑