banner-top12

Ақпараттар ағымы images

Қосқан уақыты Қазан 21, 2015 | 561 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Жеке кәсіпкерлер патентті ХҚКО арқылы ала алады

Енді жеке тұлғаларғажеке кәсіпкерлер патентін алу үшін Мемлекеттік кірістер комитетіне бару міндетті емес. Патентті Халыққа қызмет көрсету орталықтарында ресімдеуге болады.
Патентті ресімдеу бір жұмыс күнінің ішінде дайындалады, бірақ ХҚКО-ға жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейтіндігін ескеру керек.
Айта кетейік, мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі, ал кімнің уақыты тығыз болса, кезектіэлектрондық үкімет порталында броньдап алуына болады. Тіпті ЭСҚ-сы болмаса да, клиент өзіне қолайлы ХҚКО-ны және уақытты таңдай алады.
ХҚКО арқылы патентті ресімдеу үшін мынадай құжаттар қажет: нысан бойынша есеп айырысу, жеке куәліктің түпнұсқасы мен көшірмесі, сонымен бірге патент құнын төлеу жөнінде түбіртек. Толық емес құжаттар топтамасын ұсынбаған жағдайда ғана құжаттар қабылданбауы мүмкін.
Сондай-ақ, электрондық сандық қолтаңбасы бар көрсетілетінқызметті алушы патентті электрондық үкімет порталы, Салық төлеушінің кабинеті және Салық есептілігін өндеу сервистеріарқылы да ала алатындығын ұмытпау керек.




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑