banner-top12

Поэзия images

Қосқан уақыты Қараша 13, 2015 | 1  508 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Жоғалмасын ерлігің мен елдігің!

Азатгүл Әбдіқадірқызы, Қытай Халық Республикасы, Тарбағатай аймағы, Қобық ауданында дүниеге келген. Үрімжі қаласында 1987- ші жылы Шинжиаң оқу ағарту институтының филология мамандығын бітірген. Қазір Қобық ауданына қарасты Қостолағай қалашығындағы орта мектепте ұстаздық етеді. Талай басылымдарда өлеңдері жарық көрген.
АНА ТІЛЕГІ

Құтырған ит қабады өз иесін,
Деген сөзге еріксіз бас иесің.
Күрсінісі шаттықтан кем түспейтін,
Бүл өмірден жетерлік сыр түйесің.
Ақылсызға жымисам жай әншейін,
Ақымаққа қамығып күрсінесің.
Амалсыздан бес саусақ тең емес деп,
Өзіңді өзің жұбатып есіркерсің.
Әтпесе анау жүрген сұрқияның,
Анасына жұмсаған суық қолы,
Өз денеңе тигендей тітіркейсің.

Жарық дүние шомылды қалай сырға,
Малынғаны анық қой арай нұрға.
Рыздығы шашылған әр пенденің,
Түспесе екен көлеңке маңдайына.
Болмаса да асылдың бір сынығы,
Ұяласын иманы таңдайына.
Ел қатарлы өзінше жүрсе болды,
Кең ашылып көкірек сарайы да.
Аналарды құрметтеу парыз бізге,
Алтын, күміс, демейік қалайы да,
Сабыр берсін, санамен талайыңа!

Кейде солай ақылдан кендеміз ғой,
Арпалысар шалағай пендеңізде ой.
Дала кетсе сөз ерер арттан небір,
Түк те ойламас қызығы пендеміз ғой.
Намысына бойламай бар тірлігі,
Жүрген жүріс жай ғана сенделіс қой.
Көнер тағы бәріне ана жаны,
Жоқ екен деп айта алмас сен де ізгі ой.

Қарғамайды, қарық күн кешсе дейді,
Күн шуағын жанына төксе мейлі.
Маңдайынан самал жел өпсін келіп,
Маңайынан жамандық көшсін дейді.
Қолын жайып тілейді ұрпағына,
Пәле-жала жамандық кетсін дейді!
Алды ашық, қарғыстан алшақ болып,
Барлық ұрпақ таза боп өтсін дейді!!!

КІНӘЛІ МА ТОҚШЫЛЫҚ

Адамға кейде ақылың,
Ойласаң тіпті жетпейді,
Ақылды деген ұлың да,
Анасын тергеп, тектейді.

Не шара елім, не шара,
Өзгерген өңір келбетке.
Ақылдар бүгін лағып жүр,
Азулар теріс нейбетке.

Күйзеліс салып көңілге,
Сөзі де, ісі көш шалғай.
Кетпейтін бүгін пенде кем,
Досын да, жарын бір шалмай.

Шыртылдақ жанның бәрі де,
Сызаттан бұрын сынады.
Сөздің де жөнін тыңдатпас,
Қақасы асқан құлағы.

Тұратын қайран кездер-ай,
Туғанын жатқа қия алмай.
Ырылдап бүгін таласад,
Бір жерге ия сыя алмай.

Кінәлі мекен кім білсін,
Тоқшылық мынау бүгінгі.
Рухсыз пенде көбейді,
Шіренгенменен үзенгі.

ЖОҒАЛМАСЫН АДАМДЫҒЫҢ, ЕЛДІГІҢ

Егіз өмір қуаныш пен қайғысы,
Олай емес деп айтады қай кісі.
Өкпелейміз туысқанға несіне,
Бар онда да саған жақын жайлысы.

Ең керегі бәріне де береке,
Жуымасын жан тәніңе әреке.
Құт қонатын, бақ келетін ақ тілек,
Мерекеге қол жаятын ел ерке.

Қуанышың, байтақ анау кеңдігің,
Жақсылықтан ажыратар енді кім.
Адамзаттың жүрегінде бір тілек,
Жоғалмасын ерлігің мен елдігің!

 Азатгүл Әбдіқадірқызы,

Қытай Халық Республикасы

 

 

 

 

 

 

 

 




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑