Жаңа тұрғын үй бағдарламасы
1 қыркүйектен бастап «АЛМАТЫ ЖАСТАРЫ 3.0» тұрғын үй бағдарламасына өтініш қабылдау басталды.
35 жастан аспаған азамат, бағдарламаға негізгі қатысушы ретінде ерлі-зайыптының тек біреуі, соңғы 5 жылда үміткердің немесе оның отбасы мүшесінің атында үйі болмаған, Алматы қаласында 6 айдан кем емес ресми жұмыс өтілі міндетті зейнетақы жарнасы бар азамат өтініш бере алады.
- Мәдениет және спорт;
- Жоғарғы оқу орындары;
- Ғылыми-зерттеу институттары;
- Журналистер;
- Әлеуметтік сала санаттары бойынша өтініштер мен құжаттарды қабылдау жүргізіледі.
Бағдарлама шарттары:
- қарыздың ең жоғарғы сомасы- 13 млн теңгеге дейін;
- пайыздық мөлшерлеме- 5%;
- бастапқы жарна- 10%;
- жаңа және қолданыстағы тұрғын үйді сатып алу мүмкін.
Толығырақ www.almaty-zhastary.kz сайтынан немесе анықтама телефоны 8-8000-801-880, +7 (727) 225 14 57, +7 (727) 225 14 44 арқылы біле аласыздар.