banner-top12

Ақпараттар ағымы ef77d20ba0b766102c2840dc743c75db

Қосқан уақыты Қараша 20, 2014 | 724 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Жеке куәлікке ЭСҚ орналастырудың басымдылықтары

Елбасымыздың «Бір терезе» қағидаты бойынша жұмыс істеу тапсырмасы елімізде нақты жүзеге асырылып, қазіргі таңда Республика аумағында Халыққа қызмет көрсету орталықтары жұршылыққа сан түрлі құқықтық салалар бойынша қызмет көрсетуде. Бұл игілікті істің ауқымы күн сайын кеңейіп, жетілідіріліп, өз жалғасын табуда. Бүгінде уақыт үнемдеу, ақпаратқа қолжетімділік бұл қоғамның басты талабы болып отыр. Мәселен, электрондық үкімет- соның жарқын куәсі. Елімізде электронды үкімет құру идеясын Елбасымыз әлемдегі бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына енгізу туралы Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауында білдіріп, 2004 жылғы 10 қарашада Президент Жарлығымен электронды үкіметті ендіру туралы мемлекеттік бағдарлама бекітілді. Осыған орай 2012 жылдың сәуір айының соңында жаңа жеке куәліктерге жеке тіркеу сертификаттарын жазу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бүгінгі таңда бұл қызмет ХҚКО-ның барлық бөлімдерінде жүзеге асырылуда. Жеке куәлікке ЭСҚ (электрондық сандық қолтаңба) кілттерін орналастырудың басымдылығы оның қауіпсіз сақталуында, бұл жерде жабық кілтің көшірмесін жасау мүмкін болмайды. Жеке куәлік жоғалған жағдайда ЭСҚ-ны пайдалану мүмкін емес. Себебі әр азамат өзінің жеке үшін PIN кодын (банктік картаға ұқсас) білуі қажет. Яғни азамат кері қайтаруға өтініш беріп, тіркеу куәлігін кері қайтара алады.
Қазіргі таңда жаңа үлгідегі жеке куәліктердің барлығында электрондық чип бар. мұндай чип банктік карталардада болады. Сіз бұл чиптің жадысының арнайы бөлігіне тіркеу сертификатын, яғни ЭСҚ кілтін жаза аласыз. Айта кететін жайт жаңа үлгідегі жеке куәлікке ЭСҚ ны тек жеке тұлғалар ғана жаза алады, ал заңды тұлғаларға арналған ЭСҚ кілті жеке куәлікке жазылмайды оларға кілт онлайн арқылы беріледі. Ал электрондық қолтаңба 16-жастан асқан азаматтардың барлығына беріледі және ол ақысыз түрде жүзеге асырылады.
ЭСҚ-ны жазу үшін арнайы ХҚКО-на келіп оның арнайы қызметшісіне барып жеке куәлікке ЭСҚ жазуға өтініш білдіре аласыз. Оператор сіздің жеке куәлігіңіздің чипын тексереді де оған жаңа ЭСҚ жазады, ол сізден PIN код ойлап табуды және оны арнайы пернетақтаның көмегімен енгізуді сұрайды. Банктік карточкалардың коды сияқты сіздің PIN кодыңыз да 4 саннан тұрады. ЭСҚ жазуға небәрі 5-10 минут уақытыңыз жұмсалады. Қазіргі кезде стационарлық компьютерде немесе ноутбукте ЭСҚ жазылған жеке куәлікті пайдалану үшін арнайы қондырғы смарт карталарға арналған картридерлер (smart card reader) сатып алу қажет. Картридер – оқу, жазу үшін пайдаланылатын қондырғы, ол смарт- карталармен ақпарат алмастыруға арналған болып табылады. Осы смарт карталардың көмегімен сіз уйде отырып ХҚКО-нан берілетін барлық анықтамаларды ала аласыз. Бұл әрбір азаматтың уақыт үнемдеудегі қажеттіліктері деп білемін. Электрондық үкімет уақыт үнемдеу ғана емес, елдегі сыбайлас жемқорлықпен күрестің тиімді жолын қарастырады. Сондықтан барлық азаматтардың ЭСҚ алуына кеңес береміз.
Гүлсім Дүйсенбекова,
Алматы қаласы Түрксіб аудандық
ХҚКО инспекторы




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑