banner-top12

Ақпараттар ағымы 2

Қосқан уақыты Қараша 15, 2019 | 69 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Жастардың қызығушылығы артты

3 5 4IMG-20191009-WA0067

Халықаралық “Жанашыр” қоғамдық қоры ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ мемлекеттік гранты негізінде «Бірыңғай ортақ құндылықтарды қалыптастыру, сондай-ақ Қазақстан этностары арасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын ілгерілету» тақырыбындағы жоба аясында Алматыдағы Халықаралық бизнес колледжі мен Әділет колледжінде студенттермен Викториналық ойындар өткізді.

Жоба мақсаты – Қазақстан этностары коммуникациясының жаңа арналарын жандандыру, өзара іс-қимыл саласын кеңейту. Сондай-ақ, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының негізгі қағидаттарын, оның жаңа мазмұнын және Тұңғыш Президенттің бес әлеуметтік бастамаларын ілгерілету бойынша жүйелі ақпараттық-түсіндіру және ағарту жұмыстарын қалыптастыруды, әртүрлі этностық топтар өкілдерінің қазақ халқының тарихы, дәстүрлері, мәдениеті, діні, рухани орталықтары, философиясы, әдебиеті, өнері, тұрмысы мен ой-санасы туралы неғұрлым толық білім алу жүйесін және бірыңғай ортақ құндылықтарды қалыптастыру.

Колледждердегі Викториналық ойындарды  Халықаралық «Жанашыр» қорының президенті Әпетова Жаңыл Амантайқызы, «Бірыңғай ортақ құндылықтарды қалыптастыру, сондай-ақ Қазақстан этностары арасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын ілгерілету» тақырыбындағы жоба мақсатымен таныстырып ашты.

Іс-шараға колледждің оқытушылары, студенттері мен шақырылған қонақтар қатысты.

Іс-шара барысында қатысушыларға заман табалына сай дағдыларды дамытып, білімдерін арттыру қажеттігі жайлы лекторлар мазмұнды да маңызды ойларын айтты.

Қызықты да тартысты өткен викториналық ойындарда, құндылықтарға қатысты сұрақтарға жауап берушілер көп болды. Үздік ойын көрсеткен студенттер дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Викториналық сұрақтарға белсене қатысып, сұрақтарға мүдірмей жауап берген жастарға қарап, өзге студенттердің де қызығушылықтары оянды.

 




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑