banner-top12

Ақпараттар ағымы AX__1574

Қосқан уақыты Қаңтар 30, 2017 | 414 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Жасасын Универсиада! Алматыдағы студенттердің қысқы ойыны керемет шоумен ашылды

29 қаңтар күні Алматыда 28-ші қысқы универсиада ресми түрде ашылды.
«Алматы-Арена» өз өмріндегі ең бір қызықты қойылымды тамашалады. 12-мың адамдық стадион халыққа лық толып, қойылымға қатысқандарды қосқанда үлкен сахнаға ұқсап кетті.
Универсиаданың ашылу салтанатына арналған сценарийді соңына дейін бекерден-бекер құпия сақтамаған болып шықты. Трибуна мен экранның алдында отырған көрермендер екі сағат бойы жалғасқан қойылымды тырп етпей тыңдап қана отырды.
Ең алдымен бабаларымыздың бұрын қалай өмір сүргені туралы тарихи танымдық бағыттағы бөліммен басталды. Қойылымға түйе мен жылқы да тартылып, қазақ күресінің чемпиондары қазақ батырларының сауыт-сайманын киіп шықты. Ел байрағын ұлттық гвардияның офицерлері ұстап, әнұранды да бұл жолы өзгеше сарында, халықаралық жарыста жүлде алған балалардың аузына естідік. Ашылу салтанатының көп бөлігі осы ойынға қатысатын командалардың шеруіне ұласты. Оған 57 елде келген спортшылар қатысып, стадионды бір мақтаныш сезімі кернеп кеткендей болды. Соңында қазақ спортшылары ойынның иесі ретінде салтанатты шараны тұйықтап, шаңғышы жерлесіміз Дәулет Рақымбаев көк байрақта көлденең ұстап шықты.
Командалардың бәрін таныстырып шыққаннан кейін салтанатты шараның негізгі бөлігі басталды. Көрермендерге Қазақстан тарихындағы басты оқиғаларды көрсетіп, алдағы ЭКСПО туралы да ақпарат айтып өтті. Сценарийді жазғандар Қазақстанның мәдени байлығы мен шоуды да ұмыт қалдырмаған. Зарина Алтынбаева мен жас талант Димаш Құдайбергенов көрермендері әдемі даусымен, әсерлі әнімен ұйытып, бағдарламаның соңына қарай Қазақстандағы қаншама диаспораның береке-бірлігі мен ынтымағы туралы айтылып өтті. Салтанатты шара универсиада арналған әнмен жабылды. Оны Қайрат Нұртас, Ерболат Құдайберген, Алмас Қашқыбаев, Айгерім Қалаубаева, Индира Еділбаева мени Кәмшат Жолдыбаева бірлесе орындап шықты.. Одан кейінгі сөз кезегі Қазақстан республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен халықаралық студенттік спорт федерациясының басшысы Олег Матыцинге тиді.
– Алматы – мың жылдық тарихы бар, тәуелсіздігіміздің алты бесігі, Қазақстанның жаңа тарихы жазылған қала. Іскерлік орталық, жастар мен студенттердің қаласы. Қазақстандағы оқу орынарының үштен бірі осында орналасқан. Бұл жолғы универсиада салауатты өмір салтына шақыратын жаңа белес болады. Оның әсерін ұлтымызыдң денсаулығын нығайтуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалармен әсеріме салыстыруға болады, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Елбасы бұдан кейін осындай үлкен шараға атсалысып, қол ұшын беріп жатқан 3 000 еріктіге жеке алғыс айтты.

 FISU басшысы өз кезегінде ойынды ұйымдастырғандар мен қазақ халқына алғысын білдірді.

–   FISU-дың атынан осы универсиадаға қатысы бар президент пен қазақ халқына  қажырлы еңбегі үшін алғыс айтқым келеді. 2017 жылғы ойын көп жылдар бойы Алматының тұрақтылығы мен дамуына түрткі болатын фактор болады деп сенемін.

Ойынның ашылу салтанаты әсерлі отшашумен аяқталды.

Осы күні Алматыда 28-ші халықаралық ойындардың эстафетасы болып өтті. Оған қатысқан жүзден астам адам Алматы әкімі Бауыржан Байбекпен бірігіп, алауды қаланың орталық көшелерімен алып өтті. Ал кешке қарай әр облыстан жиналған  шырақ  ұстаған 16 адам қолындағы отты ортақ алауға әкеліп қосты. «Алматыеранада» жағылған бұл алау универсиада ойындарының басталғанын білдірді.

Інжу Сағидолла




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑