banner-top12

Құрылтай no image

Қосқан уақыты Маусым 3, 2014 | 687 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Жасампаз қазақ халқы қаншама ауыр болса да, нарықтық тіршілік жүйесіне тез бейімделді

Алматы қаласы Әкімдігі Ішкі саясат басқармасы мен Халықаралық «Жанашыр» қоғамды қоры ұйымдастырған «Елге оралып, еңбегі жанғандар!» атты Оралмандардың Алматы қалалық форумында сөйлеген сөзі.

 

Қадірменді  отандастар, қымбатты ағайындар!

Біз бүгін Алматы қалалықӘкімдігі және Халықаралық «Жанашыр» қоғамдыққоры ұйымдастырған алқалы басқосуда  отырмыз. Елге оралған кәсіпкерлер кауымы атынан маған сөз бергендеріңізге рахмет!

Еліміз тәуелсіздік алғандығына енді ғана 20 жылдан асқан жас мемлекет. Ол және қатаң жоспарлы экономикалық негіздегі әкімшілдік-әміршілдік жүйенің шекпенінен шыққандығын ұмытпауымыз керек. Ел үкіметі тәуелсіздікті нығайтумен бірге тұтас экономикалык және әлеументтік саларларда түбегейлі құрылымдық реформалар жүргізді. Ешқандай дайын тұрған тәжірибе жоқ жас мемлекетке бұл айтуға ғана оңай!

Естеріңізде болар, 1992 жылы ел басы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев елімізге сапарлай келген  Иран Ислам Республикасы делегациясымен кездесуінде: «Біз экономикалық бағыт ретінде нарықтық экономика жолын таңдап алдық. Сол себепті, біздің халқымызға қалай еңбек етумен өмір сүруді, жаңа бастан үйренуге тура келеді» – деген болатын. Шын мәнінде жасампаз қазақ халқы қаншама ауыр болса да, нарықтық тіршілік жүйесіне тез бейімделді. Бұнда айтпай кетуге болмайтын аса маңызды бір фактор – нарықтыққатынастар әлдеқашан орнаған елдерден, мәселен, Еуропа, Түркия және Қытай елдерінен келген қандастарымыз еліміз халқымен бірге өсіп, өркендеді және нарықтық экономиканыңқалыптасуына өз үлесін қосты. Өз басым елге оралған миллиондаған қандастарымыздың ішінде, өз еліне келіп, еңбегі жанған сан мыңдаған орта және шағын бизнес өкілдері мен мыңғыртып мал бағып, жайқалтып егін салған шаруа қожалықтарын білемін. Қызмет көрсету саласында еңбек етіп жүрген майталман мамандар да жетіп артылады. Мәселен, әлеументтік тамақтандыру орындары мен шаштараз және сұлулық салондарында елге оралған қандастарымыздыңқомақты бөлігі еңбек етеді. Ал өндіруші кәсіпорындар ашып, отандық тауарлар өндіретін кәсіпкерлерден бір ғана өз қаламыздан: Нығарбайұлы Төлеген (Моңғолия), Өнерханұлы Қуанышпек (Моңғолия), Қалметұлы Дәурен (Қытай), Қалиұлы Ғылымхан (Қытай), Мерхамитқызы Фарида (Қытай), Төлегенқызы Бахаргүл (Қытай), Әбдіқадырұлы Қамбар (Ауғанстан), Аманжол Рақаш (Өзбекстан)  қатарлы  кәсіпкерлерді айрықша атар едім. Олар қарапайым саудагерден  кешенді өндіруші кәсіпкерлерге айналған. Бүгінде өз жұмыстарын дөңгелетіп, қазынаға салық тапсырып, сан мыңдаған адамға жұмыс беріп отыр. Тәуелсіздіктің арқасында бұлардыңқатары үздіксіз көбейе беретініне сенемін.

Мен басқаратын «Алатау-АвтоСпецТехникасы» негізгі іргетасы  2000 жылы қаланған, қазір кәсіпорында 240 адам тұрақты жұмыс жасайды. Жылына мемлекетке 100 миллион теңгеден аса салық төлеп отырмыз. Кәсіпорын жол жөндеу, су құбырларын ауыстыру, құрылыс салу, қаланы абаттандыру,  техника сату және қызмет көрсету  жұмыстарымен  айналысады. Кәсіпорын өз деңгейінде мемлекетке салық төлеу және халықты жұмыспен қамтамасыз ету жағында мемлекетке елеулі үлесін қосып келеді. Осы еңбектін арқасында кәсіпорын Алматы қалалық, облыстық және аудандықәкімшілік орындардан  көптеген мақтау алғыс хаттарын алды! Мен мұны еліміздің тәуелсіздігінің жемісі деп білемін.

Әрине, біздің орта және шағын бизнестің жағдайы барлығы да жақсы деп айту қиын. Әлі де шешілуге тиісті  мәселелер шаш етектен.  Әкімшілік кедергілер де айтарлықтай ауыр. Бізде шынайы адал бәсекелестік жеткілікті қалыптасқан жоқ. Лицензиялау  қатарлы құжаттандыру жұмысы тым күрделі. Еліміз байтақ, жеріміз бай болғанымен, халқы сирек және бытырай қоныстануына байланысты, тұтыну нарығы шектеулі. Инфрақұрылым жеткілікті дамымаған және бұл салада монополия тіптен ауыр. Біздің елде өндіруші өнеркәсіп, бірін-бірі өзара толықтыратын өндірістік жүйе мүлдем кенжелеп қалған. Еліміз кеден одағына кіргелі бері бұл жағдай одан бетер ауырлай түсті. Өндіріске қажет қосалқы бөлшектер мен шікізаттардың ауқымды бөлігі Қытай, Корея, Түркия және Жапония  қатарлы техникасы мен өндірісі  қатар дамыған елдерден тасымалданатын қажетті тауарладың бағасы аспандап кетті.  Соның кесірінен өндірілген тауарлардың  бағасының да қымбаттауына әкеліп соғып отыр. Демек, бұл еліміз өндірісінің бәсекелестік қабілетіне ауыр соққы. Алда еліміз дүниежүзілік сауда ұйымына кіретін болса, бұл жағдай  оң шешімін табады  деп  сенеміз.

Көңіл қойып тындағандарынызға рахмет!




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑