banner-top12

Замандас no image

Қосқан уақыты Мамыр 14, 2013 | 661 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Жемісті еңбектің жеңісі болады

 

 

Әрбір адамның ойға алған ісі, қолға алған жоспарлы жұмысы болады. Бірақ, кейбіріміз  ісімізді өндіре алмай, өзімізді артқа тартатын жалқаулыққа итермелейміз. Бұл,  адамның кері кетуі болар бәлкім. Жалқаулықты жанына жат көретін, қолға алған ісін жолда қалдырмайтын, өзіне және бойындағы қабілет пен қарымына сенетін қасиетті Мұратбек Айтқазыұлынан көруге әбден болады.

2003-жылы ата-жұртына атбасын тіреген Мұратбек, алғашқы келген кезде жұмысты неден бастарын білмей абдырап қалған еді. Өйткені, басқа бір елге келіп тірлікті басынан қайталау кімге болса да ауыр тиетіні анық. Бір ғана шындыққа жүгінген ол, Басқа елде жүргем жоқ өз елімде жүрмін, не де болса «алдымен базар жағалап, бала-шағаның қамын жасайын» деген ойын іске асыру үшін, базарға да тұрып отбасының нәпақасын таба бастайды. Күнделікті табысы өзінің отбасына еркін жеткенімен «базардың аты базар».Сөйтіп, біраз уақыт ол ортаны да тұрақ етті.

Уақыттық  болса да өзінің оқыған мамандығынан қол үзу- ол үшін өте ауыр болды. Қайда жүрсе де өзіне-өзі қоятын бір сұрақтың жауабын іздеумен болды. Ол өзі сүйген мамандық – дәрігерлігін жалғастыру еді. Сондықтан да болар, араға біраз жыл салса да, өзіне сенген дәрігер, 2012- жылы қаңтарда «Жәрдем Жанкан» Қытай Медицина орталығын ашты.

С У А Р-ның ең жоғарғы оқу орындарының бірі болып саналатын, Медицина Вениверситетінің жалпылама емдеу факултатын тамамдаған ол, Алғашқы жұмысты  Тарбағатай аймағындағы үлкен  емхананың «Жедел жәрдем» бөлімінде жұмыс жасаудан бастайды. Алғашқы күннен бастап-ақ қарбаластыққа кірген жас жігіт, күндіз-түні демей адам өмірін арашалауға өз бойындағы қаблиетін жұмсайды. Науқастың ең шұғыл, ең ауыр келетін жері болғандықтан өте үлкен жауапкершілікті қажет етеді. Әсіресе, жүрек, жоғары қанқысымы сияқты шұғыл көмек керек аурулардың жанына демеу бола білді. Ол осындай жауапты да, қиындығы көп  жерде жұмысты бастағаны үшін бұл күнде қуанады. Себебі, ол жерден үлкен тәжірибе, тағы да білім алды. «Білім таусылмайтын кен» демекші, біліммен қатар өмір бойы білуді қажет ететін медицинаға еш нәрсенің көптік етпейтінін түсінді. Ол істей жүріп өзін мамандығына шыңдай білді. Алдына келген кез-келген науқасты аурудан айықтырып, ажалдан арашалауға өзіндегі барын арнады.

Жұмысына шөгел, ісіне мығым Мұратбекті өзі істеген емхана жақсы бағалай бастады. Жазылып кетіп жатқан науқастардың рахметі мен алғысын алады. Осындай жемісті еңбегінің көмегінде тағы да жоғарлап білім асыруға мүмкіндік табады.

2002- жылы С У А Р-ның №2 емханасына бір жыл кәсіптік үйренуге барады. Ол өзіне талап қойып жүрек қантамырларының әр түрлі аурулары, миға қан құйылу, бүйрек ауруларын, жұқпалы ауруларды, тыныс жолы ауруларын және алтын ине салуды, шөп дәрілермен емдеуді өте жауапкершілікпен үйренеді. Өзі үйренген саласын жалғасты пысықтай жүріп, аға дәрігерлердің тәжірибесін қабылдайды. Осы бір жыл ол үшін үлкен дайындықтан өткенмен тең болды. Ол жақсы нәтижесімен өзі істеген емхенасына таптырмас дәрігер болып қайта келді.

Барған сайын тың  күрделі саланың қыр-сырын біле бастады. Үлкенге іні, кішіге ұстаз бола білген Мұратбек, сол жылы  өз мамандығы бойынша жоғары атақ алады. Бұл да өзі көздеген мақсаттың бір жемісі. Кімде болса еңбегінің жанғанын армандайды. Сол арманы оны, 2003 жылы Қазақстан еліне әкеледі.

«Жәрдем Жән-кан» Медицина орталығының бас дәрігері – Мұратбек, Алматының қақ ортасында өзінің саласы бойынша жұмыс жасап жатыр. Аз да болса еліне үлес қосуды алдағы мақсаты санайтын жігіт, өзіне келіп жатқан науқастың тез сауығып кетуіне өзінің қолындағы көмегін аяп жатқан жоқ. Бір жылға жетер-жетпес уақытта қаншалаған адамның жанына араша түсті. Ол жерге келіп жатқан науқастың жазылмай кетуі екі талай. Ол өзінің қолдағы мүмкіндігі мен өресін кез-келген ауруға көрсетіп жатыр.

Қазіргі бұл орталықта барлық аурудың емін алуға болады, – дейді бас дәрігер Мұратбек. Өйткені, менің мамандығым жалпылама болғанымен, арнайы жүрек қантамыр аурулары мен жоғарғы қанқысым ауруларын емдеуді үйрендім. Бәрінің де тәжірибесінен өттім. Дегенмен, бұл салаға көп іздену керек екенін мен айтпасам да әріптестерім біледі. Қашанда сапалы жұмыс жасау- менің ұстанымым.

Алыс-жақын облыстар мен ауылдардан келіп жатқан аурулар да көп. Мен, әрбір адамның қалтасы көтеретін деңгейдегі бағамен ғана жұмыс істеп отырмын. Ең бастысы сол адамның жазылып кетуі – мен үшін үлкен абырой. Ол менің еңбегімнің жемісі дейді, – Мұратбек.

Әрбір қолға алған істің тиянақты ойы, ұстанған тақырыбы болуы керек. Біз де осындай азаматтардың көбейе беруіне тілектестігімізді білдірдік!

Лаззат ИГІСІН




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑