banner-top12

Керек кеңестер 13730391798343

Қосқан уақыты Қараша 20, 2014 | 887 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Жоғары және жоғары оқудан кейінгі бiлiм беру туралы құжаттардың телнұсқаларын беру

Білім алу туралы құжаттар – адам өміріндегі маңызды құжаттардың бірі. Бұл құжаттар жұмысқа орналасуда, немесе білімді жалғастыруда айтарлықтай рөл атқаратыны бәрімізге мәлім. Өкінішке орай, құжаттарды жоғалту жағдайынан ешкім сақтандырылмаған, сондықтан егер Сізге білім алу туралы құжаттардың телнұсқасын алу керек болса, онда өзіңізге жақын орналасқан Орталыққа келіп, телнұсқаны алуға мүмкіндігіңіз бар. Қызметтің атауы «Жоғары және жоғары оқудан кейінгі бiлiм беру туралы
құжаттардың телнұсқаларын беру».

Аталған қызметке ие болу үшін қызмет алушы келесі құжат топтамасымен келу керек:

  1. Өтініш;
  2. құжаттың нөмірі мен тіркелген күнін көрсете отырып, құжаттың жоғалғандығы туралы мерзімді баспасөз басылымдарында жарияланған хабарландырудың көшірмесі;
  3. қызметті алушының жеке куәлігінің түпнұсқасы;
  4. қажет болған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының тегінің (атының, әкесінің атының) өзгергенін растайтын құжат;
  5. Егер білім туралы құжатыңыз жарамсыз немесе алдыңғы жылдары
    толтырған кезде қателері бар болса, аталған құжаттың түпнұсқасы.

Қызмет алушы орталыққа қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап – бір айдан кешіктірмей ала алады.

Сондай-ақ бұл қызметті www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы да алуға болады.




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑