banner-top12

Ақпараттар ағымы egemen-618-985x1024

Қосқан уақыты Мамыр 23, 2015 | 582 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Жеті жасар Нұрая Италиядан алтын медаль алып келді

egemen-710

Италияның Лидо ди Езоло қаласында Венеция мэриясының ұйымдастыруымен өткен балалардың дәстүрлі халықаралық ХІІІ фольклор және көркемөнер фестиваліне қазақстандық 10 өрен қатысып қайтты. Олардың қатарында Алматыдағы «Зерде» мектебінің 1-сыныбын аяқтап отырған 7 жастағы Нұрая Есдәулет бар. egemen (6) Қазақ бүлдіршіні Халықаралық көркемсурет көрмесіне «Наурыз тойы» және «Желқайықтар» атты екі туындысымен қатысып, фес¬ти¬вальдің алтын медалі мен диשּׁломын жеңіп алып келді. Сон¬дай-ақ, фес¬¬¬¬¬ти¬валь бағдарламасының буклетіне алуан ұлт¬¬тың өнер¬¬паз¬дарымен қатар Нұ¬раяның да до쬬быра тартып отыр¬ған фотосуреті шыққан. 3 жасынан қолына қылқалам ұс¬таған бал¬ғын өнерпаздың суреттеріндегі бояу сиқырын сезі¬нуі, шығармаларында өз жан дүниесін, ой-көзқарасын беруге ұмтылысы қазылар алқасының ерекше назарына ілігіп, жүзден озған жүйріктігі танылды. egemen (7) Талантты балдырғанды бейнелеу өнеріне баулып жүрген мұғалімі, атақты суретші Тоқболат Тоғысбаевтың зайыбы Раушан Ақбердиеваның айтуынша, сезімталдығы мен байқағыштығы туа біткен аса еңбекқор дарын ретінде оның болашағынан үлкен үміт күтуге болады. «Көрме кезінде Нұраяның салған суреттеріне қызығып, сатып алғысы келіп, қымбат баға ұсынушылар аз болған жоқ. Алайда, біз өз өнерпазымыздың топ жарған тырнақалды туындыларын саудаға салуды жөн көрмедік», деді ұстазы. Нұрая Есдәулет бұған дейін де әлеуметтік желілерге салған суреттерімен өнертанушыларды елеңдеткен болатын.
Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан». АЛМАТЫ.

 




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑