banner-top12

Әдебиет 2p8MKwCuRlgMCyq6-lg

Қосқан уақыты Мамыр 18, 2011 | 1  370 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Жүмәділ Маман. Ақылбай атайдың әңгімелері

 

(балаларға арналған повест)

 

Жолда

Біз қайыңды кезеңіне шыққандадәлтүс мезгілі болған еді. Бетіміз – Көкшоқы жайлауы, ол сонаудан мен мұндалап тұр. Салт аттыға әлітүстік жер. Жақын маңда малшы қостарының қарасы көрінбейді. Осы арада аз тынығып алғандыжөн көрдік. Тершеген аттарды көлеңкелі ақ қайыңның түбіне байлап, өзіміз тас бастаудың жанындағы көк торғын шалғынға рахаттана көсілдік. Танаулаған аттар ентіге пысқырып,дүр – дүр сілкініп алды да, құлақтарын қайшылапжәй қалыпқа ауысты.

Маңайда бұлбұл сайрап, шегірткелер тынбай шырылдайды. Жаз еркесі – көбелектер мен бал аралары гүлден – гүлге қыдырыпжүр. Көк зеңгір аспанда ұлпа бұлттар баяу қалқыйды. Хош иісті таза ауаны құшырлана жұтып, жасаңда шалқасынан жатқан Азат жанқалтасынан қол басындай ғана радио қабылдағышты алып, тетігін бұрай бастады. Балаларға арналған бағдарламада қоңыр дауысты диктор жігіт нақтап – нақтап сөйлеп тұр:

– Өткен қоғамда жалаңаяқ жар кешкен, қызыл асық қар кешкен сол бір зарлы жетімек бүгінгі күнде еңбегі ел мақтанышына айналған мерейлі қарт. Ол – «Ырыс» фермасының Боғда мен Алтайға, Тарбағатай мен Ілеге, тіпті бүкіл Шыңнжаңға көптен аты әйгілі, жүлделі шопаны Ақылбай қария…

Ақылбай қарияның аты аталғанда елең ететүстім. Бізде осы кісінің үйіне бара жатыр едік, қасымдағы жолдасым «Ырыс» фермасындағы көптен көрмеген туыстарына амандаса барып демалып қайту үшін кележатқан студент, қаладан бірге шыққанбыз. Ментілшімін, Ақылбай қарияның балалық шағы жайлы кітап жазбақшымын, жол – жөнекей Азатқа осы ойымды айтқан болатынмын. Сондықтан ба, көктен тілегені жерден табылғандай, радиода мына хабардың шыға қалғанына көзі шырақша жайнап, балаша қуанды Азат.

-Жолыңыз болды,тілші ағай! міне тыңдаңызшы! – деп маған қарай жамбастап сырғып келеді.

Диктор жігіт саңқылдап тұр:

– Осы жүлделі шопан қазір алпыстың жуан ішінде. Алпысты аралаған адам жұмсақ ас ішіп, ат үстінде ғана жүрмей ме деп ойлайтын шығарсыздар. Жоқ, ол кәрілікке әлі мойын ұсынған жоқ. Жұмыста жастардан кем соқпайды. Ол өзінің қымбатты минуттарының бірде – біріне кейбіреулерше өнбейтін «мақұлды» мінгізіп, болмайтын  «болады» бөктертіп көрген емес.

Аудан бойынша жүлденің алдын бермей келген осы қарт үстегі жылғада тамаша тартулармен келеді.

Диктор осыдан кейін Ақылбай қарттың бабын тауып мал бағатындығын, баққан қойының әр жылғы төлшеңдігін, індет, шығыннандін аман келе жатқанын айта келіп, соңғы екі жылдағы тың табыстарын санды мәліметтер келтіре сөйледі. Онымен қоса қарттың қанжығасы қанды, қақпаны киелі сайатшы екенін, мал баға жүріп- ақ теріс азулылардан елу – алпысты қанжығаға байланатынын суреттеді.

Үшінші кезекте оның елден ерекше сүйінерлік бір еңбегіне тоқталды.

-Осы аяулы қарт күні бүгінге дейін әрі ұстаз, әрі шәкірт болып келеді. Ұстаз дейтініміз – өмірдің ащысы мен тұщысынан татқаны көп. Қоғамға қосқан үлесі де, үйретер өнегесі де мол. Ал шәкірт дейтініміз – өзінің көпті көрген тәжірибелі екенін, жасының үлкен екенін бұлдамастан, немерелерінен тартып үлкен ақсақалдарға дейін, әсіресе оқыған жас – кәрі қауымынан білім нәріне шөліркей сұрап үйірене біледі. Ол мал шетінде, отардажүріп – ақ өздігінен хат танып сауат ашқан. Содан бастап кітап оның қыймас серігі, ұстазы болады. Қашан көрсең, қойнында бір кітабі жүреді. Кітаптан оқыған нәрселерін, үйренгенін өзініңтөл тәжірибелер мен ұштастырады. Қарттың осындай қажырлылықпен талықпай үйрену жігері расында да бәрімізге үлгі.

Майталман малшы, қанжығасы қанды аңшы, өздігінен үйренген ғылым сұңғыласы Ақылбай атай өзінің осы үш түрлі еңбегінің жемісі ретінде биыл үш кітап жазып ұсынды.

– Япырай, мына шалың оқымысты адам екен ғой! – деді Азат маған бір қарап, – ол кісі өмірінде мектеп есігін ашып көрмеген адам, бірақ  білім жағынан кейбір оқыған адамдардан да артық,- дедім мен.

Диктор сөйлеп тұр:

– «Бабын тапсаң малың майға бөгеді» деген кітабінда Ақаң өзінің мал өсірудегі 50 жылдық тәжірибелерінің дәнін жинақтап жазған. «Қасқырды қағудың амалдары» деген кітабін сайатшылық қолданбасы деп айтуғада болады. «Мен қалай үйрендім?» деген кітабінда ол өзінің есейгенде қалай сауат ашып, ғылымға қалай жорық жасағанын жазады. Жас достар, бұл кітаптар біз үшін тамаша оқулық. енді Ақылбай қарияның өзіне сөз береміз, – деп диктор үзіліс жасады.

Тамағын кенеп қойып, байсалды үнімен Ақаңсөз бастады:

– Балалар, балдырғандар! мен өмірге ерте туып, білімнен кенже қалған жанмын. бала кезімде оқып білім алу былай тұрсын, ажал аранынан қалай құтылу мен үшін мұң болған еді. Бірақ, кейін мен кенже қалдым деп кегжиіп кете бергенім жоқ, азаппен өткен балалық, жастық шақтың ексе қалған орынын егде тартқанда толтыру керек болды маған.

Талантпен талықпай үйрену егіз сыияқты бала кезімде қазақта «Үйсіннен шыққан Төле би тоғыз жасында билік айтыпты» дегенді үлкендерден естігенім бар. Ал оқыған адамдардың айтуынша, Австрия деген елдің атақты композиторы Шуберт бес жасында күйлерді жақсы орындай алатын болған, ән де шығарған екен; орыстың атақты сыншысы Писарев  төрт жасында хат таныған екен.

Өз басымсәби кезден – ақ осындай дарынға ие болмасамда, өмір талқысына көп түстім. Сол қилы өмірдің өзі маған ұстаздық етті. Кейініректе, мен қартайсамда қайыспай білімге құмарттым. Неге? «Оқығанның беті жарық, оқымағанның беті көн шарық» дейді қазақ. Ата – бабаларымыз оқусыз өткен екен сол заман оларды соған мәжбүрлеген, ал қазір дәуір бір күндік өмірің қалсада өнер -білімді игеруге, талмай үйренуге шақырады. Бес – ақ жыл мектеп бетін көрген Горкидың инемен құдық қазғандай теңдессіз қажырлылықпен үйреніп ұлы жазушы болғандығы маған күш – қайратбітірді. Мен білімге ғашық болдым. Алғашында ақ тайақты қалам, даланы дәптер, өрісті мектеп етіп сауат аштым, одан кейінгі ұстазым кітап болды. Ғылым биік таудың басындағы таусылмайтыншәрбат бұлақ екен де, оған шығатын жол жігеріңді сынайтын, қанатыңды сомдайтын кұдыр тау жолындай тік әрі сан – саналы екен. Соның бірі мен басып өткен өздігінен үйрену жолы. Бұл жол аса машақатты әрі шыдағанға игілікті жол екен. Осы барыста қаншама қиыншылқтарға тап болғанымды бірдентізіп айтып отырмақ емеспін. Бір ғана мысал келтірейін «жер ортасына келгенде көз майыңды тауысып кітап оқығанда, қара суды теріс ағызбассың, мал бағып озат болған атағың да жетіп жатыр емес пе?» деушілерде болды. Жан рахатымды ойласам ғой маған не жетпей жатыр? Бірақ, гәп онда емес. Бір күн болсада өмірді мағыналы өткізу, бір күндік өмірің қалсада, білмегенді білуге ұмтылу керек қой. Адамдар осындай бір жігерге келіп құлшынатын болса, сондағана қоғам көркейеді өмір гүлдейді, ел өркендейді. Көзбен көріп, қолмен істей жүріп өмірдің өзінен біраз нәрсені үйренгенім болмаса, ғылым бұлағынан қанып ішкен жан емеспін. Тек қана оның алыстан сарқыраған үнін естідім, тұп – тұнық арнасын көрдім. Ал одан мейлінше ғана жұтып, тереңіне бойлайтындардәл сендерсіңдер, жас достар! Ғылым жолын қиын деме, жүруге ұмтыл, білмегенді білдім деме, білуге ұмтыл шырақтарым!!!

Ақаңсөзін айақтағанда дикторіліп әкетті:

– Жас достар! Ақылбай атай сіздерге бүгін әңгімесінің беташарын ғана айтты. Бұдан былай сіздерге сайатшылық, бақташылық, табиғаттың нетүрлі сиқыр сырлары, өнер -білім, балалық – жастық шақ туралы нәрлі де қызықты әңгімелер айтады. Сіздерде ол кісінің ізглігін, ерлігін, ептілігін, қажырлылығын жалықпай үйреніңіздер !

Очерк айақтады, біз де асыға атқа қондық.

 

Қайырлы кеш

Біз Көкшоқыдағы Ақылбай атайдың үйіне күн ұясына отыра жеттік.

Еңсесітіп – тік, буыны берік, жүзі мейірлі Дәметкен шешей бізді жылы қарсы алды. Есік алдында елтірімен жұрындалған ішік киген екі бала тоқымдай суретті журналға үңіліп шүңкілдесіп отыр. Олардың қасында бөлтіріктей тік құлақты қаракөк, ұялас екі күшік алысып ойнап жатыр. Әлде сол күшіктермен қағысып қалған ба? Кішкентай сары мысық үш бұтты ырғай мосының үстіне шығып алыпты. Олардан арырақта сол жақ саны жіңішке шыбықтармен шабақтап таңылған жағал лақ сүзілген құрттың аша ағашқа аққан сары суын құныға жалап түр. Тоқымдығы жаңа құрғаған тобылғы торы тай тұсауымен көк шалғынды толқыта пысқырып дереден ұзап барады. Үйдің оң жақ босағасының сыртындағы бұж – бұж жуан тұғырда отырғам түлектегі томағалы бүркіт пыштақтап әлде нені аңсағандай болады.

Есік алдындағы кең өренің үстіне ақ жамбыдай құрттар, бір шетіне жаужұмыр, ақжүрек, әңгелек қатарлы қазып алынғандәрі – дәрмектер жайылыпты, өренің көлеңкесінде көк жапырақты, ақ гүлді буда – буда қожа шөптер ілулі тұр. Қора шетіндегізәулім, биік қос қарағайдың асты өзінше сырлы бір дүние, көсеудей ұшқыр тұмсықты түлкінің бір күшігі мойынындағы шынжырды сылдырлатып, қарағай тамырындағы қуыстан жылтың – жылтың етеді. Қайда екені белгісіз, сол маңайдан қыңсылаған қасқыр бөлтіріктерінің үні естіледі. Қарағайдың қалың балақ бұтақтарында төстіктей керілген қасқыр, түлкі, борсық, суыр терілері тұр. Бір шеттегі шарбақты қашада «шиқ – шиқ» еткен бұғының төрт бұзауы ары – бері айналыпжүр. осыныңбәрітабиғи бір дала көрмесіндей аса қызықты.

Алты қанат ақ үйдіңі ші де аса көрікті екен. Төрде ретті жиналған көрпе – жастық, керегеде керілген кестелі түскиіз, үш тақтайлы сырлы асалалдағы кіршіксіз шыны – шайнек, адалбақандағы кестелі орамал,айақ астындағы оймышты үлкен текемет пен айшықты сырмақ Дәметкен шешейдің іскер адам екендігін әйгілеп тұр.

Біз жайланып отырған соң, темір пеш үстінде сырылдап тұрған жез шәугімнің шайы да, – е дегенше шығып болды.

– Шай ішіңдер, қарақтарым, ұзынды күн ат сабылтып ойдан шығу оңай ма? Көшпен жүрсе Көкшоқы үш қонақтық жер, шаршадыңдар ғой, – деп Дәметкен шешей кең дастарқанды май мен бауырсаққа, құрт пен ірімшікке толтыра жайды.

– Атай келгеннен кейін ішсек те болатын еді, – дедім мен.

– Әй, шырақтарым – ай аталарың асықпайтын адам, ол малым тойынсын деп өз тамағы тұрмақ, мынау баспанасына оралуды да кей – кейде ұмытып кететін жарықтық, – деді де Дәметкен шешей қаймақты шайын құя берді.

Көз байлана бере қарияның далада ойнап жүрген немерелері жайдармен жарқынның аталаған дауысы мен жарыса жағал лақтың маңырағаны үйде отырған бізге қатар естілді.

Біз де ақсақалға сәлем беру үшін үйден шықтық. Ақ бұлттай еңкейген қалың қой түнемегетөніп келеді. Шашау қалған бірен – саран сайақтарды қайырмақтаған шопанзәулім биік қос қарағайдың түбіне келіп аттантүсті. Ала келген тері – терсек, қақпан – сақпандарын жай – жайна қойған соң бізге қарай айаңдады.

Бүркіт қабақ, шұңғыл көз, ат жақты, сұңғақ бойлы қаря аман – салемнен кейін – ақ бізді дағдылы әңгімесімен үйіріп әкетті. Тыңдаудан зерікпеген кісіге атайдың әңгімесі де таусылатын емес, тіпті айтқан сайын суырыла түседі екен. Кейбір қызықты әңгімелерін сол күйі жазып алып, газет – журналға өңдеместен – ақ ұсынуға болатындай.

Кешкі астан кейін:

-Иә, жігіттер, жай -мәнісі осылай, бұйымтайымыз ұрпақтар үшін әңгіме дедіңдерме?, – деп Ақылбай атайсүйір сақалын қымтай ұстаған күйі ұйалы көзімен бізге бір қарап алды.

– Ата, сенің әңгімеңдібіз бағана радиодан естідік, – деп Жарқын ағаш төсектен басын жұлып алды. Оған ілесе орынынан көтерілген Жайдарда:

– Ата қызық әңгымелерден тағы да айтыңызшы, бізде тыңдайық, – деп мөлдіреген қарақаттай көздерін төңкеріп қойды.

Ақылбай атай ойлы пішінмен немерелеріне, онан бізге, соңында Даметкен шешейге бір – бір қарап алды да, ризалықпен сөйлеп кетті:

– Жарайды, білмегенін білуге талпынубілімдінің әдеті екен. Мен өзгенің емес, өзімнің бала кезде бастан кешкендерімді айтып берейін. «Жасында көргені жоқтың, есейгенде айтары жоқ» дейді халық. Меніңтәй – тәй басқаннан бүгінге дейін көргенім де аз емес. Бірақ, татымсыз болып қонақ балаларды ұйқыдан жықсам ұят боларма екен деп отырмын.

– Олай демеңіз, біз тәрбиелі әңгімеңізді естіп таң атыруға разымыз, – дедік Азат екеуіміз.

– Олай болса менде разымын. Ал апасы, балаларға қалыңдап орын әзірле, біз орнығып, орын алып әңгімелесейік.

Далаға шығып қой шетін қайырып, бүкіл тауды жаңғырта «әй – хай» деп екі – үш рет айқайлаған атай салқын ауаны толқыта бір қолтық қу шетенді үйге көтере кірді.

Кей – кейде сыңар айақтап кезігіп қалатын ит – құс та бар, бүгін менімен бірге қой күзетісетін болдыңдар, ол үшін сендерге қойатын «ұйықтамау» деген талабым дайын тұр.

– Жарайды!

– Әр әңгіменің алдында, – деді атай күлімсіреп, – бір жұмбақ айтамын, тапсаңдар әңгіме қыза береді, таба алғасаңдар әңгіме дүкені жабылады. Сендер ұйықтап, мен күзетте отыра беремін. Қалай?

– Сөзсіз табуға таласамыз!

Шешіле сөйлейтін шешен атамыз жайнаған қызыл шоқты көсеп – көсеп жіберіп, үстіне жаңалап отын тастады. Көмілмелі қара сеңсең ішігінің кең – мол етегін астына қымтап, қабағынтүйіп терең тыныстады.

 

Біздің үй

Алыста бір қара тұр көресың бе?

Жаны жоқ қыймылдауға денесінде.

Сүйегі ішіндегі бақша – бақша,

Бар екен жалғыз көзі төбесінде.

 

– Бұл не?

– Өрмекші.

– Қате.

– Киіз үй.

– Дұрыс. Ал онда әңгімемізді бастадық.

Адамның бала кезінда көргені көкейіне тайға басқан таңбадай орнап қалады екен. Мен осы күнде алты жасымдағыны бал – бұл білемін, жеті жасымдағы көргеніме кешегідей қанықпын. Бірақ, адам неге мың жасамайтынына қайранмын. Осы тауларда менімен даң құрдас қарағайлар әлі уыздай шырыш күйінде. Ал, мен бұрылдап, немерелі, шөберелі болып отырмын. Қартайған сайын балалық, жастық шағым көз алдымда сағымша ойғайды. Ол елестеген сайын үрейленіп, үркіп қаламын.

Мен сегіз жасқа шыққанда артымнан ерген Батырбай алтыда болатын. Біздің үйіміз жазда орман жамылып, қыста қатпар – қатпар иен таудың терең шатқалында еді. Біз онда ауыл – аймақ, ата – тектен дәнеңе де білмейтінбіз.

Қыналы жартастың ықтасынына ірге көмген сондағы үйіміздің қабырғалары сызды жерден терең ойылып, жаймаланған қарағай бүрінің үстіне қалың қара топырақ үйілген, есігіне балталанған жалпақ тақтай орнатылған болатын. Төбесі мен күнгей жақ алдында аяқ ауызындай екі тесік болушы еді. Мұның бірі түндік, бірі терезе болса керек. Сол кезде өзімізге кең сарайдай көрінетін сол үйіміз алыстағы адам түгіл төбесінде тұрған адам да сезбестей жіп – жылмағай еді.

Қастерлі баспанамыз әрі тар әрі қараңғы болғандықтан,түн емес күндіз де топырақты саулатып, саркіс, тышқан, бызау бас өріп жүретін, кей – кейде сумаңдаған кесіртке мен иреңдеген жылан да шыға келетін. Ондайда біздің тарғыл мысық көп ес қатып амандығымыз үшін айқасқа түсетін.

Марқұм апамның көзіндей көріп, ағаш қазыққа әкеміз қастерлеп іліп қойатын қоңыр ала көйлектен басқа әлемде кездеме бар дегенге онда біз сенбейтінбіз.Төсеніш, жамылшыдан тартып, кім – кешегіміз түгелдей аң терісінен істелген болатын. Тас ошақта асулытұратын бір құлағы сынған шойын қазаннан тіс, басқа ыдыс – аяқтың  бәрі де ағаштан ойылып, қайыңтоздан жасалған – ды.

Үйдің бір бұрышында әкеміздің қақпаны, тұзағы, кішкене тұлып көрігі мен балта – шоты жататын. Ал бізгетән нәрселер үй сыртындағы ала мойнақ пен тас қуысында «гу, гу, гу» етіп жүретін өзімізге үйір екі кептер ғана. Ұмытпасам, апамның атын әкем «Ажар» деп шақыратын. Ал, әкемнің аты Берік еді, жасы сол кезде қырықтың орта тұсына келсе керек.

Әкем күндіз баласы үйде көп тұрмайтын, ымырт үйіріле қалай да үйге оралатын, ол әр рет таудан қайтқанда түрлі аң терілерін, қарын – қарын ет көтеріп келуші еді. Түрінен қатты шаршағандықтың райыбілініп тұратын, бірақ бізді көргенде түйілген қабағы жадырап, бізді көкке ұшыра көтеріп, құшырлана искеп -сүйіп мәз бола күлетін. Шіркін сонда біздің көзімізге әкеміз қандай ғажап көрінуші еді?!

Оның жалтылдаған жанары, тотығып күреңденген ақсұр жүзі, еңгезердей денесі, өскен сақал – мұртыбәрі де бізге өте айбынды әрі соншама мейірлі сезілетін. Басындағы түлкі тымағы, үстіндегі сілеусін тоны, аяғындағы бұғы пұшпағынан бүрілген шақайы аса ұнамды әрі әдемі көрінетін. Қолындағы сар жағал садағы, беліндегі жебе толы қорамсағы мен айбалтасы кесек денесіне ерекше келбет беріп тұратын. Ондай кезде біздің үйдегі тышқандарға тарғыл мысықтан күшті аң болмағаны сияқты, бізге жер бетінде әкемізден батыр, әкемізден алып адам жоқ сияқты сезілуші еді!

Әкем әдетте көп сөйлемей тұнжырап жүретін, тек түнде ұйықтар алдында, Батырбай екеуімізді бауырына басып, емірене сүйіп, оқта – текте мына бір әнді байау күңірене айтатын.

 

Әппақ жүзім сор болды,

Еңіреген ел тозды.

Жігіттік шағым қор болды,

Қастық қара қол созды.

Бұған қандай бар шара?

Жақындасаң қазанға.

Қарасы оның жұғады,

Жақындасаң жаманға.

Жаласы оның жұғады,

Бұған қандай бар шара.

Аққу ұшты көлінен,

Шошыды сұңқар шөлінен.

Жолбарыс қайтпас ізінен,

Жігіт қайтпас сөзінен.

Қаскөйден кегім қайтар ма?

Жауыздан болды – ау ажалың,

Қапыда кетті – ау ажарым.

Ақылым мен батырым –

Бүгінгі менің базарым,

Қанат – құйрық жазар ма?!

 

Біртүрлі мұңды бұл әнді біз түсінбесек те, оның ауыр салмағынан тұншыға – тұншыға барып ұйықтап кететінбіз.

Әкем әдетте зыйансыз қоңыр аңдарды азық – түлік, киім – кешек үшін ғана аулайтын. Көбінесе жыртқыш аңдарға қабағы қатулы, аса кекті болатын.

Әлі есімде, бір күні әкем түс қия бергенде тұмсығын қақпанға қаптырған тайыншадай көкжал қасқырды үйге тірідей сүйреп келді. Ауызына кергіш салып, айақтарын байлап тастады да, қақпанды шығарып алды. Сонан Батырбайға оның құйрығын бастырып, маған мойынын жаншытып тұрып, тыпырлаған қасқырдың терісін тірідей сыпыра бастады. Қасқырдың тілі салақтап, кеңірдегі қырылдап, қанды көзі бізді ішіп – жеп барады. Біз бір жағынан шошынып, бір жағынан әкеміздің ерлігіне таң қалып тұрмыз. Әкем лезде оның терісін сыпырып алып, жалаңаш қасқырды шешіп қойа берді. Ырылдап, ырсылдаған, өн бойын қан жауып, тыржыңдаған әлгі қасқыр арқан бойы жерге атылып барып, тұмсығынан шаншыла жығылды.

Біз рахаттана күлдік. Әкемнің қарқылдаған күлкісінен біиік таулар жаңғырықты. Артынан ол қасқырды теуіп тұрып сұстана сөйледі:

– Әттең әлгі маңқаны да осылай сойып, кегімді алсам! ол маған менің сүйікті жарыма не көрсетпеді? менің балапандарымды қандай азапты ауыр күйге түсірді?!

Әкем сөзінің соңында қолындағы қанды қанжарын қара топыраққа кектене ұрды. Екі үш рет сағасына дейін шымға шаншылған пышақ жүзі қасқырдың арам қанынан арылып, жарқырай қалды.

Біз әкеміздің сұсты жүзінен, қатулы үнінен именіп «маңқаның» кім екенін сұрай алмадық…

 

Қорқынышты түн

Қолы жоқ сурет салады,

Тісі жоқ тістеп алады.

 

– Бұл не?

– Маса.

– Бекер.

– Аяз.

– Дұрыс.

Қабағы түксиген желтоқсанның басы болуы керек. Бір күні әкеміз сайатқа кетіп кешінде қайта оралмады. Иесіз қалған қандай жаман, шатқалды азан – қазан қылып басымызға көтере жылаумен болдық. Қопынымызда осылайша әкемізді тосып, әлде неше күнді ненәр сызбай, не кірпік ілмей зорға өткіздік. Оның үстіне тап бізге ерегескендей өкірген жел бүкіл орманды, тау – тасты шулатты. Жөңкіле көшкен қара бұлттар айдағардай тулап, аппақ қабыршағын төгіп жатты. Заңғарда иен тауға қылышын сүйретіп қыс келді деген осы еді. Кішкентай Батырбай енесі өлген ботадай әлсін – әлі боздап қойа береді, оны көріп менде еңіреймін. Сенген серіктеріміз тарғыл мысық жүдеп жүнін үрпитіп жиі – жиі мияулайды, сырттағы Аламойнақ әлсін – әлі озандата ұлып тынбай қыңсылайды.

Күндіз аздап далаға шыққанымыз болмаса, екінтіден бастап есікті бекітіп аламыз. Кейде әкеміз көрінерме деп біиіктеу қабаққа шықсақ аламойнақ пен тарғыл мысық та ере барып, айналаға жаутаңдай қарайды. Қайтар жолда екеуі құйрықтарын бұлаңдатып айағымызға орала бетімізге қарап бізді мүсіркегендей болады.

Жұтқан жұтамайды – деген әкемнің айтқан ақылы бойынша үйдегі қақпыш аң еттерімен кептірілген тау жуаны, құмда өсетін көсікті араластырып жей бердік. Кейде мойны ырғайдай болып жүдеп кеткен Батырбайдың тамаққа тәбеті тартпай қалады.

Ондайда мен “е, құдай уыздәмі аузымыздан кетпей жатып көз жұмғанымыз осы ма? бізді жарылқай көр, әкемізді тезірек үйіріне қос!“ деп өксік атып жылаймын.

Бір күні алай – дүлей жел тұрып, ақтүтек боран болды. Күн кешкірген сайын аламойнақ дірдектеп табалдырыққа тығылды, Батырбайды қасқыр терісіне орап, аю терісінің үстіне жатқызып қойдым. Өзім қолыма әкемнен қалған “қансырғақ“ атанған өткір кездікті алып ұйықтамай отырдым.

Түн ортасы бола ұлыған қасқырдың дауысы естілді. Бұлбізді торып жүрген аш қасқырлар екенін біліп жатырмын. Оның артына тағы бір түрлі үрейлі үндер естіліп жатты. Бұл ормандағы жолбарыс, қабыландардың үні ме әлде басқама біле алмадым.

Әлден уақыттан Аламойнақ жан таппай арсылдап қоя берді. Мен ұшып тұрып терезесымақ тесіктен сырытқа көз салдым, арқан бойындай жердегі аппақ қардың үстінде бірдеме қараңдайды Аламойнақ оған қарсы жұлқынып тұр. «Әлде үйге оралған әкем шығар?» деп ойладым. Сол мезет жүрегім қуаныштан жарыла жаздады. Әлгі көлеңке үйге барған сайын тайап келеді. Әне ол бадырайып айқын көріне бастады. Жаңағана жылт еткен қуаныш ұшқыны су сепкендей сөне қалды. Қап – қара дөңкиген мақұлық есік алдынада жетті. Оның гүрілдеген, пысылдаған үнін Аламойнақтың арсылдаған ашты дауысы басып кетті.

Иттің үрейлі үнінен шошып ойанған Батырбай мен тарғыл мысық жан ұшыра менің етегіме оралды.

Әлгі мақұлық келген беті қарсы шапқан Аламойнақты құшақтап алып, анадай жерге лақтырып жіберді, сонан қорбаңдап есікке ұмтылды. Өшігіп алған Аламойнақ енді оның тірсегінен ала түсіп, қайта секіріп кетті. Қара көлеңке арбаңдап ар – гүр етіп ит қуып барып артына қайтты. Аламойнақ жаңағы әдісін тағы қайталап оның адымын аштырмады, арпалыс созыла берді…

Мен тістері сақылдап, денесі жапырақтай қалтыраған Батырбай мен тарғыл мысыққа еңкейіп;

– «Үміт өрге тартады, үмітсіздік жерге тартады» деген әкемніңсөзі естеріңдеме? Қорықпай мықты отырыңдар Аламойнақтың күші мығым айласы басым, – деп зорға сыбырладым. Байқасам өзімнің де пышақ ұстаған қолым қарысып қалыпты, тілім таңдайыма жабысып, бүкіл өн бойымнан суық тер шығып тұр екен.

Әлгі нәрсе «сендерді жемей тынбаймын» дегендей көп арпалыстан соң үй үстіндегі тесікке келді. Оның салмағынан салдаудағы қу қарағай бұтағы шытырлап, топырақ саулап төгілді. Сол – ақ екен Батырбай шыңғырып жіберіп талықсып кетті. Тарғыл мысық жапсарға секіріп шығып алды.

Бір мезетте үй үстіндегі алып жыртқыш жер қопының төбесін тарпып – тарпып жібергендей болды. Үй ішін бұрқыраған бос топырақ қаптады, Дәл сол кезде садақ оғындай “сарт“ еткен дыбыс шығып, ауыр мақұлық ыңырана биіктен құлап кеткендей болды. Бұдан кейнігі шайнасқан арпалыстағы, жанталастағы ашты үндер астырттан шығып жатты…

Әлден уақыттан Батырбай есін жиды. Ол сонда да шошыған қоянның кожегінше бауырыма жабысып тұр. Менде жүрегім әлі аузыма кептеліп тұрғандай Батырбайды құшақтаған күйі балшық мүсіндей қатып қалыппын. Сырттағы иу – қиу үндердің қашан басылғанында білмеймін. Бір кезде боран тыншып, таңның бозғылт сәулесі түсе бастады. Қорқынштан арылмаған Батырбай екеуміз үйдің бұрышында елеңдеп әлі отырмыз. Сылдыр еткізіп тышқан жорғаласада селік ете түсемыз. Аппақ таң атқанда Аламойнақ есікті тырналады. Өзге үн жоқ айнала тып – тыныш. Сенделіп тұрып есікті әрең аштым. Байқұс Аламойнақтың өн бойы қанға бойалыпты. Бір сан еті жалбырап тұр, оң жақ алдыңғы аяғы күл талқан болып кетіпті. сүйектері сойдыйып сыртына шығып түр. Бір көзі ағып кетсе керек. жағына қан үйып қатып қалыпты.

Ол аз қыңсылады да сүйретіле ақсаңдап жартасқа қарай жүрді. Менде солай беттедім, артымнан Батырбай мен тарғыл мысық та ерді. Аламойнақ айқұлақтана үріп – үріп жіберді. Бізде тіксіне көз салдық. Анадай жерде ішек – қарны ақтарылып,төрт аяғы көктен келген атан өгіздей қоңыр аю жатыр екен. Ол әлде қашан өліп қалыпты. Ырсиған тістері мен сойдыйған тырнақтарына қап – қара болып қан қатып қалыпты…

Батырбай екеуміз Аламойнақты бас салып үйге қарай көтере жөнелдік. Тарғыл мысық та оның қарға сүйретілген ұзын қоңыр құйрығын айалап арқасына салып алды.

 

Кіиелі кептерлер

Жасымнан тәрбіиелеп бала бақтым,

Өсіріп ол баланы жұртқа жақтым.

Күніне екі үш рет көрмей тұрсам,

Болмайды бұл дүниеде менің нақтым.

 

– Бұл не?

– Біз.

– Жоқ, сендер емес.

– Онда, астық, ішер ас.

– Е, міне, енді дұрыс болды.

– Ас адамның арқауы ғой, үйдегі қатты – құтты қалған тамақты біраз күн талшық еттік. Қансыраған Аламойнақтың жарақаты кезек алып, күп болып ісіп кетті, оны аю терісіне орап, сорпа – суымызды аузына тоссақ та алты күннен кейін бізбен бір жолата қоштасты. Бізді әкемізден кейін апаттан арашалаған осы Аламойнақ еді, сол үшін де табан бір күн жыладық, енді бізге кім сүйеніш болар?! Сондада Аламойнақтың арыстай сүйегін есіктың дәл алдына апарып аязға қатырып қойып, қорқыншымызға ене көкірек қылдық.

Үйде тіске сыздық боларлық ет те, сар анада қалмады. Енді қайтеміз? Көзіміз жайнап отырып өлуге өзімізді қыймадық. Ішек – қарынымыз тынбай шұрылдап, басымыз айналып, барған сайын әлсіреп барамыз. Сүйек – сайақты да қайнатып іштік, қыртысты аң терлерінің мойны – пұшпағы да қалмады. Енді төсеніш, жамылшы мен тон – шалбарды жеп қойсақ, азуын басқан аязды, қылышын сүйреткен қысты қайтеміз?! Аштық, жанымызға әбден батты шашымыз үрпіиіп,жүзімізден нұр тайды. Тарғыл мысық миаудан, біз сөзден қалдық.Тәй – тәй басқан баладай буынымыз дірілдеп, жүруімізде қыйынға соқты. Барымыз көзіміз жаудырап жаман үйімізде жатып қалдық. Әйтеуір қуыстағы екі кептер анда – мұнда ұшып келіп бізді жоқтағандай болып жүрді. Бұлар неше жылдай өзім қолда баққан аяулы серіктерім еді. Екеуі де теңбіл шұбар, ақ иық, аса сүйкімді жануарлар, біреуінің төбесінде, біреуінің тамағында танадай қара меңі бар. Әкеміз олардың төбесінде меңі барын «айдарлы», тамағында меңі барын «сақалды» деп атаушы еді. «айдарлы» мен «сақалды» шақырсам қолға қонатын. әкеміз жер үйдің өржағындағы жүктей тастың қуысына оларға ұя жасап берген болатын. Мен сол ұяға бір астауды қойып күніне екі уақыт жем шашып беретінмін. Кейде су қүйып қоятынмын. Тарғыл мысықта әбден үйірлесіп кеткендіктен әдетте оларға тіиіспейтін.

Бір күні түс мезгілі болса керек. Ұйықтап кеткен екем, терезенің түбіне келіп “гу, гу, гу“ еткен әлгі кептерлерімнің даусынан оянып тәлтіректеп тысқа шығып едім, екеуі қатарласа ұшып, тастың қуысында ұясына барды. Маған көрсін дегендей әлде нені шұқылап жегендей болды. Осыдабірмән бар – ау деп ойладым. Ұяға баратын жолды қар басып қалыпты. Сондада омыраудан келетін қалың қарды омбылап, тырмысып үяға зорға жеттім. Кең ұяның күн қағарының астында екі кептер “гу – гу, шиқ – шиқ “етіп отыр. Мен жақындаған сайын араларын ашып жол берді. Қарасам, ұяның ортасында астау толыдән түрекен. қуанғанымнан бүкіл даланы басыма көтере:

– Батырбай! уа, Батырбай! Тез жүгір! киелі кептерлеріміз бізге астық жинап қойыпты! деп айқай салдым. Сол астық бізге көп күн қорек болды. Оны жеген сайын әкеміздың: «кептер киелі құс, адам баласына пайдасынан басқа зияны жоқ. оның алдындағы астауға су құйып қойсаңдар, шөлден келіп сусындаған сайын теріп келгендәнінің жарымын төгіп отырады. «Оны шошытып үркітпей ойнаңдар!» дегенсөзі есімізге келді.

Сүйкті кептерлеріміз таңертең шарықтап ұшып кетіп, кейде түсте, кейде қоналқыға шалқып келіпжүрді. Қашанда “айдарлы“ алдымен “сақалды“ соңынан келеді. Ішнен қар сепкен астауымызға келген сайын сыңар уыс бидай, арпа төгіледі.Сөйтіпбізді тарықтырмайжүрді. Міне бүгін де төрт көзіміз төбемізде ақша бұлттар арасынан ақ сәуледей ойнап шыға келді. Біз секіріп, қол соғып, сақылдап күліп қарсы алдық. Олар қанаттарын қақпай қалықтап ұяғатөнді.

Осы кезде ойда жоқта оң бүйірден қадалған бір қоңыр құс сұылдап төніп “айдарлыға“ соқтықты. “Айдарлы“ әп сатте қайқаң етіп бұлтқа қарай өрледі. Қоян қуған тазыдай қоңыр құс та құйрық тістесе өрлеп барады. Енді “айдарлы“ бұлтаққа салып неше рет жалтарған соң тағы төмендеді. Жендет құс зақпының тасындай зымырап келіп “айдарлыға“ аяқ салды. Осы кезеңді күткендей соңынан келген “сақалды“ да үйдек – түйдек айқасқа жандармен қойып кетті. Сол – ақ екен, “айдарлы“ ажал төндірушіге долданған бір уыс  жүнін тастап суырылып шыға келді. Енді екеуі парласып ұяға ұмтылды…

Қапыда қалған әлгі жендет құс бір шарықтап алып “сақалдыға“ найзағайдай атылды. Бұл жолы ол арманына жеткендей сарт еткізіп “сақалдыны“ қағып алып лезде көзден ғайып болды.

Қарап тұрған Батырбай шошып кетті. Мұздай суық үшкір бір тырнақ менің жүрегімді жұлып алғандай, көзім қарауытып, аспан төңкеріліп бара жатқандай болды. Тарғыл мысық алақанын ашқан бойы артқы екі аяғымен қаққан қазықтай тік шаншылып тұрып қалыпты.

“Айдарлы“ ұяға келе жығылды. Екі қанатын қағып, аяқтарын серпіп, аз жатып жан үзді. Оның меруерттей жанары жабылмай қалды. Ашылған аузынан меруерттейбидай дәндері саулап төгіліп жатыр, Сүйкімды жұмыр тұмсығының ақ жолақ екі танауынан көпіршіп қан шығып тұр.

Егіле жылап еңкейген басымызды әрең көтердык. Менің көзіме қарсы беттегі қалың қар астынан тау қарауылындай шошайған тас бейіттүсті. Бұл апамыздың бейіті еді. Көз алдыма осы жер үйімізде қаза тапқан апам елестеді. Олдәл мынау кіршіксіз кептер сияқты бізге телміре қарап, қол созып жатып қан құсып, кірпігін қақпай қайтыс болған еді. “Қайран шешем! осындайда негетіріліп келе қалмайды екен?! Ал асқар таудай сүйенішіміз – әкеміз қайда жатыр екен?! Тәңір біздің көзжасымызды да көрмеді ғой! “деймін іштей көзжасымды парлатып тұрып.

 

Бейіт басында

Аппақ ұзын қозғалмай жатыр сұлап,

Сол нәрсе қолға түссе кетер турап.

 

– Бұл не?

– Пышақ.

– Қылыш.

– Солай, солай, дәл таптыңдар.

«Жоққа жүйрік жетпейді» дейді халық. Ақылды бала шыншыл болады. Расымды айтсам, әкемнің із – түссіз ғайып болуы, Аламойнақтың айанышты өлімі, кептерлеріміздің қайғылы қазасы жанымызға қатты батты. Жығылған үстіе жұдырық тигендей аштық та әлсіретіп барады, үйімізден дірілдеп ұшқыр тұмсықты тышқан өріп шығып, сүлкіні түскен тарғыл мысықтың құлағында ойнады. «енді қайттық? Бізге кім медеу болар?!…». Жатсам – тұрсам құлағым шыңылдап, көзім шыбартып әкемнің, апамның бейнесі елестей береді. Түсімде де көп көретін болдым. Кейде оларды көргенде жүгіріп барып бас салған боламын. Олар ғайып болады. Құшақ жайа айқайлап шошып оянам…

Сондай күндердің бірінде іштей бекімге әбден келіп, қаспақтанып қарайған Батырбайға:

– Жүр, Батырбай, апамның қасына барамыз! – деппін.

– Апам қайда? деп маған аңыра қарады.

Мен оған жауап берудің орнына киімдерімді кіиіп, шақайымды жөндеп тарта бастадым. Қолыма әкем тастап кеткенмүйіз сапты баяғы қансырғақты алдым. Батырбай да менен қалып қоймайын дегендей асығыс абың – кұбың жабдынды.

Тышқан ізі түспеген қалың қарды белуарданжүзіп келеміз. Артымыздан еріп шылбыр бойы жерге омбылаған тарғыл мысық тыйтығы құрып есік алдына қайта қашты. Ол терезе сымақ тесікке секіріп шығып көзін бізден алмай жалынышты үнмен мяулаған күйі қала берді.

Осыдан екі жыл бұрын қыста мен дедәл тарғыл мысықша амалсыз егле еңіреген едім. Онда әкем қаза болған шешемніңмәйітін жұмсақ түлкі түбітіне орап, аязда қатырылған қара бұғының терісін қайыс арқанмен қатты шандып, бұғы бұшпағын иығына ілді де, қарсы бетке қарай тұқыра сүйрей жөнелген. Шешемніңмәйіті салынған қатқан тері қалың қардың үстінде жеп – жеңіл сырғып кете берді. Мен есік алдында ұзай алмай “апалап“ шырылдаған күйі қалған едім…

Міне сондағы әкем тұрғызған тас бейіт қар астынан шошайып тұр. Мен оның түбіне қалай келгенімды өзім де білмей қалдым. Қайырылып артыма қарасам, Батырбай арқан бойы жерде жан дармен қалың қарды кеңірдектеп келеді екен. Беті қызарып, маңдайы тершіп біиікке тесіле қарайды. Екеуіміздың де басымызда құлағы едірейген тыйын астарлы жаба салма қойан тұмақ. Үстімізде тау ешкі лағының терісімен бидайлаған бұғы бұзауының терісі. Бұтымызда қасқыр бөлтірігінің терісінен тігілген ақ шалбар. Аяғымызда аю терісіне істеген бітеу бас байпақ – шақай. Сырт көзге осы бейнеміз адамдан көрі аңға жуықырақ. Біз енді ес көріп келген апамызға сүре оқып, күбірлеп бет сипамадық, Албырағанжүзімізді суық тасқа басып, қарлы бейітті қапсыра құшақтаған бойы үн салып еңірей бердік. Мен нені айтсам, кішкентай Батырбайда соны қайталайды.

– Апа! жаным апа! тез бетіңді ашшы, біз келіп тұрмыз жаныңа! Әкем қайда? Біз енді қайтеміз?! Бейшара құлындарыңның үнін естісеңші! есіркесеңші бізді бауырыңа басып!…

Көзімізден аққан жас қар бетіне кесек – кесек мұз маржаны болыпүйілді. Бірақ, сазарған бейіт сазарған күйінде тұра берді. Апам тіл қатпады. Оң қолымдағы қансырғақ қалың қарға батып барады. Жылап жалбарынуды үзбедік. Онан басқа амалымызда жоқ. Кенет күтірлеп тау жарылғандай оқыс үнді естіп селіт ете қалдым. Артынан суылдап ысқырған сұсты леп шықты. Ол барған сайын төбемізден төніп келе жатқандай болды. Басымды жерден жұлып алып аспанға қарасам жуанда, жүндес, жыбырлаған ілмек әрі үшкір тұяқты шеңгел төбемізден төніп келеді екен. Тарбиған тұяқтың әр біреуі бір – бір найзадай болып көрінді көзіме. Қас – қаққанша екеумізді де шеңбектеп бүріп әкетердей қаһарлы келеды. Өлді деген осы деп ойладым іштей. Соның арасынша қолыма қансырғақ іліне кетті. Оқша зулап келіп өзімнен бұрын Батырбайға төнген түкті найзаға қансырғақты сілтеп қалдым. Сол – ақ екен, шырылдаған ащы дауыс құлақ тұндырып, қалбайған қара көлеңке анадай жерге домалады. Менде Батырбайды бауырыма баса жығылдым. Көзімнің алды бұлдырап кетті…

Қойын – қоншыма құйылған қар өкпемді қари бастағанда ғана көзімды аштым. Айналам у – шу. Жентек – жентек аппақ бу. Жер тарпыған етектей тұяқтар қалың қарды түтіп борасынға бізді бастырып жатыр.

– Қанжығамнан қан құрғатпайтын қайран асыл ақ иығым – ай! Мынадай қысы киіктің мыңына сенің бір тал қауырсыныңды қыйар ма едім! жарайын екеуін, жүрегін қақтап жеп күйігімді басайын! деп біреу ұзын найзасын кезеп, тысын қайрап күңіреніп тұр.

– Сабыр етіңіз мырза! «қу ағашқа құс қонды» деген осы болар. Қас қарайып барады, бұл екеуі құсыңыздың құнына татымасада, отын суыңызға жарарлық адам баласы көрінеды. Ауылға алып кетіп ат байлар етіп алыңыз, – дейді тағы біреу.

Қаржапқан кірпігімді қағып – қағып жіберіп, оларға анықтап қарадым. Сақал мұрттарына мұз қатқан, ауыз – мұрындарынан умақ – шумақ бу көтерілген көздері қанталаған, түлкі тымақты, шоқпарі ліп, мылтық асқан, кілең жұлқынған жуан атқа мынген алпамсадай – алпамсадай біреулер тұр. Солардың ішіде маған найзасын кезеп тебінген біреуінің түрі адамнан көрі албастыға ұқсайды екен. Қанталаған көзіне, арса – арса тісіне қарап қасқыр екен деп те қалатынсың.

Менің ойыма әкемнің ылғи қасқыр сойып жатқанда айтатын “әттең, адам бейнелі әлгі қасқырды да осылай жарсам – ау! “деген кектісөзі сап ете түсті. “Мүмкін сол қасқыр осы болар “деп те ойладым. Соның арасынша әлгі адам бейнелі қасқыр мені жерден лақтай іліп әкетті. Шошына шыңғырған үнімізді олардың тау жаңғырта күлген күлкісі мен сатыр – сұтыр шапқан ат дүбірі жұтып алғандай болды.

 

Пұшық

– Жаралғанға жабысқан.

– Бұл не?

– Заттың аты.

– Дұрыс.

Құйрығын шарт түйген семіз аттар көсіліп келеді. Артымызда бұлдырап таулар, жалтырап мұзды өзендер, зуылдап жалдас ормандар қалып жатыр.

Алай – дүлей азынаған боран бет қаратпайды. Алып қашқан көкпардай, тегеурінді тақымда мен келемін. Қаншалық бұлқынсамда қыбыр еткізбеді. «Батырбай не күйде екен? Қолымдағы қансырғақ қайда? Қайда әкетіп барады? Қай жерде мылжа – мылжамызды шығарып, қансоқта қылар екен мыналар?!…». Кіреіслі – шығасылы осындай ойлар бірде үзіліп, бірде жалғанып жатты. Суыт жүріс ит абалап, сиыр мөңіреп азан – қазан болып жатқан бір жерге жетіп тынды.

– Бұқа, әй Бұқа! мына қарсақтарды қамап бақ! Мені ат үстінен лақтырып жіберді әлгі суық қол. Еңгезердей дәу қара көлеңке бізді желкемізден көтерген бойы ортасына от жағылған бір қуыстың босағасындағы арық – тұрақтың қасына апарып көгендеп қойды. Ол ортадағы оттан жанған бір шаланы алып, алдымен маған, үңілді, бізде оның жүн басқан қап – қара бетін, ақсиған тістерін, жыртық жабықтан көрінген шолпандай жайнаған көздерын анық көрдік. Ол бізге ләм – миым деп тіл қатпады, бақыршаны отқа қойды да, бақырайып бір қарап сыртқа шығып кетті.

Денесі жылынып, ес – ақылын жыиған Батырбай зорға қозғалып:

– Ақыл аға, бағана пышағыңды мен алып жасырып қойғамын, міне, – деп маған сыбырлады.

– Ақылыңнан айналайын батырым, қорықпа! деп құшырлана маңдайынан сүйдім.

– Аға – деді тағы да тіл қатып, – мені өңгерген адам жолда қолымды қойынына тығып жылтты. Етегімен етімді орап айалап алып келды. Ол тағы да құлағыма “сендер Беріктың балассыңдарма? Әкелеріңді алдағы анау қасқырдың әкесі жауыз пұшық жазым қылды. Шешелерыңе де қас қылған сол болатын әкелеріңнің атын оларға айта көрмеңдер. Әкең Беріктың ата жауы міне осылар, естеріңде болсын! “деп сыбрлады. Рас айтама ол?

Бұл сөзді естігенде ішім қазандай қайнады. Жұдырығымды түйе, азуымды азуыма басып отырып қалдым. Кеудеме айықпас кек, өшпес өштік біткендей болды.

Кейін ұқсақ, Батырбайдың құлағына сыбырлаған әлгі адам Әмірдің жылқышсы Темір деген жігіт екен, ол өзіміз сыяқты жастайынан жетім қалып, Әмірдің тепкіснде жүрген малай екен, кейін ол бізге туған ағамыздай тұғыр болып кетті.

Бұқа біз жатқан жерге қайтып келді. Оның артынан енген екінші бір адам әлде нелерді сыбырлап кетіп қалды, ел аяғы басылып, даң – дұң тыншығаннан кейін Бұқа бізге талқан сепкен сорпа берді, Астымызға тұлақ төсеп, өз тонына орап қойды, бірақ сөйлемеді таңертең бұқа малтаны біздің аузымызға тығып түндегі орнмызға қайта көгендей салды. Сонан кейін өшкен отты үрлеп, өз жұмысымен болып кетті.

Есік шарық етіп ашылып, кешегі мұз мұрттың біреуі кіріп келді. Ол дереу артына бұрылып, кейін келе жатқан белгісыз біреуге бізді меңзеді. Есіктен енді ғажайып бір бас кеудесіне дейін соғылып келіп тоқтады. Оның бейнесі түп – тура айдаладағы ағаш бұтағына ілінген түйенің қу басынанаумайды екен. Аузы мен үңірейген қаңсары қосылып кетіпті. Көз шанағы қараңғы құдық түбіндегі судай жылтырайды. Пысылдап, маңқылдап сөйлеп еді, көмейінен тартып тұтас тілі жыбырлаған өкпедей қозғалып шоршып – шоршып кетті. Дыбысы алаң – ашық таңдайынан алды – алдына қашып тұр. Мұрын атаулының белігсі де көрінбейді. Біз оның жүзінен данеңеде ұққанымыз жоқ. Тесік – тесік бет аузынан шоши бастадық. Оның қызыл иегінен төмен салбыраған ешкінің құйырығындай селдір сақалы, үстіңгі жырық ернінің екі қырындағы едірейген бес тал мұрты ақ тікендей адырайып тұр. Ол маңқылдап тұрып сұқ қолын бізге екі – үш рет сілтеп қалды. Мен оны ішімнен жалмауыз немесе адамдар арасындағы аруақ деген осы болар деп ойладым. От басындағы бұқа еңкейген бойы қозғалмады. Қу басқа жол бастап жүрген мұз мұрт қожасына құрақ ұшып, құрмет етіп, бізге сестене зекіп шығып кетті.

Тағы тынштық орнады. Біз Бұқаға жалбарына көз салдық. Оның көзінен сорғалаған жас бетіндегі ыстанған күйелеш қойу сақалына төгіліп тұр екен дірілдеген көсеудей екі қолмен басымыздан сипап:

– Бейшара жетімектер – ай, шошымаңдаршы! – деді Бұқа.

-Ол Әмір деген жалмауыз бай. Жетім – жесір малайлар оны “пұшық Әмір“ деп атайды. Ол жауыз сендерді, – күндіз көзірлеп боққа, түнде көгендеп отқа сал! қашса қылтасын қи! – деп кетті. Ендеше жүріңдер.Боққа –  дегені борық тасытып, қи ойғыз дегені. Отқа дегені – от жаққызып, күл тасыт дегені.

Адам сыйқы жоқ жаңағы неменің кім екенін, оның недеп кеткенін енді түсіндім. Күн артынан күндер өтті, ай артынан ай ауысты. Жыл артынан жыл сырғыды. Жалмауыз пұшықтың тұсауында күндіз күлкісіз, түнде ұйқысыз жүдеп – жадап ит қорлықта өтебердік. Байдың өзі, қатын – қалашы, ұл – қызы, атарман – шабарманы отырсақ басымызға, тұрсақ, аяғымызға алакөзін қадайды. Қамығып ренжісек «күшіне қарамай көженің көпіргенін қарашы!» дөрелейді. “Жүгірмек“, “қаратабан“, жексұрын“, “жетім лақ“, “есуас“, “сілімтік“ деген сыбаумен қорлаулар құлағымыздан кетпейді. Амал қанша, олардың айтқанына көніп, айдағанына жүрмеудің шарасы жоқ. Әйтеу аққан ет, солған бет, жұлынған құлақ, үсген бақайдан басқа тұтас тұлғамыз сау. күннен – күнге қазаншы Бұқа, жылқышы Темір, қойшы Қоңыр, сыйыршы Сыдық сияқты жарлы жақпайлардың көлеңкесіндей қауқайып ержете бердік, ержете бердік.

 

Бір реткі алдау

Тәңертең төрт аяқты,

Түсте екі аяқты,

Кеште үш аяқты.

– Бұл не?

– Мысық.

– Қате.

– Адамның балалық, ес кірген, қартайған кездері.

– Дұрыс.

Тағдырдың жазғанына разы болмап едік, енді байдың көгенінен құтылмадық. Боқ пен оттың, борқы мен күлдың ортасында қапастағы торғайдай шырылдап табаны төрт жыл өтті. Мен он екіге шыққанда, Батырбай он жасқа толды.

Пұшық Әмір бір күні түсте ағайынды екеуімізды алдына шақырды. Сегіз қанат ақ орданың іші үлде мен бұлдеге, кілем мен кілшеге сіреп тұр. Төрдегі төрт қабат көрпенің үстінде мұжылған қу бастай саңқиып Әмір отыр екен. Біз есіктен кіре жүгіндік. Осы төрт жылдан бері оның алаң – ашық кеңсірігнен шыққан қырыл – сырылын жалаңдаған жалпақ тілі жыбырласымен – ақ ұға қойатын болып алғамыз. Ол алдымен бізге көзін ежірейтіп, сақал – мұртын дірілдетіп айбар көрсеткендей болды. Онан ырғалып отырып Әмір түсірді:

-Ей, арамтамақтар, жылы үйде, дайын дәммен жетілгендерің жетер енді. Бүгіннен бастап Батырбай бұзауға қарайды, сен бойдақ қой бағасың! Күн сайын ауылға итініп келуші болма! Қойларды шарықтатып, жеткен жерге дейін түнеп, сонылатып жай!

Неше атадан пешенелі болып, елді еңіреткен бұл залымның жайған торынан жайын да қашып құтыла алмайды екен. Құлдық демеске нешара? Төмен қарап отырған бойы :

– Мақұл, – дедім.

Біз далаға шықсақ көлеңкелі кереге сыртындағы оюлы сырмақ үстінде байдың ұлы Бақанбай тоңазыған майлы етке бас қойған екен. Ол басын қылғына бір көтергенде Асем ер тоқымды сүмбедей қаражорғаны жетектеп келе жатқан Бұқаны көрді. Жалма – жан алдындағы табағын ақтара теуіп асығыс ұмтылды.

Менен үш жас үлкен болғанмен Бақанбайдың мұрнындағы сары жалқағы екі жеңін сауыс қып жүретін. Ол жүгіріп бара жатып қолындағы ортан жіліктің майлы басымен жалқақ сорғалаған жауыр танауын бір қағып лақтырып жіберді. Сүйектен босаған екі қолын қарабарқыт шалбарының тізесіне кезек – кезек жанып қалып, қисая атқа құлады. Қалай босада Бақанбай бай баласы ғой! Үстіндегі асыл киімі үлбіреп, басындағы жібек шыты желбіреп, күмістеген ер тұрманы жарық – жұрық етіп, шашақты дырау қамшысы бұлғақтап кетіп барады. ‹‹Бүгін қайсы баланың сорына тышады екен ол?›› деп ойлана қалдым.

Қолыма ақ тайақ алып, беліме кетік қара саптайақ байланып, азық салынған ақ жарғақты арқалап қырға тарттым. Асхана маңындағы жуынды – шайындыға, ісінген ақсақ қара күшік маған аудем жереге дейін ере келіп, жалыққандай мең – зең шоқыип отыра қалды. көзкөрім жерде бір топ бұзауды айдаған Батырбай артына жаутаңдап қарай –қарай еңіреген бойы еңіске кете берді.

Қыр басында тосып тұрған шолақ қол қойшы бір қора бойдақ қойды маған өткізді де, асығыс белді асты. Ол қаспақ дейтін жалғыз бас кәртең кісі еді. Биыл байдың қоймасын бағып ойда қалатын болыпты.

Ажалын құдай, азабын малшы көтерген алдымдағы малда не жазық бар дейсің?! Сонылатып баққан сайын балаусаны майша шайнап, түлеп түрлене берді. Ал менші? Мен иен далада күндіз жел қақтап, түнде ұйқыдан жығылып қалжырай бердім. Күнделік көретін қөрегім талқан мен ірімшік. Одан қалса, кенже туып қозысынан жеріп кеткен бірнеше тұсақтың ірімтік уызын ене көкірек еттім. Оны көбінде тақияға сауып талқан араластырып жеймін бала күннен тартып жалғыз жасағаным осы болар. Жалғыз баланың ойыны да жармайды екен. Көбелек қуып, «шегіртке ауласамда ашылып бір күлмедім. Жер желкегін теріп құс жұмыртқасына қойным толсада қабағым жадырамады. Әншейінде қияқпен ауызбен қайыратын күйлерім де көңілден ғайып болды. Бір күн өтсе ақ таяқтың қабырғасын бір кертіп қоям, таяғыма тоғыз сызық түскен күні түстен кейін қатты жел тұрып, нөсер жаңбыр жауды. Бұл менің Батырбай мен Бұқаны сағынған, жалғыздық жанға батқан көңіл – күйімді тіпті де құлазытты.

Көзге түртсе көргісіз жаңбырлы күндегі әдетім бойынша ақ серке мен қара қошқарды айқастыра матап, арасынан орын алдым. Олар жатса мен жүрелеймін олар тұрса мен де тұрам. Айналада түлкі сақылдап, үкі әупілдейді. Алыста байғыз шыңғырып, қасқыр ұлыйды. Бірде дәл қасымнан еміс – еміс жылан ысқырғандай болады. Мүмкін сол құбыжықтардың барлығы мені жаркемдеу үшін жағалай жүгірген болар. Жалт еткен найзағайдың жасыл отында дұр –  дұр сілкініп, құлақтарын қаққан қойларды байқап қаламын. Балағымнан су сорғалап тұрсада, басымды иерге мұрсам жоқ. Әмірдің өрмесінің ұшына қорғасын құйған, алты қырлы қанды қамшысы төбемнен төніп тұрған сияқты. Отардағы нөсерлі түнді де алғаш рет осылай өткіздім. Бір кезде жаңбыр басылып, аспан жүзі тасқынды бұлттан айықты. Ақ серкеге арқамды сүйеп көк жүзіне күрсіне көз салып едім, жұлдыздар сабағынан үзіліп сорғалап жатыр екен. Ол бейне жанашырсыз жалғыз қалған Батырбайдың көзжасы көрінді маған. Сол – ақ екен менің де бетімді ып – ыстық жас жуды.

Жерге жарық түсер – түспестен ойпаңдағы қой өре бастады, Малмандай су киіміді сығып менде қыратқа шықтым кенет өзек ішінен ‹‹Ақыл аға!›› деген Батырбайдың әлсіз үні естілді. Қорыққанымнан ба, қуанғанымнан ба білеймін, жылан арбаған боз торғайдай жерге топ ете түстм. Тігіл беттен дөңгелеген күйде оның алдына бірақ келіппін.

Бүкіл денесін су сорған, ерні когеріп, көзі қараутқан, тізесі мен шекесін тас жыртып, тола бойын қан бояған сүйікті батырым міне алдымда тұр. Менің бұл дүниеде Батырбайдан басқа нем бар? Үстімдегі барды – жоғыммен орап бауырыма басып, мауқым басылғанша еңіреп тұрып сүйдім. Қалған –құтқан талқаным мен ірімшікті оған тықпалай жегіздім мен одан бұл жерге қалай келгендігін сұрап едім, қазанына азда болса ел қонған Батырбай:

– Ақыл аға сені әбден сағындым, – деді кемсеңдеп.

– Қалай таптың мені? – дедім оған көңілім бұзылып.

– Кеше бұзауды тастап жолға шықсам боран қағып әкетті. Ақыл аға біз бірге болайықшы енді – деп маған жапақтады Батырбай.

Мен тілсіз бас шайқадым. Оныма өзім де түсініп тұрғам жоқ.

Ол күні екеуміз емін – еркін сайрандадық. Парласып ән айттық. Қияқ ысқырып күй шерттік, тоғыз құмалақ көміп, бес тас ойнадық. Жұмбақ айтып, зақпы үйірдік, түстен кейін жалпақ бетке қойларды жауып жіберіп, боз торғайдың балапанын жарыстырып жатыр едік, көктен түскендей қу Әмір жетіп келді. Ол сөзі бытырап, ашуға қақалып алдымызда тұр.

Ей, сілімтіктер, «екі қыршаңқы тоғайда табысады›› дегендей, қайдан тауып жүрсіңдер бір – біріңді, желкеңді үзіп, қылтаңды қыиайын ба бәлем. Деп қамшысын Батырбайға сілтеді. Батырбай мені айнала қашты.

– Байеке – дедім мен, – бұл кешегі желді жаңбырда адасып қалыпты. тіпті күн бата аспаннан үрген иттің дауысын естіп, ес – ақылынан ауысып бұл араға жаңағана жетті, кешірім етіңіз!

-Ей ант ұрған, сенің оттап тұрған иттің не? -өңештеп түрған бай менің сөзіме айтарға болмаса алақтап қалады.

– Аспандағы ит даусына шынында мен де қайранмын. Бірақ, алдыңғы күні көршіңыз Қабылбайдың жылан тиіп арам қатқан көк өгізінің жемтігінде жас күшік еріткен сұр қаншықтың жүргенін көзім көрген едім.

– Е, көрсең қайтейін, жердегі ит аспанда қайтып үреді екен?

– Жоқ, қаңқаны қаптап жүрген қарақұс пен құмай алып ұшса, бірге кеткен жас күшік аспанда үрмей қайтеді ? – деппін. Әлденені қиялдаған бай атына қыйсая отырып көк жүзіне көз салды. Осы орайда менің қолтығымнан сығалап тұрған Батырбай:

– Байеке шабарман шақырып жатыр, – деп қалды. Анадай жерге шауып келген, қылыш асқан мұртты біреу:

– Әмеке, төре асығып тұр, тез болыңыз ! –деді де атының басын шорт бұрды. Сол –ақ екен Әмір де астына біз тигендей қара жал құланы қамышысымен көсіп қалды. Шауып баражатып артына қайырылып:

– Бүгін кештен қалмай ауылға жетіңдер! – деді. Оған жалғас тағы бірдемелерді маңқылдап айтқан болып еді, алыстан естілгенге онысынан түк те түсінбедік, сабаудан сау қалғанымызға бола ағайынды екеуміз сар даланы басымызға көтере сақылдап бір күліп алдық.

 

Ән айтсаң түзеп айт

Дүниеде бір дәря беті қатқаң,

Бетінде бетегесі шығып жатқан,

Қараса құдығына көз жетпейды,

Құр қалмас сол құдықтың дәмін татқан.

– Бұл не?

– Қаймақ.

– Емес.

– Оқу – білім.

– Дұрыс.

Көрші ауылдың шетіндегі қоңыр үйдің қасынан бір күні өте беріп едім, сыңғырлаған ән естілді. Қарасам үй көлеңкесінде кесте тігіп, ән айтып отырған Қарашаш екеуіміз таныс болатынбыз. Ол менен екі жас үлкен, сол жыл он алтыда еді. Ептеп басып қасына барып, құлағымды әніне төсеп, кестесіне әдейі үңілдім.

– Ой, тентек, неғып жүрсың? деді ол маған жалыт бұрылып.

– Әніңді түзеткелі, кестеңді үйренгелі келдім, – дедім мен жымыйып.

– Мә, тіге ғой үйренсең, – деп ырғайдан жасалған дөңгелек кергішті тақымына қыстыра салып, өрнекті кестенің үлкен бір шоқ гүлін ‹‹сыр›› еткізіп сөгіп жібердім де бізді қайтадан шаншып қарғаның тұяғындай қалаймақан шимай салдым.

– Қарап отырған Қарашаш:

– Бұл не қылғаның? Әдемі кестемді бұзып, қиқы – шұйқы бірдемені тігіп жатырсың ғой, оңбаған! деп кергішті жұлып алды қолымнан.

– Олай болса, дедім мен Қарашашқа қарсы жауап айтып, – сен неге әнді бұзып айтасың?

– Қашан?

– Қазір айтып отырғаның ше.

– Оның қай жері қате екен?

– Олай болса мен айтайын , сен тыңда, қатесін қазір – ақ білесің.

Қыз аң – таң болып басын изеді. Мен оның айтып отырған өлеңін жаңағы өз даусына салып қайталадым:

– Сен, сенеді – ау, сенеді – ау әрі айдай, сені қайдан білейін бойдай талай.

– Осы өлеңіңнен өзің не ұғып отырсың?

– Е, елде осылай айтады ғой, – деп Қарашаш күмілжіп қалды.

-Жоқ, ел былай айтады, ұғынықты болмаса онда оның несі өлең болады?

Мен әнді нақышына келтырып түзеп айттым:

сен – сен едің, сен едің әрің айдай,

қайдан сені білейін болды – ау талай.

– Бұл өлеңнің шығу тарихғын білесың бе ?

– Жоқ.

– Ондай болса тыңда, мен айтып берейін. Осы екі жол өлеңнің өзінде үлкен оқиға жатыр, – деп едім, Қарашаш ернін тістеп тағы басын изеді.

Бұрын бір ауылда егіз қозыдай тату – тәтті өскен бір қыз, жігіт болыпты. Олар бірге ойнап – күліп, қол ұстасып жүріп ержетіпті. Күндердің бірінде жортып жүрген қалың қарақшылар жігітті ұстап алып кетіпті. Ай айналып жыл өтіпті. Қыз күндіз – түні сол досын сағыныпты. Өзі де ержетіпті. Жігіттің қазіргі түр – түсін қаншалық ойлансада көз алдына елестете алмапты. Сондай күндердің бірінде қыздың үйіне жігіт жетіп келіпті.

Оның шашы өсіп, ұрт еті суалып, жанары жасып, киімі тозып, қатты жүдеп кеткен екен. Қыз танымай қалыпты. Бұған жігіт қатты налып:

– Шынымен – ақ танымай тұрсың ба мені, – депті қызға, қыз сонда жігіттің даусынан танып.

Көзіне жас алып, қуанғанынан қалтырап тұрып, жаңағы әнді айтқан екен. Өзің әннің сөзін салыстырып көрші, «әрі айдай» мен «әрің айдайдың», «бойдай талай» мен «болды – ау талайдың» қайссы ұғымды әрі қыйсынды?

Қарашаш күліп жіберді. Артынан қабағын түйіп, сыздана маған қарады. Оның өткір жанары «күлме досыңа, келер басыңа» деп тұрғандай еді.

– Сыпайы сырын жасырмайды, Қарашаш! Айтқан әніңе түзету жасағаным – «ұлы сөзде үяттық жоқ» дегенім ғой.

– Разымын Ақылбай, сөз атасы – құлақ, жол атасы тұйақ, су атасы – бұлақ, өнер атасы – үйрену, дейді ғой халық, – деді Қарашаш.

Осы кезде үйден шыққан Қарашаштың ғасырмен құрдас, тарихпен сырлас әжесі екеумізге ерекше кеңес берді :

– Балаларым, айтқандарыңды бағанадан бері іргеден естіп жаттым. «Қой асығы демеңдер, қолға жақса сақа ғой, жасы кіші демеңдер, ақылы жетсе аға қой» деген аталы сөз бар. Әрқандай бала пайдалы сөзді бас қойа тыңдап, көргендерін көңіліне тоқып, естігендерін есінде мықты сақтап, діттеген ісін ойынан он рет өткізетін болса, оның жанары ай сәулесіндей жарық, көңілі күн нұрындай нұрлы, білімі шалқар теңіздей мол болады, сондықтан да «көре – көре көсем болады. сөйлей – сөйлей шешен болады» дейді халық. Үйренем десең ерінбей үңіле біл. Жалқаулық, маубастық, шалағайлық, барып тұрған жаман әдет.

Әжейдің бұл сөздерінің тереңіне сол кезде – ақ сүңгіген едім. Оны елу жылдан бері есте сақтап келемін.Ақылды адам болудың кілті үйрену екендігін білгендерің жөн, балаларым!

 

Ептілік

Екі басты айдағар,

Қарасуды ішеді.

Қайта құсып ақ жерге,

Өрнектері түседі.

Онсыз жаңа іс болмас,

Адамның қылар ісі еді.

 

– Бұл не?

– Су насосы.

– Қате.

– Қаламұш.

– Дұрыс.

Ескіше жылан жылының қараша айы, шытқыл күздің таңертең –кеші қыраулы, шалқар түстің белуары кемпір шуақ болатыны сіздерге түсінікті шығар, дәл сондай бір кемпір шуақ кезде, шалқамнан түскен бойы күнге қақталып, қара қураймен сыбызғы тартып, қайтқан тырнаға қарап жатыр едім, Майтабанның ‹‹ау, ау, ау›› деген үні құлағыма шалынды. Басымды жерден жұлып алдым. Қой шетінде жүрген маңғұс жүгіріп келген бойы алдыңғы оң айағын көтеріп төбеден төнген заңғар біиік жартастың үстін меңзеді. Майтабан мен маңғұс өз қолыммен ұялас асырап, екі қар бастырған есті иттерім еді. Олар менің баққан малыма абай болып, аң – құс аулауыма шартты үрулер арқылы көп септік тигізетін. ‹‹Ау, ау, ау›› деп үш рет үргені ‹‹Ақылбай›› деп шақырғаны еді. Егер ‹‹ау, ау, ау, ау, ау›› деп бес рет қайталаса, ‹‹қасқыр келеді›› екі рет қайталаса ‹‹қауып жоқ›› дегендей ұқтыратын. Ал мынау айағын көтеріп көрсеткені не? Мен күн салып жартас басына қарап едім, иттерім еркелеп, ‹‹дәл сол жерде›› дегендей ыңғай танытты. Көз ұшында бұлдырап бірдеме көрінеді. Екі ит қой шетінде етекте қалды. Мен табаныма емшекті тағамды тартып бұта – бүргенді қақ жара қыналы қызылды өрлеп, жартастың артынан шықтым. Бір басып, екі басып аңдып келем. Міне жаңағы бұлдыраған жіиекке де жетіп қалдым. Па, иір – иір мүйізі шаңырақтай, алып денесі атан өгіздей орауыз қоңыр құлжа арқан бойы алдымда мүлгіп тас басып тұр екен. Оның қауғадай басы шыңырауға төніп тұр.

– Иә, рас ‹‹тас басқан›› дегендегі білесіңдерме? – деп бізге қарады әңгіме айтып отырған Ақылбай атай.

– Жоқ, – деп жауап қайырдық Азат екеуіміз. Ағаш төсектегі жарқын мен Жайдар әлдеқашан ұйықтап қалыпты. Тершіген танаулары пыс – пыс етеді. Сондықтан олар бұл сұраулардың жауабына араласа алмады.

Атасы оларға бұрыла қарап мырс етіп күлді де орнынан тұрып:

– Далаға шығып азырақ сергіп келіңдер, ұйқыларың келген шығар, шырақтарым! Шынында сендер әңгімеге аңысы ауған шыдамды жігіт екенсіңдер – деді де бізге.

Ақылбай атайдың артынан киіз үйдің есігінен еңкейе далаға шықтық. Жұлдыздар біздің ойымызға ортақтасқандай жымыңдап, қос қарағай төменгі желмен суылдап теңшеледі. Ақылбай атай тағы да тау жаңғыр қытыра бір екі рет айғайлап қойды. Сонан кейін бір қолтық қу шөмшек алып үйге кіріп, әңгіме көрігін қайта басты.

– Ендеше тас басқан дегеніміз – бұғы, құлжа, тау теке сияқты аталық аңдардың үйірге түсу алдында суық тасытың үстінде нәр сызбай сілейіп тұрып, өзін – өзі жаратуды яки кейінгі болатын арсы – кұрсы албарынды кезге әзірлік көруі. Бұл жануарлар осылай мең – зең мелшіиіп тұрып, жарым айдан бір айға дейін ет қатырып әбден жарайды.

Жә, әуелгі әңгімемізге көшейік: бағанағы құлжа бәз – баяғысынша түк сезбей әлі тұр. Баяу желмен маған қарсы есуде. Мен ту сыртынан келемін. Әкем марқұм әрдайым маған: «балам ұялмаған үйші болады, ерінбеген етікші болады, ебін тапқан аңшы болады, қалауын тапса қар жанады» деуші еді. Сол өсиет бойынша құлжаны қалай алудың амалын ойладым. «Ор қояндай секіріп барып сауырына қона кетсем, мынау құдайға шыңырауға өзім де кеткенім. онан да мұның өзін құлатып жібермеймін бе?» осы оймен қайта сырғып бір қалқаға бардым да, ұзын тал құрық кесіп алдым бір жағын ұштап алып, құлжаға қарай тағы сырғыдым. Шылбыр бойы жер қалғанда тал құрықтың үшкір жағымен құлжаның таңынан бар күшіммен түртіп кеп қалдым. Шошынған жануар ытқып кеп кетті. Салдыр – гүлдір етіп сай табанға бірақ түсті.

Құлаған құлжаның сұрып етін ғана алып, кеш бата ақ серкеме арттым. оны жол – жөнекей екі көзі су қараңғы, ертекші Естемес атайға  әкеліп бердім. Біз үшін аса қадірлі сол жарықтық күмістей сақалын желпіп келіп менің маңдайымнан мерейлене сүйді.

Балалар, ақыл – ойды арқа тұтсаңдар мәңгі өз істегендерңе опық жемейтін боласыңдар. Өтірік айту адамның ұятын үркітп, ауызын күйдіреді. Сондықтан мен жастайымнан жамандықтың бұл тұзағын баспадым. Ақыл – парасатқа аса ынтық болдым.

 

Бақанбайды масқаралау

Ешкім де онан өтіп озбайды екен,

Асы – алтын, қасығы оның күміс болып,

Өмірі бітіп мүлде тозбайды екен.

– Бұл не?

– Ақыл – ой.

– Дұрыс. Шалқыған жайлау кезі болатын. Жылдағы әдет бойынша жасыл шалғынды көк өзеннің бойына көп ел жиналып, қолқаттар мен қойнауларға, текшелермен керлерге кербез ақбоз үйлер қайыса қонды. Әдетте сайда саны, құмда ізі жүрген жалшы – малшы балалар әр күні түскі ыстықта жан – жақтан көк иірімге жиналып қарық болып жүрдік.

Күндегі әдетіміз бойынша бір күні топты бала өзен бойында бас қостық. Құмарлана суға сүңгіп, ыстық құмға рахаттана аунадық. Жылан қыяқ жұлып өрме өрдік. Сары қурайдың жапырағынан ою ойып, балдырғаннан су мылтық жасап, сары балшықтан қорған үйдік. Мәре – сәре бұл ортадан тазбен соқырда, шолақ пен ақсақ та, тебінді тентек те табылатын. Оның бәріне баспанасыз жетімдік себепші дейтінбіз. Ойыннан әбден талыққан кезде тасбастаудың мөп – мөлдір көзінен өзіміздың аш аруақ бейнемізді көріп шүңкілдесіп отыра қалдық. Ортамызда бәрімізден ересектеу Алаша деген таз бала үрпиген самай шашын сипалап сөйлеп отыр:

– Расында бізден сорлы бала болмас. Бізді кім көрінгеннің бәрі тілдейді, кім көрінгеннің бәрі бізге сөгіс беріп, ақылгөй бола кетеді. Киген лыпамыз мынау, ішкеніміз жуынды – шайынды. Ауқатты адамдар арыстандай ақырып, бізді көрсе жұдырығын мұрнымызға оқтайды, Арқамызды аямай қамшымен осады. Ал, олардың балалары үлде мен бүлдеге оранып, ұйқы мен ойыннан басқаны білмейді. Бізге бір үзім нан, бір жапырақ ет, бір тостаған іркіт, бір жұтым қымыз берсе болды, артынан олардың жұмысы дайын тұрады, қинап қыспаққа салады, жалынға ұстап жан теріңді алады…

‹‹Ішім ауырды›› деп шеттеп жүрген Батырбай әңгіме үстінде ойда жоқта ортамызға келіп құйын ұрғандай құлады.

– Ойбай – ай, ішім – ай! Бақанбай келе жатыр, байқаңдар, деп төрт аяқтап дөңбекшіп жатыр ол.

Топты бала қатыгез Бақанбайдан бұрын Батырбайдың кенет науқасынан сасып қалдық. Сондықтан боз борандатып шауып келе жатқан Бақанбайға бір – бір қарап қойдық та Батырбайдың ішін уқалай берді. Бақанбай едірейе ентігіп, өңмеңдеп келеді.

– Ой өңкей арамтамақтар, салқын түскелі қай заман?! Қой өрусіз, құлын байлаусыз, бұзау жайусыз қалғаны қиялдарыңда бар ма, жоқ па? Ішкен асты қайтып ақтайсыңдар ә? – деп әкіреңдеп, шеттегі бір баланы қамшымен тартып – тартып жіберді. Онан соң Әділ дейтін кішкене баланың қолындағы әдемі ақ тамақ балапан торғайдың басын жұлып лақтырып жіберді. Енді карлене Батырбайға бүрілді.

– Е, түйнек тигендей тыпыршып саған не болды?

– Тисе тигендей болып жатыр, – дедім мен.

– Ағатайлар – ай құйрығымнан күйдіргі шықты ғой деймін, жанымды көзіме көрсетіп барады – деп зарлады Батырбай ойда жоқтағыны қозғап.

Алаша екеуміз апыл – ғұпыл оның шалбарын шешіп ауырды деген жерін қанша қарасақта ештеме таба алмадық. Бірақ ол барған сайын безілдеп жан теріне шыланды.

– Ағатайым Бақаш – ай! өлетін болдым – ау! Көпті көріп ат үстінде жүр едіңіз, мен байқұсқа қамқорлық етіп өзіңіз қараңызшы, тікендей шаншылып, удай ашып тұрмай ма құйрығымда, – деп Батырбай енді Бақанбайға тіке жалбарынды. Батырбайдың мақтау сөзін естіп, бай баласы Бақанбай адамсына қалды.

– Ой өңкей тоғышарлар, кейін тұрыңдар, егер ауыруы болмаса қазір – ақ көрсетермін көзіне! – деп кердеңдей басып Батырбайдың құйрығына еңкейді. Бүктеулі қамшымен нұсқап күмілжи сөйледі:

– Қай жеріңде?

– Өзіңіз сыйпаңызшы, қолыңызға тікендей тиер бәлкім, құйырығымның нақ ауызында. Онан ары үңілген Бақанбай еріксыз сыйпай бастады. Оның қолы құйырықтың жиегіне тиер – тиместен ‹‹гүмп›› ете түсті бірдеме. Сол – ақ екен шашыраған сары жалқақ Бақанбайдың ауызы – басын қасқалап, көк  мәуіті шапанның екі өңірін жауып кетті. Бақанбай сенделіп барып шалқасынан түсті. Алла – ай алақаныңыз майлы болды ғой, Бақаш аға, тынысым кеңіп тіріле қалғанымды қарашы, – деп Батырбай орнынан ұшып тұрды. Бақанбайда долдана жылап жіберіп, Батырбайға қабанша гүрілдеп ұмтылды. Алаша Бақанбайды қапсыра құшақтап еркіне жібермеді.

– Сөйлемеңіз, мырза, аузыңызға ағады қозғалмаңыз, мырза, үстіңзге тамады, – деп бәйек болып басу айтып жатыр ол. Бақанбай енді аттандап ауылға кетпекші болды.

– Жас келіншегің мына сыйқыңды көрсе жаныңды шығарар. Бізден басқа тірі жан естіп, бөгде көз көрсе арылмас пәлеге қаласыз мырза, – деп түгел шуладық. Ол енді еш амалсыз сүлкіні түсіп суға жуынды. Онан кейін, әбден масқара болғанын жан баласына сездірмеуді жалыншты түрде бізге тапсырып, табанын жалтыратып ортамыздан тайып тұрды.

– Ойпырай, бұл не қылғаның сенің?

– Пәлеге байлап бере жаздадың ғой бізді Батырбай!

– Бұл күйелі ағаш пұшық әкесіне айтып бармаса жарар еді, – деп

балалар жабыла сөйлеп Батырбайды қоршай қалды. Сақылдап күлді де Батырбай :

– Қорқатын не тұр? Бәріміздің тайақтан арқамыз сірі, алақанымыз көн болған. Бұл ойынның аты –бай баласын масқаралау деп аталады. Оның таңертең бізге сыйлаған ірімшігінің сары суы мен іркітін қайтарып өзіне тарттым. Әлде Бақанбайдың боқ жегеніне көңілдерің бұзылып тұрма бәріңнің, – деп өзімізге сұрақ тастады Бәтекең. Біз оның қиуін тапқан қисынды ісіне орасан разылық білдіріп, бір неше рет Батырбайды көтеріп көкке лақтырдық. Сонан бұл қызыққа таңдай қағысып, жай жадыра болып жөн –жөінмізге тарап кеттік. Әйтеуір сол істың арты мұнарлы болмады.

 

Айламен көшіру

Өзі әдемі бір жәндік,

Өріп қойған қамшыдай.

Дәу болсада жығады,

Сілекейі тамшыдай.

– Бұл не?

-Уғарғасын.

– Жоқ.

-Жылан.

– Дұрыс.

Көк жайлаудың көркі кетті. Табиғаттың қыйт етсе жанарынан жас парлата есінеп, от қамшысын үйіре түршіктіретін мезгілі жетті. Бұл мизамның орта шені болатын. Қысқа күнде қырық шапқандай тінсіміз нөсер төгеді. Төр жайлаудың керлерін қар алып, кеудесін әлсін – әлі бұршақ сабайды. Иін тіресе отырған елдің көбі ойға көшіп кетті. Тек мынау пұшық Әмір ғана көші – қон жұмысынан ауыз ашпай, ақырған қойу қымызға қанып, ақбоз ордасында тырып етпей жатыр. Кешегі дыр – дулы жұрттар құлазығаннан кейін біз тұрмақ мал екеш малда қөңіл таси бастады. Жылқы шұрқырап ойға ұмтылса, сиыр азан – қазан мөңіреп күзекті көкседі. Бұқалар булыға жер тарпыса, қошқар – текелер бақылдап даланы басына көтерді. Балаусалы бәйшешек солып, айаулы айна бұлақтың түрі сүркей тартты. Тайынша мініп тартысатын, суға түсіп сүңгитін ешкім жоқ. Түн ақ сүйек қуып, дөңгелене әшекей мен шешекейге түсетін әдет тоқтады. Қыраулы жерде бұғынба пен соқыр теке ойынының да сәні кетті.

Қымыздық, рауағаш дәмі балдай,

Бүлдірген – таңқурайы жарған таңдай.

Қарақат – доланамыз қайда кетті,

Болды ма табиғатта сараң байдай? – деп Алаша деген Бала көлеңке көмген қыр басында тұрып жиі – жиі ән салатын болды. Ен жайлауда әншейінде секіріп айғайлап жүретін Батырбайдың:

Саранасы жүректей,

Сарымсағы білектей.

Қарақаты қасықтай,

Тошаласы торсықтай.

Сүтке бөккен бегінің,

Бір – біреуі борсықтай, – деп басталатын жерана туралы тақпағы да тарс тоқтады. Бір күні кеште ауылдың алдындағы домалақ төбеге Әмір алшаңдай шықты. Ол батып бара жатқан қан қызыл күнге, онан бір топ қараша лашықтар қоршаған екі –үш ақбоз үйге сәп – сала қарады. Тоқалы алып келген қалың ат көрпе үстіне орнығып отырғаннан кейін, өз қасына жалшы – малшыларды түгел шақырды. Әмірдің кіші інісі Айтуған оның қасынан орын алып, қалғандар төмен отырды. Олар түлкі тұмақ, елтірі ішік ішінде ентігіп отыр. Біздың үстімізде жұлым – жұлым тон, жыртық шалбар, аяғымыз жалаңаяқ болғандықтан дірілдеп отырмыз.

– Иә, халайық! – деп бастады сөзін қаңғұр – құңғұр үнмен пұшық Әмір, – сіздерге айтқалы отырғаным мынау: биылғы шөптің шығымы бәріңе белгілі. Қыс қалай боларын жаратқан жалғыз ала өзі біледі. Сол үшін күзектің шөбін үнемдеу керек болып отыр. Ол үшін иен жайлауда жылқы, сиыр, бойдақ ұсақ мал мен жанға мына айту бас – көз болады. Соның айтқанна көніп, айдағанына жүресіңдер. Айтарым осы тараңдар! Балалар айту деген адамның жөнін айта кетейін, ол баяғыда бүркіті үшін қан жылап, Батырбай екеумізді қанжығасына байлап қайтқан мұз мұрт жендеттің дәл өзі.

Сол күні түнгі күзетте егде малайлар бәріміздің басымызды қосты. Олардың біреуі «досы көпті жау алмайды, ақылы көпті дау алмайды» десе, енді біреуі «бірлік болмай тірлік болмайды» деп қостай сөйледі. Тағы бірі «бұға берсең сұға береді» десе, енді біреуі «тым аңқаулықтың ақыры алдану, жалықпаған жауын жеңеді» деп жани түсті. Сол кеңестің соңы қарлы тауда қалмай түгел көшудің амалын табу мен айақтады. Біз тараудың алдында Бұқа балаларға: «байға беретін тартуды байқап ұстаңдар, өздерің зақымдалып қалмай тісін түгел қырып тастаңдар!» деп, оның әдіс – амалын үйретті.

Түн ортасы ауа жаңбыр жауып, аңға жақын бұршақтатып барып ашылды. Жылқышылар азаннан атқа қонды. Сиыршылармен қойшылардан жан – жаққа тарап кеттік. Түндегі серт бәріміздің де оймызда. Жыландының ордасы, егіз шоқының күнгейі, көлбастаудың көзі мен жары, қарағанды беттің қалтарысы тінтіуден қақас қалмады. Түс бола ауылға түгел жиналдық. Барлығымыздың жанқалтамыз, сусын құйған торсығымыз бен түлбіміз түгел жыбыр – жыбыр, бүлік – бүлік етеді.

Түскі шайда кенет ат ағаш түбіндегі Бақабайдың аттандаған үні құдайға жетті. Ақ ордадан Әмірмен оның жас тоқалы Тақай да шыңғыра шығып жер ошаққа жығылды. Олардың дамбалға жібергенінің белгісі болып, борылдаған ыстық қоламта екеуін боз түмендай көміп қалды. Айтудың үй – іші де уда – шу. Қалай болса солай қашып далақтаған, есі шығып екі көзі алақтаған бай тұқымның бәрінің аузында: «жылан, жылан қаптап барады?!

– Деген екі ауыз сөз ғана. Шынында кертпек бас, келте құйрық көлбар жылан, сусылдаған, сұр түсті, сары бауыр су жылан, қоңыр көк кесерткі деймісің, толып жатқан әр алуан құбыжық үй іші мен дала да өріп кетті…

Біз әбігерлене олардың жығылғанын сүйеп, қашқанын қайтарып әкеліп, талғанна су бүркіп, кешегі Әмір мәжіліс құрған төбеге жыйнап жатырмыз.

– Байеке, – деп тіл қатты жылқышы Темір алдымен қозғалып, – мен бүгінгі тәңірдің табиғатына таңғалып тұрмын, түнгі бұршақ керге жылан болып төгіп, етекке кесіртке жаудырып кетті.

– Өз көзімізбен көрдік. Енді қайттық Байеке? Мал тұрмақ жанға қауіп төнді, – деп шулады жан – жақтан бақташы балалар.

Пышаққа ілінген өгіздей көзін ашып – жұмып Айтуғанға сүйеніп есеңгіреп отырған Әмір:

– Атымды әкел! мен қазір кетем! қалғаның малды жыйып ауылды көшіріп бүгіннен қалмай еңкейіңдер! – деді ыңырана.

Көзге түртсе көргісіз соқыр тұман қаптап кетті. Аяқ астынан бай жоспары бұзылып улап – шулап көше жөнелдік.

Жол – жөнекей бұқа ағай кеңкілдей күліп:

– Кісі болар баланың кісесінен белгілі, ат болатын құлынның мүшесінен белгілі, – деп алаша екеумізды арқаға қақты.

 

Асханадағы айқас

Қолымда жібек баулы жалғыз таяқ,

Сүйреттім ой мен қырға аямай – ақ.

– Ол не?

– Құріқ.

– Емес.

– Қармақ.

– Жарайды.

– «Айтқанда ұзын сөзді қысқа қылып, ағарып таң атқанын білмей қапты» деп бір ақын айтқан екен. Сол айтқандай әңгіменің қанын ағызып сөйлеу де бір өнер ғой, – деді Ақылбай атай – бізге күле қарап.

– Бізде дәл сондай адамсыз ғой! –дедім мен

– Жоқ, жоқ, оған жету қайда? Солай болсада әңгімемді жалғай берейін.

Жұма күні болатын. Бұқа екеуіміз тері – терсек сатып, малға төгетін ащы алу үшін базарға келдік. Дүкеншілер түгел жұма намазға кетіпті, сондықтан едәуір айналып қалдық. Бұқа мене қолынан жетелген бойы үн – түнсіз бір аспозылға ертіп барды. Ол бар қалтасын, буыншақ түйіншегін аударып – төңкеріп жүріп, бір уыс ақшаға екі таленке базардың лағман дейтін таңсық тамағын сатып алды. Біз ол тамақты бір бұршта отырып жедік. Қасымызда майлы тағамдарға бас қойып, құмыраға құйған торсылдауық қоңыр сусынды өлермендене жұтып, жас шамасы менен едәуір үлкен көк көз, шикі сары, біз тұмсық сида қара, бір үрлеген доптай дөңгелек семіз үш бала жігіт отыр. Олардың кимдері ала – құла, мінездері ожар, сөздері сөлекет. Ұрлық жайлы біреуі бастаса, біреуі қостайды. Төбелес жөнінде біреуі мақтанса, біреуі оны үрлеп көкке ұшырады. Етке жасырған қармақпен қабаған ит ұрлағандарын, бұйдаланған борми мен тауық жетелегендерін, биік дауалдан сырықпен секіріп түсіп алма алғандарын, жұмырық сілтеп мұрын бұзғандарын, қас қағымда қалта тонағандарын айтып бөжи берді. Даланың әдемі қалаға, қаланың адамы далаға таңсық қой. Оларда бізге ұрлана қарап қойады. Мен де олардың сөзіне құлақ салып, беттеріндегі тыртық пен білекте ріндегі жылан бейнелі татиропкаларына дейін әбден байқап отырмын. Әр бұтаның басын бір шалып, бізді де сөзбеб қағытып мазақтағысы келген оларға шыдамым таусылып киліге кеттім бір кезде:

– Мырзалар, оңай іс әркімнің қолынан келеді. Бәрінен де қиыннан қыйсынын табу қиын. Өнер жөнінде қанша сөйлегендеріңмен, қалтарыста асып тұрсаңдарда, халықтан аса алмайсыңдар.

– Ей, тозған тон, сен не деп отырсың? – олар маған жалт бұрылып өре түрегелді. Байлаулы ит пен қорадағы тауықты ұрлау өнер емес. Бақшадағы алманы, қалтадағы ақшаны ұрлап барып тұрған ақымақтық деп отырмын, – дедім мен тайсалмай.

– Е, онда өнердің үлкенін көрсете қойшы сен, көрсетпесек езуіңді екі құлағыңа жеткіземіз қазір – ақ, – деп өңмеңдеді әлгілер маған. Осы мезетте сөзге араласпай өзінің байырғы әдетінше төбедей болып түйіліп отырған Бұқа ағай орнынан ырғалып қойып :

– Ей бейбастар, ауыздарыңды бұзбай ары отырыңдар, бәріміздің

де шешеміз бозанғанда май ішкен, – деп бұрық ете түсті. Мықтылардың жүні жығылып, тау шағыла қалды. Сонда да ішінде ит өліп жатқан ол немелерге ой тастарлық өнер көрсетпесем болама? Басқаға кеудені бастырмау үшін оны басып түсерлік шарапатың болған жақсы. Сонымен мына өнерімді олардың алдына әшкере жайдым.

– Мырзалар, өнер туралы сөйлесеңдер күресінге көз салған кезқұйрық құсамай, қыранша биік ұшып алсқа көз салғандарың жақсы, – деп бастадым сөзімді. Менің бұл әңгіменді әлгі тентектер тұрмақ, Бұқа ағайда тып – тынш отырып тыңдай қалды.

– Мен әр күні аланың жабайы құсы. –көк еркесі, көл еркесі аталатын үйрек пен қаздан аз дегенде 60- ты , кезі келгенде 200 – 300 ді ойнап жүріп ұстаймын. Ондай күндері өзім тұрмақ, көрші – қолаңдар да ет пен майға, қауырсын мен мамыққа бөленіп қалады. Таудай ет көлдей сорпа дегендедеріңіз біздің ауылда болады.

– Жа, оны қайтып ұстайсың?

– Ұстау оңай, базардағы тоғыз қабат шыдамды жібек жіптен шамаң келгенше сатып аласың. Жібің қанша ұзын болса соншалық жақсы. сонан ауыл ішін аралап жүріп жаңа сөйған жылқынң, ең жақсысы жас құлынның қасықтың басындай уылдыргын тауып алсаң болды.

– Уылдырык деген не?

– Жылқы қазысының ең жұмсақ майы, өздерің жеп отырған алдарыңдағы шұжыққа қосылатын жас май.

– Енді қайтесің? – олар орындарынан сырғып жақындай түсті.

– Уылдырық пен жіпті алып атқа мінемін де құсы ең көп көл – өзен жағасына барамын. Сопақша майды жіпке байлап көлге тастаймын да, өзім атымның қасында шалғынға аунап рахаттанып жата беремін. Су бетінде қалқып жүрген жұмсақ майды қазда, үйрек те, аққу да, көкқұтан да, қойшы әйтеуір көрген құстың бәрі қағып алып жұта береді. Жылқымайы бейне сынаптай өткір, сырғымалы болады. Сондықтан жұтқаннан кейін іште айалдамай артынан ‹‹жылып –жылып›› етіп түсіп қалады. Оны көрген басқа құс тағы қағып алып жұта салады. Оның тағдыры да әлгіндегідей болады. Сүйтіп жұтқанның бәрі жіпке тізіле береды. Сонан: ‹‹ай, осы да жетер, болдау›› деген кезімде жіпті тартып қаламын. Түйіртпек май қауырсынға соғып, мамыққа кептеліп ең соңғы құстың құйырығнда тұрады да қалады. Атқа мінемін де  жіптің ұшын үзеңгіге орап, ердің қасын қамшымен қағып қаламын. Жіпке тізілген жетегімдегі қалың құс жел боратып ұша жөнеледі.

Ақ шабақты тереңнен сүзіп алдым,

Елу – алпыс мінеки жүзін алдым.

Өнерде де өнер бар, ей балалар,

Құсты арқанға қүйырықтан  тізіп алдым.

Пышақ жаны тезірек әкелерім,

Қазаныңды ас, қайнат су, әжелерім.

Қарсы алып шық  құрбылар, алақайлап,

Қап дайында мамыққа тәтелерім. – деп өлеңдетіп келіп ауылға түсе қаламын…

– Ой – бо –ой, міне керемет! Өнер деп осыны айт! Бекер лағып отырыппыз ғой біз бағанадан, деп түгел таңдай қағысты әлгі мықтыларым.

– Ей, жігіт, ‹‹мыңның түсін білгенше, бірдің атын біл›› дейді екен. Атың кім өзіңнің? дос болайық, – деп шикіл сары қолын ала ұшты.

– Атым Ақыл, тұрағым Көкжайсаң, сусыным сұт. Адам болам десең арыңды таза сақтап, өзіңді жақсылыққа баулы, – деп орнымнан тұрып жүріп кеттім.

 

Қара көк құнанды қайтып алдым?

Жүрсем жүреді, тұрсам тұрады,

Іздесем ізі жоқ, бауыздасам қаны жоқ.

– Бұл не?

– Кобелек.

– Емес.

– Көлеңке.

– Дұрыс.

Жұтта жұтаған малшы малайлар жаман –жұтық кіиіз үйлерін де жұртқа тастап, қыстаудан өздері әрең келеді. Ауыр апат арқасына аяздай батқан Әмір қаншалаған майын сылып, қанын сорған он бестей малай –жалшыны тиын –тебен, тай –тайынша беріп, зорлап жолға салды. Сол қатарда жасы кіші болғандықтан шайқалған даулетке ортақ болар деп менің сүйікті інім Батырбайда қаңғытып жіберді. Бір тәуірі Батырбай көп ұзамай қарт малшылардың көмегіне шалғайдағы нағашымызды тауып алды. Иесіз мені Әмір алақаннан шығармай алып қалды. Ел тай –тайынша жетектеп бара жатқанда өз басымның ақысын тұңғыш рет ойланып қалдым бір күні:

– Байеке, жетім –жесірге пана болыңыз! Мен сорлының еңбегін естен шығармаңыз! – деп жалбарындым Әмірге. Ол шапағаттың орнына қамшы сілтеп қайтарып отырды. Жетім баланың меселдесі жеріне жетпей қайтпайды екен. Сондықтан мен Әмір алла лап азан айтқан жерде, зіркілдеп зікір түсірген орында, жұрт жыйналып жұмалық намаз оқығанда, тілеу тілегенде, құдай жолындағы адамдар бас қосып құран аударғанда өз ақымды сұрауды бір тоқтатпадым. Қамшыға жығылып қан жоса болсам да ‹‹Ақыды ер!›› дегеннен танбадым. Менің тілегімді тыңдағаннан кейін дана ел ағалары мен кейбір имам – ғұламалар әлде неше рет Әмірге: ‹‹ғәріп –кесерді жылатпа, садақаң болсада бұл жетімнің ақысын қолына сал, заңгы››деп еді, оған Пұшық пысқырып та қарамады. сонымен арқа сүйер ешбір сүйенішім жоқ мен де не амал болсын?! Ақымды жеген таутажалы Әмірге тісімді басып жүре бердім. Қымыздың қызуы күшейіп, бағланның еті жетіліп, жұт сызынан байды айқтырған жайлау кезі болатын. ‹‹Қараңқы›› деп аталатын қарағайлы сайда қой жайып отырсам, жападан –жалғыз Әмір біиік шоқыдан еңкейып келеді екен. Ол таңертең көршілес отырған мұңғыл байларына қонаққа кеткен болатын. Менің есіме ауылдағы ересек малшылардың: ‹‹қалмаққа барсаң дастарқанның салмағы бар, сүттен тартқан әркі дейтін мыйыңды ілер қармағы бар›› деген қалжың сөзі түсе қалды. Сонан мен де бір қулық ойладым…

Сары жорға ат жыныс орманның ішінде иір – қиыр жалғыз аяқ жолмен жайқап келеді. Көзін тас жұмып алған Әмір ілгерінді – кейінді кетіп, изектеп ыңырсып ән айтқандай болады. Мен «қарғыма» деп аталатын жолға көлденең жылғаға жуан қарағайдың қасында тыр жалаңаш жасырынып тосып отырмын. Бейнем соншама құбыжыққа ұқсайды. Мойынымды мойылмен, қасымды қара батпақпен, борбайымды бүлдіргенмен, таңымды таңқураймен, бетімді ит мұрынмен баттастыра бояп, кеудеме кекілктің жүнін қарағай шайырмен қаптап алғамын.

Байға бапты сары жорға ат қарағайдан баяу аттады. Мен көктен түскендей үұшып келіп оның артына қона қалдым. Сары ат қарғып кетті. «Алла» деуге әрең мұршасы келген Әрмір құлап қалды. Тастай қолыммен тамағын езіп жатырмын.

– Жасаған жалғыз тәңірім, жанымды қыя гөр! –деп міңгірлеп жатып көзін бір ашты да, шошынғандай қайта шорт жұма қойды.

– Әмір алланың саған жібеірген әмірі бұл. Мен қызырдың қылышымын. Сен мұнапық, құранның қасиетін, иманның ишаратын, дұғаның дұрыстығын түсін! жетім – жесірлердің көз жасын көр!

Ақысын жалмама, қарызын қайтар! – мен бұл сөздерді ауызымды оның құлағына тақап тұрып, ауылға келе беретін түрік молланың мақамындай көңгірлетіп – күңгірлетіп айттым сонан оның жуан әрі рау ағштың тамырындай қызыл кеңірдегін қысып – қысып қойып ғайып болдым.

Ертеңінде Әмірдың ұшынып ауырған хабары бүкіл елге жайылды. Молдалар келіп дем салып жатты. Бақсылар кеш батысымен азан – қазан зікір соғып, жын шақырып айғайға басты. Ет жүректі адам баласымын ғой мен де, әр алуан қиялды ойлап олардан шеттеп жүрдім.

Бес күннен кейін шақыру арқылы Әмірдің алдына бардым. Оның әншейнідегі жайқындай салбыраған боғағы шалбарланып, өңі суға салған шылғи терідей бозарып кетіпті, көз шанағы жыланның ініндей үңірейіп көрінеді. Шалқасынан түсіп жатыр екен, сол жатқан қалпында міңгірледі:

– Ақылбай, менен ақыңды ал, разы бол!.

Далаға шығып өлі жүні түспеген қара көк құнанды дереден шешіп алдым. «Шіркін! табан ет, маңдай тарымының алғашқы адал ақысы осы көтерем көк құнан қандай ат болар екен? Жақсылыққа мінгіз! дедім де жетелеп жүре бердім.

 

Жаяу бәйге

Қолтығыңда жел тұлып,

Ал ұдайы толтырып.

Ол болмаса өмірде,

Жүре алмайсың сен тұрып.

– Бұл не?

– Қанат.

– Жоқ, емес.

– Адам, жан – жануарлардың өкпесі.

– Дұрыс.

Май айында біз ерте көктеуден көшіп Емшектөбе деген жерге келдік. «Емшектөбе» десе дегендей жалпақ жазықтағы домалақ қос төбе еді. бұл аудан қалашынғына жақын болғандықтан, жайлауға көшер алдында бай ауылдары байырлап келіп қонып шәй – тұз, кіиім – кешегін қамдап алатын. Ал, қаладағыларда қалағанша малшы қазақты аралап сауық – сайран салатын.

Бір күні қой бағып кетіп түс ауа ауылға оралсам, Емшектөбенің бауыры қаптаған қалың нөпір адам екен. Төбе үстінде тояттаған құмайдай сарала шенділермен бай – манаптар жатыр. Олардың атарман – шабармандары итше ырылдасып айқай – сүрен салып алаңда жүр.

Елдің дабыр – дұбырында менің не жұмысым бар? Кенезем кеуіп, шөлден әбден қаталап кеткем. Ас үйдегі іркіт құйылған сабаны пісіп – пісіп жіберіп, одан бір шараны тартып жіберіп едім, маңдай терім бұрқ ете түсті.

– Ақылжан, шөлің мына шу – шурқанды бір тыймаймысың? Үкілеп апарып үзім қосайын, – деді кенет үйге кіріп келген Бұқа ағай.

– Нені? – дедім мен таңырқап.

– Әлі ұқпадың ба? қала мен дала бірлесіп салтанатты сауық өткізіп жатыр. Ат шабысы мен көкпары аяқтады. Қазір он шақырымға жаяау жарыс басталғалы тұр. Бас бәйгеге беретіні тәуір көрінеды.

Жүгіруден өзімдік өнерім бар болатын. Қашаған қойды қарға адым жерге аттатпайтынмын, жөбшенгі тай – тайыншаны әншейінде қуалап жүріп қүйрықтан басатынмын. Сар жазыққа қанша жүгірсем де ентігіп көрмегем. Зыр жүгіріп бел – белістерге, тауға шығу алты жастан бергі үйреншікті әдетім. Сондықтан Бұқаның сөзін екі етпей орнымнан ұшып тұрдым.

Қалың топқа келсек, жүгіретіндер қаз – қатар болып еңкейып тұр екен. Жөпелдемеде жалаң аяқ, жалаң бас асығып келген мен ештемені байқағандай болмадым. Шеттегі біреу саспақ текедей ‹‹бақ›› ете түсті. Қатардағылар лап қойды. Оң – солымды парықтауға үлгірмей мен де кеттім артынан. Жалпақ жазықта бір айланғанша қалың шоғырдың ортасында болдым. Екінші айналғанда бәріның артында қалдым. Үшінші айналғанда алдынғылар мені қуып жетіп басып озды. Қатуланып қарай қалсам, өңкей сыйдаңдаған жалаңаш біреулер екен. ‹‹Сақалды басымен олар жалаң бұт жүгіріп бара жатқанда маған несін?!›› деп ойладым да тонымды жұлып топқа лақтырдым. ауы сүйретіліп аяғыма орала берген соң ақ шалбарды жүгіріп бара жатып жолға сыпрып тастап кеттім. Міне енді жүгіргеннің әкесін менен көрсін! Қысқа мата жейдеден басқа өн бойымда іліп алар данеңе жоқ. Елдің айқай – шуы, қыран жапқандай күлкісі еміс – еміс құлағыма келеді. Онда не қақым бар, ор қояндай орғып, түлкідей ұшыртып, запқының тасындай зымырап, бәрін басып оздым. Зырлап келем, тынысым кеңіп әбден желпініп алдым. Артыма анда – мұнда көзсалсам, ораңдаған өңкей ұзын туралар көш жерде қалыпты. Көңілім лепіріп шырадай жайнап, сағымша ойнадым. Жүгірудің қай жерге жеткенде менің есебім не? Жалғыз қара болып келе жатыр едім, қалың адам көлденеңдей шығып ұстап алды. Оқтын –оқтын әр атаның ұраны естіледі. Мұртты біреу мені шапалақпен тартып жіберді. Шақпылы біреу түсінксіз тілмен бірдемелерді айтып кеуделеп тұр. Опыр – топырдың ішінен талай – талай таныстардың жүзін байқадым. Әмірдің де ай қасқа тұмсығын көзім шалып қалғандай болды. Топты толқытып қақ жарып келген Бұқа ағай үстіме тонымды жауып, борбайымды қымтай берді. Менің артымда қалғандар енді – енді келіп жатыр. Төбенің үсті шу – шұрқан, аң –таң болған мен ентігімды басып артымнан келген әлгі жүйіріктерге сәп салдым. Олардың үстінде жеңсыз жейде  борбайларында болымсыз шолақ дамбалдары бар екен. Әттең балалық –ай! өзімнің жалаң бұт тұрғанымды сонда ғана сезіп  жалма – жан шалбарыма қарай ұшыппын ғой! Кейін ұқтық бас бәйге аппақ ашамайлы екі жамбы екен. оны менің ием Әмір соғыпты. маған тигені осы күнгі шылғаулық ақ матадан жейде – дамбал болды. Сөйтіп ел мені содан бастап ‹‹бәйге бала›› деп атап кетті. Қазір сондағы қылығымды ойласам ішек – сілем қата күлемін. Балалар, жігерлі болсаң, жеңдім дей бер. Жасық болсаң, жаман болғаның. Бірақ, әдеп ибаны да ұмытпау керек.

 

Қасиетті тас

Қолы жоқ тартады,

Үстіне темір артады.

– Бұл не?

– Машина.

– Қате.

– Магынит.

– Дұрыс.

Бүкіш қоңыр мен тар өзекте желіп келе жатыр едім, алдымдағы еңістен дабыр – дұбыр дауыс шықты. Кезеңге шыға келсем қарсыдағы ақпа жолдың астында екі доңғалақты үш арба қиқы – шойқы болып аударылып жатыр. Шашылған тақтай сандықтар мен қағаз жәшіктер, сап –сары ұлтан ерлер және шәугім, етік сыияқты заттар ойпаңды алып болыпты. Шошынған семіз аттар елеңдеп осқырып үркіп тұр.

– Уа, жаратқан жалғыз алла, саған не жаздым?! Шашылғанын қайтып жыйып алдым? – деп ұзын қара шапанды, дөңгелек бөрікті, белбеу буынған мұртты біреу келідей тастың үстінде зарлап отыр. Жұпыны кіиінген үш адам шашылғанды жинап, шағылғанды  жөндеген болып жүр.

– Болдыңдарма? – деді әлгі адам тасыраңдап арбакештерге

– Жеті сандық шегеден басқасы түгел жиналды деп топырақ жұққан алақанын қақты торыққан үшеудың біреуі, – әсіресе құм шегелерді…

– Жеті сандық шегенің әр бір сандығы алпыс килограмнан, әр біреуінң бағасы құралы қой, үйірлі жылқы, – деп бармағын шошаңдатқан қожайын іші өртенгендей кұрсынып сынған арбаның қасына қайта отыра кетті. Арба маңындағы әлгі әдемі базар ерлерді көргенімде көк құнаным көз алдыма келе қалды. ‹‹шіркін! көк құнанды Батырбай қалай баптап жатыр екен? оған мынау ерді ерттесе, қандай жарасар еді?!›› бүкіш қоңырдың жалына жайса түсіп, осындай қиял үстінде тұрғанымда өзіме белгілі өзен бойындағы ‹‹ұстара ұрлаған›› деп аталатын киелі тас ойыма түсе қалды. Мұның шипасын тапқаныма еріксіз мырыс етіп күліп жіберіппін. Саудагер басын жерден жұлып алып:

– Ей, бала күлкіңнің сыры не? Әлде мені мазақ етіп тұрмысың? – деді қыйсық көзі онан ары жұмылып.

– Сыздың осыған да ойланып отырғаныңызға күліп тұрмын.

– Ендеше сен айтшы, шашылған шегені теріп беруге шараң барма? қалағаныңды қазір берейін.

– Бар, бірақ ертең сәскеде тапсырып аласыз.

– Қайтып тересің?

– Оны сұрап қайтесіз, шегені тапсырып алғанда шертіп отырып екі етік, бір ер берсеңіз болды!

– Рас па? – саудагер жүгіріп келіп қолымды ұстай алды.

– Рас!

Мұны естігенде мұртынан күлді саудагер. Екеуміз сөз байласып жәме – жеге келгеннен кейін, олар жақын маңдағы бір қоржаға, мен өзіме таныс өзен бойына бет алдым. Содан үш жыл бұрын болатын. ересектер шалғы ұстап, қойу шыққан қара бедені шауып жатты. Балалар бау байладық. Түскі ыстықта ара кыдык ағаш бар жарлауыт өзен бойында отырысып дем алдық. Әредікте біз үшін қашанда қамқоршы болып жүретін бұқа мұдық ұстарасын жанып –жанып жерге қойды да, менің өсіп кеткен шашымды жібіте бастады. Соның арасынша жердегі Ұстара аяқ астынан ғайып болды. Маңайдағылардан сұрауы жетіп дерегі шықпаған соң шалғынды жапырып жабыла іздедік. Міне ғажап, ұстара бағана қойған орнынан бес қадам алыстағы шөп арасында белуарнан топыраққа көміліп қалған жұмыр тасқа жабысып тұр екен. Айтарға болмаса, бұл сиқырдан бәрімізде шошып қалдық. Бұқа ағай ұстарасын ол тастан ақырын алып бағанағы орнына тағы қойып қойды. ‹Сарт›› етіп тасқа барып тағы жабыса қалды. Сонымен бұл іске үлкен –кішіміз таң –тамаша болып, жағамызды ұстадық. Ауызында иманы. Мұның байыбына бара алмаған бәріміз де ол жерден асыға – үсіге аулақ кеттік. Менің іздеп келе жатқаным міне осы тас еді. Жолым болды. Кәдімгі бидәй басатын шаңтастан сәл кішірек киелі тасымды аттан түсе сала тауып қазып алдым. Оны өңгерген бойы шеге шашылған ойпаңға әкеліп тастай салғанымда –ақ үй орнындай жердің шегесі тастың өн бойына ұйлыға қалды. Өмір бойы өз – өзіне риза болып қуана күлгенмнің алды осы болар, екі езуім құлағыма жетті. Қанжығамдағы қыл арқанмен қасиетті тасты мұрындықтап алып тақымға іле сала олай –бұлай желе –жортып сүйіреттім –ай келіп, тас домалаған сайын жасыл шалғынға сіңіп кеткен кесек шегелер кесерткідей ұшып келіп қонды. Ал, ұсақ құм шегелер қасыма құмырсқадай үймеледі. Сөйтіп ел орынға отырғанша шашылған шегелердің бірін қалтырмай жинап алдым. Сонан кейін қасиетті тасымды жан баласына көрсетпей қалың қарағанның ішіндегі терең бір апанға жасырып қойдым. Таң сазбере ауылдан мен де келдім.

Уағдалы мезгілінде саудагерде жетті. Ол үйілген шегені көріп әрі сүйіне, әрі таңырқай менің кереметімді ұқпақшы болды. Қанша сұрасада істің жайын мен айтпадым. Тіпті ‹‹оны білсеңіз шегелеріңіз қазір –ақ қайта шашылады›› деп өзін қорқыттым. Менен тезірек құтылып, малын дін аман малданғысы келген тақыс саудагер тұрманы түгел, әдемі ермен қара құрым екі етікті қолыма ұстатып өз жолына түсті. Сол күні кездескен біреуден кіші етік пен ерді Батырбайға жіберіп, үлкенірек етікті сықырлата өзім кыиып алдым. Балалар, адам ойы алтын салынған сандық сыяқты оның кілтін тауып аша білсең, өзіңеде, өзгегеде игі. Ашпасаң ой асылынан құралақан қаласың. Ойлы адамға білім оңай жұғады.

 

Ақ атанның айласы

Дүниеде бір ағаш бар бек жайлаған,

Жанына адам барса ойбайлаған.

Ағаштың адам білер мінезі бар,

Мінгесіп екі бала той тойлаған.

 

– Бұл не?

– Піл.

– Емес.

– Түйе.

– Дұрыс.

Қатыгез Әмірдің әмірі бойынша, қақаған қаңтар айының ортасында бір саудагерге жалдандым. Мен кітап ашып ғайыптан болжайтын немесе, түкіргені ем бола кететін«әулие» емеспін ғой. Сонда да қожайынымының сыңайын барасала – ақ байқай бастадым.

Шалғы мұрт, жыртық қызыл көз қожайын саудагерім «ит тұмсығы жерде жатпас» дегендей асқан айлалы нәпсі құмар жан екен. «Таныған жерге бой сыйлы, танымаған жерге тон сыйлы» деуші еді ауылдағылар. Менің саудагерге нем сыйлы болғанын білмеймін, әйтеуір ол мені “әке“, “көке“ деп, асты – үстіме түсе үш күн ұдайы күтті. Төртінші күні майда тілді қожайыным:

– Балам, жақсы тыныққан шығарсың. Енді мынау тоғыз түйемен керуеншілік істеп сонау ащы көлден тұз тасисың бұл өзі мырза  жүмыс тұздың жарымы Әмір байға беріледі, – деді мен отырған үйге кіріп келіп. Оның жыртық көзі қыраулы пұтаққа қонған қара ала сауысқандай тыным таппай қозғалақтап тұр. Құлағына оралатын ұзын бурыл мұрты бір уыс шылаушан құрттай жыбыр – жыбыр етеді. Иен далада, ұзақ жолда өзіңе, түйелеріңе, жүгіңе сақ болғайсың. Жасың жас болғанымен қайратың мығым екенін естідім. «Тұлпар шауып төселеді, сұңқар ұшып жетіледі»деген сөзді білетін шығарсың. Ендеше, керуеншілікті көп өтпей – ақ үйреніп аласың, бүгін жүріп кеткенің жөн болар. Қожайынымның майдай жұмсақ бұйрығын құп алдымда, түйелерді қомдап, қап – дағарды теңдеп жатыр едім, жаныма күрік – күрік жөтеліп бір көксау шал келді. Сәлемімді алған соң:

– Әй балам, – деді ол булыға жөтеліп тұрып, саудагердің тіліне аспандағы бұлт үйіріледі. Сен бе, шырағым, оған. Оның ішінде жылан ысқырып, ит ұлып жатыр. Саған айтарым – мынау алдыңдағы ақ атанға сақ бол. Арқаңнан арқандық таспа тілдіретін пәленің басы осы…

Мен шалдың бұл қамқорлығына рахмет айттым. Бірақ ‹‹пәленің басы осы›› деген сөзге ойланып қалдым. Енді бас шайқауға шара қайда?! Түйелерді бір – біріне тіркеп, ең соңына әдейі ақ атанды байладым да, атыма міндім.

– Ей, жолың болсын! – деп шірене күлді бай есік алдында тұрып.

– Аман болсам жол қайда қашар дейсіз?! – деп оған жауап қайырдым сүйекке біткен тәкапарлығыма басып жүріп кеттім. Түйе мойындағы үлпершектей жез қоңыраулар даланы жаңғырта күмбір қағады. Ұршық жібімен мақтаға сүңгіген инедей қарлы дала құшағына ене бердім. Ауыл бұлдырап артта қалды. Артыма жалтақ – жалтақ қараймын, әйтеуір- ақ атаным аман келеді.

‹‹Ту›› деген түкірікті жерге түсірмейтін қатты аяз денемді қарып, жайау борасын үдей берді. Осынау жып – жылмағай иен далада құлазыған ойыма сүркей қоғамда кешкен жетімдік өмірім, өгей күндерім, алыста жүрген Батырбайдың халы қайта – қайта оралып, қара бұлытша торлады. Сондай қайғы шытырманда қанша жол басқанымды білмеймін, мимырт қадаммен теңселе – теңселе ұзақ жүргендіктен ат үстінде қалғып кетіппін. Бір кезде селік етіп оянып артыма қарасам, басқа түйем түгел, ақ атан жоқ. Жалма – жан түйелерді шөгеріп бәрін тізерлеп тастадым. Ақ атан әлде қашан бүйда жібін мұрындығынан қиып қашып кетіпті. Бірақ ұлпа қарда қазыр ғана жүріп өткен жолым да, ақ атаның қайтқан ізі де көрінбейді. Бұл не сұмдық! сонда қашқан түйе қанаттанып ұшып кеткен бе? Берген серт, айтқан сөзден шықпаған адамның несі адам! Аузымды баса атыма қамшы басып, ауылға төте жолмен құйындата жөнелдім. Шауып келем. Жерге тесіліп, көкке көз салам. Ақ атаның көлеңкесі де көрінбейді. Бағана өзім басқан жарым жолдағы қызыл тас мойнағына шыға келсем, ақ атан ауызына тістеген бір тұп шеңгелімен өз ізін өзі өшіріп жан дәрменімен шегіншектеп барады екен. По, осындай да пәлекет болады екен – ау?! анда – санда үзін әрі иір мойынын соза жан – жағына жалтақтап қарайды. Артына бұрылып ауыл жаққа адамша көз салады. Қу жанында тыныштық жоқ. Қысқа қүйрығын сыйпақтатып, ұлпа қарды қуша тұтып, бұрқырата найқандайды. Ашуланғаным соншалық бұрқыратып барып ұстап алдым да қасқалатып қамшымен көсіп –  көсіп жібердім. Он бес күндік осы жолғы сапарымда ақ атан бұл сұмдығын үш рет қайталады. Ең соңында оның мұрындығына құлаштай құрыш кескек байлап кетуін келістіріп кетірдім.

Бақайшықтана тұз артылған тоғыз түйені қаздай тізіп қайтып келсем саудагер мені аттандырған күнгі орнында тағы тұр екен.

– Е, аман келдің бе? – деді өкшесін соза.

– ‹‹Мал иесіне тартады›› деген сөз рас екен. Қожайын, айлалы атаныңызды әбден көндіріп оралғаным осы, – деп атымнан секіріп жерге түстім. Саудагер маған алайа бір қарады да үн – түнсіз үйіне кіріп кетті. түйелерді шөгеріп, жүк түсіруіме әлгі шал тағы келіп көмектесті. Ол:

– Орынды сөзіңмен озбыр саудагердің белін бір опырдың ғой, шырағым! – деді жөтел араласып рахаттана сылқ – сылқ күліп.

 

Өзеннен қалай өттім?

Жүреді өзі жансыз ырғатылып.

Бар екен аяғы жоқ бір мақұлық.

Жаз болса көк шалапты сапырады,

Шөмішін бір шығарып, бір матырып.

 

– Бұл не?

– Ожау

– Емес

– Қайық.

– Дұрыс.

Шілде айының басы болатын. Әмір пұшық мені керуеннен қайтарып алған. Әмір ауылы тебінді ағатын тентек деген өзеннің бойында отыр еді. Екі кештің ортасында суыт жүрген бір топ салт атты адам байдың үйіне сау етіп түсе қалды. Халық ‹‹төренің айағы қисық›› деп тегінге айтпапты. Өңкей талтақтаған суық жүзді, сесті адамдардың алдына шыққан атарма – шабармандар үй айналасында жүрген кедей – кепшік малайларды ‹‹кет! кейін жоғал!›› деп қамшының астына ала алысқа қуды. Олар ақ орданың ішіне еніп, үлкен текемет, гүлді сырмақ, қалың көрпе, аю терілерінің үстіне отырды. Шынтақтарына қаптай – қаптай қалың құс жастықтар қойылды, сыртқы киімдері сыпырылған соң байқадық: анау даңғырадай шылапасы бар сидиған сары Әмірдің қаладағы туысы, гомиыидаңның аудандық үкімет қызметкері. Орталарындағысы белінде наганы бар, қылыш асынған, сары ала шенді біреу. Оның аузын жұмса үстінгі орсақ тісі астынғы ерінін жауып тұр, кеңірдегі сорайған тірі қаңқама деп қаласың. Ал, оның жанындағы қабандай қалың мойынды, ала көз адам кәдімгі қаныпезер шотбас ақалақшы. Олардың алдында ебелектей ұшып, ернін арсита сеңіреңдеп жүрген Әмір пұшық.

Мен самауырға су құйып шоқ сала жүріп, олардың мына бір сөздерін естіп қалдым.

– Алла тағала алдымыздан жарылқасын, – дейді молда.

– Үкімет өздеріңе пана, жаң полковник отырғанда несіне қорқасыңдар! – деп нығызсиды шотбас.

– Ұрыс тұрған жерде ырыс тұрмайды деген осы. Кедейлердің қолтығынан қызылдар көтеріп, дәулетіміз шайқалды, тұнығымыз лайланды. не десеңізде дайынбыз тақсыр полковник! әйтеуір сайаңызға ала көріңыз! – дейді Әмір мыңқылдап.

Полковник дегенің не екенін де білмеймін. Әйтеуір мына түріне қарағанда гоминдаң әскерінің бір дөкей бастығы шығар деп ойладым. Орсақ тіс полковник ырғалып отырып сөз бастады. Сидиған сары оның сөзін шіңкілдеп қазақшалап отыр:

– Осынау жер – судың, ен байлықтың, бытырап жүрген жабайы халықтың иелгі әлі сіздер де тек біздің қолқа салып сұрағанымызды және бұйырғанымызды екі етпей орындап отырсаңыздар болғаны.

– Құп тақсыр, әміріңізге құлдық! – деп шу ете түсті қалғандары.

Сонан соң әлде нелерді сыбырлап үшеуінің құлағына құйып жатты. Жастары изектеп, уәде, серттер жасалғандай болды. Бір кезде полковник тамағын кенеп:

– Бүгін түнде өзеннің ар жағындағы өрман ішінен партизандардың қалай қырылғанын осы үйде отырып – ақ көретін боласыздар. Біздің полкымыз өткел айланып, оларды қоршауға алуға әлде қашан аттанып кетті. Хы – хы – хы! – деп құрбақадай қырқылдап күлді.

Соңғы сөзді анық естідім. естігенде жүрегіме тікен қадалғандай өне бойым дір ете түсті.

Екі күннің алдында жылқышы Темір ‹‹өзеннің аржағына өзіміздің армиямыз келіпті. Гоминдаңның сары аяқ әскерлернің күлін көкке ұшырып, тықсыра қуған ұлттық армиямыз ғой олар күні ертең ауылымызғада келеді екен. Гомиындаңның мынау қанды балақ жендеттері мен шынжыр балақ, шыбар төс теріс азу байлардың сазайын тартқызады әлі – ақ›› деген болатын. Олардың кімдер екені жөнінде менің де аздап хабарым бар еді. Содан бір неше жылдың алдында нылқының гоминдаңның мынау озбырлығына қарсы көтерілген жалынды күрестің ұлғайа келе Іле, Алтай, Тарбағатай өңірлеріндегі, тіпті бүкіл Шинжаңның жер – жеріндегі қаһарлы халық қимылымен ұштасқанын, гоминдаңның тепкісіне қарсы әр ұлт перзенттерінен құралған төңкерстік армия құрылып, гоминдаң жендеттерінің тоз – тозын шығарып жатқанын, олардың Әмір сияқты теріс азу байлардың басына ақыр заман орнатып, біз сияқты есесі кетіп еңіреп жүрген кедейлердің кегін әперетінін ауылдағы көзі ашық жандардың көбінен – ақ естігем. Сол армияға кейбір байлар қорыққанан болсада ат – көлік, азіқ – түлік, әскерлыкке адам берген. Ал Әмір пұшық қоян бұлтаққа салып, түк бермей құтылудың амалын істеп бақты. Бірақ, ақыры өзінің май өкшесіне бататынын біліп қалды да: ‹‹жұтта малым қырылды, азын – аулақ мал алсын отарда жатыр. Алам десеңдер қазір – ақ қолда барымды аямаймын›› деп өтірік бәйек болып, жалшы жігіттерінен біреуін сойысқа төрт – бес қой, ұрылары әкелген ұрлық аттан біреуін берді. Артынан енді басымды ауыртпай аулақ кетіңдер дегендей қылып, өтірік ауырып жатып алған. Оларға қол ұшын беру былай тұрсын, астыртын қарсылық әрекеттер жасаған болатын. Содан көп өтпей Әмір пұшық зәңгілік мәнсабынан алынған. Міне енді ежелгі тамыр орсақ тіс полковниктің айағына бас ұрып, одан медет тілеп отыр. Өңкей ұяс қасқырлар ұлысып табысып, халықтың аяулы перезеніттерне, өзімізге есе – теңдік әперетін адамдарға қауып төндіргелі отыр. Не істеу керек? ой – қиялым ұйқы – тұйқы. ‹‹Қорқауларға тамақ әзірлеп салпылдап жүргенше, ар жаққа тез өтіп хабар жеткізсем, әттең! Қанатым болса дәл қазір – ақ ұшар едім. Амал қанша, өткелден өтіп баруға жаяу адам екі күн, атты адам жарты күн жүреді. Бүгін түннен қалған соң бәрібір бекер. Ал ауыл іргесіндегі Көбікті көлденең судан өлмей өтсем жарты сағатта жанашырларымызға жетер едім, оларда қараңғыда қаумалаған қауіптен сақтанар еді. Не болсада бел будым. Ел жата отыншы – сушылар жай – жайына тарап әлгі бір топ обырлар ғана орда да қалды.

Табақтай ай ала бұлт арасынан анда – санда бір жарқ етіп өрлеп келеді. Мен байдың ас үйінен екі үлкен тұлыпты алып шықтым да су бойына келдім, үрлей – үрлей оны күмпиттім. Аузын белімдегі ақ таспамен қосақтап байлап алып, тасып жатқан суға қойып кеттім. Астымда ‹‹жел қайық›› бұлталақтап құла толқынның өркешінде ойнақтайды. Сең көшірген күшті су долдана қабырғама, бет ауызыма сарт – сұрт соғады. Кейде етегімнен, желкемнен басып тұншықтырады. Бірақ кеудемтұлыпта, қолым қайыста, көзім арғы жағада, көңілім сүйікті жандарда. Біресе өлім құзарына құлап, біресе өмір талын қармағандай жүзіп келемін…

Мұз аралас тастай суық суда денем жансызданып қалған сияқты соғылып жатқан мұздан да ауырсынар емес. Бір аяғымның сіңірі тартылып қалды…

Бұлттан шыққан ай су бетін айнадай жарқыратқан бір сәтте ышқынған дәу толқын қағып қалды. Мен жапырақтай ұшып жағаға бір – ақ түстім. Соның арасынша біреу үстіме қона түсіп тегеурінді темірдей саусақтарымен желкемнен бүре жөнелгендей болды…

Көзімді ашшам зәулім қарағай түбіне жағылған от жалынында кілең әскери киімді адамдар маған төніп тұр екен, көбі өзіміздің қазақтар көрінеді, арасында ұйғұр, мұңғұл жігіттерде бар сияқты.

Олар кіиімдерімді шешіп, жылылап орап тастаған екен, есімді жыинаған соң жылы тамақ берді. бойым жылып, әлімді жинаған соң, екі ағай менің жай – күйімді сұрады. Мен алып келген хабарымды жеткіздім. Көргенімнің, естігенімнің бәрін айттым. Оларда маған ризалық  білдіріп, маңдайымнан сипады. Өздерінің кімдер екенін, не үшін қан кешіп жүргендыктерін түсіндірді де бізге қосыл деді.

– Сіздерге қосылып әкемнің кегін алам! Жалғыз – ақ, бауырым Батырбайды тауып алып келейін, – дедім.

Олар мұнымды жөн көрді.

Таң атуға жақындап қалғанда кенет тарс –тұрыс атылған мылтық, сақылдаған пулемет, жарылған бомба үні жер әлемді зіл – залаға келтірді. Орман ішінен әлде бір керемет күш айналаға от бүркіп жатқандай. Төбесінен жай түскендей сонадайда жау әскерлерінің өкіре жер құшқан, жан таластағы шу – шұрқан үндері, аттарының шыңғыра кісінегені естіліп тұрды. Мені қолтықтай жүгірген екі ағай су бойынан суыт келді. Жиекте өзімнің «жел қайығым» толқын сүзіп тербеліп тұр екен. Екі ағай үстімдегі әскери киімдерді шешіндіріп түінімен отқа қарсалап кептірген өз киімдерімді шыиршықтап перезинеге орады да, арқама таңып берді. Оған қоса жел толтырылған дөңгелек камерды «жел қайығыма» матап берді. Онан соң қолымды қысып:

– Саған басшылармен барлық жауынгерлер үлкен рақымет айтты, жерге жарық түспей ар жаққа өтіп ал. Келгендеріңді жан баласына сездіруші болма. Кезігетін күніміз таяу сілімтіктерді бүгін қалай соққанымызды көрдың ғой. Ал жөнел, жолың болсын! – деп бетімнен кезек – кезек сүйді. Мен бас изеп ерлене толқынға секірдім.

Қалқып келем, шалқып келем. Артыма қайырылып қарап – қарап қоям. Бағанағы күркіреген долы су енді жуасып қалғандай. Қақтығыса ағып жатқан салынды ағаштар мен мұз сеңдерді қабырғамынан құшып жол ашады.

Жүзіп келем, жүзген сайын күліп келем, күлген сайын толқын төбелерді бауырыма торғындай төселерді.

Кішкентай достар! жақсы ниет, адал арман жолында суға түссең батпайсың, өртке кетсең күймейсің! деген осы шығар ә?!

 

Сес

Белі бүкір, алысқа түкір.

 

– Бұл не?

– Жылан.

– Қате.

– Мылтық.

– Дұрыс.

Әмірдің тегеурінінен қалай құтылу керектігі мені талай толғанытты. Жатсам – түрсам соны ойлаймын, «Әмірдің бір атын мініп, бір түнде зытып беру ғой қашан болсада қолдан келгелі тұр. Бірақ, қанды ауыз Әмір пұшықтың жүрегін аузынан шығар атағы бір сес көрсетпей кетсем, ол мені қашқын демей ме? Жанынан артық көретін сары алтын, оған қоса бес атар мылтығын алсам. Оны қандай жолмен, қандай сеспен алам? Сары атты белдеуге байлап қойып, Әмір желбегейленіп түскі шайын ішіп отырғанда, үйіне кіріп барып, мылтықты ала сала өзін атамын десем, ол қорқып бір бұрышқа тығыла бергенде басынан асыра бір атып жіберіп, сонан соң атқа мініп тартып берсем қайтер? Әлде түнде шырт ұйқыда жатқан кезінде сүйтсем бе екен? Онда, мен мылтықты алғанша сезіп қалып қараңқыда өзімді атып тастап жүрмесін; не болмаса аңға шыққан жерінен соқсам қалай болар? Оныңда реті келе қоймайды». Осындай ойлармен күндер көп өтті. Ойлаған амалымның бәрі де өз көңіліме жақпайды. Сонда да бір мөртін келтіріп, Әмірді жер сипатып кетуге бекідім.

Әмір Аяулы сайға жұрт жаңалап қонды. Сол күні кешкі көлеңке ұзарып, күн ұясына батқан соң қойымды тіреушенің басынан үйге қарай қаптатып жіберіп, теріскей жақтағы гүлді текшелерге, орман арасындағы көк салмауларға көз салсам, тау тағылары кешкі жайлымға шыққан екен. Бір жерде маң – маң басып балпаңдаған бота жүнді сары аю, тайыншадай талпақ қоңыр аю өз харекетімен болып жүр. Бейне еңгіш шалдардай екі аяқтап тік тұрып, жалпақ алақандарымен мөлдіреген қып –қызыл таңқурайды жапырағымен қоса сындырып аузына тығады. Таңырқап сәл тұрған соң, қорқынышым жалыт етіп кетті, өшпенділікке ауды. Баяғы өзіміздің жер үйде осы аюулардың жаркемдеуімен қыңсылап жатып қорлықпен өлген ала мойнағым елестеп кетті. Сүйеніп тұрған тайағымды жұлып алып мылтықша кезеп қоямын. «Әттең, мылтық боларма еді, өкпе тұсынан атсам –ау» – деймін тістеніп. Сонда Әмір пұшықтың мылтығы есіме түсіп ауыл жаққа ұшырта жөнелдім. Жүгірген бойда « Байеке, байеке» деп үйге кірдім.

– Не жетті? – мамық төсектің үстінде әмианын ашып алтын, күміс, асыл тастарын санап жатқан Әмір орнынан ұшып тұрды. – мылтығыңызды беріңізші, қас қаққанша қанша аю жығар екем? – дедім келтесінен.

– Ей, малың аман ба? Аю атқан неңді алған сенің? Сандалма!

– Мал аман, ата алмасам өз обалым өзіме! беріңізші, – деп ақауырладым. Оңайлықша бере қоймайтынын білдім. Ол:

– Ай, сен…,- деп бір сылтауды айтуға ыңғайлана бергенде керегеде ілулі тұрған сары мойнақ бес атарды іліп ала жөнелдім. Байдың артымнан айғайлап не айтқанын естігем жоқ.

Өкпемді аузыма тістеп жалға шыққан соң жаңағы аюларға көз салсам, талтаңдап әлі жүр екен, жақындау жердегі жалпақ сары аюды көздеп отыра қалып шақпақты басып қалдым. «Шық еткеннен басқа дыбыс болмады. Нысанамдағы аю жан –жағына бір қарап қойып, қалың нуға кіріп кетті. Оқсыз мылтықты алып келгендігімді сонда бірақ сездім. Сасқалақтап ауылға қарай қайта жүгірдім, қарсы алдымнан қаражал, қара құйдық, дау сары атымен тебініп Әмір шыға келді.

– Ой, әкеңнің… Оқсыз мылтықпен аю атам деп кімді сайқы мазақ қыласың? Басыңды кесіп алмасам!…. деп жез қамшысын үйіріп ақырып келеді. Артыма шықсам аюға жем боламын. Жұмсаң жұдырығыңда болайын деп Әмірге жалбарынып мөлиіп тұрсам, қатыгез бай қанымды қазыр шашады. Сондықтан оқыста мылтықты кезедім де, байдың өзін нысанаға алып:

– Ондай болса көр міне омақасқаныңды! – деп қалдым. Бақырған бай қос қолымен қу басын қалқалап: – Ақыл – оу, Ақыл! бұл менің албасты азғырған әзілім емеспе? деп қисая –қисая барып аттан ауып түсті. Қалың шалғын ішінде өзімен өзі болып жұмарланып жатыр. Міне мұндайда сәті түспес болар, ойламаған жерден оқыс сес көрсеткеніме өзім де қуанып кеттім. «Осы орайды қолдан бермейін» дедім де, сары атқа қарғып мініп байдың үйіне тіке тарттым келе кереге басындағы оқ тізілген қорамсақты қағып алып, сары атпен самсыған орманға ендімде көзден ғайып болдым.

Балалар! «батыр болсаң бопсаға шыда» деген сөздің мәні осындай екен. Батыр шыдаған бопсаға жарғанаттай жалмауыздар қайдан шыдасын?!

 

Топты жауға төтеп беру

Жалғыз аяқ көп мүйіз,

Басқан жері бармақтай,

Көтерер жүк тайлақтай.

– Бұл не?

– Ұлу

– Лағып кеттің.

– Бақан.

– Дұрыс.

Ел жата Темір ағайға бұрылып  мән –жәйді айтқан соң, мылтықты атудың жолдарын сұрап  біліп алдым. Бұқа ағайдыңда ақыл кеңестерін алдым да түн қата сапарға аттандым. Мылтықты байдың ат көрпесіне орап атыма бөктеріп алдым. Ертеңінде түсте жол –жөнекей бір ауылға түсе қалдым. Ол үйдің иесі екі –үш бие байлаған бір жесір кемпір екен. Жақсы қарсы алып қымыз құйды. Нағашымды іздеп бара жатқанымды айттым.

«Досы көпті жау алмайды, ақылы көпті дау алмайды» – деген қарағым. Сұрау салып іздей берсең табарсың нағашыңды, – деп ақыл айтты әжей. Сол кезде далада шыңылдаған дауыс естілді. Үйден әжей екеуміз де ұмтыла шықтық. «Жау келді! жау келді!» деп астындағы торы тайын төбелдеп әкеле жатқан сегіз – тоғыз жастардағы толымды қара бала екен.

– Қайдағы жау? деді әжей баланың шаужайынан ұстап. Кілт тоқтаған тайдың басынан асып түсіп қала жаздады бала.

Шаң мойнақ осылай шұбап келеді. Ылғыи ақсақ –шойнақ гоминдаң сілімтігі сияқты тағыда атты –жаяу бір топ адам, – деді бала үлкен қап- қара көзінің қою кірпіктерін қағып –қағып жіберіп.

– Енді қайттық, ауылда бірде –бір еркек адам жоқта? Жаралы жау кімді айайды, мұнда кәрімен жасты қырып кететін болды ау?! – деп әжей өзіне өзі сұрау тастап, ораулы жатқан жұн – жұрқаның үстіне отыра кетті.

Әбің –күбіңді байқап көрші үйлерден көп әйелдер мен балалар жыйналды. Бірде – бір ер – азамат көрынбейді. Жиналғандардың бәрі де абыржулы. Әжей сәл ойланған соң маған қарап шешіле сөйледі:

– «Қашқан жауға қанды итте бөгет болады» деген аталы сөз бар, балам! ел шетіне жау келсе ер жігіт болар панасы. Сенде мендей бір анадан туған ұл шығарсың, қарағым! – деп маған қарай берді.

Ана сөзі тап бір бұйрықтан да артық болды маған. Есік алдында тұрған мыс шылапышынды өзім алдым, көршілерінен және бір шылан пышынды торы тайға мінген балаға бердім. Мылтығымды оқтап алып, бұлақ бойындағы түскі ыстықта үйездеп тұрған жылқыға беттедік. Шылапшын барабандай қағылып, айқай қиқу көтерілді. Үрккен көп жылқының тұяғынан ұшқан жарлауыт жолдағы шаң көк күнбезін түңліктей жапты. Қалың нөпір ұрккен жылқы өңмеңдеп келе қатқан жауды тұншықтыра басып қалды. Қарсы жақтан бір екі рет мылтық атылды. Қалың жылқының арасында жүріп мен де жауға мылтықпен араластым. Қараға ілінгенін әйтеуір атып жүрмін. Тиген – тимегенін өзім де білмеймін, анда –санда жаудың бірі тыраң асқандай болады. Көп ұзамай шаң –тозаң сейіліп, шұрқыраған жылқы жай –жайына кетті. Санап көрсем жаудың бес әскерін оққа ұшыратыппын. Қалғаны қыйыс шатқалмен қашып кетіпті.

Сол ауылдағылар біздің тапқан ақылымыз бен жеңісімізді құттықтап той жасады. Мен кішкентай серігме олжаға түскен бір наганды тарту еттім. Қалған әш мылтық пен бір жеңіл пулеметты атыма артып түнделетіп тағы жүріп кеттім.

Жау алдында қоян жүректік істеу –азаматқа ең қорлық. Қару – қасқа айбатты, ақылды ми – ақылсыз басқа айбатты болады, – деп алқады жиналған жұрт мені.

 

Батырбайдың ерлігі

Оған жетер жақсы мотор жоқ әлі,

Қызыл теңіз ортасында соғады.

Тіршілктің қайнарындай қызулы,

Мың градус отыңнан да жоғары.

 

– Бұл не?

– Болат қорыту пеші.

– Қате.

– Жүрек.

– Дұрыс.

Күн- түн қатып ұзақ жүріп, азып – тозып нағашымның үйін әрең таптым. Сақтық үшін сары мойнақ бес атардан басқа қаруларды ағаштың қуысына тығып қойып барғам. Нағашымның үйінің белдеуінде керіскедей ақ боз ат байлаулы тұр екен.

Мен түн ішінде үйге кіріп барғанда қартайған нағашы апам мен нағашы атам түрмақ, бойы ұзарып, денесі тола бастаған Батырбайда байқамай қалды. Нағашымды тұмысымда көріп отырғаным осы, Батырбайды көрмегелі де алты жыл өтті емеспе?!

-Ассалау мағалайкұм.

– Уағалайкум ассалам! нағашы атам тосырқап барып сәлем алды, нағашы апам маған отыруға төрді нұсқады. Ал Батырбай қырық шоқпыт кіиіз үйдің босағасындағы ақ балтаның қасында жапақтап қарап тұр. Сол сәтте өзімді ұстай алмай:

– Мен Ақылбаймін! – деп Батырбайды бас салдым. Үй іші шу ете түсті, Батырбай ұшып келіп кеудеме құлады. Екі қарт таласа тармаса бетімнен сүйіп аймалай берді.

Жарқыным, құлыным, жұлдызым, жал – құйрығым… деген жылау аралас мейрлы сөздер таусылар емес. Айқасқан құшағымыз зорға ажырады.

Сол түнгі Батырбай екеуміздің ұйқымыздай тәтті ұйқы сыра болмас бір күн тыныққан соң, Батырбай екеуміз қарттардың рұхсатын алып күрескер қосынды іздегелі жүіп кеттік.

Жыныс ормандардан, сарқыраған өзен, жалтыраған жаламалардан өттік.

Үшінші күні таңертең екі қапталы ит тұмсығы өтпейтін жынысты көк жотамен келе жаттық. Ойда жоқта орман ішіндегі ойдымнан от орнындай сарғайған бірдеме көзіме шалынды. Бұл не екен деп таң қалдым. Қару мен атымды Батырбайға ұстата салып, белуардан келетін шалғынды жапыра жетіп бардым сарғайған жерге. Сүйтсем ол аю екен, атып тұрып ұстаса кетті меніменен. Бұлтаруға болмай қалды. Алып жыртқыш еңсемдіі басып барады. Алқымдап тірей қолтығына кіре бердім. Сояудай тырнақтары тиген жерімді қанжардай тілгілейді. Арандай ашылған аузындағы ақсиған тістіері маңдайымнан әлсін – әлі төне түсті. Аузынан шыққан сасық ис қолқамды жарып барады. Алыса – алыса жалама қабырғаға таядық. Қызғыштай шырылдап жақын келе алмаған Батырбай:

– Аға, жаным аға! енді қайтемін? – деді дірілдеп. Көзімнің қыйығымен қарасам аюдың бойы менен бір біиік тұр екен.

– Ат! Дәл маңдайын күзеп ат! жүрексінбе! – деп айқайладым.

Ол жазатайым оқ маған тіиіп кетеме дегендей кешеуілдей берді. Мен тағы да:

– Батырбай мылтықтың таңдайында оқ бар, түндегі үйреткенім бойынша орнығып тұрып дәлдеп ат! – дедім қырылдаған дауыспен әрең зорға.

Мылтық гүріс ете түсті. Айқасып тұрған аю мені сілкіп жіберіп қатты бақыра жалманынан түсті. Бүкіл жүзімді аюдың ып – ыстық қаны жауып кетті. Қолым аюдың тамағына тас болып жабысып қарысып қалпты. Батырбай саусақ санап зорға босатты.

Ажалдан аман құтылдық. Ағайынды екеуміз тұнық бастаудан су ішіп, терімізді сүртіп дем алып отыр едік:

– Ей кімсіңдер? – деген дауыс естілді жақын маңнан.

Орнымнан ұшып тұрдым. Айналада жан пенде көрінбейді. Іле – шала:

– Неге мылтық атасың деді тағы сол үн.

– Аюды жайратып, ағамды құтқару үшін, – деп Батырбай да тік тұрды.

Сәлден кейін қою бұтақты қайырып, аласа аршаның артынан екі жігіт шыға келді, біз аю мен болып жүргенде олар қаруымызбен екі атты қолға түсіріп те үлгіріпті. Екеуі де бұқараша кіиінген. Жақындап келгенде таный кеттім, біреуі екі айдың алдында мені өзен бойына жетектеп келіп, бетімнен сүйген ағай екен. Аман – сәлемнен бұрын жүгіріп барып құшақтай алдым.

Сол күні кеште өлген әкеміз тірліп, өшкен отымыз қайта жанғандай жауынгерлер ортасында тағы бір тәтті үйқыға баттық.

Таңертең жорық сырнайы тартылды. Ағайынды екумізде сары аласапқа тұрдық. Батырбайдың қолында командир сыйлаған өткір қылш, оның ерлік жігері меннен де тебінді көрінеді.

Алынған кек

Қара арғымақ мінгенім,

Қыр айнала жүргенім.

Сегіз найза сенгенім,

Он екі қылыш ілгенім.

 

– Бұл не?

– Айыр.

– Қате.

– Бүркіт.

– Дұрыс.

Талай қырғыннан кейін орсақ тіс полковник қалған – құтқан әскерімен аудан орталғындағы биік қорғанға тығылған болатын. Қорғаннан басқа қия басар жері жоқ, қоршауда қалды. Талайдан бері қорыққаннан тырыс етпей жатып алды. Хабарға қарағанда, қорған ішінде олар қорғанысқа әбден дайындалып жатқан көрінеді.

Қанды қол Әмір бас иіп тәубе қылсам да қызылдар мені бәрібір сау қоймайды деп біліп үш іріткі ұрыста да орсақ тіске болысты. Ақырында қолға түсермен болған соң баласымен екеуі сол қорғанға барып паналаған.

Ертең таңертең қорғанды шабулмен алатын күн. Батырбай екеуміздің де күткен күніміз осы еді.

– Бәлем Әмірді тірідей қолға түсіріп, бас терісін тірідей сойсақ! Сонан ит пен құсқа тірідей жем қылып тастасақ! бірақ, оған әскери тәртіп рұхсат етпейді – ғой сондада…, – дей бергенімде:

– Ақылбай! штап шақырады, дереу бар! – деді хабаршы асығыс кіріп.

Штап бастығы мені іргелес аудандағы өзіміздің атты полкке ерекше міндетпен жұмсады, әскери тәртіп бойынша бұйрықтан бас тартуға болмайды. Іштей қынжылсам да еріксыз құп алдым. Қайта айналып келгенше екі күн өтеді. Сондықтан келістіріп кек алуды Батырбайға айттым да, кеш бата жүріп кеттім. Түнімен сар желдіріп ертесі күн шыға нысаналы жерге жеттім. Міндетті орындай сала тізгін үшімен қайта қайттым. Мұндағы ойым шайқастың соңын алаболсада араласып қалу еді, амал қанша, оған үлгірмейтін көрінемін. Аудан орталығында және екі сағаттық жол бар. Алыстан анда – санда бір гүріс еткен зеңбірек үні естіледі, мынау ағашы да, суы да жоқ  бедірейген елсіз қырқа таусылар емес, сай – сайды қуалай ирелеңдеген борпылдақ топырақты арба жол барған сайын ұзарып бара жатқандай, жалықтырып та жіберді. Онан горі бірнеше бел асып жолсызбен тартсам, тез жететін сыйақтымын. Топырақты жолдан шығып ат басын төтеге бүрдым. Бұл жердің жылға жылғасы, әр – бір бұтасы түгелдей өзіме таныс, көңілімде жаттаулы, ондайда маған жолдың керегі не? Төтелеп ұрып келемін. Изен, жусан, ермен иісі аңқыған қоян жөн жоталар, ұры жылғалар, тобылғысы ұйыса өскен беткейлер зымырап артта қалып жатыр. Табаны қызып алған ақ бозым лыпып келеді. Түйе мойын ұзын тұмсыққа жақындай бергенде атым әлде нені сезгендей құлағын қайшылап, елеңдей берді. Менде тақымдағы сойылды ыңғайланқырап, қамшыланып қалдым. Тар қысаң ұрма тұмсыққа айнала бергенде көлденең біреумен айқасып қалдым. Бұл Әмірдің баласы Бақанбай екен, екеумізде бір – бірімізді тани кеттік. Әкесімен бірге орсақ тіс полковниктің қолтығына кіріп алған мына сойқанның дәл бүгін мына иенде ұшқасып қалуы тым тосын болды. Мені көргенде селт етіп ыңғайсыз үдірейе қарағаны, өңі сұрланып атының басын қыйыс бұра бергені, оның қорқынышын аңғартқандай, «Бұл сұмырай қалайша қолға түспей қалды екен? Әлде қашып құтылды ма екен? Жападан жалғыз иен далада жалғыз келе жатуы бекер емес» деп ойлап не болсада ұстап қалуға бекідім ол танымаған кісі сыйақтанып сипай қамшыланып өте шықпақ болғанда;

– Амансың ба, Бақа? Танымай қалдың ба? Мен Ақылбаймын – дедім түк білмеген адамша тіл қатып.

Бақанбай еріксіз түйткілсіп барып, еріксіз атының басын тартты.

– Е, Ақылбаймысың? расында танымай қалыппын. Жол болсын деді ол сасқалақтап.

– Әлей болсын.

– Қайда тарттың?

– Жоқ қарап.

Ол менің өн бойыма, тұрған тұрысыма бір көз жүгіртіп өтті. Тақымдағы ақ сойыл мен қанжығамдағы қара арқаннан басқа бөгде ой саларлық данеңе жоқ. Жалшыларша көне тоз кіиім кіиіп алғамын. Оның ер қапталына жасырған қара шоқпарының домалақ басы мен саптамасының қоншындағы қанжарының сабы көрініп тұр мені сол байағыдағы жалбыр тонды жалшы күйінде екен деп ойлаған болу керек.

Жаңағыдай емес, бетіне қан жүгіріп батылдана түсті.

Қайдан келесің? дедім мен де тақауырлай, жауап берудың орнына ол қайта сұрланып, қойнындағы жан құралын жұлып алды, мен де тез қимылдап сойылмен қағып қалдым. Наган арқан бойы жердегі бұта арасына ұшып кетті, ол жалма – жан шоқпарын сұырып алып мені көсіп қалды. Мен денеме дартпай сойылмен тосып қалдым. Жекпе – жек осылай басталды…

Ат үстінде сойылдасудың да талай әдісіне жатылғамын. «Сен ақ айыл жырынды жау болсаң, мен кішкентайымнан тепкіде шыңдалып өскен, оның үстіне әскери тәрбие алған темірдей әскермін, жас болсамда саған татымасам атым өшсін!» дедім іштей, жан құралымды шығармай тұрып ақ оны еңселетып тастағым келді.

Бақанбайдың қонышындағы қанжары суырылмай жатып сойыл тиіп сабынан үзілді. Енді сойыл мен шоқпар қара құсты, шынтақты, тізенің көзін қағыс қалтырмай сарыт – сұрт сілтеніп жатыр, бір – бірімізге ақыра ұмтылып айбар шегеміз, Бақанбайдың шоқпары мойыннан үзіліп, менің қатырған мойыл сойлым жоңқа болып кетті. Қарудан жұрдай болып дәрмені кеткен ол тайсақтап қашуға ыңғайланды. Менің де күткенім осы еді. Қанжығадағы қыл арқанды шешіп ала сала тұра қудым. Бір қыраттан аса бергенде, қашағанға шалма тастағандай шалма арқанымды үйріп кеп тастап тақымға баса тұра қалған едім, мойыннан орала кеткен арқан екпінімен кетіп бара жатқан аттың үстінен оны жалып еткізіп жұлып алды. Ауыр денесімен былыш етіп жерге түскенде ыңырануға шамасы әрең жетті. Орнынан тұрар емес. Біраздан соң көзін бір ашты да талып қалған адамша сұлық жатып қалды. Бұл қулығын менде біліп тұрмын. Аттан түссем мені атып тұрып бас салсам деп ойлап қара тұйақтан хал кеткенше жағаласпақ боп жатқан болу керек. Осы кезде жан құралымды шығарып, ақыра бұйырдым оған:

– Бақанбай, тұр орныңнан! «біреуге ор қазба, өзің түсесің» деген осы, мені енді таныған шығарсың, қиқақтайтын болсаң атып тастаймын. жүр былай алдыға түсіп!

Қолымдағы наганды көргенде ол қалтырап кетті. Тізерлеп отыра қалып тоңқаңдап бас иіп жатыр, көзінен аққан жасы топырақ қапқан бетіне айғыз – айғыз із салып барады. Кеберсіген ернін жалап қойып міңгірлейді.

– Көрген көз жаман, айтқан ауыз жаман демегейсің, Ақылбай дәмдес, тұздас болып өсіп едік. бүгінгі шекісуіміз ертеңгі бекісіу болсын! Мынаны сенің жолыңа тастадым қанбай ал! – деді де, дірілдеген қолымен қойнынан құлақты жамбыны шығарып алдыма тастады.

Бақанбайдың мына сұрқын көріп тіпті де жіиреніп кеттім.

– Жұдырықтай тасыңа жұмыртқадай жүрегімді сататын мен емес, Бақанбай! тасыңды жан қалтаңа салда, алдыма түс, көретін күнің алда, – дедім. Аттан түсіп екі қолын артына қайыра байлап, атына қондырдым да, сол күні түсте оны штапқа тапсырдым.

Мен әскери бөлімге келгенде жолдастарым жеңісті тойлап жатыр екен. Орсақ тіс полковниктың әскері түгел жойылып, қала азат болыпты. Ұрыста Әмір пұшық Батырбайдың қолынан оққа ұшыпты. Батырбай екеуіміз қуанғанымыздан құшақтасып көрістік.

Таң атып боз торғайлар шырылдасты. Ақылбай атайда бір түнгі әңгімесін айақтатып, уақытпен жарыса жаңа күннің тың жұмысына кірісті. Таңертеңгі шайдан кейін ол бізбен мейірлене қол алысып тұрып:

– Әңгіменің жалғасын жаңа заман жыры деп білерсіңдер! – деді қарқылдай күліп.

 

 

10.08.1980




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑