banner-top12

Ақпараттар ағымы image-19-03-15-06-11-11

Қосқан уақыты Сәуір 14, 2015 | 612 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Жемқорлықпен күресу – азаматтық борышымыз

Кез келген қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күресу ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Себебі, сыбайластық – ол қауіп қатерге алып баратын ең басты күш. Осыны бірінші кезекке қоятын Түрксіб аудандық халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлері «Жемқорлықпен күресу – азаматтық борышымыз» тақырыбында семинар-сабақ өткізді.
Семинарды бөлім басшысы А.Ақылбекқызы ашып, сыбайлас жемқорлықты болдырмаудың жолдарын талқылады. Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болады. Біздің негізгі мақсатымыз: Қандай ортада болмасын сыбайластыққа қарсы күресе білуіміз керек. Әрбір азамат, әрбір мемлекеттік қызметші сыбайластыққа жол бермеуі тиіс. Себебі, адал қызмет ету – азаматтық борышымыз,-деді бөлім басшысы.
Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңына сәйкес, мемлекеттік міндеттерді атқаратын адамдардың, сондай-ақ соларға теңестірілген адамдардың лауазымдық өкілеттігін және соған байланысты мүмкіндіктерін пайдалана отырып, не мүліктік пайда алу үшін олардың өз өкілеттерін өзгеше пайдалануы, жеке өзі немесе делдалдар арқылы заңда көзделмеген мүлікті игіліктер мен артықшылықтарды құқыққа қарсы беруі арқылы оларды сатып алуы – сыбайлас жемқорлық көрінісінің анықтамасы болып табылады делінген. Сондықтан барлық қызметкерлердің жемқорлықпен күресулеріне осындай семинар-сабақтар да септігін тигізеді деп ойлаймыз.

Р.Балтабаева
ХҚКО Түрксіб аудандық
бөлімінің инспекторы

 

image-19-03-15-06-11-5 image-19-03-15-06-11-7 image-19-03-15-06-11-1 image-19-03-15-06-11-9 image-19-03-15-06-11-11image-19-03-15-06-11-19

 




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑