banner-top12

Замандас no image

Қосқан уақыты Наурыз 19, 2013 | 1  020 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

   Жаны жомарт жандар көп, ниеті асқақ

                   

 DSC03345

Адамның бойында жақсы қасиет қалыптасса, жамандық атаулы өзі-ақ тиылатыны анық. Қандай ел, қандай ұлт алдында болсын жақсы мінез бен жомарттықтың  келбеті көрініп тұрады. Мейірімділік пен адамгершілікке толы жақсы қасиетті  жанына серік еткен адамның жүзінен нұр, жанынан жақсылықты бөліп беретіндей бір нәрсе байқалады.  Бұндай адамдар аз емес. Солардың бірі, бірі болса да бірегейі – Жаңыл Құрман қызы.

Қашанда жайдары,  аңқылдаған ақжарқын мінезімен өз ортасында орнын қалыптастырып алған Жаңылдың бізге де, яғни «Жанышыр» қоғамдық қорының жанынан құрылған Оралмандарды қолдау орталығына да жасаған көмегін айтпай кетуге болмайды.

Қордың атынан өткізілетін шараларға шынайы атсалысып, байқаулар жеңімпаздарына арнайы жүлде тағайындап, белсенділік танытып отыратын Жаңыл Құрманқызы,  2012-2013  оқу жылында ҚазҰУ-нің дайындық факультетінің алты тыңдаушысына шәкіртақы тағайындады. Бұл кейбір аптал азаматтардың қолынан келмейтін көпестік екенін аңғартады. Ол өнер адамдарына да үнемі қолдау көрсетіп жүреді. Ол, әр ісіне жауапкершілікпен қарайтын адам ретінде қалыптасқанын өзі жүрген ортасы да  жақсы біледі. Біреуге көмегін бергісі келсе, еш екіленбестен сол ортада ашық атап, елді де сол іске жұмылдыратын қасиеті де елге үлгі болатындай.

Қаншалаған байлар мен байсымақтардың атағына жығылып, «бермесе де бай жақсы» дегендей, соңынан қалмай жүрген кейбір жоқтарға расында жаның ашиды. «Адам өзін емес, өзгені еске алудай» жақсы қасиеттермен үлгі көрсетсе, бұл өмірдің керемет сыйы сол болар еді. Аз уақыттық сынақ өмірдің сынағына, мәңгілік дүниедей жабысқан бейшара адамдардың халін көріп кейде налисың. Ал кейбір адамдар бар, Алланың берген мол несібесін шынымен өзінің де, өзгегенің де игілігіне жаратуды қалайтын. Сол арқылы жаны жай тауып, ісінің берекетін тілейтіндер. Бірақ, мұндай иманы жеңген, қазақы тәрбиені қағида еткен жандар көп емес. Мұндай да  өзінікін-өзіне бұйыртсын!  деген шын тілекпен ғана ой қорытасың.

Ал, Жаңылдың  жасап отырған керемет кәсібі болмаса да, отбасына кірген қаражатынан біреудің жоғына, біреудің қарызына, ал біреудің өнеріне көмектесіп үлгереді. Соның өзі, оның жанын жай тапқызып, өмірін рахатқа бөлейді. Ол бір реттік ғана емес, ылғи да осындай істің басы-қасында жүреді.

Адамның өзіне емес, ниетіне келетін берекені, Жаңыл Құрманқызының отбасынан көруге болады. Жолдасы – Нұрғали ұлы Әлімжанның да, Жаңылдың «ершікеш» мінезін жақсы көріп, дос-жаран, туыс-туған ортасында бағалайтынын көзіміз көріп жүр. «Бір-бірін Алла қосқан қосақтар» деп айтатын сөз тіркесі дәл осыларға нақ келетіндай шынымен. Айта берсең  таусылмас жақсы қасиеттерді арқалаған Жаңыл, бір ұл, бір қыздың анасы. Жақсы жар әуелі. Туыс-туғандарының ұйытқысы, дос-жарандарына адалдығымен сыйлы.

Бір сөзбен айтқанда, бойынағы жақсылықтан кім болса да үлгі алуға тиіс. Біздің ұрпақтарымыз жомарт та, қолы ашық, бай болуға қақылы. Өткені, Алланың берген рыздығын сезіне білетін ұрпақтар келе жатыр. Соларға осындай жомарт жандар үлгі болуға лайық.

Мен де замандас, сырлас құрбыма «Өзінің әдемі келбеті мен адалдығы, адамдар арасында үлгі болсын! Шынайы қалпы, қазақтың қыздарына тән мейрімділікпен көріне берсін!» демекпін!

Лаззат ИГІСІН




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑