banner-top12

сапарнама Европа 2017 512

Қосқан уақыты Маусым 18, 2017 | 563 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Жақсыны көрмек үшін… Бельгия, Дания сапарлары

(Жалғасы.)

Ендігі бағытымыз – Бельгия. Белгия атауы осы елге ежелде қоныс аударған белгтердің атауымен байланысты аталады. Б.э.д. 1 ғасырда елді Рим басып алды. Ал орта ғасырларда Белгия Нидерландқа  тиесілі болды. 1830 жылы халықтық көтерілістің нәтижесінде Белгия голландық езгіден құтылып, өзінің тәуелсіздігін алады. Жер көлемі жағынан Алматы облысы аумағындай ғана десе болады. Еуропалық өлшемнің өзінде Бельгия корольдігінің территориясы тар саналады. Бір қарағанда бұл ел сәулетті үйлері, орта ғасырларда салынған зәулім сарайлары тізілген, дүниедегі әртүрлі өсімдіктердің бәрі бар, мұнтаздай таза мемлекет, әдемі ойыншық сияқты көрініс қалдырады. Бельгиялықтардың өздері «біз ойыншық мемлекетпіз» дейді. Бірақ мәдениеті, экономикасы жағынан талайды шаң қаптырады. Осындай кішкентай ғана жерде он миллионнан астам халық тұрады. Бельгиялықтардың 75 пайызы католик, 500 мың мұсылман бар. Иудаизм, провослав, протестанттар да жетеді. Тәуелсіздік алғанына 180 жыл болған мемлекеттегі негізгі ұлт-бельгиялықтар өте бай тұрады. Мемлекеттік билік саясаты да сол мемлекетті құраушы ұлттың ыңғайына сай жүргізіледі. Бас басында баспана. Бельгия халқының 58 пайызы фламандықтар, ал 31 пайызы валлондықтар. Қалған он бір пайызы этникалық топ өкілдері. Жалпы Бельгияда 900 мың шетел азаматы өмір сүреді. Ресми түрде Брюссель екі тілді болып есептеледі: француз және  голландық тілді. Оқу орындардында сабақ нидерланд, яғни фламанша жүргізіледі, мемлекеттік емтихан да осы тілде тапсырылады.
Біз табан тіреген Брюссель – Бельгияның ең ірі қаласы және астанасы, әрі Еуропалық Одақтың әкімшілік орталығы. Брюссель қаласын  Брюссель астаналық аймағымен шатастыруға болмайды. Брюссель қаласы (тұрғындары 150 мың адамдық коммуна)  басқа да 18 коммунамен қосылып  екі миллионндай тұрғыны бар Брюссель Астаналық аймағын құрайды екен. Мұнда Француз және Фламандық қоғамдастықтың  және Фландрияның мекемелері, Еуроодақтың штаб-пәтері, НАТО кеңсесі, Бенилюкс және Батысеуропалық одақ елдерінің хатшылықтары орналасқан.

Қаладағы алғашқы күнді тарихи орындар мен ескерткіштерді көруге арнадық.

Европа 2017 435 Европа 2017 433 Европа 2017 431 Европа 2017 430

Алдымен қала орталығына келіп, көлігіміздің автотұраққа қойып, жаяу аралай бастадық. Алдымыздан шыққан алғашқы ғимарат –  Әділет сарайы болды. Бұл сарай 1866-1883 жылдары сәулетші Жозеф Пуларттың жобасы бойынша электизм стилінде салынған. Оның ұзындығы 160 метрді, ені 150 метрді, ал биіктігі күмбезін қоса есептегенде 142 метрді, ішкі күмбезді залының биіктігі 97,5 метр құрайтын көрінеді. Сарайда 27 сот мәжілісі залдары, 245 кіші ғимараттар, 8 ауласы бар екен.

Одан әрі Патша сарайы. Оның сол жағында Өнер тауына тап болдық. Бұл жерден төменгі қалаға, ратуштер, тұрғын үйлер және қолөнершілер үйлеріне, яғни Брюсселдің тарихи орталығына көз салуға болады.

Төмен жүре отырып қаланың жүрегі саналатын Гран-Плас (Гроте-маркт)  алаңына келдік. Мұнда екі  нысан –  ратуша және Нанды үй немесе патша үйі орналасқан.

Европа 2017 424 Европа 2017 423 Европа 2017 416 Европа 2017 414

Гран плас алаңының ұзындығы 110 метр, ені 68 метр. Оны  XVII ғасырда салынған үйлер қоршап тұр, оның әрбірінің өз атауы бар, әрбірі белгілі бір қоғамдастыққа  тиесілі болған.  Сондай-ақ, алаңда готикалық сәулет өнерінің жауһары саналатын әкімдік ғимараты (ратуша) орналасқан. Брюссель ратушасы кезең-кезеңмен салынған екен. Сол қанаты ұзынырақ, 1402 жылы Якоб Ван Тиен жобасымен салынса, оң қанаты 1445 жылы белгісіз сәулетші жобасымен салынған. 1450 жылы ғимарат 90 метрлік бақылау тұғырымен толықтырылған.

Ратуштың қарсысында “Патша Үйі” ораналасқан. Алайда атына қарамастан, бұл жерде ешуақытта ешқандай патша тұрмаған екен. XIII ғасырда салынған бұл үй, нан пісірушілердің қоймасы, трибунал және түрме ретінде қолданылған.1873 жылы сәулетші Виктор Ямар ғимаратты готика стилімен қайта жарақтайды. Бүл күндері “Патша үйінде” Коммуналдық музей орналасқан.

Европа 2017 412 Европа 2017 410 Европа 2017 406 Европа 2017 404

Брюссель – ішіне қоспа салынған шоколадты кәмпиттердің отаны екенін бәріңіз білетін шығарсыздар. 19 ғасырда бір азамат әкесінен қалған аптекада шокаладтар сатып бастаған. Ол бірде бухгалтерлік кітабын аша отырып, микстураларды сатқаннан гөрі шоколад (ол кезде швейцариялық шоколад болатын) сатқаннан көп пайда түсетінін түсінген. Иә, ол кезде шоколадты дәріханада, ауырған кісілердің тез жазылуы үшін сергітетін құрал ретінде сатқан. Содан дәріхананы біртіндеп шоколад жасайтын шеберханаға айналдырған. Егер бір күні қожайын миндал дәнін шоколад сұйығына түсіріп алып, дәмін татып білмегенде, бұл да көптеген шоколад щеберханаларынан еш айырмасы болмас еді. Содан ол шоколад ішіне әртүрлі заттар салып эксперименттер жасай бастайды да, нәтижесінде бүгінгі атақты арасына заттар салынған шоколадтар пайда болады. Содан бері «Neuhaus» шоколад шеберханаларының желісі бүгінге дейін жұмыс істейтін көрінеді. Біз де сол шоколадтардың дәмін татып, керегімізше туыстарға сыйлыққа алып алдық…

original publictravel_20-43 1981b museum-of-cacao-and-chocolate_brussels

Брюсселдің орталық алаңынан бір көше жүріп өтіп, осы елге келген саяхатшы бармай кетпейтін – “Шаптырып тұрған баланы” көргелі келдік. Бұл ескерткіштің қашан орнатылғанын, 14 ғасыр ма, әлде  15 ғасыр ма, мұны ешкім білмейді. Бес жүз жылдың алдындағы бір күнгі кеште Бельгияның астанасы Брюсселдің орталық алаңында алуан түрлі шырақтар жайнап, қаладағы барлық адам тегіс алаңға шығып, би билеп, ән айтып шетел шапқыншыларын жеңгендіктерін қызу тойлайды. Қоңырау үні, құрмет зеңбірегінің үні жұрттың салтанат үнімен тоғысып, асқақ симфонияға айналып, астана аспанында қалықтайды. Халық жеңісті тойлаған кезде қалдық жаулар жеңілгендеріне мойынсал болмай, бір бұзақыны қалалық әкімшіліктің жерасты бөлмесін бүлдіруге жібереді. Бұл жерасты бөлмеде қалың мылтық дәрілері сақталған болатын. Оған ұшқын тиді – болды, қатты қопарылыс туылып, қалалық әкімшілікті және оның төңірегіндегі құрылыстарды күйретіп, жеңісті тойлап жатқан жұртшылықты да бақытсыздыққа ұшыратушы еді. Жаудың қаскүнемдігі қаншама қатерлі! Әлгі бұзақы жарылғыш дәріні үйіп қойып, оған қораға дейін жететін білте жалғап, одан оны тұтандырады да, зытып береді. Тұтанған білте жанып, астыңғы бөлмеге таяй береді, осы қатерлі ұшқынды жан баласы сезбейді. Орасан зор ауыр апат туылуға жақын қалды. Осындай қатерлі кезде, сәтін салғанда Жюльен деген бір бала қораға келіп ойнап жүріп дуалдың іргесіндегі ұшқын шашып, жанып, қысқарып бара жатқан білтені көреді. Ол жерасты бөлмеде қопарғыш дәрі барын, сондай-ақ соғыс барысында білтенің оттан қысқаруы нендей іс екенін білуші еді. Ол білтені сумен өшірмек болады, бірақ маңайдан су таба алмайды. Алыстан су әкелуге, қорадан жүгіріп шығып ересектерді шақыруға үлгермейді. Сонда оның ойына тамаша амал түсе қалады: ол дуалдың іргесіне барып, білтенің үстіне шаптыртады. Міне, қызық! Оның шаптырғанына білте өше қалады. Орасан зор апат жойылады, Брюссель халқы осы кішкентай қаһарманды төбелеріне көтереді. Кейбіреулер: “Біз бұл кішкентай қаһарманға мыс мүсін жасауымыз керек” деген ұсынысты ортаға қояды. Бұл ұсынысты халық дереу қолдайды. Олар бүкіл мемлекет бойынша ең әйгілі мүсіншілерді шақырып, оған жалаңаш баланың шаптырып тұрған мүсінін жасатып, оны салтанатпен астананың бір көшесіне орнатады.

1307139810_pic-10 4f3146f20262a brussel-2 f1dee485079ae3d4f227d627edb265c4

Уақыт өткен сайын мүсінді киіндіріп отыратын болған. “Шаптырып тұрған балаға” бірінші костюмді 1698 жылы курфюрст Баварский Максимилиан-Эммануил жіберген екен. Содан бері дәстүрге айналып, қаланың құрметті қонақтары  костюм кигізетін көрінеді. Фонтанның торына әр ай сайын “Жюльен” сол айда киетін костюмдердің тізімі жарияланады екен. Оның киімі “Шаптырып тұрған баланың достары” коммерциялық емес ұйымының жасаған тізімі бойынша ауыстырылып тұрады. Киім ауыстыру рәсімі үрмелі аспаптар оркестрі ойнап тұрады екен. Орталық алаңдағы Патша   музейінде “Шаптырып тұрған баланың” 800-ден астам киімдері қойылған көрінеді.

Мүсінді тамашалап болып, көлігімізге отырып, қаланың солтүстігіне жол тарттық.
Брюсселдің солтүстік бөлігінде 160 гектар орман саябағында  Лакен (Laeken) ауданы орналасқан. Онда  XVIIIғ. Патша жылыжайымен сарай тұрғызылған.  Осында Брюссельдің назар аударарлық ғимараттардың бірі Атомиум  орналасқан. Атомиум 1958 жылдың халықаралық көрмесіне арнайы салынған. Атом ғасыры және атом қуатының бейбiт қолдануының нышаны ретінде, сәулетші Андрэ Ватеркейнмен жобаланып, Андре және Мишель Полаков сәулетшiлердiң басшылығымен құрастырылған.

Европа 2017 510 Европа 2017 505 Европа 2017 501 Европа 2017 497

Атомиум 165 миллиард есе үлкейтілген темірдің кристаллды торын текше бөлiгiне топтастырылған тоғыз атомдардан тұрады. Атомиумның биіктігі – 102 метр, салмағы – 2400 тоннаға жуық, ал әрбір сфераның диаметрі – 18 метр. Олардың алтауы келушілерге қолжетімді. Сфералар бір-бірімен эскалаторлар мен жалғастыратын дәліздерден тұратын  ұзындығы 23 метрлік құбырлармен жалғанған. Шарларлардың арасында  20  байланыстырушы құбырлар бар. Олардың ортаншысында  Атомиумның ең жоғарғы шарында орналасқан мейрамханаға 25 секундта жеткізетін лифт орналасқан.

Атомиумның жанында “Кіші Еуропа” саябағы бар. Онда  1/25 өлшемде Европалық одақтағы ең әдемі монументтердің экспонаттары қойылған, 80 қаланың 350 ғимараты экпонатталған. Өкінішке орай, біз келгенде саябақ жабылып қалған екен, ішіне кіріп көре алмадық.

Енді сәл шегініс жасап, Бельгия туралы қызықты мәліметтерге көз жүгіртсек. Бельгиялықтар үй жануарларын өте жақсы көруімен танымал. Әр отбасында кем дегенде екі мысық немесе ит өсіреді. Бельгиялықтардың 92%-ы «сырттан» тамақ ішкенді жақсы көреді. Бұл – әлемдегі ең жоғарғы көрсеткіш. Брюссельдегі «Завентем» – халықаралық әуежайы  шоколад және кәдесый  сату  жөнінен әлемдегі ең ірі нүктелердің бірі. Бельгияда сыраның 800 түрі дайындалады. Бельгияда ресми 3 тіл бар. Елдің солтүстігінде нидерланд тілінде, оңтүстігінде француз тілінде, ал шығыс бөлігінде неміс тілінде сөйлейді. Әр бельгиялық кемінде 2-3 тілді жетік меңгерген. Еуропадағы ең ұзын адам Бельгияда тұрады. Оның бойы 2 метр 30 сантиметр. Бельгияның Тьё қаласында кемелер көтерілетін әлемдегі ең үлкен лифт орналасқан. Оның биіктігі 73,15 метр.
Белгиялықтар ана тілін білмегенді адам санатына жатқызбайды.
Бельгиялықтар әр нәрседен ләззат алуға тырысады, барға қанағатпен қарайды. Олар еш уақытта ешқайда асықпайды. Дүние құрып бара жатса да алаңдамайды. Тамақты да баптап, сүйсініп ішеді. Адам асықпаған кезде оның миы да тыныш болады деп есептейді. Бір біріне қатты көңіл бөледі. Осыны байлық деп санайтын көрінеді…

Европа 2017 379 Европа 2017 375 Европа 2017 372  Европа 2017 360

…Келесі күні біз Брюсселден 20 шақырым жердегі Ватерлоо елдімекеніне келдік. Бұл жер 1815 жылғы 18 маусымдағы шайқастан соң  әлемдік танымалдыққа ие болды. Осы жерде император Наполенның саяси және әскери қызметінің соңы нүктесі қойылады.

Европа 2017 304 Европа 2017 316 Европа 2017 309 Европа 2017 307

Бұл шайқас өткен жерде  биік төбе бар және шайқастан хабардар етер музей бар. Музейді аралау барысында Ватерло маңындағы шайқастан хабардар ететін 10 минуттық фильм көрсетіледі…

Европа 2017 351 Европа 2017 342 Европа 2017 334 Европа 2017 331 Европа 2017 323 Европа 2017 322 Европа 2017 319 Европа 2017 316

Осы бір ғана шайқас өткен өңірдегі тарихи деректермен таныса отырып, мыңдаған шайқастар өткен Қазақстан жерінде мұндай музейлердің болмағанына өкінесің. Алтайдан Атырауға дейінгі қазақ жерін қорғауда, бүгінгі ұрпаққа жеткізуде қаншама ата-бабаларымыз қан төгіп, жанын пида еткенін, бүгінгідей бейбіт заманға қалай жеткенімізді жас ұрпақ біліп өсер еді, елжандылық сезімдері де еселенер еді..

Ендігі бағытымыз – Дания.  Дания – Солтүстік Еуропадағы Балтық және Солтүстік теңіздердің жағалауында, Германияның солтүстігінде жатқан конституциялық монархия. Мемлекет 406 аралдан және Ютландия жартыаралының бірнеше бөліктерінен тұрады. Зеландия, Фюн секілді бірнеше ірі аралы да бар, оның ішінде Гренландия мен Фарер аралдары өзін-өзі басқару мүмкіндігіне ие болған. Территориясы – 43 094 шаршы километр, көлемі жағынан әлем бойынша 130-шы орынды алады. Халқының саны 6 миллионға жуық.

Европа 2017 746 Европа 2017 744 Европа 2017 738 Европа 2017 735

Дания даласының тарихы алғашқы адамдардан бастау алады. Деректер бұл даладан табылған алғашқы адамдардың іздерін барлай отырып, олардың Дания аймағын шамамен 100 – 70 мың жыл бұрын мекен еткен деген болжамды айтады. Тағы бір қызығы, өркениет әлемінің бұл елді айналып өтпеуі болып отыр. Мәселен, тарихшылар жазбаларында біздің дәуірімізге дейінгі 3900 жыл бұрын Дания территориясында ауыл шаруашылығының пайда болғандығы, тіпті сол кезеңге тән техниканың көмегімен бұл шаруашылықтың әжептәуір дамығандығы туралы мәлімет бар. Осы деректің өзі Дания елінің адамзат өркениетінің дамуына есте жоқ ескі заманнан бастап түрткі болғандығын көрсетеді.

Ал, жалпы, бұл даланың ежелгі иелері ретінде жылнамашылар жазбалары юттар мен англдарды атайды. Шамамен IV ғасырда Дания даласын мекен еткен олар халықтардың ұлы көші кезінде Британияға миграцияланады да, Ютландия жартыаралын Скандинавия жартыаралының оңтүстігінен келген дандар иемденеді. Дан халқының әлем тарихын жаңа парақпен толықтыру кезеңі осылайша VI-VII ғасырлардан бастау алады. Дейтұрғанмен, «Данияның мемлекет ретіндегі қалыптасу кезеңі VІІІ ғасыр еді» деп көрсетеді тарихи деректер. Мәселен, ұлы Карл империясы кезінде шекарадағы аймақтарды әкімшілік құрылымға біріктіру науқаны жүргізіліп, нәтижесінде Дан маркасы қалыптасады. Сол кездегі «марка» сөзі қазақшалағанда «шекара», «шекарадағы аймақ» мағынасын береді екен. Әкімшілік бөліністен басталған даму кезеңі осылайша араға екі ғасыр салып Danmark мемлекетінің құрылуына әкеледі.

Түрлі жаугершілік замандарды бастан кешірген Дания тарихында өздері «жаңа дәуір» деп атап кеткен дат королі Фредерик II билік құрған кезеңнің жөні бөлек. Швецияға қарсы ашқан жетіжылдық соғыста шебер қолбасшы ретінде көрінген ол XIX ғасырда әлемге өнер мен ғылымның қолдаушысы ретінде танылды. 1576 жылы билеуші Фредерик II астроном Тихо Брагеге Вен аралын беріп, ол жерге әйгілі Ураниборг обсерваториясының салынуына себепші болған екен. Одан кейін билік басына келген Фредерик III-нің тұсында Дания абсолютті монархияға айналды. Бұл оқиға Фредерик III есімін тарихта мемлекетті басқару жүйесіне өзгеріс енгізген билеуші ретінде қалдырды.

Европа 2017 748 Европа 2017 753 Европа 2017 752 Европа 2017 749

Бүгінде Еуропаның “ең кәрі елі” атағына ие, сан ғасырлық тарихы бар Дания мемлекетіне монарх бір палаталы Парламентпен тізе қосып билік етуде. Мемлекет басшысы – ханым (хан), елді бір палаталы парламент, үкіметті премьер-министр басқарады. Елдің толық аты – Дания Патшалығы, дат тілінде – “Kongeriget Danmark”. Ресми тіл – дат тілі, одан басқа ағылшын, неміс, француз тілдері кең қолданылады. Діні– лютерандық.   Данияның «теңіз елі» дейтін екінші атауы бар. Астанасы – Копенгаген. Мұнда адам өмірі қымбат, ал өмір сүру одан да қымбат. Адамзат өркениетінің шыңына жеткен елдің негізі тұрғындары – даттар. Иммиграциялық заңдары өте қатал. Дания – жер бетіндегі ең бақытты адамдардың елі деседі. Неге десеңіз, Англиядағы Лестерс университеті жүргізген тәжірибелік жұмыстар Дания патшалығында ең бақытты адамдардың тұратындығын анықтаған екен. Табиғи өнімдер мен “экологиялық таза” өмір салты даттар үшін өте маңызды. 2009 жылы өткен бүкіләлемдік сауда жәрмеңкесінде Дания әлемдегі ең экологиялық ел деп танылған.

Мемлекет ғаламдық саясаттағы салмағы басым НАТО ұйымының негізін қалаушы елдердің бірегейі болып табылады. Сондай-ақ, Дания 1973 жылдан бері Еуро Одаққа мүшелік етіп, Еуропа аймағындағы қордаланған мәселелерді шешуге де атсалысып келеді.

Дания – Еуропадағы ең қауіпсіз, әрі ең тыныш мемлекет. Өйткені, даниялықтар заңды сыйлайтын, әрі оның әр талабының қалтқысыз орындалуын қатаң қадағалайтын халық екен.

Европа 2017 755 Европа 2017 760 Европа 2017 757 Европа 2017 756

       Дания әлемге сонау ежелгі кезеңнен қалған ескерткіштерімен де танымал. Ерте ғасырлардағы викингтер дәуірінен бүгінде Треллеборг, Аггерсборг, Фюркат және Линдхольм Хёйе қорғандары сақталып тұр. Ол қорғандардың қай-қайсысы да өз алдына тұнған тарих. Копенгаген қаласында орналасқан король кітапханасы Скандинавиядағы ең ежелгі кітапхана саналады. 1673 жылы негізі қаланған кітапханада 500000 томдықтар мен 20000 қолжазбалар бар. Мұндағы қолжазбалар негізінен санскрит, палий, сингалез тілдерінде сақталған екен.

Сонау 1745 жылы іргетасы қаланған Көркем өнер академиясы, Копенгаген портында орналасқан әлемге әйгілі су перісінің ескерткіші бүгінде мәдениеттің өшпес мұрасы ретінде бағалануда.

«Ұсқынсыз үйрек» ертегісін білмейтін адам кемде-кем шығар. Міне, сол туындының авторы Ганс Христиан Андерсен Дания елінің тумасы. Оның қаламынан туған философиялық моральға тұнған тамаша шығармалар даттың ғана емес, әлемдік әдебиеттің алтын қорына енді. Копенгагеннің ең көрікті деген жерінде орналасқан су перісі бір ғасырға жуық уақыттан бері Дания елінің ең басты символы саналып келеді.

Фюн аралының әу бастан-ақ ашық аспан астында орналасқан мұражай деген атауы бар екен. Әрі бұл жер әлемге әйгілі ертекші Ганс Христиан Андерсеннің отаны саналады.

Обльборг, Фредерисия қалалары да туристер тарапынан үлкен қызығушылық тудырып келеді. Діни орталықтар мен викингтер мұражайы ертегілер еліне саяхат жасаймын деушілерге таптырмайтын мүмкіндік болып табылады.

Дат театрының негізін қалаушы Людвиг Хольберг пен әйгілі сатирик, ақын, драматург Йохан Вессельдің шығармалары сол кездің өзінде-ақ әлемді шарлап кетті.

XX ғасыр басында Дания әлемдік кинематографияның жетекші елдерінің бірі саналды. Әлемге әйгілі жұлдызы жанған режиссер Карл Теодор Дрейер–осы елдің тумасы. Негізі 1906 жылы қаланған «Nordisk Film» киностудиясында ол әлемдік деңгейдегі тамаша туындыларды дүниеге әкелді.

Ал, ел экономикасына жалпы сипаттама берер болсақ, Дания – аграрлық әрі индустриялық мемлекет. Өнеркәсіп саласынан түсетін ұлттық табыс көлемі 40% -ды құрайды. Жан басына шаққандағы ішкі сауда айналымы бойынша мемлекет әлем елдерінің көш басында тұр. Бұдан бөлек мемлекеттің машина жасау, металл өңдеу, яғни электротехника, радиоэлектроника, кеме құрастыру, станкалар жасау, тамақ өндірісі бойынша құрал-жабдықтар өңдеу сынды «өнерімен» де аты шығып отыр.

Европа 2017 729 Европа 2017 726 Европа 2017 711 Европа 2017 709

Тағы бір ерекше атап өтерлігі, Дания – энергияның балама көздерін, соның ішінде жел энергиясын пайдалануда әлемдік лидерлердің бірі.

Ел экономикасындағы басты артықшылық – инфляция мен жұмыссыздық деңгейінің  төмен болуы. Мұнай мен газ қорының молдығы да ел экономикасының жоғары деңгейде сақталуына үлкен әсерін тигізіп отыр. Елде өнеркәсіп өндірісі өте жоғары деңгейде дамыған және бұл ең табысты сала саналады. Жоғары білікті жұмыс күшінің ерте ғасырлардан бастап қалыптасуы да ел экономикасын дамытуда шешуші рөл атқарып келеді.

Мемлекет экономикасының әлсіз тұсы да бар. Ол – салынатын салық мөлшерінің тым жоғары болуы. Сарапшылар «салық мөлшерінің тым жоғарылығы әсіресе, бизнес саласында бәсекеге қабілеттілікті төмендетіп жіберіп отыр» деп есептейді. Өйткені, Дания әлемдегі ең жоғары жалақы төленетін мемлекет болып саналады.

Ал, денсаулық сақтау саласына елдегі ішкі жалпы өнімнің тұрақты түрде тоғыз пайызы бөлініп отырады екен. Бір қызығы, 1973 жылдан бері медициналық сақтандыру жүйесі мүлдем жойылыпты. Есесіне, қазір елде халыққа көрсетілетін медициналық қызметтің барлық түрі тегін. Тағы бір айта кетерлігі, ауруханалар мен қарттар үйі негізінен муниципиалды органдарға қарағандықтан, ел үкіметінің бұл тұстағы құзыреті заңнамалық реттеу жүргізумен ғана шектеледі.

  Білім саласында, даниялықтар жалпы орта мектептен кейін гимназияда, үлкендерге арналған халықтық мектептерде, одан қалды жоғары оқу орындарында білім алады. Міндетті мектеп білімі үш сатыдан тұрады. Дайындық класынан бір жыл бойына білім алып шыққан даниялық бүлдіршін одан әрі негізгі мектепте тоғыз жыл оқиды. Білімін одан әрі жалғастырғысы келетіндерге гимназияда оқуына немесе жоғары оқу орындарына дайындайтын курстарды меңгеруіне мүмкіндік беріледі. Тағы бір айта кетерлігі, елде мемлекеттіктен бөлек жекеменшік және мемлекет тарапынан жартылай қаржыландырылатын мектептер де бар.

Бір қызығы, мұнда университеттер ғана жоғары оқу орны саналмайды. Бұл қатарға мамандандырылған жоғарғы мектептер мен колледждер, техникалық институттар да енеді. Осы жерде айта кеткен жөн, әлемге әйгілі Копенгаген университеті 1479 жылы, Люнгбю-Торбек техникалық университеті 1829 жылы ашылды.

Дания елінің транспорт саласы стратегиялық мәнге ие. 2000 жылы Эресунн көпірі ашылды.

Копенгагеннен Швецияның сонау Мальмё қаласына дейін созылып жатқан бұл көпір Скандинавия мен Орталық Еуропаның арасында автомобильдік қана емес, теміржол байланысының да орнауына мүмкіндік туғызып отыр. Сондай-ақ, Дания Германия, Швеция және Норвегия елдерімен тұрақты паром жүйесі арқылы да байланыс жасап келеді.

Данияда барлығы 28 әуежай бар. Сол әуежайлардың оны тұрақты түрде жолаушы тасымалын жүргізіп отырады. Елдегі ең ірі әуежай Данияның бас қаласында орналасқан Каструп болып табылады.

Данияның қарулы күштері жаяу әскерден (Hаren), Дат флотынан (Danske Marine), әскери әуе күштерінен (Danske Flyvevaben) және Хемверн (Hjemmevаrnet) атты әскерилендірілген еріктілер ұйымынан тұрады.     Мемлекеттегі жоғарғы бас қолбасшы монарх болып табылады. Жалпы қарулы күштер саласына Қорғаныс министрі басшылық етеді. Ерекше атап өтер бір жайт, даниялық ер-азаматтар да Отан алдындағы борышын саналы түрде әскерде өтейді. Тек мұнда әскери борышты өтеу мерзімі 4-10 айдан аспайды екен.

Күдіктінің кінәсін дәлелдеу мақсатында оның саусақ белгілерін негізгі айғақ ретінде қолдануды ең бірінші болып Дания елі тәжірибеге енгізіпті. Енді, міне, 1902 жылдан бері қолданыста келе жатқан бұл тәжірибесіз із кесушілердің жұмысын көзге елестету әсте мүмкін емес.

Әлемнің ең дамыған отыз елінің алғашқы ондығын бастап тұрған Дания елінің жетістікке жету жолындағы құпиясын сарапшы мамандар мемлекет саясатының әу бастан білікті кадр жасақтауға бағытталуымен байланыстырады. Иә, елде қазба байлықтар жоқ емес, бар. Әсіресе, мұнай мен газ қоры әжептәуір. Бастысы, даттықтар қолда барды ұқсатып пайдалануда шеберлік танытты. Әрі ел билігі отандық экономиканы әртараптандыруды да ерте кезеңнен бастап қолға алды.

Жалақының жоғары болуы да көп жағдайда шешуші факторға айналып отырғандай.

Данияда әне бір айтарлықтай әсем ауа райы жоқ. Дейтұрғанмен, сонау ерте ғасырлардан сақталған елдегі тарихи орындар ғажайыпқа бас июшілердің таңдайын қақтырары сөзсіз. Ел ерекшелігі қатарында мыналарды атауға болады.

Дания ғимараттарының биіктігі алты қабаттан аспайды. Ал, пәтердегі бөлме саны жатын бөлмелердің санына қарай саналады екен; Дания туы күні бүгінге дейін қолданыста келе жатқан жалаулар ішіндегі ең ежелгісі саналады; Дания халқының көпшілігінің жұмыс күні таңғы сағат сегізде басталып, төртте аяқталады екен.

Данияда пластикалық бөтелкелер қоқысқа тасталмайды. Себебі бір бөтелке су сатып алатын болсаңыз, суға 20 крон, ал бөтелкеге 22 крон төлеуіңіз керек болады. Ал бөтелкенің құны арнайы пластикалық қалдықтарды өткізетін орталықтарда қайтарылады екен.

Батыс елдерінің ішінде ауыз су үшін өте көп мөлшерде ақы төлейтін даниялықтар болып шықты. Судың әр текше метрі үшін даниялықтар 6,7 АҚШ долларын төлейді екен.Мұндай қымбатшылықтың себебін сарапшылар даниялықтардың таза су үшін ғана емес, жерасты суларын тазарту қызметі үшін де қосымша ақы төлейтіндігімен түсіндіреді.

Данияда автокөлік үшін төленетін салық машинаның бастапқы құнынан да асып түседі. Сол себепті автокөлік міну бұл елде көпшілік үшін қол жетпейтін арманға айналып келеді. Халық арасында велосипедтің не себепті кеңінен тарағанын түсінуге болады.

Европа 2017 728Европа 2017 715Европа 2017 702 Европа 2017 699

Tivoli (Тиволи) – Данияда орналасқан Еуропадағы ең үлкен ойын-сауық саябағы. Кезінде Уолт Дисней аталған саябаққа келіп, осыған ұқсас жоба жасауды ойластырған. Нәтижеде Париж (Франция) бен Атланта (АҚШ) қалаларында Диснейленд саябағын салдырған. Дания азаматы балаларға арналған LEGO (Лего) ойынын құрастырған. «LEGO» дат тіліндегі «leg godt» сөздерінен шығып, «жақсы ойна» деген ұғымды береді.

Данияның жер көлемі аз болғанымен, оның жартысын ауылшаруашылығын дамытуға жұмсайды. Жеміс-жидек, көкөніс және гүл өсірумен айналысады. Ал мұнда сиырдың бірнеше тұқымы бар. Данияда көкөніс, ет, азық-түлік және киімнің бағасы өте қымбат. Тиісінше, айлық табыс та жоғары. Мысалы медбикенің айлығы 19 мың крон, теңгеге шаққанда 625 мыңның шамасы. Ал дәрігерлері 1,2 миллион теңге көлемінде жалақы алады. Медициналық көмектің кез-келген түрі тегін.

Европа 2017 637 Европа 2017 645 Европа 2017 644 Европа 2017 639

 Данияға қарай бағыт алмас бұрын, сол елде тұратын қандасымыз Акбар Аюбимен хабарласқанбыз. Бүгін кештетіп Данияға жетіп қалатынымызды айттық. Ол салған жерден «Ешқайда бармай, бізге келіңіздер, біз Сіздерді күтіп отырамыз» деді. Біз «Жеткенше кеш болып кетеді, ыңғайсыз болар, әуре болмаңыздар» дегенімізге қарамай, «кеш болса да, сағат неше болса да қарамай келе беріңіздер» деп қадап айтты. Сонымен атбасын Орхусқа бұрып, түнгі 11-ге таяу Акбар бауырымыздың үйіне келдік. Орхустың шетіндегі тыныш мекенде жаңадан орын тепкен бір тектес үйлердің бірі – Қажи Акбардың жеке үйі болып шықты. Кең сарайдай екі қабатты үйді осыдан бес жыл бұрын сатып алған екен. Үйде барлық жағдай бар, екі қабатта екі жуынатын бөлме, көлік қоятын гараж, қосалқы жері де бар.Бағасының қымбаттығына қарамай сатып алған қондырғының арқасында Қазақстанның телеарналарын көріп, қазақ радиосын тыңдап отырған жайы бар…

Жұбайы Назгүл асын әзірлеп, дастарханын жайып бізді күтіп отыр екен. Орхуске жақын маңдағы қалада тұратын ағасының ұлы Исматулла мен Мариям да кішкене қыздарымен қонаққа келген екен…

Әңгіменің тиегін ағытып, түнгі төртке дейін отырғанымызды байқамай қалыппыз.

Негізі, Даниядағы қазақтардың көпшілігі Аюбилер әулетінен тарағандар екен.. Арғы аталары – Базар Бұхарада білім алып, молда болады. Аумалы-төкпелі заманда, яғни 1928 жылы Өзбекстан арқылы Ауғанстанға келген. Сол жылдары Ауғанстанға шамамен 500 отбасы келіпті. Алғашқы кезде оларды Ауғанстан мен Пәкістан арасындағы каналдың құрылыс жұмысына жеккен көрінеді. Аптап ыстықта қаншама адам көз жұмыпты. Ал бұл азаптан аман қалған ата-әжесі 1980 жылдары кеңес әскері Ауғанстанға басып кірген кезде Иранға барып бас сауғалаған. Иранда жағдайлары өте нашар болған. Бірақ  университет бітірген жоғары білімді ағасы Мұхаммед Аюби 1985 жылы халықаралық босқындар қауымдастығы арқылы Данияға қоныс аударуға мүмкіндік алады. Үш жылдан кейін, 1988 жылы отбасының басқа мүшелері де көшіп барады…

17951563_1370993466354145_1228976753784401452_n18622328_114668145782788_6201378651140181941_n599640_10151691597553314_1941396472_nЕвропа 2017 267

Айтқандай, Акбардың ағалары Мохаммед аға мен Ысмайыл ағаны мен осыдан 25 жыл бұрын көрген екенмін. Тек аттастар болар деп топшылаған Аюбилер Акбардың туған ағалары болып шықты. 1991 жылдың жаз айларында, әлі Қазақстан Тәуелсіздігі жарияланбаған кез. Алматыдағы Шетелдермен байланыс жасайтын «Қазақстан» қоғамының шақыруы бойынша келген ағайынды Аюбилер отбасымен, еларалық «Шалқар» газетінің журналисі болып жүрген мен сұхбаттасқан едім. Сол мақалада былай деппіз:

«Алматыға келгелі де бір жұмаға жуық уақыт  өтіпті, бірақ  қаланың көрікті жерлерін аралап бітер емес  емес. Жылдар бойы аңсаған  Алматының  қыр-сырына  бір жұмада  қаныға қою мүмкін  бе еді!? Анда-санда  елден алған  бірді-екілі  кітаптар  мен   «Шалқар» газетінен  оқып Қазақстанды білдік деуіміз артық екен. Осында келгелі, әншейінде  мән бермеген мәселелер төңірегінде балалары  Шермамет пен Мәниженің  қарапайым  сауалдарына  жауап таппай  күмілжиді. Осынау  тылсым сыры мол  қазақ  жеріннен  жырақта дүниеге келгендерінне бір сәт  өкінетін сяқты. Олар Қазақстаннан  неліктен шет жүруінің  себебін іздеп, сол бір сұрапыл  кезеңдерге  лағынет айтады. Әрине, ол кезеңді  бұлар  көрмеді, бірақ  әжелері  Қаншайым  1987 жылы дүниеден  қайтқанша  тек осы бір ел жайлы ғана айтып отырушы  еді…

Алғаш  Қазақстанның  Көкше аймағында, одан Өзбестанның Газли жерінде   тұрады. Аласапыран  күндер алқымнан алғанда  бауырына  екі жасар  Қожамұратты алып, үдере көшкен  елге  еріп жүре береді. Аяқ тіреген жері  – Ауғанстан  болады  Осында қиындығы  мол тіршілікпен жүріп, әкелері  Қожамұрат ер жетіп шешелері Амангүлмен бас қосады. Жас отау босағасына 1950 жылдың екінші  жартысында  Мұхаммед Рафи, одан кейін Амади  Салами  сияқты балалар  дүниеге  келеді. Бұлар да осында отбасылы болады. Олар 1981 жылы Иранға,1985 жылы Данияға көшіп келеді.

Қәзір осы Данияның екінші шаһары атанатын  Аргус қаласында  қаны қазақ  үш семья тұрады. Мұхаммед пен Мариямның – бес, Ысмаил мен Әжигүлдің 4 баласы бар. Баларының бәрі қазақ тілінде еркін сөйлейді. Өздерімен бірге Алматыға  Баллары Әмина, Шермамет Манижаларды  да ертіп келді .

Мұхаммед комбайн–тракор, одан кейін сауда-сатық, ең соңында Ауғанстан университетінің тарих, жағрафия  факультеттерін  оқып  бітіреді. Жолдасы  Мариям  Ауғанстанның  кілем үлгілерін  Данияның  қыз-келіншектеріне  үйретумен айналысады. Амади сауда сатық  жұмыстарымен  шұғылданады.

Қаншайым  әжелері: “Қазақстанды көрмесем де сендер көріңдер. Қалайда  қара шаңырақты  табыңдар” – деп  жиі айтатын.Өмірге  сергек  қарайтын  Мұхаммед  Қазақстан жайлы жылт еткен жаңалықтарды  қалт  жібермей жүрді. Бір  жылдары  Данияға  туристік сапармен келген Новосибирск университетінде оқитын семейлік  студент жігітпен  танысады. Ол Мұхаммедтің  өтініші  бойынша “Шалқар” газетін және  қазақша  кітаптар  жіберіп  тұрады. Содан кейін біржылдары Орхус  музейіне “Алтын  адам” мәселесімен  келген  Манаш  Қозыбаев, Бекен Нұрмаханбетовпен  танысады. Ол кісілерге Отанды көріп, елмен танысқысы келетіндіктерін айтады.Олардың өтініштерін  аяқсыз  қалдырмай, “Қазақстан” қоғамы  арқылы  елге келуге  көмек көрсетеді.

Сөйтіп  жылдар  бойы  аңсаған Алматыны  көрудің   сәті түседі. Қуаныштарында шек жоқ. Алматының  көрікті  жерлерін  аралады, Медеудегі өтіп жатқан “Азия дауысы” байқауының концертін  көрді. Өздерінің  Орхус  қаласымен  салыстырғанда Алматының  өте әсем, әрі  шексіз үлкен  екендігін  айтады. Адамдары бауырмал, қонақжай екенін   қуана сөз етеді.

Біз Қазақстанды  көріп  түйген  ойымыз: келешекте барыс-келіс жасасақ. Екі елді  байланыстыруға дәнекер болсақ дейміз. Бұл  алдағы уақыттарда  шешілетін  мәселерер ғой.

Балаларымызда Қазақстанның  қажетіне жарайтындай  мандықтар алуға  оқытқымыз келеді. Осы ойға орай ата-бабамыздың  туған жері – Қазақстанға келсек, арманымыз жоқ болар еді. Әжеміз  айтқандай  есіміз  барда елімізді  тапсақ дейміз, – деп өз ойларын  ақтарыла  ортаға  салды олар.»

Аюбилермен ширек ғасыр бұрын болған әңгіме осылай өріліпті. Бүгінде Аюбилерден тараған 15-ке жуық отбасы Данияның әр жерінде өмір сүруде екен. Екінші буынның бәрі дерлік жоғары білім алған. Бүгінде Данияның ірі-ірі компаниялары мен мемлекеттік мекемелерінде еңбек етуде. Олардың балаларының алды да бүгінде студент атануда екен.  Мұхаммед пен Әбділлақызы Мариямның бес баласының бәрі жоғары білім алып, Данияда белді-белді мекемелердің мамандары. Үлкен қызы Хадиже тіс емханасында, жолдасы Әли екеуі 3 қыз өсіруде. Олардың үш жасар кіші қызы бүгінде балалар киімдерін өндіретін атақты брендтің бетке ұстар моделі. Яғни, кіп-кішкене қазақ қызы балалар киімінің үлгісімен журналдар мен жарнамаларда жарқырап жүр.

18620019_10213180670371095_7656210459454237471_n   13606897_10210016950000063_1940879855769716556_n    13726584_10210135226716907_6416220959120213816_n 14191978_10210597268587665_7568223165456855271_n 14233123_10210597268947674_1289569957393613092_n 14233200_10210597268627666_2124757225014678391_n 14657323_10211049047241849_344076834326839136_n 14718871_10211049046281825_4277657955886097971_n  17862704_10212719036630540_2542401823515198467_n

Одан кейінгі Исматулласы Даниядағы ірі импорт-экспорт компаниясының менеджері. Әлемнің түкпір-түкпірінде өкілдік ашып, алыс-беріс жұмысын жүргізіп жүрген ол, Қазақстанда да Данияның брендті өнімдерін енгізу үшін не істеуге болады? Қазақстан тарапынан ынталылар бола ма? – деген сияқты өз кәсібіне байланысты қызықтырған сұрақтарын қойып жатыр…

Айтқандай, өткенде Қазақстан-Дания  футбол командаларының ойыны басталарда Қазақстан футбошыларының бірінің қолынан ұстап шығатын даниялық қазақ баласы Мұстафа осы Исматтың баласы. «Ол 9 жаста. Өзінің қазақ екенін, Қазақстан командасының бір бөлшегі болып, футболшының қолынан ұстап жүргенін мақтан тұтады. Спортты жақсы көреді. Келешекте Қазақстан командасының құрамында ойнайтын футболшы боламын» дейді. Исмат пен Мариямның Мұстафадан басқа тағы бір қызы бар.

13620124_10210170395836113_1109827390733692715_n12670050_10208650060828688_1835745531538753554_n15032288_10211227713388391_908336685440146012_n11059933_670954259677871_2482247301834406117_o

Үшінші ұлы Нұрарман, Даниядағы зейнетақы жөніндегі ірі компанияның екі бөлімін басқарады. Сонымен қатар Даниядағы Қазақ мәдени орталығының төрағасы. Жолдасы Әсем – экономист, Қазақстанның тумасы. Сондықтан олар жыл сайын Қазақстанға келіп тұрады. Балалары  Асқар мен Микаилдың да қазақшалары жақсы. Тіпті Абайдың өлеңдерін жатқа айтады.

1931260_10153368028811127_6585154891498442980_n14202786_10153814942636127_7999688161913785180_nЕвропа 2017 646Европа 2017 645

Ал, 1991 жылы Қазақстанға келгендегі кішкентай Шермұхаммед пен Мәниже, бүгінде бірі – жол полициясында, бірі – әуежайда қызмет етеді.

Осылайша, Мұхаммед аға мен Мариям апа балаларын жетілдіріп, қатарға қосып, солардың жемісін көріп, немерелерін өсіріп отырған жайы бар. Екеуі Алла алдындағы парызының бірі – қажылықтарын өтеп, бес уақыт намазын оқып, бақытты өмір кешуде.

«Мен Данияға келгелі жұмыс істеген жоқпын. Маған «Сіздің 5 балаңыз бар екен, жұмыс істемей-ақ қойыңыз. Осы балаларды жақсылап жетілдіріңіз, сол  үшін сізге ақша төлеп тұрамыз» деді деп әзілдейді Мариям апа. «Қазақстанмен барыс-келісіміз үзілген жоқ. Қарағандыдан келін алдық, құдаларымызға барып-келіп тұрамыз» дейді апа, бір кездегі Қазақстанмен байланысымыз үзілмесе екен деген сөзін еске алып.

Акбардың екінші ағасы Ысмайыл (Амади  Салами) мен Әжигүл жеңгейдің Аятулла, Ниматулла, Ізатулла, Әмина, Жүсіп, Мәдина атты 6 баласы бар. Біз барғанда Әжигүл жеңгей мен Акбардың анасы Амангүл әжей Ирландияға кеткен екен. Ирландияда үлкен ұлдары Аятулла мен келіндері Өзгежан тұрады. Екеуі де жоғары оқу орындарын бітіріп, сол елде еңбек етуде. Өзгежан Мюнхендегі Каюм Кесижи ағаның үлкен қызы. Өткен жылы  Алашорда тақырыбында докторлық диссертация қорғағанын бәріміз білеміз. Өзге елде туылып, өзге ортада өскен Өзгежанның қазақ тарихына ендеп, алашорда тақырыбын зерттеп, қазақты шетелдерге танытып жүруіне себеп, отбасындағы тәрбие, ата-анасы сіңірген патриоттық сезім екені даусыз. Өзгежан Кесижи Дублин университетінің әлеуметтану факультетінде оқи жүріп,  «Қазіргі заманға ұлтшылдықпен жету: Қазақ Алашорда қозғалысы» тақырыбында докторлық диссертация қорғаған. Соның негізінде PhD – ғылым докторы атанған-тын.

Ал, Акбар Аюби жұбайы Назгүл екеуі 2 бала тәрбиелеп отыр. Қажы Акпар Аюби 1972 жылы Ауғанстанның Герат қаласында дүниеге келген. 15 жасына дейін қара жұмыс істеген. 1988 жылы Данияға келген соң бір жыл дат тілін үйренеді. Ол туралы Акбар былай дейді: «Мұнда оқуды 8-сыныптың соңғы кезеңінен бастадым. Бұл жерде мектеп тоғыз жылдық. Сол кезде мен география, химия, биология деген пәндердің не екенін білмейтін едім. Бір жылдың ішінде барлық пәндерді меңгеріп, жыл соңында бәрін «жақсы» деген бағаға тапсырып шықтым. Содан, асханада жұмыс істедім. Ондағы ұстазым «Сені бірінші дәрежелі кондитер етіп шығарамын, жұмыстан қол үзбе» деді. Жақы жетістікпен, жақсы жалақымен жұмыс істеп жүргем. Бір күні екінші ағам Ысмаил келді. Ол менен «Не істеп жүрсің? Оқуың қалай?» деп сұрады. Менің жұмыс істеп жүргенімді естіп, «Мен сияқты болғың келе ме? Мен оқи алмадым, тіл білмеймін. Германия аэропортында адасып кетіп, сұрайын десем тіл білмеймін, жазылған көрсеткіштерді оқиын  десем сауатым жоқ,… Сол қорланғанымды еш ұмытпаспын. Сен жассың, оқу оқы» деді. Одан кейін гимназияға тапсырып, үш жыл технология саласы бойынша оқыдым. Бала күнгі арманым электроника саласының маманы болу еді. 1994 жылы гимназияны бітірген соң Арал теңізіне қатысты бір жобамен үш айға Қазақстанға бардым. Бүгінгі таңдаған мамандығыма деген көзқарасым да Қазақстанда қалыптасты. Қазақстан ол кезде өтпелі кезеңде тұрған шағы. Жаңа технологиялар енді еніп жатса керек. Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының кеңсесіне барып тұратынмын. Бір күні бұрышта үюлі тұрған заттарға көзім түсті. Қауымдастықтың сол кездегі басшысы Қалдарбек ағадан «мыналар не зат?» деп сұрасам, «Компьютер деген нәрсе. Қолдануды білмеген соң қойып қойдық» дейді. «Мен оларды қосып берейін» дедім. «Қолыңнан келсе, әрине, қосып бер» деп қуанып кетті. Мен сол компьютерлерді іске қосып, жарты жыл қызметкерлерін компьютермен жұмыс істеуге үйреткен едім. Мен сол кездерде Қазақстан дамуы үшін, экономикалық тұрғыдан өсуі керектігін түсіндім. Мен қалайда экономиканы оқып, Қазақстанға қайта келіп өз үлесімді қосуым керек деп шештім. Сол кезде болашақ жарыммен танысып, екі жыл Қазақстанда қалдым. 1996 жылы Данияға қайта оралып, Орхус университетіне түсіп, магистр дәрежесімен бітірдім. Қазір Даниядағы айтулы ірі-ірі компанияларда жұмыс істеп келемін. «Grundfos» компаниясының бас кеңсесінде 5 жыл жұмыс істеп, 60 сату компаниясының сатуын бақылап сараптап отырдым. 2010 жылдан бастап «Vestas» компаниясының бас кеңсесінде бизнес сарапшы болып істеймін. Компанияда жел диірменіне алынатын құрал-жабдықтардың қаржылық сараптамасын жасаймын… Бір жерде ұзақ отырып жұмыс істеген дұрыс емес, мүмкін болса әр саланы көріп, тәжірибе жинақтау керек. Енді Даниядағы тағы бір әлемге әйгілі «Lego» компаниясында жұмыс істесем деймін. Сәті түссе сол мол тәжірибеммен барып, Қазақстанға да үлесімді қосармын. Түбі Қазақстанға барамын. Мен Қазақстанды Дания секілді экономикалық дамыған ел болса екен деп армандаймын. Өйткені қазіргі жағдайда Қазақстан тек тұтынушы мемлекет. Ал өндіруші мемлекет болуға Қазақстанның экономикалық тұрғыдан мүмкіншілігі зор» – дейді Қажы Акбар.

IMG_3672Европа 2017 63713654215_10210108539329739_5459202158828640793_n Европа 2017 646

Акбар қоғамдық жұмыстардың да белсендісі. Еуропа қазақ өоғамдары федерациясының үйлестіру комиссиясының мүшесі,  Дания корольдігінің қазақ күресі федерациясының президенті. Акбардың бастамасымен биыл тұңғыш рет Еуропада наурыз мерекесі өтті. «Еуро­падағы қазақтар аз шоғырланған жерлерде де Наурыз мейрамы кеңінен атап өтіледі. Ал кейде Даниядағы қазақтар бір-бірімізді тауып алып, бас қосамыз. 2017 жылдан бас­тап түркітілдес халықтарға ортақ осы ұлы мерекені Еуропа және Еуропаның сыртынан келетін қазақ бауырлармен бірге тойлауды дәстүрге айналдырсақ деген мақсатпен, Финляндия, Германия, Швейцария, Бельгиядағы әріптестеріммен ақылдаса отырып қолға алдық. Германияның Нюрнберг қаласынан 25 наурыз күні бір мейрамхананы жалға алып, ұлттық нақышқа сай безендіріп, Ұлыстың ұлы күнін тойладық. Наурыз көже ішілді, қазы-қарта желінді, қазақтың домбырасынан ән-күй төгілді, «Қара жорға» биленді. Осылайша келешекте   жыл сайын қазақтардың басын қосып, Наурыз мейрамын өткізуді және 5 жыл ішінде қатысушы санын 500-ге жеткізсек деген мақсатымыз  бар. Мұндай басқосудан қазақтардың арасында тығыз байланыс орнап, ауызбіршілік арта түседі деп сенемін. Елден жырақта балалар да жат болып кетпей, салт-дәстүрді сақтасын деген ниеттен туған жұмыс қой» дейді ол.

Акбар ұлы мен қызына да өз дәрежесінде білім беріп, қазақтығын ұмытпауды бойларына сіңіріп жүргендерін айтады. Мүмкін болса, балаларды Қазақстанға тіл курстарына жіберіп алатын шығармыз дейді.

– Біздің өмір сүріп отырған ортамыз өзге болғандықтан ана тілін үйрену өте қиын. Өйткені білім алу да, қызмет те дат тілінде. Қазақ тілін үйренуге уақыт та жоқ. Оған қоса, Данияда бала бір жасқа толған соң балабақшаға береміз. Күндікке олар тек дат тілінде сөйлейді. Одан мектеп, жұмыс орны, – бәрі сол елдің тілі. Біз жұмыстамыз, кешкісін ғана үйде бас қосқанда қазақша сөйлейміз. Мүмкіндігінше балаларға қазақ тілін сіңіруге тырысамыз. Данияда адам капиталына көп көңіл бөлінеді. «Бізде өндіретін ешнәрсе жоқ, біздің байлығымыз – адамның басы» дейді. Бала туылғаннан мемлекет барлық құнарлы тағамды ұсынып, миы толыққанды болып өсуіне және елінің патриоты болуға тәрбиелейді. Баланың өз ойын толық жеткізуге, кез-келген нәрсеге өз көзқарасын, өз тұжырымын айтуға дағдыландырады. Адам денсаулығына да көп көңіл бөлінеді. Баланы тек жақсы сөздермен, өзіңмен тең дәрежеде тәрбиелеуің керек, қатты сөз айтуға, ұруға қатаң тиым салынады. Даниялықтардың балаға деген қамқоры өте жоғары. Балалар бөлмесінен ешқандай жұмсақ ойыншық пен қуыршақты көрмейсіз. Барлық ойыншықтары құрастырмалы болып келеді. Баланың ақыл ойын дамытуға бағытталған музыкалық ойыншықтарды да көруге болады. Осылайша, Дания өз адамдарының әлеуетін тиімді пайдаланады, деңгейі жоғары болуға жағдай жасайды. Мұнда халықтың тұрмысы жақсы», – дейді Даниядағы бала тәрбиесі жайлы Акбардың жары Назгүл. Олар қыздары Камиланың өнерге жақын екендігін, музыкалық аспапта ойнайтынын, Даниядағы белгілі би тобында өнер көрсететінін мақтанышпен айтты.

Осылайша, Аюбилер әулетінің қай-қайсысында да қазақ атын асқақтатар мақтаныштары бар екенін біліп, біз де қуандық.

…Біздің алдын-ала брондап қойған қонақүйіміз де Акбардың үйінен алыс емес, 5-7 минуттық жерде екен. Нөмірімізге барып демалып, ертесіне таңғы астан кейін Акбар бауырымыз бізге қаланы, өзі жұмыс істейтін «Вестас» компаниясының кеңсесін, өзі оқыған университетін көрсетті.

Қаланы аралап келеміз. Гидіміз де, көлік жүргізушіміз де – Акбар. Ауа-райы минут сайын құбылып тұрады екен. Лезде жаңбыр жауып, лезде күн қайта ашылып, арасында бұршақ та жауа салады екен. Осының бәрінің куәсі болып, сәуір айындағы бұршаққа тап болған бізге Акбар, «Данияның ауа-райы мен әйелдеріне сенбе» деген сөзі бар дейді. Ауа-райы түсінікті, ал әйелдеріне неге сенбеске? – дейміз. «Данияның әйелдері де ауа-райы сияқты құбылмалы, тез айнығыш, күйеулерін жиі ауыстырады» дейді ол әзілдеп.

Европа 2017 761 Европа 2017 763 Европа 2017 762Европа 2017 697

Данияның Копенгагеннен кейінгі екінші қаласы – Орхус, – дейді Акбар. Ютландия түбегінің шығысында,Орхус -Бугт шығанағының жағасында орналасқан. Орхусты жастардың қаласы десе де болады, қазір мұнда 350 мыңнан астам халық тұрады, оның 50 мыңы – студенттер.  Алғашқы рет 948 жылда атап өтілді. X—XIII ғасырларында католик орталығы ретінде тез дами бастады, бірақ кейін көп уақытқа құлдырап қалды. ХІҮ ғасырында оба ауыры бүкіл қала бойынша таратылды. XIX ғасырда теміржол орнатылғаннан кейін, Орхус қаласының экономикасы түзеле бастады.

Мұнда машина жасау  (Danfoss компаниясы), химиялық, тоқыма, тамақ өнеркәсібі дамыған. Сонымен қатар, Орхус қаласында Arla Foods дат-швед компаниясының штаб-пәтері орналасқан. Arla Foods — сүт өнімдерінің ірі өндіруші компанияларының бірі..

Орхус қаласында орналасқан Helsingor Teater  – Даниядағы ең ежелгі театрларының бірі. Мұнда жыл бойы қойылымдар көрсетіледі екен.

Клаус Хольм замогы 1690 жылы салынған   — Дания аймағындағы барокко стилінде салынған ежелгі ғимараттардың бірі саналады.

Ал мынау Даниядағы ең биік, ең ұзын Орхус соборы да 12 ғасырдың туындысы.

Европа 2017 692 Европа 2017 691IMG_3908Европа 2017 709

Біз келе жатқан Орхус университеті 1928 жылы құрылған. Ол әлемдік үздік университеттердің жүздігіне кіреді. Дания ЖОО-лары рейтингінде екінші орында. Мұнда 25 мыңдай студент оқиды. Мен де осында білім алдым. Маған әлі күнге дейін сондай ыстық көрінеді» – дейді ол. Акбар оқыған экономика факультеті ғимаратының есігі мерекелік демалыс болғандықтан жабық болып, ішіне кіре алмадық. Дегенмен, сыртынан тамашалап, фотоға түстік.

Енді менің жұмыс істейтін жерімді көріңіздер деп, «Вестас» компаниясының кеңсесіне алып келді. Бұл ғимарат та демалысқа жабық тұрғанымен, Акбар өзінің өту карточкасымен ішке ендік. Кірген жердегі дәлізден бастап компания өнімдерінің таныстырылым макеттері мен электронды нұсқадағы таныстырылымы жүріп тұратын экрандар қойылған. Акбар бауырымыз сол компанияны күнделікті жарнамалап жүрген тәжірибелі гиді секілді, бізге “Вестастың”  тарихын баяндай бастады.

Европа 2017 651Европа 2017 656Европа 2017 670Европа 2017 654

“Вестас” компаниясы – әлемдегі ең жақсы дамып келе жатқан компаниялардың бірі. Қазіргі заманға сай – электр қуатын өндіретін жел диірменін сатумен айналысады. Әлемде көкейкесті болып тұрған “Жасыл энергиямен” айналыса отырып,  Жасыл жел энергиясын өндіріп және Жел қуатымен істейтін диірмендер шығарып, тауарларын әлемнің түкпір-түкпіріне саудалап отыр.

Бұрын ауылшаруашылығы машиналарын шығаратын Vestas компаниясы 1970-ші жылдардың соңында жел диірменін жасауды қолға алды. Алғашқыда Vestas вертикальді модельге күш салған болатын. Алайда вертикальді моделдер жоспары сәтсіздікке ұшыраған соң,  Vestas горизонтальді модельді шығаруға лицензия алып, іске кірісті. Бұл өндіріс Vestas үшін сәттібасталғандықтан, компания 1987 жылы ауылшаруашылығы машиналарын емес, таза жел диірмендерін шығаруға бел буды. 2004 жылы Vestas жел диірмендерін жасаумен айналысатын ДанияныңMEG Micon деп аталатын тағы бір үлкен өндіріс орнын өз кұрамына қосып алып,әлемдегі ең ірі компанияға айналды.

Бүгінгі күні жел диірмені бизнесінің әлемдік деңгейде өркендеп дамуына дүние жүзіндегі ірі компаниялар атсалысып, өзара жарысып жатқанда Vestas компаниясы әлі де ешкімге дес бермей, көшбасшылар тізімінің бірінші сапында келеді.

Бүгінде  Данияда өндірілетін электер қуатының 50% -ы Жасыл энергия көзі есебінен алынса, 2050 жылы оны 100%-ға жеткізу көзделіп отыр. Әсіресе,  Жасыл жел Энергиясының орны ерекше. Бүгінгі таңда Данияның электр қуатының 39%-ы Жасыл жел Энергиясынан алынса, 2050 жылы  70%-н өндіру көзделіп отыр. Демек келешекте Жасыл жел энергиясы Дания үшін аса маңызды энергия  көзі болмақ. Егер Данияның алға қойған мақсаты орындалса, 2050 жылы электр қуатын өндіру үшін мұнай мен көмір мүлдем қолданылмайтын болады.

Европа 2017 664 Европа 2017 659 Европа 2017 658 Европа 2017 649

2013 жылғы статистика бойынша Данияның Жасыл жел энергетикасы саласында 28.000 адам жұмыс істейді. Ал  өндірілген өнімді сатуға келсек, Данияда 2013 жылы  15 миллиард доллар көлемінде жел диірмендері сатылып, оның 9 миллиард доллары немесе 61%-і экспортталған.

Дүниежүзінде орнатылған жел диірмендері 2000 жылы 17.500 МВт, 2013 жылы 318.000 МВт электр қуатын өндірген. Басқаша айтқанда, электр қуатын өндіру 1700% -ға өскен. Болжам бойынша 2030 жылдары бұл көрсеткіш 1.085.000 МВт-қа ұлғаяды, демек бұл Жасыл жел энергетикасының әлеуеті бар дегенді көрсетеді.

Ал 2013 жылы 318.000 МВт-ты диірмендер қай мемлекеттерде орнатылды деген сұраққа жауап ретінде, назар аударатын екі мемлекет бар, бірі – 1.5 миллиард халқы бар Қытай болса, екіншісі –халық саны небары 5-ақ миллион Дания.

Қытайда энергияға сұраныс көп, сондықтан мемлекет экономиканы дамыту үшін қалай да қажетті энергия көзін табуға мүдделі. Екінші жағынан,  ауаның тым ластануы Қытайды Жасыл Энергияға мән беруге мәжбүр етуде. Ал Жасыл Жел Энергиясын өндірудің көшбасшысы болып келе жатқан Дания, әлемдік деңгейде   экологияны қорғауға үлес қоса отырып, экономикалық тұрғыдан да пайда табуда. Қытаймен салыстырғанда,  Данияда Жасыл жел энергиясы адам басына шаққанда  1.500%  көп өндіріледі.

Европа 2017 674 Европа 2017 673 Европа 2017 672 Европа 2017 666

Ал енді Жасыл жел энергетикасы секторында жұмыс істейтін адамдар санына келсек, казіргі таңда бұл салаға 2 миллионға жуық адам жұмылдырылған, 2030 жылға қарай олардың саны 6 миллионға жетеді деген болжам бар. Саладағы компаниялар мен жұмысшылардан түсетін салық көлемі  2013 жылы дүниежүзі бойынша 331 миллиард АҚШ долларын құраса, 2030 жылы бұл көрсеткіш 1.131 миллиард АҚШ долларына жетеді деген болжам бар.

Жоғарыдағы келтірілген есеп бойынша Жасыл жел энергетикасының болашағы зор. 2100 жылы бүкіл әлем болып Жасыл энергияға көшуі әбден мүмкін. Егер 2050 жылы Данияның 70%-ы Жасыл жел энергиясын қолдануға  көшетін болса, онда 2100 жылы әлемнің 50% -ы Жасыл жел энергиясын тұтынуға бет алады. Қалай болғанда да, түбі мұнай, көмір шикізаттарын қолдану азайып,  Жасыл энергетикасы дүниежүзіндегі алдыңғы қатарлы бизнес саласына айналады, сондықтан өзге мемлекеттер де қарап қалмай, дер кезінде өз жетістіктерін ортаға салып, одан өз үлестерін алуы керек. Бұлай болмаған жағдайда, мемлекеттер артта қалып, дамушы мемлекттер қатарыннан орын алуы әбден мүмкін.

Сондықтан Қазақстанда Жасыл Энергетиканы дамытудың стратегиялық жоспары жасалу керек, себебі Энергия мемлекеттің тәуелсіз экономикалық саясат жүргізуінде басты рөл атқарады. Қазақстанда өтетін ЭКСПО көрмесі арқылы да біраз жаңалық енетін болар деп үміттенеміз… Жасыл Жел Энергетикасы бизнесін нақты қай жолмен қалай бастау керектігі туралы мәселе үлкен зерттеу жұмыстарын қажет ететіндігі анық., – дейді саланы бес саусағындай зерттеп білген сарапшы Акбар бауырымыз.

Европа 2017 684 Европа 2017 680 Европа 2017 678 Европа 2017 677

«Вестас» кеңсесіндегі спортпен айналысуға арналған тренажер залын, демалыс бөлмесін, асханасын  да көріп тамашаладық. Расында, мекеме қызметкерлерінің алаңсыз жұмыс істеуіне барлық жағдай жасалған…

Ендігі бағыт – Патшайым сарайы. Бұл Орхус халқының патшайымға сыйлаған үйі екен. Туристер ішіне кіріп, аралап көруіне болады. Алайда, біз барған кезде Дания патшайымы Маргрете ІІ Пасха мерекесіне орай және келесі күні өтетін 77 жасқа толу туған күніне орай осы Орхустағы Марселисборг сарайына  келген екен, туристердің ішке енуіне рұқсат етілмеді. Тек сырттай тамашалап қайттық.

Европа 2017 766 Европа 2017 769 Европа 2017 767h_ru_den_danii

«Копенгаген маңында тұратын бір қандасымыз қонаққа шақырған еді. Қазақстаннан қонақтар бар десем, оларды да алып келіңіз деп жатыр. Бірге барайық, біраз ағайынды сол жерден көресіздер» деді Акбар.

Орхустағы саяхатымыз осымен бітіп, кешкісін екі көлік болып Копенгагенге бет алдық.

Келген үйіміз – Түркиядан қоныс аударған Зура Халенбекқызының отбасы екен.  Отағасы Құрбан Жәнібекұлы біраз жыл бұрын дүниеден озған. Бір ұл, үш қыз тәрбиелеп өсірген, 2 қызын қияға қондырып, 5 жиен сүйіп отырған отбасы. Біз барғанда шаңырақ иесі – ұлы Метин,  қыздары Бейза және  Салия, Әлия жұбайларымен, балаларымен келген қонақтарды құрақ ұшып қарсы алуда. Қаншама жыл өзге ортада отырса да, қазағымыздың қонағын құдайындай сыйлайтын қонақжайлылығын сақтағанын байқадық. Тіпті, алғаш рет көріп отырған бізді де жатырқамай, жатсынбай, бауырына тартуда. Қонақасы дастарханы – сонау Норвегияның Туренхайм  қаласында тұратын туыстары Ақтар Мұхаммедұлы мен Абыда Азизханқызының отбасымен келу құрметіне жайылған екен. 2003 жылдан  бері Туренхеймда тұрып жатқан жалғыз қазақ отбасында Фархан. Өмір, Осман есімді үш азамат өсіп келеді екен…

Европа 2017 271Европа 2017 299 Европа 2017 28718033001_10155123225349799_3975109160713460609_n (1)

 

Баласы бар, шағасы бар, отызға жуық қазақ жиналыппыз. Аюбилер әулетінің қалған мүшелерін де осы үйде кездестірдік. Мұхаммед аға мен Мариям апа, Ысмайыл аға,  Нұрарман, Хадидже, Әлиахмет және тағы басқалары. Мол жайылған дастарханға қазақтың бас асы – ет пен қойдың басы әкелінді. Ол аздай 5-6 ыстық тамақ түрі қатар қойылды. Қазағымыздың қанына сіңген кең пейіл дархандығын ешкім тартып ала алмасының, ештеңеге айырбасталмайтының куәсі осы емес пе?!  Сонау Еуропаның бір бұрышында қазақтар жиналып бас мүжіп, асылған ет жеп отырады деп кім ойлаған?! Көптен қауышқан қандастар әңгіменің тиегін ағытып, түннің бір уағына дейін отырдық…

Европа 2017 314  Европа 2017 308 Европа 2017 307 Европа 2017 276

Европа 2017 31117991921_10155123224709799_1727966118974620914_n (1)Европа 2017 282Европа 2017 292

Біздің Копенгагеннен броньдаған қонақүйіміз, енді Нұрарманның үйінен 200-300 метр жерде болып шықты. Жоспарласаң да олай бола бермейтін, қандай сәйкестік деп таңырқап жатырмыз, Орхуста Акбардың үйінің жанында, Копенгагенде Нұрарманның үйінің жанында. «Біздің үйде бола беріңіздер, орын жетеді» деп Нұрарман бауырымыз қазақы бауырмалдығына салып, қиылып жүр. Біз қонақүйге орналасқанша жанымызда жүрді, бірнәрсе дұрыс болмай жатса, үйге алып кетейін деп. Бәрі дұрыс екенін білген соң барып  үйіне қайтты. Таңға дейін көлігімізді Нұрарманның ауласына қойып, өзіміз қонақүйде болдық. Ертеңгісін Нұрарман келіп: «Енді бармай кеткендеріңіз болмас. Қазақ болып отырып шаңырағымызды көрсетіп, шәй бермегеніміз болмайды» деп үйіне ертіп барды. Қонақ үй мен Нұрарманның үйінің ортасындағы биік ғимарат Зейнетақы жөніндегі компанияға тиесілі екен. Зейнетақы төлеу жүйесі бойынша әлемдік көшбасшы саналатын Дания зейнетақы компаниясында Нұрарман екі бөлімді басқаратын болып шықты. Одан тыс, Даниядағы қазақ қоғамының төрағасы да осы Нұрарман. Қоғамдық жұмысындағы нәтижесін 2012 жылы Данияда өткізген Еуропа қазақтарының құрылтайынан көруге болады. 25-27 мамырда Орхус қаласында өткен бұл басқосуды табысты өткізуге Акбар екеуі көп еңбектеніпті. Еуропаның 10 мемлекетінен (Ұлыбритания, Франция, Германия, Венгрия, Австрия, Швейцария, Швеция, Дания, Норвегия, Нидерланд, Түркия және т.б.).  этникалық диаспораның төрт жүзге жуық өкілі мен қазақстандық ағайындар жиналған. Қазақстаннан барған делегацияны Орхус қаласының әкімі Жакоб Бундсгаард пен қалалық мәслихаттың депутаты Хусейн Араштың қабылдауын ұйымдастырды. Құрылтай шараларын «Вестас» компаниясының ғимаратында өткізіп, компания басшысының да қазақ делегациясын қабылдауын ұйымдастырды. Олар ұйымдастырған концерт те көпшілік көңілінен шықты. Құрылтай нәтижесіне келген қонақтар дән риза болып, үлкен табыспен аяқталған еді. Мұның өзі бес миллион халқы бар мемлекеттегі өмір сүріп жатқан аз қазақтың абырой-беделінің, қазақ қоғамын басқарып отырған ақылды да білімді жастардың арқасы еді.

Қандастарымыздың Данияда абыройы да, тұрмыстары да жақсы екенін көріп қуандық. Нұрарманның үйі де өзі салып алған жеке үйі екен. Жұмысының жанынан ескі үй сатып алып, оның орнына қосалқы жерімен бір қабатты үлкен үйді бірнеше жыл бұрын салып алыпты.

IMG_4110IMG_5733 (1)1931260_10153368028811127_6585154891498442980_n 14202786_10153814942636127_7999688161913785180_n

…Нұрарманның биязы да сыпайы келіншегі Әсем дастарханды жайып, күтіп отыр екен. Нұрарманның ата-анасы, әпке-жездесі де келді. Бәрімізді күлімдей қарсы алып жүрген Әсем келін Қарағандының тумасы. Еуропада білім алып жүрген ол, Нұрарманмен Берлинде өткен қазақ құрылтайында танысып, сөз жарастырып, отау құрыпты. Бүгінде екі ұлдары бар. Ұлдары – Асқар мен Микаэл де қазақша сөйлейді. Абайдың өлеңдерін жатқа оқиды. Жалпы, Нұрарман мен Әсемнің бала тәрбиесіне қатты мән беретіні көрініп тұр. Үйдің қабырғасына түрлі-түсті бояумен жазылған жазбалар көңілімізді аударды. Бұл балаларға арналған ережелер екен. Тағы бір жерде магнит тастармен кесте ілулі тұр. Бір апта ішіндегі баланың мінез-құлық, тәртібіне қатысты баға беретін кесте көрінеді. Апта бойы жинаған ұпай санына қарай марапаты мен жазасы кесіледі. Әрине, балалар да жақсы нәтижелерге жетуге ұмтылып өседі… Сондай тәрбиенің нәтижесі болар, жергілікті даниялықтармен [жан басына шағып] салыстырғанда осында тұратын аз ғана қазақтардың жоғары білім алғандары көбірек екен. Өйткені бұл жерде оқуға түсу оңай болғанымен оны бітіріп шығу қиын дейді. Сол себепті жоғарғы білім алғандардың саны өте аз болады екен. Мұндайда қанында қазақтың қайсарлығы мен төзімділігі бар қандастарымызды мақтан етпеске шараң жоқ…

Европа 2017 466Европа 2017 398 Европа 2017 392Европа 2017 386

Әңгімемен отырып таңғы асымызды ішіп, қала аралауға шықтық. Нұрарман мен жездесі Әли Копенгагеннің көрікті жерлерін көрсетіп, таныстырып келеді.
«Копенгаген (дат. København) — Дания елінің астанасы, әрі ең ірі қаласы. Зеландия, Слотсхольмен және Амагер аралдарында орналасқан. Халық саны — 518 574. Қаланың бір бөлігі Христианияның Еркін қаласы өзі жариялаған жеке билікте.XII ғасырда Копенгагеннің қазіргі орнында кішкентай ғана Хавн ауылы болған. Епископ Абсалон 1167 жылы ауыл ішінде қамал салып ірі қалаға айналдырады. 1254 жылы Копенгаген қала артықшылығына ие болды. 1416 жылы Эрик Померанский Копенгагенді жаулап алып, 1433 жылы оны өзінің резиденциясы етеді.Граф соғысы кезінде Копенгаген қаласы қоршауға алынады, ал 1658-1659 жылдары шведтердің шабуылынан аман қалады.1728 жылы Копенгаген өртінің салдарынан төрттен аса қала құрылысы жойылды.1807 жылы алты жыл бұрын болған атақты теңіз баталиясынан кейін Копенгаген ағылшындардың бомбалауының салдарынан күйреудің аз-ақ алдында қалды.
Цитадель мен ескі қорғандар ғана сақталған бұл елді-мекендердің тез дамып келе жатқанын соңғы уақытта олардың қаламен бірігу үрдісін жиілегенін (Вестербро, Неребро және Эстербро) айтсақ болады. Сонымер қатар, тұрмыстық деңгейде бүгінде қаламен бірігіп үлгерген батыстағы Фредериксберг (46 954 тұрғын), солтүстік-батыстағы Утерслав (2596 тұрғын) және Амагере аралындағы Зундбьерне (13310 тұрғын) елді-мекендері бар. Monocle журналының жасаған рейтингісі бойынша, өмір сүруге ең қолайлы қалалар тізімінде Копенгаген бірінші орынға ие болды.

Европа 2017 399Европа 2017 359 Европа 2017 356 Европа 2017 350

1167 жылы оқ өтпейтін бекініс ретінде негізі қаланған бұл қала ежелгі өткен тарихтың нағыз жәдігері болып табылады. Ресми Копенгагеннің бір ерекшелігі, мұнда Индре Бю деп аталатын арнайы жасақталған тарихи орталық бар. Көркемөнер аллеялары мен мұражай кареталары, көптеген ғибадатханалар, сондай-ақ, ежелден сақталған түрлі тарихи ғимараттар, викингтер дәуіріндегі кемелер мұражайы келушілерге сөзсіз ерекше көңіл-күй сыйлайды

Европа 2017 349 Европа 2017 335Европа 2017 381 Европа 2017 385

Копенгаген орталығындағы кішкентай Слотсхольсмен аралында орналасқан Кристиансборг сарайы 800 жылдық тарихымен құнды. Бұл сарай – Дания корольдігінің саяси қолдаушысы мен Парламент үйі, премьер-министр кабинеті және Жоғарғы Сот. Сарайдың кейбір қанаттары әлі де патша сарайы ретінде қолданылады, және оның көп бөлігі қоғамға ашық. Аралап көруіңе болады. Бұл қорғанысты Епископ Абсалон 1167 жылы салған, келушілер XIV ғасырда қиратылған замогтың үйінділерін ғана емес, сонымен қатар ортағасырлық бекіністі де көре алады.

Европа 2017 500 Европа 2017 495 Европа 2017 492 Европа 2017 485

Христиан Андерсен Дания елінің тумасы екенін жоғарыда айтып өттік. Ол 1827 жылы оқуын бітіреді. Ол өмірінің соңына дейін жазуларында грамматикалық  және орфографиялық қателерді жіберген екен. Әсіресе, тыныс белгілерге келгенде, жиі “қақалған” сияқты. Андерсен шығармаларын баспаға апармастан бұрын, қыруар қаржы жұмсап, өзгелерге көшіргізетін болыпты. Оның қаламынан туған философиялық моральға тұнған тамаша шығармалар даттың ғана емес, әлемдік әдебиеттің алтын қорына енген. Бүгінде Копенгагеннің орталығында Андерсенге арналған аллея  берілген  және ескерткіші орнатылған.

Копенгагеннің ең көрікті деген жерінде орналасқан су перісі бір ғасырға жуық уақыттан бері Дания елінің ең басты символы саналып келеді. Андерсеннің ертегілерінің біріндегі басты кейіпкердің құрметіне бұл ескерткішті 1913 жылы әлемге әйгілі мүсінші Эдвард Эриксен тұрғызған екен. Біреу сенер, біреу сенбес, биіктігі небәрі 125 сантиметрді құрайтын қоладан құйылған бұл мүсіннің салмағы 175 килограмға тең.

Европа 2017 424 Европа 2017 420 Европа 2017 414 Европа 2017 413

Тылсым кереметімен кез келген туристі магнитше тартып тұратын бұл туынды кезінде ірі фабрика иесі Карл Якобсеннің тапсырысымен құйылған деседі. «Су перісі» балетін тамашалап, қатты таңырқаған Якобсен басты рөлді сомдаған балеринадан тас мүсінді сомдауға негізгі кейіпкер болуын өтініп, туындыны кейін Копенгаген қаласына сыйға тартқан екен.

Әйтсе де талайды таңырқатқан тамаша туынды бұзақылардан бірнеше мәрте таяқ та «жепті». Бірде қолы араланып, бірде басқалай жолмен талқандалған мүсін бұзақылардың қолымен суға да лақтырылып жүрді. Бірақ, бір өзіне ғана тән ерекшелігімен даңқы шыққан туындыны Копенгаген билігі қайта-қайта қалпына келтіруден жалыққан емес.

Бұл аз болғандай, аңыз әңгімелер мен таңғажайып ертегілердің елі саналатын Дания мемлекетінің басшылығы әлгі су перісінің «сіңлісін» де өмірге әкеліпті. «Әпкесінен» небәрі 400 метр қашықтықта жайғасқан бұл мүсін жай ғана су перісі емес, суретші Сальвадор Далидің қылқаламынан шыққан фантастикалық кейіпкер болып табылады. Бұл мүсіннің авторы – Бьорн Ноергаард. «Генетикалық жолмен өзгертілген жұмақ» деп аталатын шығармашылық жұмысы арқылы автор адамзатқа генетикалық инженерияның залалы туралы жеткізгісі келген.

Сонымен, Данияда өзгенің емес, су перісінің мүсіндерінің көп болу себебі, дат халқының ауыз әдебиетінің негізгі бөлігін осы аталған кейіпкерлер жайындағы аңыз әңгімелер құраған деседі. Сол аңыздардың бірі су перілерінің жаны болмағанын айтады. «Олар өздерінде жанның болғанын қалағанымен, теңізді тастап кете алмайтын еді» деп түсіндіреді мифологиялық шығармалар.

Жанды қалаған су перілері Шотландия жағалауларының бірінде тұрған монахқа келіп, тілек тілеп, құлшылық еткен деседі. Сонау V ғасырда пайда болған аңыздың дәл осы тұсын өз заманында Андерсен пайдаланып, «Су перісі» ертегісін жазып шығарды. Аталған туындыда адам баласына ғашық болған су перісінің жан іздеу жолында жанталасы шебер суреттеледі.

Бүгінде бұл туынды Копенгаген билігінің ерекше қорғауында. Мүсіндерді талқандамақ болған бұзақылар үшін заң талаптары да қатайтылыпты.

Су перісінің мүсінін тамашалау үшін Копенгаген қаласына жылына миллионнан астам турист келіп кетеді екен.

Копенгагеннің орталығында әлемдегі ең ұзын жүргіншілер жолы орналасқан. Строгет (Stroget) деп аталатын бұл сауда көшесінің жалпы ұзындығы 1,8 километрге дейін созылып жатыр.

Копенгаген тұрғындары метро арқылы күніне 660 мың шақырым жүріп өтеді. Ал велосипедпен одан екі есе жолды өткереді екен. Бұл әлеуметтік үрдіс экологиялық мақсатта жолға қойылмаған. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін бензин тапшы болып, даниялықтар жаппай велосипед қолдануға көшеді. Қазіргі кезде бензин жеткілікті болса да, адамдар велосипедпен жүруге бейімделіп кеткен.  Копенгаген қаласының картасын сатып алсаңыз, қоғамдық көліктерде бір күн жолақы төлемей жүре аласыз. Сонымен қатар, қалада орналасқан 62 музейге де тегін кіру мүмкіндігіңіз болады. Одан бөлек, жылдам тамақтану мейрамханаларында 20% жеңілдік ала аласыз. Бұл елге келетін туристердің санын арттыру мақсатында ойластырылған.

Европа 2017 478 Европа 2017 472 Европа 2017 469 Европа 2017 468

Қаладағы Tivoli (Тиволи) саябағы – әлемдегі ең ескі саябақ. Уолт Дисней Тиволиді көргеннен кейін Диснейленд саябағын жасап шығарған деседі. Данияда нан пісіру әдісі жақсы дамыған. Сіз әрбір бұрыштан тәтті тоқаштар сататын дүкендерді кездестіре аласыз. Кез келген даттыққа жолай қалсаңыз, өзінің сүйікті тоқаштарын, бәліштерін айтып, қай жерден табуға болатынын көрсетіп береді. Тәттіге деген құмарлық басым болғанымен, артық салмақтан зардап шегетін даттықты көрмейсіз. Бұл салауатты өмір салтын жақсы ұстанатындықтарынан болу керек. Даниялықтардың басым бөлігі таңғы сегізден түскі төртке дейін жұмыс істейді. Дүкендердің көпшілігі сағат 17.00-18.00-де жабылады. Адамдар да осы тәртіпке үйренген. Дүкен қанша ұзақ жұмыс істеген сайын, соншалықты көп салық төлейді. Жалдамалы жұмысшының  орташа салығы айлығының  43%-ын құрайды. Қызметкерді жұмыстан шығаратын болсаңыз, екі ай бұрын ескертіп қоюыңыз керек. Жұмыс беруші қол астындағыларды тамақтандыру керек. Таңғы ас, түскі ас, кешкі ас – бәрі де бастықтың мойнында. Бірақ әрбір жұмысшы ай сайын 50 еуро төлейді, қалғанын басшы төлеуі тиіс. Ереже бойынша, әрбір компанияда жеке асхана және жеке аспаз бар. Ең кең таралған көлік – велосипед. Бұл табиғатқа деген махаббат, я болмаса физикалық жаттығу емес. Тарих солай әмір берді. Екінші Дүниежүзілік соғыстан кейін жанармай тапшы болады да, тығырықтан шығу үшін осы үрдіс кең етек алады. Және ешкім велосипедке арналған дулығаларды киіп жүрмейді. Көпшілік даттықтар үшін автокөлік – қолжетпейтін сән-салтанат. Неге десеңіз, көлігі бар тұрғын мемлекетке көліктің бағасынан да қымбат салық төлеп тұрады. Бұл – Еуропадағы ең жоғарғы салық. Аялдамаларда автобустардың келетін уақыты дәл көрсетілген. Сол уақыттан секунд та кешігуге болмайды. Қоғамдық көліктерде тегін WI-FI бар. Дат әйелдері аса сұлу көрінбейді. Олардың сәнді киініп жүргенін де байқамайсыз. Олар көбіне велосипедке арналған жеңіл шалбарлар, жемпірлер, биік емес аяқ киімдер киеді. Данияда тұрғын үй өте қымбат. Даттықтар өте пысық келеді. Олар әрқашан өз пайдасын ойлап тұрады және керегін жіберіп алмайды. Бизнеске келгенде пысықтығы артып кететін америкалықтарды ұната бермейтіндерді де осы себептен дер едік. Данияның климаты да өзгеше келеді. Жыл сайын температура 10-20 градусты көрсетіп тұрады. Жаңбыр мен аспанды торлаған бұлт үйреншікті болып кеткен. Сондықтан Даниядағы қандастар күн жеу үшін жазды Түркияға, Дубайға барып тұрады. Данияда медициналық қызметтер тегін көрсетіледі. Әрбір ауданда “үй дәрігері” бар. Науқастар кез келген уақытта қарала алады. Қаланың әрбір бұрышынан арзан бағаға гүл шоқтарын сатып алуға болады. Және тұрғындардың терезесінің алдында міндетті түрде ыдысқа салынған гүлдер тұрады.
    Копенгагендегі Строгет көшесі, су перісіне арналған ескерткіш, атақты метро, Тиволи саябағы, пірәндік пішінді ғимараттар, Роскиллдегі кемелер мұражайы, елдегі Кронборг Гамлет қамалы, Швецияға дейін жететін Эресунндық жерасты-көпір жолы, Жел электростанциялары, Леголенд саябағы, Мэн аралындағы ақ жартастар – бәрі де кез келген туристің “Шіркін-ай, көзіммен бір көрсем ғой” деп армандайтын жерлері деп нық сеніммен айта аламыз.

(Жалғасы бар.)

Жаңыл Әпетова

 

Тэгтер:




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑