banner-top12

Поэзия voda_reka_goryi_sneg_ozero

Қосқан уақыты Ақпан 25, 2019 | 266 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

ЖҮРЕГІМДІ ЖЫР СОЛАЙ ТЕРБЕТКЕНДЕ

ДҮЙСЕНӘЛІ ӘЛИАСҚАР

photo_2019-02-25_16-37-04

Талай-талай табыт құсап табыт күн,

Тағдыр берген тапсырмадан жалықтым.

Молдалардың місе тұтпай уағызын

Молалардан мол мағлұмат алыппын.

 

Ауық-ауық іштен тынып ысқырған,

Борандарға тұрам қарап мысқылдап.

Молаларға алғысымды білдіріп,

Молдалардан салам сурет қыстырма.

 

Момын елдің моласына дем алып,

Пенделіктен қайтам біраз кек алып.

О құдірет, тас қабірден тамаша

Қайтып жүрмін анда-санда ем алып.

 

********************************************

 

Тербет мені ән-күйіңмен әлдиле,

Жеткенімше жер бетінде мәңгі үйге.

Желкенімді есіп ашық теңізде

Желге адасып жерошақта қал күйбең.

 

Асқарына Алатаудың ән байлап,

Тауып алдым табиғаттан таудай бақ.

Жартасыңа тарихымды таңбалап,

Ел қолында еңіреген қалды аймақ.

 

Есесіне Алатаудан Арқаға

Қазақия халықаралық картада.

Ойып тұрған орның сенің тым бөлек

Жатқан байдай ордасында шалқалап.

 

О табиғат, жаратылдым қаныңнан,

Қазақпын ғой қасиетіңе бағынған.

Анда-санда тарпаңдығым дауылдан

Дархандығым сіңген шығар тауыңнан.

 

***********************************************’**

 

Шалғыныңа шалынып,нілін иіскеп,

Саптыаяқпен сапырып қымыз ішкен.

О туған жер, аттандым құшағыңнан

Тастап сені қайтейін ібіліске.

 

Қабанбайдың етегі Көлденеңде

Шашу шашып құттықтап келген елге.

Қалжа сойып, қарт шыңнан бата сұрап жатыр,

Ерлік тілеп,ездікті жерге көмген.

 

Рақмет әкешім,асқар белім

Батырлыққа жебедің бастап мені.

Алмастырып аламын анда-санда тарпаңдығым,

Айғай шуға өзімді тастап жеріп.

 

Сотқарлық пен ерлікті алмастырып,

Аттанғанда ауылдан алғаш жігіт

Төбелестік төрінде төредей боп,

Отырдық қой оңаша малдас құрып.

 

О әкешім, ақылды кемеңгерім,

Сый күттің ғой білемін менен көрім.

Сексеніңде ел бастап елге келдің.

Мен көкесін ерліктің сенен көрдім.

 

Туған жер жоқ,Отан бар енді міне,

Кең тыныстап алайын кемді күнде бір.

Туған жердің бір уыс топырағын

Түйіп алып келіпсің белдігіңе.

 

Он екі жыл Отанда тыныстадың,

Десім жүріп тасыды ырыс-бағым.

Он жыл бұрын айтқаның айдай келіп

Туған жерде тұншықты туыстарым.

 

Амал нешік,обал не өздеріне

Мұң байлады ұрпақтың көздеріне.

Жан айғайың жаңғырып Қабанбайда

Біз сұқсаң да сезбеді бездеріне.

 

Ал айт балам,ерліктің  өлшемін сен,

Ердің бағы қашан да ел семірсе.

Қолыңда жоқ атанба жаяу шешен

Байлық деген домбыраңды шерте білсең.

 

Алу керек ләззат мейір ел де

Кең дүниеде тарылып кейіп өлме.

Қанағатты тастама қанжығадан

Ал байлықтың білсеңіз сейфі елде.

 

Деп ақылын аттанды  әкем айтып,

Келмейді ғой білеміз әке қайтып,

Бір ақылды айтатын күн туа ма?

Деп жүретін Медеуім әкем айтты.

 

Кім біледі,білмеймін ештеңені,

Гүлдей жайнап жарымның кестелері

Шайың қайда кемпір деп еркелетіп,

Әкем құсап мен үйге кеш келемін.

Дүйсенәлі Әлиасқар




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑