banner-top12

Алыстағы ағайын Европа 2017 636

Қосқан уақыты Маусым 18, 2017 | 631 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Жақсыны көрмек үшін… Дания, Швеция сапарлары

(Жалғасы.)

Копенгагендегі Нұрарман жүргізген саяхатымыз бітіп, кешкісін Швецияға қарай жолға шықтық. Дания шығысында Швециямен шекараланады,ол Эресунн (Зунд) және Каттегат бұғаздары арқылы өтеді. Скандинавия түбегінің тең жары­мынан астамын алып жатқан Швеция ауа райының суықтығымен және табиғаты­ның әсемдігімен ерекшеленеді. Жер аумағы жағынан Еуропа Одағы елдері арасында үшінші ел болып саналады.

Заманауи Швеция – бірнеше ғасырлық тарих пен қызықты жаңалықтарға толы скандинавиялық аралдың алып елдерінің бірі. 450 мың шаршы шақырым жері бар, 9,6 миллион халқы бар Швеция жасыл орманымен және мөп-мөлдір айдын көлдерімен мақтана алады. Швецияда аумағы 1 шаршы шақырымнан асатын 4 мыңнан аса көл бар. Ірі көлдерінің көбі Балтық теңізіне барып құяды.

Европа 2017 636 Европа 2017 625 Европа 2017 622 Европа 2017 545

Швеция сөзінің этнонимінің дамуы нақты белгілі емес. Дей тұрғанмен, бұл сөздің көнескандинавия тіліндегі «Svithjoth» деген сөзден шыққандығы туралы деректер бар. Бұл сөз герман тілінен аударғанда, “халық” деген мағынаны білдіреді екен. Заманауи шведтердің ата-бабалары – жүрек жұтқан, күрескер викингтер болған. Олар теңіз жорығына шығып, жер басып алуды мақсат еткен.

Швеция – конституциялық монархия. Мемлекет басшысы – король. Жоғарғы заң шығарушы органы – бір палаталы парламент – риксдаг. Жоғарғы атқарушы органы – үкімет. Ұлттық мейрамы – швед туының Күні, 6 маусым (1503). Ақша бірлігі – швед кронасы. БҰҰ-ның (1946), Солтүстік кеңестің (1952), Еуропа кеңесінің (1995) мүшесі.

Швеция аумағында алғашқы адамдар б.з.б. 8-9-мыңжылдықта пайда болған. Шамамен б.з.б. 3-мыңжылдықта бұрын аңшылық және балық аулаумен айналысқан халық мал және егін шаруашылығына көшті. Б.з.б. 2-мыңжылдықта құрлықтық Еуропадан Швеция аумағына үнді еуропалық тіл тобындағы мал өсіретін тайпалар баса-көктеп кіріп, жергілікті тұрғындарды бағындырды. Б.з. бас кезінде онда солтүстік герман тайпалары (Тацит пен басқа да антикалық авторлардың мәліметі бойынша – свиондар (свейлер),гауттар(геттер, еттер, т.б.) өмір сүрді. Олар әскери көсем – конунгтің билігіне бағынып, Риммен және оның герман провинцияларымен, 5 ғасырдан бастап франктермен, фриздермен, славяндармен, бойындағы халықтармен сауда-саттық жүргізді. 8-11 ғасырларда швед викингтері сауда жүргізу мен тонау мақсатында көршілес аймақтар мен Руське, Византияға, Волга бұлғырлары мен хазарларға, Араб халифатына  жорықтар жасап тұрды.  11 ғасырлардың бас кезінде елге христиан діні  енді. Осы кезде свейлер корольдігі (Свитьод) құрылып, швед халқы қалыптаса бастады. Шведтердің 1240ж. Нева шайқасында А.Невский басқарған орыс  және түркі-моңғолдардың біріккен әскерінен жеңілуі олардың шығысқа қарай жылжуын тоқтатты. 1250-1363 ж. елде Фолькунгтер әулеті орталықтандырылған мемлекет құрды. Олар көп ұзамай Финляндияны бағындырды. 1397 жылы Кальмар униясы бойынша Швеция, Дания мен Норвегия бір монарх – Дания королінің қол астына бірікті. 1471 ж. Швеция Даниядан ішкі автономияны жеңіп алды. Дания үстемдігіне қарсы көтерілістің басшысы Густав Эриксон  1523 жылы. Швеция королі болып (1 Густав Ваза) сайланды. 1610-12 ж. швед әскерлері Ресейге жасалған поляк интервенциясына қатысты. 17 ғасырда Швеция Еуропадағы аса қуатты мемлекеттердің біріне айналып, өз иеліктерін кеңейтті. Лифляндия, Солтүстік Германия жерлері қосылып алынып, даттар Скандинавия түбегінен қуылды. Бірақ 1700-1721 жылы Ресеймен болған Солтүстік соғыстың нәтижесінде Балтық жағалауындағы, Карелиядағы (Выборг қаласы) жерлерінен айрылып, ірі теңіз державасы болудан қалды. 18 ғасырдың ортасында Финляндияның оңтүстік-шығыс бөлігі Ресейге кетіп, 1808-1809 жылы орыс-швед соғысынан кейін бүкіл Финляндиядан айрылуға мәжбүр болды. 1814 жылы Киль келісімі бойынша Швецияның құрамына Норвегия енді. 1834 жылы Швецияның тұрақты қарулы бейтараптығы жөніндегі декларация қабылданды. 1905 жылы Норвегиямен жасалған уния бейбіт жолмен бұзылып, Норвегия өз дербестігіне ие болды. 1-дүниежүзілік соғыста Швеция бейтараптығын сақтады. 2-дүниежүзілік соғыс кезінде Швеция бейтараптығын сақтағанымен неміс әскерлеріне өз аумағы арқылы өтуге мүмкіндік берді. Соғыстан кейін 1948 жылы “Маршалл жоспарына” қосылып, АҚШ-тан қаржы көмегін алды. Дегенмен, НАТО құрылғанда Швеция өзінің әскери одақтарға қатыспау саясатын жариялады. Швецияның қазіргі мемлекеттік құрылысы 1974 жылғы конституциямен айқындалған.

Европа 2017 599 Европа 2017 594 Европа 2017 592 Европа 2017 591

Швед орман өнеркәсібі бұрыннан ағашты мұқият өңдеуімен даңққа бөленген. Ол кесілген ағаш материалдар, фанера, целлюлоза, қағаз экспортында жетекші орын алады. Өлке целлюлоза алу үшін қажет таза суға да бай.

Швед орман шаруашылығы – ағаштарды кесу, оларды қайта қалпына келтіру және қайта кесу циклді қарапайым қағидаға келтірілген. Кәдімгі орманда құрап бара жатқан ескі ағаштар жас орман өскіндерін қоректендіреді. Топырақ үздіксіз құнарланып, құрылымы жақсара түседі. Ағаш ретінде кесілетін орман алқабында іс жүзінде: ағаштың діңі, бұтақтары, тамырлары, қабықтары түгел дерлік пайдаға асырылады. Швед ормандарынан көптеген қазіргі заманғы техниканы көруге болады. Мысалы, әмбебап ауыр жүк тартушы комбайн ағаштарды кесу, тамырларды, бұтақтарды қию, діңдерді жинау мен оларды жолға сүйреп шығару жұмыстарын атқара алады. Бұл аспалы құрал-жабдықтары бар және ондаған әр түрлі жұмыстарды орындай алатын нағыз орман комбайны. Желмен толтырылатын үлкен дөңгелектердің арқасында оның топыраққа зиян келтірмейтіні маңызды. Арнайы машиналар ағаш құлатылған жердің өзінде-ақ бұтақтар мен басқа да қалдықтарды бағалы технологиялық ұнтақтарға айналдырады.

Орман шаруашылығының дамуы көптеген әлеуметтік жайттармен күрделене түседі. Швед ормандарына бытырыңқылық пен ала-құлалық тән. Орман алқаптарының жартысына жуығы помещиктер  мен фермерлерге тиісті.

Олардағы телімдер шағын, сондықтан фермерлер ормандарды бірігіп пайдалану мен қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу үшін кооперативтерге бірігеді. Швеция ормандарының 1/4 бөлігі орман өнеркәсібі компанияларының иелігінде, орман массивтерінің 1/5 бөлігі мемлекет меншігінде. Ормандардың қалған бөлігі қоғамдық болып есептеледі. Оған бұғы жайылымдары, ұлттық саябақтар, шіркеулік жерлер, т. б. жатады. Мұндай заңдық және шаруашылық ала-құлалық жағдайда орман шаруашылығын дамытудың көптеген маңызды мәселелерін шешу күрделене түседі. Қатаң табиғат қорғау заңдарына, орманды пайдаланудың мызғымас ғылыми негіздеріне, мамандардың жоғары біліктілігіне қарамастан орман ісін қате, жыртқыштықпен жүргізу жайттары болып тұрады. Әсіресе орман өнеркәсібі компаниялары көптеген тәртіп бұзушылыққа жол береді.

Швецияның кедей аграрлық елден қазіргі заманғы өнеркәсіптік қоғамға айналуы темір кентастары, ағаш пен су қуатына байланысты болды. Ағаш материалдары, қағаз бен болат шығару үшін қолданылған бұл табиғи ресурстар экспортқа бейімделген өнеркәсіптің негізін қалады. “Швед социализмі” атанған бұл ұлттық экономикалық үлгі капиталистік және социалистік даму жолдарының ең озық қасиеттерін қамтыған жеке меншік үстемдігі бар аралас түрдегі нарықтық қатынастарға сүйенеді.

Швеция өнеркәсібі экспортқа бағытталғандықтан оның өнімі елдің барлық сыртқы саудасының негізін құрайды. Өндіріс орындарының көпшілігі Швецияның орталық ауданында орналасқан. Ең ірі “Швед болат компаниясы” концерніі мемлекет меншігінде. Машина жасау саласына барлық өнеркәсіп өнімдерінің 50%-ына жуығы тиеді. Автомобиль  және аэроғарыш өнеркәсібінің зауыттары оңтүстік және орталық Швецияда шоғырланған. Автомобиль өнеркәсібі “Volvo” (“Вольво”) компаниясының зауыттары Гетеборгте, ал “Saab-Scanіa” (“Сааб-Шаниа”) компаниясының зауыттары Тролльхатенде орналасқан. Дәрі-дәрмек жасау мен биотехнология салалары – швед экономикасының ең үрдісті және болашағы зор өнеркәсіп салалары. Швед компаниялары онкология, гастроэнтерология, кардиологияда қолданылатын дәрілерді шығаруға маманданған. Электр және жлектрондық өнеркәсіп Стокольм мен Вестерос  қалаларына шоғырланған. Сондай-ақ, Стокгольм телекоммуникация және тұрмыстық аспаптарын шығаратын  “Erіcsson” (“Эрикссон”) және “Elektrolux” (“Электролюкс”) компаниялары бүкіл дүние жүзіне белгілі. Аграрлық швецияның жетекші саласы – етті-сүтті ірі қара мал өсіру. егін шаруашылығы үшін ел аумағының 7%-ына жуығы пайдаланылады. Кеме жасау кәсіпорындары Гетеборг, Мальме, Удевалль қалаларында орналасқан. Швеция –  орман өнеркәсібі өндірісінің барлық түрлерін экспортқа мол шығаратын ел (Финляндиямен бірге бүкіл дүние жүзіндегі қағаз бен целлюлозаның 10 – 15%-ын өндіреді). Ел аумағының 68%-ын ормандар алып жатыр. Елдебанк жүйесі мен туризм жақсы дамыған.

Европа 2017 586 Европа 2017 583 Европа 2017 581 Европа 2017 575

Әлемнің ең бай елдерінің алдыңғы қатарында тұрған Швеция тұрғындарының орташа өмір сүру жасы – 80,5. Ең аз еңбек демалысы – 34 күн. Бұл Еуропадағы үшінші орында тұрған көрсеткіш. Ал, Швециядағы студенттердің орташа жасы – 25,5. Олар мектепті бітіргеннен кейін бірден ЖОО-на түспейді. 2-3 жыл жұмыс істеп болған соң ғана оқумен айналысады. Швеция – ең жомарт халық. Мемлекет кедей елдерге көмек көрсеткендердің бір пайызын құрайды. Бензиннен ең алғаш болып бас тартқан ел де осы Швеция. Олар осылайша биожанармайдың жағына шықты. Швецияда екі тіл бар: жеңіл және қиын. Халықтың 70 пайызы “қиын” тілді ауызекі тілде қолданбайды, кейбірі қиын тілдің сөздерін түсінбейді де екен. Шведтер спортқа өте жақын, олардың 80 жастағы адамын 50 жаста деп те айта алмайсың. Шведтіктер шақырусыз немесе ескертусіз ешқашан қонаққа бармайды. Олар үйде тамақ жасағанды ұнатпайды: көбіне көкке шығады немесе дәмханалардан тамақтанады. Шведтердің сүйікті тағамдары – kebab pizza (қамыр, ірімшік, ет және арнайы кебаб тұздығы). Швецияда қой етіне қарағанда жылқы еті көп желінеді.

Швед қыздары 30 жасында ғана өмірге бала әкелгенді құп көреді. Мұның басты себептерінің бірі – мансап. Яғни, олар бала бақпастан бұрын, бизнес саласында үлкен жетістіктерге жетіп, мансаптың жоғары баспалдағына көтеріліп алуды жөн санайды. Швецияда “үй шаруасындағы әйел” деген мамандық аса танымал емес, сондықтан 75% ана баласын дүниеге әкелгеннен кейін жұмысқа шығып кетеді.

Иттрий, иттербий, тербий және эрбий химиялық элементтері шведтік ауылдардың құрметіне аталған. Осы аймақтан аталған қазбалар табылған. Дәл қазіргі уақытта Швецияда 10-на астам ядролық реакторлар жұмыс жасап жатыр. Швециядағы Патша сарайы – әлемдегі ең үлкен сарай. Онда 550 бөлме бар.

Европа 2017 571 Европа 2017 568 Европа 2017 567 Европа 2017 561

Мұның бәрі біздің естігендеріміз бен ғаламтордан кездестірген ақпараттарымыз. Енді сол Швецияны өз көзімізбен көрмекпіз. Жоспарымызда Стокгольм, Упсала, Вестерос, Гетоборг қалалары бар. Алдымен астанаға келдік…

Швецияның бас қаласы – Стокгольм. Меларен көлінің шығысында 8 көлдің ортасында орналасқан ежелгі тарихи ескерткіштерге бай қала. “Стокгольм” – “жақсы сақталған” деген мағынаны білдіреді. Астанада мұражай қалпындағы көретін дүниелер көп. Қаланың аты шатырда тұратын “Карлсон” және Нобель сыйлықтарын тапсыру шараларымен қатар аталады. Сондай-ақ, Стокгольмдегі 750 жылдық тарихы бар “Gamla Stan” орталығы, Патша сарайы, Гамла Стан ежелгі қалашығы, Висби үйі, жоғары сапада тұрғызылған Дроттингхольм сарайы, Кристалдар патшалығы, Стокгольмдік архипелаг уақытымызды қызықты әрі пайдалы өтуіне себепкер бола алды.

Орталық алаңды аралай жүріп көптеген гүлдестелер мен қабырғаларға жапсырылған түрлі-түсті қағаздарға тап болдық. Мұның бәрі осыдан бірнеше күн бұрын осы алаңда орын алған қайғылы оқиғаға байланысты екен. Алаңдағы жаяу жүргіншілерге қарай жылдамдықпен соқтыққан жүк машинасының салдарынан жазықсыз жандар көз жұмған. Халық бірнеше күннен бері сол жазықсыз құрбандарды еске алып, бірнеше километрге созылып жатқан орталық көшені гүлге көмкеріп, шырағдандар қойып, жүрекжарды сөздерін арнап жатыр… Халықтың бәзбіреулердің басына түскен қайғысына қосыла қайғыра білетін мейірімділіктеріне таң қаласыз. Мұндайды басқа бермесін… Осындайда біздегі қарайып кеткен, қатайып кеткен жүректерді еске алып, қынжыласың…

Европа 2017 646 Европа 2017 652 Европа 2017 651 Европа 2017 648

Беделді  Monocle журналының жыл сайын дәстүрге айналған өмір сүруге барынша жайлы әлемнің ең үздік қалаларының рейтингісінде Стокольм төртінші орынды иемденген. Сарапшылар қаланың көптеген құндылықтарымен қатар оның атмосфераның либеральдығын, қызықты сәулетін және қоғамдық көліктер жұмысының жайлылығын атап өткен. Әлемнің өмір сүруге жайлы үздік қалаларын анықтауда қауіпсіздік, денсаулық сақтау, білім алу мүмкіншілігі, экология және бизнес жүргізу қарапайымдылығы сынды көрсеткіштер бағаланады.

Динамит, яғни жарылғыш затты алғаш ойлап тапқан атақты швед ғалымы Альфред Нобель осы қалада өмір сүріп, өзінің адамзат өркениетіне өлшеусіз үлес қосқан әйгілі ғылыми жаңалығын ашқан. Жыл сайын Швецияның Ғылыми академиясы химия, физика, медицина және экономика саласы бойынша ерекше жаңалықтар ашқан ғалымдарға Нобель сыйлығын тапсыратын жер осы. Стокгольм – әуе шарларын көкке еркін ұшыруға рұқсат беретін әлемдегі жалғыз астана.

Европа 2017 607 Европа 2017 573 Европа 2017 557 Европа 2017 553

Стокольмнен соң қаланың солтүстік-батысында орналасқан Швецияның  бұрынғы астанасы – Упсала қаласына аттандық. Ол астана мәртебесін 1523 жылға дейін сақтады, қазіргі уақытта – Упсала елдің әкімшілік орталығы. Қаланың негізі XII ғасырдың бас кезінде қаланды, оның орнында Эстра-Арос аталған (швед тілінен аударғанда “Өзеннің шығыс сағасы” деген мағынаны білдіреді) шағын коныс болған. 1273 жылы Эстра-Ароста архиепископтың резиденциясы орналасты. 1280 жылы қала қазіргі атауын алды, Упсала шамамен “саладағы жоғарғы қоныс” деген мағынаны білдірді. (“сала” – “таулы” деген сөз). XIII ғасырдың соңынан XVIII ғасырдың бас кезіне дейін Упсалада мемлекеттік маңызы бар көптеген шаралар: Швеция билеуші топтарының жиналыстары, швед монархтарының таққа отыру салтанаттары, т.б. өткізілді.

Қазіргі қаладан сәл солтүстікке қарай орналасқан ескі Упсала ежелгі діни әдет-ғұрып орталығы болды. Мұнда XII ғасырдың бас кезінде салынған ескі швед соборының құландылары әлі күнге дейін бар. Қаланың бұл бөлігінде Швед корольдерінің ежелгі сарайлары орналасқан. 1945 жылы Ескі Упсала күшті өрттің нәтижесінде жойылды.

Европа 2017 238  Европа 2017 727упсалаЕвропа 2017 717

XIV ғасырдың өзінде қалада сауда тез қарқынмен дами бастады, тура осы Упсалада бүкіл Швециядан  саудагерлер келетін жәрмеңкелер өткізіліп тұрды. 1477 жылы бұрынғы швед астанасында елдегі бірінші университет ашылды. 1620 жылы барокко стилінде орындалған және “Густавианум” деген атақ алған университеттің орталық ғимараты пайда болды (қазір мұнда мұражай орналасқан). Ампир стилиндегі ғимараттар салу XIX ғасырда кең құлаш жайды. Упсаладағы мұндай архитектуралық құрылыстардың жарқын өкілі 1819-1826 жылдары архитектор К. Сунвалльдың жобасы бойынша салынған университет кітапханасының ғимараты болып табылады. Упсаланың архитектуралық бет-бейнесінде осы уақытқа дейін ескі қалалық жобалау элементтері жақсы сақталған.

XIX ғасырдың соңы XX ғасырдың бас кезінде Упсала Швециядағы консерваторлық саяси топтардың тірегі болды. XX ғасырда қала өнеркәсібі жедел қарқынмен дами бастады. Мұнда машина жасау, тамақ, дәрі-дәрмек жасау кәсіпорындары салынды. Осы уақытқа дейін қыш бүйымдар өндірісі көпке танылып отыр.

Бүгінгі күні Упсала қазіргі заманғы Швецияның  ірі өнеркәсіп, мәдени және университеттік орталығы болып табылады. Қалада этнографиялық және өлкетану мүра- жайлары, Дисагорден архитектуралық мүражайы, Упсалада түрып, еңбек еткен белгілі ғалым Карл Линнейдің үй- мұражайы (бұл қалада оның мазары да бар), ботаникалық бақ, астрономиялық обсерватория ашылды. Университет кітапханасында 250 мыңнан аса баспасөз басылымдары мен 7000-нан астам көне қолжазбалар бар.

Қалада мұсылман мешіті де бар екен. Уақытымызды бөліп, әдейілеп кіріп шықтық.

упсала2Европа 2017 699 Европа 2017 697 Европа 2017 696

Европа 2017 694 Европа 2017 691 Европа 2017 686 Европа 2017 681

Упсаланы аралап жүргенімізде Вестероста тұратын қандастар телефон шалып, күтіп отырғандарын айтты. «Бұл қалай болғаны, біз олай келіскен жоқ едік қой» дейміз. Біз Данияда жүргенде «Швеция қазақ қоғамының басшысы, жақында ғана Еуропа қазақ қоғамдары федерациясының төрағасы болып сайланған Мұрат Ермиштің Түркияда жүргенін естідік. Сонымен ешкімді мазаламайық деп шешкенбіз. Бірақ сол күні түнде келген Мұрат, біз Стокгольмнен Упсалаға аттанар алдында хабарласқан.  Біз оған бүгін сағат 2-3 терде Вестероста болатын шығармыз деп болжам айтқанбыз. Сол уақытты шамалап, сондағы ағайындарды қазақ қоғамына жинаған екен. Біз «күтіп отырмыз» дегенді естіген бойда, көліктегі жолбағдарға Вестеростағы Қазақ мәдени орталығының мекенжайын енгізіп алып жолға шықтық…

vesteros15 0_71454_33e8a03f_orig 62598-vesteros Västerås-Stadshotell

Вестерос шағын қала екен; бір жағы сыңсыған қалың орман, екінші жағы Меларен дейтін айдын шалқар үлкен  көл. Қалың орманмен іргелес жатқандықтан болар ауа райы қолайлы, табиғаты әсем.

Бізді Швеция Қазақ мәдени орталығының төрағасы Мұрат Ермиш пен орталықтың мүшелері, бұрынғы төрағасы Ибрагим Құсшы, Махмутдин Сербес, Зехра Қахриман, Байрам Кесер қандастарымыз қарсы алды.

Европа 2017 014 Европа 2017 013 Европа 2017 010 Европа 2017 009

Еуропа қазақтарының бірі-бірімен аңсап көрісетін киелі орны – Швеция қазақ мәдени орталығының үйіне дастархан жайып күтіп отыр екен. Бұл да – қазақ меншігіндегі ғимарат. Күрделі жөндеуден өткен зәулім үй ішінен қазақтың иісі аңқып тұр. Қазақстаннан барған сый-сияпаттар, орталықтың жемісті жұмысын паш еткен түрлі марапаттаулар мен спорт ойындарының кубоктары – бәрі-бәрі осы жерден орын алған. Мұнда бізге, әсіресе, қазақ тілін үйретуге бейімделген бөлмелер ерекше ұнады. Орталықта тіл үйренуге қажеттіліктің бәрі бар. Яғни, Вестерос қазақтары өздерінің  жас ұрпағын ана тілінің қадір-қасиетімен сусындата беру үшін қолдан келгендерінің бәрін жасап отыр деп нық сеніммен айта аламыз.

15203245_409320789457319_7128582836989664483_n 15203278_409422959447102_1351479867830042760_n 17904309_510572845998779_3669909940787311744_n 17991110_512784492444281_965685471339751133_n

Орталықтың басшысы  төрт тілде (қазақ, түрік. швед, ағылшын) еркін сөйлейтін Мұрат Ерміш. Ол – Упсала университетінің түлегі. Оның бір басында бірнеше қоғамдық жұмысы бар. Ол Швеция қазақ қоғамының төрағалығымен қатар, Вестеростағы  мешіттің де басқарма  төрағасы, Швециядағы 26 мешітті біріктіретін федерацияның төрағасы міндеттерін де атқарады. Ол жұмыстары аздай, енді Еуропа қазақ қоғамдары федерациясының да тізгіні Мұратқа тиіп отыр. Еуропа қазақтары білімді де іскер азамат Мұратқа сенім білдіріп, Каюм Кесижи мырза заңды түрде негізін қалап, жоғары деңгейге көтерген 10 елден құралған Қазақ қоғамдастығының еуропалық федерациясына басшы етіп сайлапты. Біз де Мұратты сайланғанына бір жеті толмаған Федерация төрағасы лауазымымен құттықтадық. Ол қоғам жұмысымен қатар өзінің жеке фирмасының да жұмысын дөңгелетіп жүргізіп отыр. Сондай-ақ, ол 140 мыңдай халық тұратын Вестерос қаласының мәслихат депутаты лауазымына көтерілген алғашқы қазақ. Социал демократтар партиясы атынан облыстық мәслихатқа қатарынан екі рет депутат болған. Өзге ел, өзге ортадағы қазақ баласының абыройына  қалай қуанбассың.

18010485_514631682259562_4618844127074860964_n 18033151_514618915594172_8798192590331991310_n 18056865_514632612259469_5522611399002553438_n 18057217_517634638625933_3919277128059644503_n

Зехра әпке әзірлеген шәйді сораптай отырып, әңгімеміз Швециядағы  қандастар тақырыбына ойысты. Махмут Сарбас ағамыз әңгімені әріден, қандастардың Скандинавияның бір түкпіріндегі Швеция еліне келуінен бастады.

Қазақтар Швецияның басқа да қалаларында тұрады, бірақ нақ осы Вестероста қазақ диаспорасының негізгі бөлігі тұрақтаған. Олар өткен ғасырдың 60-70 жылдары Түркиядан Швецияға көшіп келген этникалық қазақтар. 1960 жылдардың басында Шве­­цияға алғашқы болып келгендер Қабдолда Шағатай, Осман Алтай, Ахмед Бахадур, Кешенай Ерміш, Кәрмения Шакрах, Кәкім Өзқұл есімді қазақтар еді. Бұлар алғашында «салт басты» ке­ліп, біраз жыл қара жұмыс істеп, ақша жинап алып Түркияға қайтсақ деген ойда болған. Кейін Швецияның әйгілі «АВВ» компаниясының өндіріс, зауыттарында жақсы жұмыс істей келе, үйленіп, отба­сын құрған. Сөйтіп, Швецияда қалып қойған, көбі осы елдің азаматы. Қайсы бірінде Швецияның да, Түркияның да азаматтығы бар. Тұрмыс-тіршіліктері жақсы, жеке үйлері, көліктері бар. Ұлттық әдет-ғұрпын, мәдениетін, тілін және дәстүрлерін сақтап қалған қандастар, өздеріне баспана берген елдің экономикасына өз үлестерін қосып қана қоймай, сонымен бірге онда «қазақ» жерінің шағын бұрышын құрған.

18222107_527339900988740_5036846440141289467_n 18222315_527340337655363_2693983968132414594_n 18301082_527340304322033_8411040408207534943_n 18341684_527339850988745_329262463212402149_n

Қала ел астанасына жақын болғандықтан өзге елдерге барып-келіп тұру да қиын емес. Яғни, қай жағынан алып қарасаңыз да өте ыңғайлы. Швецияға алғаш келген қазақтардың бірден Вестероске атбасын тіреп тоқтауының басты себебі, міне, осы ыңғайлылықта жатса керек. Швецияға Түркиядан алғаш қоныс аударған қазақтар 8 отбасы болған екен.  Содан бері Скандинавияға бет алған көш жыл сайын аздап болса да жалғасып, қазір Швециядағы қазақ отбасыларының саны  100-ден  асып кеткен. Олардың  55 отбасы осы Вестеросқа орналасқан. Алыста жүрген ағайындар үшін 55 отбасы кәдімгідей  үлкен қауым. Және олардың бір-бірімен байланысы да жақсы, негізінен бір көшенің бойында тұрады десе де болады. Енді жақында олардың қатарына Түркиядан жаңадан көшіп келген қазақ 15  отбасы қосылған. Мұның үстіне соңғы кезде Швецияға әртүрлі жағдаймен  Қазақстаннан да, басқа елдерден де қоныс аударған қазақтар  көбейе бастаған.

«Алғаш келген үлкендеріміз қолдарынан келгенше әр сәтті пайдаланып, өз мәдениеті мен әдет-ғұрыптарын жалғастыруға ұмтылды. Ең бастысы оларда береке, ағайыншылдық, бірлік болды. Уақыт өте келе қазақ диаспорасының өсуіне байланысты ынтымақтастық және қор ашу қажеттілігі туындады. 1990 жылдарында ақсақалдар алқасы Қазақ мәдени қауымдастығын құрған еді. Алғашқы кезде мәдени қауымдастық діни және басқа маңызды мерекелерде халықтың басын қосып жиналатын орын ретінде қалыптасты. Уақыт өте келе, жұмыстарын ресми түрде жалғастыруға шешім қабылдағаннан кейін 1996 жылы өтініштерін білдіріп, ұйым болып тіркелді.

17904481_514631555592908_5603830137606366077_n 17951805_514618885594175_4593774346010416588_n 17951903_512784505777613_96229263095262673_n 17952442_514618932260837_7737655806107458977_n

Осы орталықтың құрылуына өз үлестерін қосқан жергілікті ортаның белгілі белсенділері: Әли Қахарман, Абдуллах Чагатай, Женгіз Ақсақал, Кешенай Ермиш, Ахмет Бахадур, Қадыр Макин, Қадыр Құбылай. Соңынан бұл процесті Ибрахим Динчтурок, Байрам Кесер, Меден Сербес, Ибрагим Кұсшы, енді Мұрат Ерміш жалғастыруда» – дейді Махмут ақсақал..

«Мәдени орталық жұмысының мақсаты – қазақтар өздерінің ұлттық мәдениеті мен тілін, салт-дәстүрі мен өзара бірлік-берекесін сақтап қалу. Рамазан, Құрбан айт мерекелерін жақсы тойлаймыз. Қазақ тойлары мен жаназаларын да дәстүрге сай орындаймыз. Ақыл айтар 80-90 жастағы ақсақалдарымыз бен ақ жаулықты аналарымыз бар…» дейді орталық басшысы Мұрат Ерміш.

15230577_409421552780576_2043542889659005541_n 15492579_424365681286163_67282331574207864_n 15589606_424365704619494_1878913847445313231_n 17523092_517732188616178_478842693264544974_n

Қазақ мәдениет орталығы қанатының астында тағы да «Жастар мәдениет орталығы», «Әйелдер қолөнер мектебі», (әжелер бірлестігі) жұмыс істесе, мұндағы «Ислам мәдениет орталығының» қызметі – өз алдына бір төбе. «Ислам мәдениет орталығы» 1995 жылы үкіметтің көмегімен 1 жарым миллион кронға мұсылман мешітінің ғимаратын сатып алған. Әуелі шіркеу болып, кейін жастар театрына айналған бұл ғимаратты бүкіл мұсылманның басын қосатын мешіт жасау ісі оңайға соқпаған. Мешітке 250 кісі еркін сияды екен. Жұма намазын өтеуге мұнда арнайы 27 өлкеден мұсылмандар жиналатын көрінеді. Әр жылы мұнда мешіт атынан ауызашар беріліп тұрады екен. Алла үйінің жанынан 13-14 жастағы балаларға діни дәріс медресе, әйелдерге арналған жеке бөлмелер де бар көрінеді. Бұл мешіт те алыста жүрген ағайындарымыздың жүзеге асырған игілікті істерінің бірі екендігі даусыз.

«Швециядағы Қазақ қауымдастығы Вестерос қаласында орналасқан басқа мемлекеттердің қауымдастықтарымен мәдени іс-шараларды жүргізе отырып, өзіміз өкілдері болып табылатын Қазақстан және Түркияны еуропа жұршылығына танытып, мемлекеттеріміздің ұлттық тағамдарын, киімдерін шетелдік достарға көрсетіп, былай қарағанда елшіліктің мәдени, рухани тыныс-тіршілігі міндетін атқарудамыз.

Швецияның астанасы Стокгольмде жыл сайын ұйымдастырылған үш фестивальға қатысып, мерекелеу кезінде қолымызда болған қазақ тарихын және мәдениетін танытатын ақсақалдарымыздан қалған қол өнер үлгілері мен қазақтың ұлттық тағамдарын  көрсетіп, елімізді ең жоғары деңгейде таныстыруға бар күшімізді салдық.

18341944_527339950988735_4634776639782775240_n 13087401_239036166485783_6791113757234979734_n (1) 13094216_239036079819125_4663965971366332821_n (1) 15055821_404110149978383_2841622329362401669_n

Ж астарымызға спорт қауымдастығын құрып, жастарымызды тура жолға салу, жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында Швецияда әуесқой топта ойнайтын қазақ командасын құрдық. Мақсатымыз командалық рухты және көзқарастарды жастарымызға ағаларының арқасында жеткізу, бірлік пен ынтымақтастықты қамтамасыз ету және ең бастысы басқа қауіп-қатерден алыс ұстау  еді.

Әйелдеріміз бірлесе отырып қазақ әйелдері қауымдастығын құрды. Олардың мақсаты әйелдеріміздің Швецияның әлеуметтік өмірімен танысқанда өз әдет-ғұрыптарын ұмытпай, келесі ұрпақ бойына сіңіру болып табылады. Бұл үш қауымдастық ауқымында тиімді және ресми жұмыстар атқаруда. Қауымдастықтарымыз сонымен қатар өз тақырыптарында тәуелсіз жұмыс істеп, ортақ шараларға келгенде бірлесіп әрекет етеді. Әр қауымдастықтың жеке басқару ұйымы және бюджеті бар. Кейбір жағдайларда, мәселен әйелдер қауымдастығы тек қана әйелдер үшін жүзу курстарын ұйымдастырады.

Ал, жастар қауымдастығы жастарды мұражай, саяхат, және осыған ұқсас шаралар өткізіп, ризашылықтарын алуға тырысуда. Әр қауымдастығымызда басқа қауымдастықтардың бір немесе екі өкілі болады. Бұл байланыс ұйымдастыруда жылдамдық және дұрыс түсіністікке жол ашады. Бүгінгі таңда қарияларымыз үшін бір қауымдастық жұмыстарын атқарып жатырмыз. Оның мақсаты қарияларымыздың өмірлерін белсенді өткізулерін қамтамасыз ету, олардың қалаулары бойынша бағдарламалар құрастыру болып табылады.  Қазақстан өркениетті, демократиялы мемлекет ретінде қазақ халқын біріктіруші, ынтымақтастырушы рухани жаңарудың орталығы болып табылады. Өздерінің тарихи Отандарынан әртүрлі  жағдайлардың салдарынан сыртта жүрген өзіміздің қандастарымызбен өмірдің барлық салаларында жемісті байланыстар орнатуға тырысуда», – дейді Орталық жанындағы аталмыш  қауымдастық жұмыстарына тоқталған Мұрат мырза.

«Дегенмен, бізді де мазалайтын жайттар бар, – дейді Махмут ақсақал. Еуропаның мәдениетті де ауқатты осы еліне қоныстанғанымызға да 50 жылдан асып кетіп отыр. Аллаға шүкір, «қарнымыз тоқ, көйлегіміз көк» дегендей, бұл жерде материалдық тұрғыдан шат шадыман өмір сүріп келе жатырмыз. Осы орайда швед еліне қарыздармыз.

Алыста жүргеннен кейін, әрине, кейбір қиыншылықтар болмай қоймайды. Бізді әсіресе ұрпақ қамы толғандырады. Жастарымыз, балаларымыздың болашағы не болады? Тілін, ділін және дінін сақтай ала ма? Қазақ екенін біліп, қазақ тілінде сөйлеп, мұсылманшылық сенімін жалғастырып, қазақы қалпын ұстап қала ала ма? деген сұрақтар бүкіл ата-аналарды мазалайды.

Балаларымыз қазақтық қалпын сақтап қалса екен деп армандап жүрген біз – ата-аналардың өзі ұлттық тіл мен ділді толық бойымызға сіңіріп алған азаматтар емеспіз. Тіліміз келте, діліміз орта болып келе жатырмыз. Бірақ, құдайға шүкір, жүрегіміз әлі «қазақ, қазақ» деп соғып келеді. Оны бізге көптеген қиыншылықтармен өмір кешкен ата-аналарымыз дарытты. Енді біз ата-аналарымыздың сол аманатын олардын немере-шөберелеріне дарытсақ деген ойдамыз.

Осы орайда, біздер өзіміздің ата-аналарымыздай қазақтың тілі мен діліне бай болмасақ та, ұрпақты ұлттық мәдениетте тәрбиелеуде олардан көбірек мүмкіншілікке иеміз деп ойлаймыз. Өйткені әлем социалистік және капиталистік топ болып екіге бөлініп, қырғи-қабақ салқын соғыс болып тұрған және қазақ мәдениетінің кәусер бұлағы – елмен байланысуға мүмкіншілік болмаған шақта ата-аналарымыз бізді өсірді. Ал біз болсақ, қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған қазіргі бейбіт заманда, туған елмен қоян-қолтық араласып тығыз байланысып жүрміз.

«Ағаның шырылдап отырғаны, жастарымыз қазақ екенін ұмытып кетпесе деген жанайқай. Аға буынды,әсіресе ұрпақ қамы толғандырады, балаларының болашағына қатты алаңдайды. Жахандану жүріліп жатқан мына заманда балаларының болашағы не болады? Тілін, ділін және дінін сақтай ала ма? Қазақ екенін біліп, қазақ тілінде сөйлеп, мұсылманшылық сенімін жалғастырып, қазақы қалпын ұстап қала ала ма деген сұрақтар осындағы қазақтарды мазалайтыны шындық.  Аға ұрпақтың өкілдерін жас өсіп келе жатқан ұрпақты ата-баба мұра қылған қазақ дәстүрлерінен гөрі, көбіне батыс мәдениеті қызықтыратыны мазалайды. Білімді жастарымыз қазақ екендіктерін ұмытпай, болашақта ұлтқа қызмет етсе деп армандайды…

Бүгінде мақтанар жастарымыз аз емес. Швецияға келген алғашқы буын – ата-аналарымыз қара жұмыс істеп, ұрпақтарын оқытпаса болмайтынын түсінді. Сондықтан балаларын оқытты.Кейінгі ұрпақ қазір ірі-ірі кәсіпорындарда жұмыс істей бастады. Жастардың 80 пайызы жоғары білімді.

Соңғы уақытта Швецияда тұратын  қазақтардың арасынан жоғары білім алып, қоғамның түрлі салаларында қызмет істеп жүрген белгілі жастар көбейген.  Мысалы Айсу Ақсу деген қызымыз Стамбул қаласындағы метроны басқарған, қазір Швециядағы  әлемде үшінші орында тұратын  әйгілі «АВВ» деген компанияда жұмыс істейді. Яуыз Қахарман деген жігіт Лондон мен Адана метросының жобасымен айналысатын өз фирмасы бар. Отыз жасар Гүлбаршын Кесер деген қызымыз Швецияның сыртқы істер саласында жемісті еңбек етіп жүр. Ал, Жеңіс Шағатай жақсы хирург-дәрігер ретінде есімі танымал.  Сол секілді, Скандинавия елдеріндегі ІВМ компаниясының басшысы Дария Ермиш. Ол 700 швед ішінде Америкада сертификатты тұңғыш алған маман.  Райхан Ермиш – «Ериксон» компаниясының Швеция бойынша басшысы. Асан Алтай деген жігітіміз Американың Кастролл деген фирмасының өкілдігін Швецияда ашты. Оның қол астында 80 швед инженері жұмыс істейді. Айшагүл Шағатай ішкі істер қызметінде ерекше көзге түссе, Оғыз Шағатай компьютер маманы ретінде Жапонияға барып жақсы жұмыс істеп жүр. Жан деген жігітіміз – патшалық университет мұғалімі. Жиырма жеті жастағы Арман атты жігітіміз Сыртқы істер министрлігінде, бүгінде Сицилияда қызмет істеп жатыр. Сондай-ақ, ғалымдарымыз да бар. Бұлардың тізімін бұдан ары соза берсек біразға жетеді. Шетелде білімді, білікті қазақ жастары көп. Солардың интеллектуалдық қуатын қазақ елінде неге пайдаланбасқа.

Енді өсіп келе жатқан балаларды да Қазақстанда қазақтың салт-дәстүрін насихаттайтын арнайы бағдарламалар және тілдік курстар болса, онда балалармыздың жол билетін өзіміз көтеріп, Қазақстанға жіберер едік» дейді Мұрат мырза.

Жазғы демалыс кезінде шеттегі балалар туған елге келіп, ауылға барып, шұрқырасып жүрер болса, шіркін! Аңсап келіп, өз топырағыңда аунап-қунап жату да бір бақыт қой! Балалар атажұртқа әлсін-әлсін соғып, мұндағы қандастарымен араласып-құраласып жатса, тіл мен ділге көзін суарып, құлағын үйретіп жатсақ, болашақта елге оралуына алтын көпір орнатар едік. Қазақстан тарапынан шеттегі қазақтың кейінгі ұрпағына арналған осындай бір жақсы бағдарлама жасаудың уақыты келген тәрізді.

Бір отырыс үстінде қазақ тағдырына қатысты бірталай әңгіме қозғалды. Ағайындардың әрқайсысы өз ойларымен бөлісті…

Мәдениет орталығының жұмысымен таныстырып, бір сағаттық отырыстан соң, қандастар әңгімені сол жердегі Түрік кафесінде отырып жалғастыруға  ұсыныс айтты. Жұмыс бабында жүрген ағалар  бізбен сол жерде қоштасты.

17203000_10206929189503270_6432275778605161883_n 17203015_10206888034314416_1903048263609298717_n 17309717_10207004404663602_6927060503158380585_n17992119_10155278453325452_5110126047342437747_n

Орталықтың бұрынғы басшысы Ибрагим Құсшы ағамызбен 2010 жылдардан таныспыз. Швецияда өтетін Еуропа қазақтарының құрылтай қарсаңында Қазақстанға келіп, біздің ұйымның шаңырағында болып сұхбаттасқанбыз. Құрылтайға Жазира барып қатысқан еді. Ағамызбен осы күнге аман-сәлеміміз түзу. Өткен жылы Кельнде өткен құрылтай кезінде  «Сізге Швецияның шоколадын алып келіп едім, көлікте тұр.» деген. Бірақ, біз концерттік бағдарламаның ұйымдастыру барысымен жүгіріп жүріп, қайта кезедесе алмай қалдық. Енді ағамыз әзілдеп «Сізге Кельнде бере алмаған шоколадым әлі машинамда тұр. Қазір әкеліп берейін, тағы қалып қоймасын» дейді. Ағамыз сол жерден кететін айтып, шоколадын беріп, қоштасып қалды…

Асыққан ағайындар өз жұмыстарына кетіп, Мұрат мырза мен Махмут ағамен әңгімемізді кафеде отырып жалғастырып, кешкісін Норвегияға қарай жолға шықтық. Норвегияның Осло, Лилехамер қалаларын көрмек ойымыз бар.

(Жалғасы бар.)

Жаңыл Әпетова

 




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑