banner-top12

сапарнама Европа 2017 204

Қосқан уақыты Маусым 18, 2017 | 669 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Жақсыны көрмек үшін… Германия қалаларында

Еуропаға сапарлай бару мақсатында алған екі апталық демалысымызды үнемді пайдалану үшін, жолдасым Алтай екеуміз жұма күнгі жұмыс біткен бойда түнде жолға шығып кеттік. Сапарымызды Австрияда оқитын қызымыздың демалысына (пасха мерекесіне байланысты) орайластырып жоспарлағанбыз. Сенбі, 8 сәуір күні таңертең Германияда болдық. Еуропаға сапарымыздың бәрі Германия арқылы басталады екен. Оның себебі, Қазақстандағы неміс елшілігі арқылы шенген визасын аштырудың ыңғайлылығы әрі жылдамдығы болса керек.

Европа 2017 060 Европа 2017 045Европа 2017 051Европа 2017 057

Мюнхен аэропортындағы автокөліктерді жалға беретін фирмадан алдын-ала тапсырыс берген көлігімізді алуға келдік. Осы жерде Еуропа қазақ қоғамдары федерациясының төрағасы Қаюм ағаның қызы Мәруамен кездестік. Дәл сол күні Еуропа қазақ қоғамдары федерациясының мүшелері жиналып, төрағаны қайта сайламақшы екен. Сол себепті Қаюм аға бізді күтіп алуға Мәруа қызын жіберіп, өзі Фатима жеңгей екеуі федерация жиналысында екен. Сол күні Каюм ағамыз ашылғаннан өзі басқарып, біршама жоғары деңгейге жеткізген Еуропа қазақ қоғамдары федерациясы төрағасы тізгінін Швецияда  тұратын білімді де іскер жас Мұрат Ермишке табыстапты. Әрине, Федерация мүшелерінің дауыс беруі нәтижесінде.

Ендігі Еуропадағы 15 күніміз фирманың жалға беретін көлігіне қатысты. Көлік жақсы болса, біздің сапарымыз да сәтті болмақ, себебі сапарымызды көлікпен аралауға жоспарлап шыққанбыз. Фирма біздің үмітімізді ақтап,  2016 жылы шығарылған  жоғары класты жаңа көлікті ұсынды. Біз де сенімді түрде 15 күн серік болар көлігімізді “ерттеп мініп”, Зальцбургке қарай жол тарттық… Мақсатымыз -Пасха мерекесіне орай берілетін оқу орындарындағы демалысты пайдаланып, қызымызбен бірге Еуропаның Скандинавия елдеріне дейін барып аралау. Зальцбургтен қызымызды алып, ертесі Мюнхен арқылы Трирге аттандық. Мюнхендегі туыстай болып кеткен Қаюм ағаның отбасымен амандасып, бір шәй ішіп, сол кісілердің ақ тілегімен жолға шығып кеттік. Жол-жөнекей Германияның да тарихи жерлерін қарау.

Германия жайлы интернет деректеріне үңілсек, Германияны “барлық адамның жері”  дейді екен. Латын тілінде «Германия», яғни, «Allemagne» – «барлық адамның жері» деген мағынаны білдіреді. Германия – туристік маусымның жыл бойына жалғасып, қонақтарын қарқ қылатын қонақжай елдердің бірі. Бұл бекер емес, себебі, ол Орталық Еуропаның ең көрікті мемлекеті. Германия – бүкіл құрлықтың тарихына айтулы өзгерістер енгізген атышулы мемлекет ретінде ерекшеленеді. Мемлекеттік құрылымының формасы жағынан Германия – Парламенттік республика. Негізгі заң бойынша президент билігі шектеулі, одан гөрі билік өкілдері канцлерге (премер-министр) берілген. Елге заң шығару билігі екі палаталық парламентке берілген. Оның жоғарғы палатасы Бундесрат, ал төменгісі (күштірегі) палатасы-Бундестаг. Федералдық үкімет немесе министрлер кабинеті федералдық канцлерден және министрлерден тұрады.

Мемлекетті басқаратын фидеральды президент «бундес президент» болып есептеледі.Ол бес жылға бір рет, онан кейінгі екі бесжылдыққа да сайлана алады. Оны федеральдық жиналыс сайлайды. Жиналыстың құрамы жер парламенті /ландтагтардан/ өкілдерінен құралады. Олар саяси партиялар өкілдерінен тұрады.

Экономикалық дамудың жоғары деңгейінің, жанға жайлы әрі жан-жақты дамыған қалаларының арқасында Германиядағы саяхат көптің көңілінен шығып жүр. Альпі тауларының етегінде жатқан Бад Мергентхайме, Бад Орбе, Висбадене, Баден-Бадене шипажайлары әлем туристерінің алыстан арбалап іздеп келетін демалыс орнына айналып үлгерді. Германияда сізді Рейна қыраттары мен ортағасырлық үздік сарайлар, мұражайға айналып кеткен көне ғибадатханалар, Баварияның ежелгі мәдениетінің озық үлгілері, Шварцвальд аймағы, тыныштық құшағындағы Балтық жағалауы, тарихи ескерткіштер күтіп тұр. Елдің оңтүстігі мөлдір өзендер мен тау шипажайларымен, шарап шығаратын өнеркәсіп орындарымен танымал. Германиядағы көненің иісі мүңкитін Райнфелс (1250 ж), Сунек (1010 ж), Райнек (1832 ж), Райхенштайн, Райнбрайтбах, Айнбрайтбах, төрт мұнаралы Лойсдорф, қамалдар кешені Роландзек, Штольценфельс (1836-1842 жж.), Ланек (XIII ғ), екі ұлы қамал Штерренберг пен Либенштайн (XI және XIII ғғ.), Марксбург сарайы сынды ғимараттар алыстан қол бұлғайды.

Бәрін айт та, бірін айт, салты сара, дәстүрі дара герман халқының өзіндік дара салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптары, мінез-құлқы таңырқамасқа қоймайды.

Ендігі әңгіме неміс халқының ерекшеліктері туралы: Германияда сыраның 5000 сорты, шұжықтың 1500 нанның 300 және минералды сусынның 500-ден астам түрі бар екен; Сыра демекші, германдықтар сырасүйгіштердің көшін бастап тұр. Бұл жерде Октоберфест аталатын әлемдегі ең үлкен сыра фестивалі өтеді. Әлемнің әрбір үшінші сыра өндіруші зауыты Баварияда орналасқан. Германияда қызметкерлерге жұмыс күнінде бір шыны сыра ішуге рұқсат берілген. Олар шетелде өндірілетін сыраларға сенім білдірмейді; Сағыз ең алғаш рет Германияда жасалды. Оны дүниеге әкелген Ханс Ригел. Сондай-ақ, бәрімізге жақсы таныс аспиринді де германдық Феликс Хоффман 1897 жылы жасап шығарды; Германиядаға ең кең таралған спорт түрі – футбол. Германияның футболдан ұлттық құрама командасы планетамыздың ең үздік ойыншыларынан құралған; Германияның полиция қызметкерлері “Мерседес” фирмасының машиналарын мінеді; Немістер қақталған балықты білмейді және одан қатты қорқады; Германияда жұмыс істемей-ақ, мемлекеттің әлеуметтік көмегі арқылы оп-оңай өмір сүруге болады. Бірақ немістер мұндай өмірді өздері үшін тым ұят, намысқа тиеді санайды. Мұнда жұмыс күні ерте басталып, ерте аяқталады. Фирмалардың басым бөлігінде қызметкерлер жасқа қарамастан “сен” деп сөйлеседі. Ресми құжаттардың соңы “Достық сәлеммен” деген фразамен аяқталады; Неміс тіліндегі диалектілердің әртүрлілігі соншалықты оңтүстіктің тұрғындары сөйлегенде, солтүстіктегі телебағдарламалар субаудармашыларды пайдаланады; Германия көшелерінде келе жатып, жергілікті тұрғыннан мекенжай сұрай қалсаңыз, қалтасынан әдеттегідей айфонын шығарады да, навигацияға қарайды. Жолды жақсылап түсіндіріп болғаннан кейін өз көлігімен апарып тастауға ұсыныс жасайды; Ұлттық менталитет: немістер өздерінің денсаулығын өте қатты күтеді, өздерінің не ішіп, не жегендеріне қатаң есеп береді. Пәтерді жалдап тұру ең қалталы деген азаматтардың өзіне қалыпты жағдай, оларда жеке үйдің болуы аса маңызды емес. Татуировкалар мен пирсингтер неміс әйелдері мен ерлерінің арасында кең таралған. Неміс қыздары каблукты көп кимейді. Олар жануарлардың құқығын қатты қорғайды және зәбір көрсеткендерді қатаң жазалайды. Үй-жайы жоқ адамдар мемлекеттен ит алып бағады, себебі, ол үшін арнайы айлық төленеді. Олар ерте тұрып, ерте ұйықтайды. Қарым-қатынасқа келгенде немістер өте қонақжай әрі, кеңпейіл, досқа мейірімді. Қатты әсірелеудің де қажеті жоқ, олар жай ғана жақсы тәрбие алған. Германияда темекі шегетіндер тым аз; Білім беру жүйесі: Неміс мектептерінде 1 – өте жақсы баға болса, 6 – ең нашар баға. Бастауыш мектептен кейін оқушыларды үлгерімі мен тәртібіне қарай жай мектептер мен гимназияларға бөліп тастайды. Ал университетке тек қана гимназия оқушылары түсе алады. Греманияда жоғары білім тегін беріледі. Университеттерде арнайы бекітілген бағдарламалар жоқ, студенттер өз курстарының бағдарламасын бірлесе жасайды. Академиялық бостандық сабақтарға кірмеуге, курс бағдарламасын өзгертуге, өз бетіңмен дайындалуға, қосымша сабақтарға қатысуға мүмкіндік берген. Университетке түсу үшін ешқандай емтихан қажет емес, неміс тілі мен ағылшын тілін жақсы меңгергендігі туралы қағаз өткізілсе жетіп жатыр; Германияның балаларына бәрі рұқсат етілген. Олар не бүлдірсе де ата-аналары жауап береді. Ата-аналары жоқ болса, ешкім жауап бермейді. Бала велосипедпен еркін жүре алу үшін, міндетті түрде мектепте берілетін арнайы жүргізуші куәлігін алу керек; Ол жақта кез келген затты жөндеуге беру жаңасын сатып алғаннан да қымбат екен; Неміс қыздары осы уақтытқа дейін косметика қолданбаған, оларға боянуды үйреткен шетелден келген әйел-қонақтар екен; Германияда әйелдерден еркектер көп; Неміс әйелдері қол алысып амандасады; Қалыптасқан дәстүр бойынша, Германияда қыз бен жігіт кездесуге барғанда, әркім өзіне төлейді. Егер жігіт төлеген болса, қыздың шамасына сенбегені болып саналады; Еуропадағы ең көпірі көп қала – Гамбург. Мұнда 2500-ден астам көпір бар екен. Қаладағы көпірлер Венециядан да (400), Амстердамнан да (1200), Лондоннан да көп; Германиядағы орташа өмір сүру жасы: ерлер – 74, әйелдер – 79; Немістердің бағалауынша елдегі ең лас қала Берлин екен; Онда әрбір рұқсатсыз жұлынған гүл үшін 650 еуро айыппұл салынады; Германияда Еуропаның ең үлкен аквасаябағы “Tropical Islands” бар. Аквасаябақ күндіз-түні жұмыс істейді. Мұнда жүзу бассейіні, жағалау, өсімдіктерге, құстарға, гүлдерге бай тропикалық орман, кафелер мен мейрамханалар бар тропикалық ауыл, балалар аймағы, мини-гольф, фитнес-клубтар мен сауналар, 27 метрлік төбешіктен басталатын (горка) аттракциондар бар. Әрбір ниет білдіруші адам әуе шарымен ұша алады.
Біз атбасын бұрған Трир қаласы – Германияның батыс жағында Рейнланд -Пфальц аймағында орналасқан. Қаланың екінші аты бар – «Солтүстік Рим». Себебі б.з.б. 15 ж. Рим императоры Октавиан Август қаланың негізін салған. Сол себепті қаланың алғашқы аты «Августа Треверум» болған. Треверум – аталуы, бұл жерлер алманиялық Тревер тайпасының жері болған.

DSC09015 (1)Европа 2017 275Европа 2017 15Европа 2017 229

Қалада тарихи маңызды, көрнекті жерлер өте көп.  Қаланы құс ұшатын биіктен бақылағыңыз келсе, 1859-1866 жылдары таудың басына тұрғызылған 40 метрлік қасиетті Мария колоннасына баруыңызға болады.

DSC09009Европа 2017 153Европа 2017 154Европа 2017 240

Қаланың ең басты көрнекті жері – Порта Нигра қақпасы (Қара қақпа). Олай аталу себебі, қақпа тастарының қарайып кетуі себепті солай атаған. Алғашында тастар ақ болған. Бұл қақпа Рим қаласының қабырғаларының бөлшектері саналады, қаланың басқа жерлерінде де оның кейбір бөлшектері кездеседі. Ішінде гарнизон және кеден болған. Бүгінде бұл жер музейге айналған, ішіне кіріп тамшалауға да болады, римдік түпнұсқа орнаменттер де, кейінгі шіркеу безендірулері де сақталған.

DSC08862 DSC09031Европа 2017 258Европа 2017 252

Трирде, сондай-ақ, Ұлы Константин кезінде салынған Рим дәуірінің ескерткіштері – термдер сақталған. Ол кездерде Трир біраз уақыт Батыс Рим империясының астанасы болған еді. Алайда термдарді көр салғанмен, бәрі де аяқсыз қслған. Ғасыр ортасында оларды құрылыс материалдары үшін пайдаланған. Бүгінде солардың қалдықтары бар. Ампитеартдың да тек биік емес қабырғалары ғана  қалған.

DSC08993DSC08891Европа 2017 159Европа 2017 161

Римдік құрылыстардың тағы бірі – Константин базилигі (IVғ.). Рим империясы кезінде мұнда  императордың трон залы болған. Ол заманнан тек қана қабырғалары қалып, қайта жөндеуден өткізіліп, ХІХ ғасырдың ортасында шіркеу орналасты. Франкентурм –  ортағасырдағы қамал-үйлер. Мұндай үйлер Трирде бірнешеу ғана.

DSC08907Европа 2017 269Европа 2017 263DSC09077

Қаладағы Мозель арқылы өтетін көпір де Рим дәуірінен қалған ескерткіш. Біз дәл осы көпір жанындағы қонақ үйде тұрдық. Міне,  мұның бәрі Рим дәуірінен келе жатқан тарихи ескерткіштер. Алайда, Рим империясы құлағаннан кейін де тарих тоқтаған жоқ қой, Х ғасырда қала ірі архипескоптардың орталығына айналып, көптеген шіркеулердің салынуына негіз болды.

DSC08998Европа 2017 207Европа 2017 205Европа 2017 204

Трирдегі кафедралды собор Германиядағы ең көне саналады. Бұл жерде алғашқы шіркеу 320 жылы салынған. Алайда, біздің көргеніміз тура сол жылдардағы болмаса да , өте көне шіркеулер.

DSC08927Европа 2017 246Европа 2017 245Европа 2017 150

Қаланың көрікті жерлері тек шіркеулермен шектелмейді, басқа да Германия қалалары тәрізді, Трирдің де өз базар алаңы бар, бірақ базар жоқ.

DSC08930Европа 2017 248Европа 2017 232Европа 2017 222
Мозель жағалауында бірнеше көтеру механизмдері сақталған. Олар кораблдерді көтеруге, түсіруге арналған. Ең көне кран XV ғасырда салынған, көтеру мүмкіндігі екі тоннаға жуық.

DSC09049Европа 2017 205Европа 2017 207Европа 2017 188

Ескі порт краны

Сондай-ақ, Трирде әдемі үйлер өте көп. Ондай үйлер туристер жүрмейтін жерлерде де бар.

DSC08987Европа 2017 229Европа 2017 251Европа 2017 192

Трир қаласы өте көрікті және тарихы бай. Бұл қала – Карл маркстің туған жері ретінде де тарихта танымал. Қала – дүниежүзілік мәдениет мұралары тізіміне кіріп, ЮНЕСКО-ның бақылауында тұр.

Германияға жолыңыз түссе, міндетті түрде Трирді де барып көріңіз.

Сонау көне дәуірлердің куәсі болған тас қамалдар мен қорғандарды аралай жүріп алар әсерің мол болары сөзсіз.

Біз аралаған Германияның тағы бір қаласы Гамбург немесе Еркін және Һанзалық Гамбург қаласы.

Европа 2017 553 Европа 2017 551 Европа 2017 548 Европа 2017 546

Гамбург – Германияның екінші ірі қаласы, Еуропалық Одақтың жетінші ірі қаласы және Еуропалық Одақтағы астана емес қалалардың арасындағы ең көп қоныстаған қала болып саналады. Тарихи ескерткіштерге бай Гамбург қаласы –  әлем елдерінен келетін жолаушылар және жүк таситын кемелер тоқтайтын Еуропадағы ең ірі порт қаланың бірі.  Қаланың негізін 811 жылы Людовик Благочестив қалаған. Атауы – Хаммабург (Hammaburg) – Орманды қалашық дегенді білдіреді. 845 жылы қаланы викингтер өртеп жібереді. Содан кейінгі 300 жылда қала өртеніп,  сегіз рет қайта салынған. Бүгінде Гамбург 7 ауданнан тұрады және 105 блоктарға бөлінген. Гамбург Еуропадағы ең ірі порт қалаларының бірі, Гамбургтен Эльба өзені ағып өтеді. Қаланың басты бағыты – телемұнара және Қасиетті Михаил шіркеуінің қола үшкірі. Оның биіктігі – 132 метр. Қала қалқы оны «Михель» деп атайды. Ерте заманда Гамбургке жүзіп келетін карабль капитендары алдымен осы үшкірді байқайтын болған. Ал Генрих Герц атындағы телемұнара биіктігі – 271,5 метр.  Айнлып тұратын 132 метрлік алаңында мейрамхана орналасқан. Гамбург бейнесін көбінде сумен анықтайды. Қалада 2500 көпірлер бар. Гамбургті – «Германияның әлемге ашатын есігі» деп те атайды. Мұнда әлемдегі ең үлкен порттардың бірі орналасқан. Неміс экспорты мен импортының жартысынан астамы Гамбург порты арқылы өтеді. Жылына әлемнің 12 мыңдай кемесі келеді екен. Туристік кораблге отырып айнала жүріп өтіп, ұмытылмастай әсер алуға болады.

Европа 2017 626 Европа 2017 617 Европа 2017 614 Европа 2017 613

Қаланы көрікті орындарына ренессанс дәуірінен қалған Ратуша да жатады. Мұнда қала мэриясы мен сенат орналасқан. «Чилихаус» және «Шпринкенхоф» үйлері,  Бисмарк ескерткіші,опера театры, 17-18 ғасырлардан қалған үйлер мен көптеген шіркеулер жатады.

Европа 2017 539 Европа 2017 536Европа 2017 542Европа 2017 561

Соңғы жылдары қалада  таза­лық өзектi мәселеге айналған.Ауаны ластамас үшiн зиян­ды газдардың мөлшерiн 2010 жылы 15 пайызға азайтса, ал ұзақ мерзiмде  қала жоспарында 2020 жылы бұл көр­сеткiштi 40 пайызға, 2050 жылы 80 пайызға азайту көзделген.Қала көшелерінде автобустардың қозғалтқыштары сутегімен жүреді, яғни ауаны ластамайды. Халықтың көбі велосипедтермен жүреді. Қалады 70 велосипед сақтайтын және жалға беретін станциялары бар. 2011 жылы қала қоршаған ортаны қорғау бойынша Еуропа астанасы атағын алған.

Европа 2017 609 Европа 2017 608 Европа 2017 587 Европа 2017 561

Қаладағы көптеген музейлерді аралау үшін музейлер карточкасын немесе отбасылық билет алып, сонымен барлық музейлерге кіруге болады.  Туристер үшін арнай жеңілдетілген «Hamburg CARD» деп аталатын карточка бар. Онымен қаланың барлық ткөлік түрлеріне және 27 музейге кіруге, қала саяхатына, судағы саяхатқа пайдалануға болады.

Европа 2017 560 Европа 2017 559 Европа 2017 556Европа 2017 631

Біз онда ұзақ болмайтын болғандықтан, бір күндік арнайы гиді бар екі қабатты автобусқа билет алдық. Алайда, біз отырған автобуста орыс тіліндегі аудармасы жұмыс істемейді екен. Қаланы тек қана үнсіз тамашалауымызға тура келді…

Жолымыз түскен Германияның тағы бір қаласыГермания астанасы -Берлин қаласы. Берлин  Шпрее өзенінің сол жағалауында орналасқан. Арада бес ғасыр өткенде сол Берлин немістің Бранденбург мемлекетінің маңызды сауда орталығына айналды. 1486 жылы Гогенцоллердің резиденциясына айналған. 1871 жылы ол Герман империясының астанасына айналды. Бірінші дүниежүзілік соғыстан соң Берлин керемет көркейіп, көріктене түсті. Ал дүниежүзілік екінші соғыстан кейін ол қирап қалды. 1961 жылы коммунистердің айтуымен Берлин қабырғасы тұрғызылып, екі Германия екі түрлі лагердің сойылын соқты. Ал 1889 жылы Бундестагтың шешімімен Берлин Германия Федеративтік Республикасының астанасына айналды.

1280px-Berlin_Brandenburger_Tor_Abend 1280px-Berlin_-_Friedrichstadt_Palast3 1024px-Berlin_Rotes_Rathaus_B 1280px-Berlin_Reichstagsgebaeude_dk1199
Қалада 3,4 млн. халық тұрады. Олардың төрт жүз мыңнан астамы 182 елден келген шетелдік азаматтар. Берлин Мәскеу мен Париждің екі аралығындағы ең үлкен қала. Ол 892 кв. Км. Аймақты алып жатыр. Екінші дүниежүзілік соғыста қирап қалған қала адам танымастай өзгерді. Берлинде газет журнал басатын жаңа техналогиямен жабдықталған 10 баспахана және ақша айналымы жөнінен дүниежүзіндегі ең үлкен базар бар. Қаладағы төрт университетте жүз мыңнан астам студент оқиды. Сондай-ақ әртүрлі мамандар дайындайтын он институт, 50–ден астам ғылыми-зерттеу институттары бар, онда 50 мың адам жұмыс істейді. Жалпы Германия мәдениетке ерекше көңіл бөледі. Қалада 200-ден астам жекеменшік сурет галереясы, 150 театр бар. Онға жуық филармониялық оркестр бар. Жылдың 365 күнінде Берлин бір сәт демалуды білмейді. Күн сайын әртүрлі шаралар өтіп жатады. Мысалы, ақпан айында халықаралық кинофестиваль, мамырда театр фестивалін өткізу ежелгі дәстүр. Ал маусым айында халықаралық әдеби фестивальдің оты жанады. Берлиндегі қонақүйлері мен мейрамханаларда есеп жоқ. Қазіргі кезде ол Еуропадағы ең көрікті қала болып саналады.

Париждегі Эйфель мұнарасы, Римдегі Колизей, Лондондағы Тауэр секілді, Брандебург қақпасы Берлиннің символы саналады. Қақпа 18 ғасырдың соңында  пруссиялық  король  ll Фридрих-Вильгельмнің бұйрығымен салынған. Оның ең негізгі безендірілуі –  қақпа үстіндегі ертедегі гректің әлем құдай-анасы Иренаның  төрт ат жеккен арбасы бейнеленген қола фигура. Оның биіктігі  25 метр. Бұл бейне Наполеонға қатты ұнап, 1806 жылы Берлинді жаулап алғанда, өзімен бірге Парижге алып кетеді. Бірақ сегіз жылдан кейін оны қайтадан жеңіп алып, орнына қояды. Бұл орын Берлинге келген туристердің соқпай кетпейтін орындарының бірі. Бұл бір кездегі қала қамалының негізгі қақпасы болған.

Европа 2017 322 Европа 2017 320 Европа 2017 317 Европа 2017 315

Берлин қабырғасы да туристердің қызығушылығын тудыратын орындар. Алайда, бүгінде оның қалдықтары ғана қалған деп айтуға болады. 1961 жылы коммунистердің айтуымен Берлин қабырғасы тұрғызылып, екі Германия екі түрлі лагердің сойылын соқты. Берлин қабырғасы тек Германия мемлекетінің ғана емес Берлин қаласының екіге бөлінгенін көрсетеді, Батыс Берлин, Шығыс Берлин деген екі қала болды, 1989 жылға дейін ол қабырғасынан 50 шақты туннел қазылып туған туыстарымен байланыс жасалған.

Тағы бір көруге тұратын орынның бірі –  Жеңіс колоннасы. Алтынмен апталған биік мұнара басындағы Алтын Элза Берлиннің қай тұсынан қарасаң да мен мұндалап жарқырайды. (мұнара төбесінде Жеңіс  құдай-анасы Виктория фигурасы орнатылған). Тиргартен саябағының ортасында орналасқан колоннаның биіктігі 67 метр, төбесінде қаланың тамашалау мұнарасы бар.

Коллонна Германияның 19 ғасырдағы Дания, Австрия, Франциямен болған шайқастарының жеңісінің нәтижелері мен Германия жерінің бірігу процесінің аяқталуын бейнелейді. Колонна король Вильгелмнің бұйрығымен 1873 жылы салынған.

Европа 2017 344 Европа 2017 296 Европа 2017 295Европа 2017 340

Берлиндегі неміс опера театры. Оның  іргетасы 1912 жылы қаланған.Театр  Шарлотенбург қаласының операсы ретінде құрылған.Алғашқы аталымы Немістің опера үйі.Театрдың алғашқы қойылымы Людвиг ван Бетховеннің «Фиделио» (дирижерлік еткен  Игнац Вагхальтер)болды. 1920 жылы Шорлотенбург Берлин қаласының құрамына енгізілді.1925 жылы театр қалалық деп аталды.Билікке  ұлтшылдар келген соң,театр қалалық әкімшіліктің басқаруына өтіп,империялық халық ағарту мен насихат министрлігіне бағынып,бұрынғы атауы қайтарылды.193 5жылы реконструкция жасалды.1943 жылдың 23 қарашасында бомбалаудан бүлінді.Неміс опера театрының жаңа ғимараты 1961 жылы қайта салынды.Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін театр тарихында орын алған музыкалық жаңалықтарға тоқталсақ: олар  әлемдік опера премьерасы Роджер  Сешенстің «Монтесум» (1964), Ханца Вернер Хейнцтің  «Жас  лорд»(1965),Луджий   Даллапикалло «Улисс»(1968),Вольфанг  Фортнер «Елизаветта Тюдор» (1972) Маруся Кагель «Германияданбыз»(1981) Вольфанг Римнің  «Эдип» (1987) опералық қойылымдары болды.

Европа 2017 313 Европа 2017 307 Европа 2017 300 Европа 2017 297

Екінші дүниежүзілік соғыстың «естеліктерінің» бірі Рейхстаг. Қазақстандықтар Рейхстагты жерлесіміз Рахымжан Қошқарбаевтың ту тігуімен тікелей байланыстыра еске алады. Ол небәрi 21 жасында ел үшiн, халқы үшiн адам сенгiсiз ерлiк жасады. Бiрақ, оның ерлiгi сол тұстағы саясаттың кесiрiнен көзге еленбедi. Ұсыныс жасаушылар да, араға түсушiлер де болды. Ең алғашқы болып батыр Бауыржан Момышұлы жоғары жаққа хат жазып, Рахаңның ерлiгi туралы мәлiмет жасады. «Мен де соғысқа қатыстым. Дивизияға дейiн басқардым. Төрт жыл бойғы сұрапылдың небiр сұмдықтары көз алдымда. Бiрақ, Берлиндi алардағы, Рейхстагқа ту тiгердегi қырғын – ол нағыз ақырзаманның өзi. Жаңағы жiгiт сол тозақ отының iшiнде болған. Сол алапаттан аруақ қолдап, аман шыққан. Жеңiс жалауын тiккен! Тағдыр оның тарихи адам ретiндегi өмiрбаянын сол сәтте жазған!!! Сендердiң мiндеттерiң – ендi соны елге айтып, жалпақ жұртқа жеткiзу» деп кейiнгiлерге ұмытылмастай айтып кетуi үлгi-өнеге болды.

Европа 2017 331 Европа 2017 330 Европа 2017 329 Европа 2017 332

Ендi сол жылдардағы құжаттарға назар аударайық. 150-атқыштар дивизиясының жауынгерлiк журналында былай деп жазылыпты: «45 жылғы 30 сәуiрде 14.25-те 654-атқыштар полкының жауынгерлерi лейтенант Қошқарбаев пен барлаушы Булатов ғимараттың орталық бөлiгiне жер бауырлап жетiп, оған кiрер бас қақпаның басқышына қызыл жалауды iлдi». Сол күнi Совинформбюро «Бүгiн 14 сағатта кеңес жауынгерлерi немiс Рейхстагының ғимаратын алып, оған «Жеңiс Туын» қадады деп ресми мәлiмдеме жасайды. Ал, 3 мамыр күнi жарық көрген «Воин Родины» газетiнiң «Олар соғыста ерлiк көрсеттi» рубрикасымен берiлген мақаласында былай деп жазылды: «Отан өз батырларын асқан құрметпен даңқын асырады. Кеңес батырлары, халықтың ең таңдаулы ұлдары болып табылады. Олардың ерлiк iстерi туралы талай кiтаптар жазылып, өлеңдер шығарылатын болады. Олар гитлеризмнiң ошағын тұншықтырып, ордасына Жеңiс Туын тiктi. Батырларымыздың есiмiн еске алайық: олар – лейтенант Рахымжан Қошқарбаев, қызылжауынгер – Григорий Булатов… Отан оларды ешуақытта ұмытпайды. Батырлардың даңқы арта берсiнө».

Осыдан соң, 150-атқыштар дивизиясының басшылығы бiр топ адамды Кеңестер Одағының Батыры атағына ұсынды. Олардың арасында Рахымжан Қошқарбаевпен бiрге Булатов, Проваторов, Орешко, Лысенко, Греченков және бiрнеше жауынгер де болады. Оларды атаққа ұсынған ұсыным хаттағы арнайы түсiндiрмеде: «…олар 30.04.45 жылы Рейхстагқа басып кiрiп, Жеңiс Туын тiктi…» деп көрсетiледi.

Европа 2017 321 Европа 2017 336 Европа 2017 335 Европа 2017 333

Бiрақ, кеңес халқының әрбiр оқушысына белгiлi болғанындай, Рейхстагқа Жеңiс Туын тiккен сержант Михаил Егоров пен кiшi сержант Мелитон Кантария болып шықты. Бұл шешiм сол күнi-ақ, яғни, 1945 жылы 30 сәуiрде кешкi сағат 10-да шешiлiп қойылған iс едi.

Қазiр бiреумiз бiлсек, екiншiмiз бiлмеуiмiз де мүмкiн. Себебi, Рейхстаг төбесiне сол күнi бiреу емес, екеу емес, 40-қа жуық қызыл ту тiгiлген едi. Алайда, солардың арасында тек қана Егоров пен Кантария тарихқа ендi.

30 сәуiр күнi 14 сағатта кеңес әскерлерi Рейхстагқа басып кiрiп, ғимараттың орталық бөлiгiне бiрнеше ту iлген. Лейтенант Қошқарбаев пен қатардағы жауынгер Булатов Рейхстагтың шатырына орналасқан аттылы мүсiн ескерткiшiне Жеңiс Туын қадайды. Ал лейтенант Алексей Берест орталық алаңға кiреберiс бағанасына алғашқы тулардың бiрiн iледi. Бұл – №5-дивизияға тапсырылған ту болатын.

Жасыратын ештеңе жоқ, кескiлескен ұрыста немiстер бiрнеше рет кеңес әскерлерiнiң бетiн қайтарып та тастайды. Ең соңғы шабуыл кешкi сағат 9-да басталады. Лейтенант Алексей Берестiң тобы жоғары қабатқа өтiп, бiрiнiң үстiне бiрi шығу арқылы Рейхстаг төбесiне 22.50-де Жеңiс Туын тiгедi.

Тарихшылардың зерттеуi бойынша, Жеңiс Туын тiгудiң өзi үлкен саясатқа құралады. Ең шешушi сәттiң алдында бұл мәселенiң өзi Жоғарғы Бас қолбасшының қатысуымен шешiледi. Көсемнiң сол тұстағы емеурiнi Жеңiс Туын орыс адамы мен грузин адамының қолымен болған ерлiк iс едi деудi қалайды. Олардың ерлiктерi сол кездiң өзiнде кинофильмдерге түсiрiледi. Ол кадрларды түсiру үшiн бiрнеше рет Рейхстагқа шабуыл жасау сәттерi қайталанады. Әрине, ол фильм кескiлескен шайқас өтiп жатқан 30 сәуiрде емес, кейiн бәрi басылған соң, 2 мамырда түсiрiлген едi.

1946 жылы мамыр айында Рейхстагқа Жеңiс Туын тiгушiлердiң бiр тобына «Кеңестер Одағының Батыры атағын беру туралы» КСРО Жоғарғы Кеңесi Президиумының Жарлығы шығады. Жарлық бойынша 5 адамға: капитан Давыдовқа, сержант Егоровқа, кiшi сержант Кантарияға, капитан Неустроевқа және аға лейтенант Самсоновқа Батыр атағы берiледi. Егоров пен Кантария түсiнiктi, бiрақ, қалған үшеуi Рейхстагқа Ту тiгушiлер емес, оған шабуыл жасаған батальон командирлерi едi. Олардың арасында нағыз ерлiк көрсеткен жоғарыда аты аталған Алексей Берес те болмай шығады. Себебi, ол саяси қызметкер болатын. Ал, наградаға ұсыну қағазына қол қойған маршал Жуков саяси қызметкерлердi жек көретiн.

Берлин үшiн болған ұрыс 1945 жылы 2 мамырда аяқталады. 3 мамыр күнi Жеңiс Туы Рейхстаг төбесiнен түсiрiлiп, оның орнына басқа ту iлiнедi. 20 маусымда Егоров пен Кантария арнайы ұшақпен Жеңiс Туын Мәскеуге жеткiзедi. Содан берi Жеңiс Туы Қарулы Күштер мұражайында сақталуда.

Жеңiс Туы туралы соңғы бар шындық осыған саяды.

Бұл мәлiметтердiң бәрi Харьков қаласының «Фолио» баспасынан 2006 жылы шыққан «Кеңес дәуiрiнiң 100 белгiлi символдары» кiтабының «Жеңiс туы» атты мақаласында жан-жақты көрсетiлiптi.

«Адам баласының қолымен жасалғанның бәрi – уақыт пен төзiмнiң жемiсi» дептi атақты Бальзак. Бiздiң даңқты жерлесiмiз Рахымжан Қошқарбаевты сонда да халық батыр деп таныды. «Ештен – кеш жақсы» деген. 1999 жылы Жеңiс күнiнiң қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығымен Рахымжан Қошқарбаевқа «Халық Қаһарманы» атағы берiлдi.

1945 жылғы 16 сәуір мен 8 мамыр аралығында Ұлы Отан соғысы барысындағы аса ірі шабуыл операцияларының бірі саналатын – Берлин Операциясына  Қазақстанда жасақталған үш атқыштар дивизиясы мен бір артиллерия, екі атқыштар полкі қатысты. 8 мамыр күні сағат 22-ден 43 минут өткенде Берлин қаласы жанындағы Карлсхорст деген жерде германдық қолбасшылар өкілдері үзілді-кесілді тізе бүгу туралы актіге қол қойды.

Жоғарыда айтылған Тиргартен саябағындағы Кеңес одағы әскерінің ерлігіне орнатылған монумент маңы да келушілерден кенде емес. Бұл жер адамзаттың қайғысы мен  ерлігі жөнінде еріксіз ойландырады. Соғыстың соңғы күндері мерт болған мыңдаған кеңес әскерін, сұрапыл соғысты  еске салады. Берлин операциясы кезінде кеңестік әскерлер 78291 адамынан айрылды, 274 184 адамы жаралы болды, контузия алды. Берлин операциясына қазақстандық 118-313 – атқыштар дивизиялары жəне 209- атқыштар полкі қатысты. Берлин ратушасын алуда 118-атқыштар дивизиясының взвод лейтенанты К.Маденов, ал көше шайқастарында И.Б.Мадин, Рейхстагка ту тігуде Р.Қошқарабев ерлік танытты. Айтпенбет Нақыповтың танкі қала алаңына ескерткіш ретінде қойылды. Берлин операциясында 27 қазақстандық ерліктерімен көзге түсіп, Кеңес Одағының Батыры атағын иеленді. Осы ерліктің нышаны – Кеңес одағы әскерінің ерлігіне орнатылған мемориал.

8896652wjy-768x1217 Европа 2017 321 pamsol1 big_0Berlin_Treptow_Ehrenmal_07

Мемориал 8 метрлік екі кеңес солдатының мүсіні, Т-34 екі танкі, 200-дей офицерлер мен солдаттардың есімі жазылған ескерткіш стелла осы мәңгілік ескерткішті бейнелеп тұр. 72 жыл өтті. Берлинді құтқарушылар түгелге жуық қайтыс болды десек те болады, Алайда, олардың миллиондаған ұрпақтары әкелері мен аталарының осынау ерліктеріне мың алғысын білдіреді.

Осы шайқастардың бәрінде де алдыңғы шепте қазақ жауынгерлері жүрген деп естиміз. Берлинді алуда да Қазақстандық дивизиялар мен полктер қатысқан… Алайда Кеңестік саясат Қошқарбаевтың ерлігін жасырғандай, барлық жерлестеріміздің ерлігін көрсетпегені анық. Мемориал стелласында жазылған есімдер арасынан қазақты таппаймыз ба деп қиналып едік, бірақ, біренеше қазақ есімдерін көріп көңіліміз өсіп қалды. Бар екен жанын қиған аталарымыздың есімі. Қуандық, еске алдық, құран бағыштадық, бас идік…

Берлиндегі  Отан соғысы «ескерткіштерінің» бірі  – «Азаттық жауынгері». Әлемге әйгілі «Азаттық жауынгері» монумент-ескерткіштің прототипі Қазақстандық  жауынгер Иван Степанович Одарченко көрінеді. Ол Ақмола облысы Маринов ауданының «Красная заря» колхозының тумасы екен.

1946 жылдың басында КСРО Үкіметі Ұлы Отан соғысындағы кеңес халқының өшпес ерлігін бейнелейтін еңселі ескерткіш орнату жөнінде шешім қабылдайды. Осыған байланысты жарияланған конкурсқа елуге жуық авторлық ұжымдар қатысады. Олардың арасында шетелдік талапкерлерде болған. Жеті рет өлшеп, бір рет кескен жюри мүшелерінің таңдауы сәулетші совет үкіметінің талантты мүсінші-монументалисті. КСРО Халық суретшісі. Социалисттік Еңбек ардагері, бес  Сталиндік және Лениндік марапат жүлдегері. Ұлы Отан соғысының ардагері, отставкадағы подполковник Я.Белопольский мен мүсінші Е.Вучетичтің жобасына тоқталады.

Мүсін сюжеті өмірдің өзінен алынады.  1945 жылы 30 апрельде Соңғы шайқас дүрбелеңі алдындағы бір сәтте кенет жас сәбидің жылаған дауысы естілді. Баласын жетектеп көшені кеспек болған неміс әйелін фашист оғы баудай түсіреді. Сол кезде сержант Николай Масалов қауіп-қатерге қарамастан фашистер боратқан оқ астымен еңбектей жылжып, Потсдам көпіріне жетті де, үш жасар сәбиді алып қайта оралады. Жау елінің баласы болғанымен кеңес жауынгері өзінің жанын аямай бейкүнә сәбиді құтқарғаны барлығымыз үшін мақтан тұтарлық жағдай. Алайда бұл солдаттың аты-жөні сол кезде беймәлім қала береді.

Вучетич өзінің кейіпкерін іздей бастайды. Өзінің алғашқы кейіпкерін ол 1945 жылы Венадан табады. Ол старшина Виктор Михайлович Гуназа болатын.  Ең алғашқыда жауынгердің қолында ұл бала болуы керек деп шешіледі, бірақ Виктор Михайлович адам ұрпағының жалғастырушысы қыз бала болғандықтан, ескерткіште қыз бала бейнеленуі керек деп айтты. Белгісіз себептермен ол тек қана дублер болады, ал негізгі кейіпкер Иван Степанович Одарченко болады.

Бастапқыда И.Одарченконың қолында неміс ваятелі Феликс Краузенің Марлена деген қызы отырған, одан кейін Е.Вучетич: „Біз кеңес жауынгеріміз, бұл соғыста біз өз әйелдеріміз бен балаларымыздың бақыты үшін соғыстық, сондықтан сенің қолыңда кеңес қызы болуы керек“ дейді. Осылайша ескерткіште Берлиннің Васензее әскери комендатурасының коменданты, генерал-майор А.Г.Котиковтың үш жасар қызы  Светлана Котикова бейнеленетін болады.

     Е.Вучетич И.Одарченкомен „Азаттық жауынгерінің“  мүсінін жасау үшін жарты жыл бойы жұмыс жүргізді. Ескерткіш 13 метрлік қоладан құйылады, салмағы 72 тонна болады. Ескерткішті жасауға жоспар бойынша жарты жыл уақыт керек еді. Завод территориясында жатахана салынады. Көптеген шеберлер: форма жасаушылар, құюшылар, ерітушілер және т.б жұмыскерлер 12-15 сағат бойы жұмыс істеуінің нәтижесінде „Азаттық жауынгерін“ Ленинградтық шеберлер 7 апта уақытта құйып шығарып,  Берлинге жеткізді.

Ескерткіштің мерекелік ашылу салтанаты 1949 жылдың  8 мамырында болады.Трептов парктің кіре берісінде неміс және орыс тілдерінде мынандай сөздер жазылған:“Отанымыздың бостандығы мен тәуелсіздігі үшін құрбан болған батырларымыз мәңгі есімізде„.

Біздің аталарымыз бен әжелеріміз Отан үшін қасық қаны қалғанша соғысты. Өткен соғыста 2 миллионға жуық қазақстандық майданға аттанып, жартысы майдан даласынан оралмады. Ұлы Отан соғысы біздің халқымыздың, аға буын өкілдерінің, аталарымыз бен әжелеріміздің биік рухын, ерлігі мен қаһармандығын күллі әлемге танытқан соғыс болса, Ұлы Жеңіс – аға ұрпақтың сол ұлы ерлігін паш ететін қастерлі де Ұлы мереке. Осынау бір теңдесі жоқ қанды соғыста халықтың басынан кешкен қайғы-қасіреті мен көрсеткен ерлігі адамзат баласының көкірегінен өшкен емес. Жат жерде көз жұмған боздақтардың есімі ел жадында мәңгілік сақталуы тиіс.

Берлиндегі бір күндік саяхатымыз жат жерде көз жұмған боздақтарды еске салар мемориалға тағзым етумен аяқталды.

(Жалғасы бар.)

Жаңыл Әпетова

  




Comments are closed.

Back to Top ↑