banner-top12

Ақпараттар ағымы photo_2020-03-21_13-27-03

Қосқан уақыты Сәуір 16, 2020 | 411 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Жұлдыздар карантинде қандай кеңес беруде

Бүгінгі карантин, оқшаулану мен халықтың жағдайы туралы көп мәлімттер айтылды да, айтылып жатыр. Қазақстандықтарға тек қауіпсіздікті сақтау мен сабырлылықты, үмітті серік етіп, күту ғана қалды. Пандемияның шарықтау шегін өткеріп, қауіпсіздік жағдайы толықтай орнап, көпшілікке қалыпты болған өмір ағымы өз арнасына тоғысқанша күту қажет.

Алайда, кейбір кездерде шұғыл түрде құжаттарды рәсімдеу немесе белгілі бір анықтамаларды алу қажеттілігі туындауы мүмкін. Ал, барлық ХҚО-лар жабылып, онлайн режимге көшкен. Осыған орай, халықтың қолайлылығы үшін және азаматтарға түрлі сауалдарына жауап беру үшін кеңес беретін 1414 call-орталығы ұйымдастырылған. Телефон арқылы да, видеоқоңырау арқылы да операторлар қалай қызмет алу керектігі туралы нұсқаулық беріп, нақты қызмет түрлерін алу барысын түсіндіріп отырады.

Белгілі отандық эстрада жұлдыздары мен спортшылар барша алматылықтарға және қазақстандықтарға үндеу тастап, eGov электрондық үкімет порталын пайдалануға және осы сайттан үйден шықпай-ақ қызмет алуға кеңес беруде. Өйткені бүгінгі таңда көрсетілетін барлық мемлекеттік қызметтің 80% онлайн санаулы уақыттың ішінде алуға мүмкіндік берілген. Автокөлікке қатысты, электрондық сандық қолтаңба мен түрлі әлеуметтік төлемдер eGov порталы арқылы қолжетімді.

Сонымен қатар, есімдері дүйім жұртқа мәшһүр қазақстандықтар қандай қызмет түрін алғандығын айтып, онлайн әдістің тиімділігін айтуда.

ақжол мейірбековайжан нұрмағамбетоваБеркутФархат ИбраимовАндрей МалышевРахман Омаров1Салтанат БақаеваАуез Ауэзов

Мәселен, ҚР еңбек сіңірген әртісі Айжан Нұрмағамбетова  «Бүгінгі қысылтаяң кезде, карантин кезінде, автокөлікке және басқа да қажеттіліктерге қатысты барлық операцияларды eGov сайты арқылы жүзеге асыруға болады. Менің жүргізуші куәлігімнің мерзімі аяқталған болатын, оны дәл осы eGov сайты арқылы ауыстырдым.Карантин кезінде де өркениеттің игіліктерінен құр қалмаңыздар»- деп кеңес береді. Азаматтық көзқарасы айқын әнші, карантин кезінде еріктілер штабында, халыққа көмек көрсетіп жүр екен.

Елімізге әйгілі «Досмұқасан» ансамблінің әншісі, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Ақжол Мейірбеков «карантин жағдайында, отбасыңмен бірге болып, eGov сайты арқылы құжаттарыңды реттеуге болады» десе,  әнші Бүркіт, «бүгінгі қысылтаяң кезде көлігіңізді тіркеуге немесе соған қатысты барлық операцияларды eGov сайты арқылы үйден шықпай-ақ жүзеге асыруға мүмкіндігіңіз бар. Өзіңізді, өзіңіздің денсаулығыңызды сақтаңыз, жақындарыңызды сақтаңыз. Баршаңызға сәттілік тілеймін!» дейді.

Танымал актер Фархат Абдраимов, актер, тележүргізуші Рахман Омаров, әнші Кентал карантин жағдайында eGov порталы арқылы көп мәселелерді шешуге болатынын жеткізсе, «Арнау» тобының әншісі Салтанат Бақаева, жас әнші Райым Уайыс та бітпей қалған шаруаларыңызды, карантин кезінде үйден шықпай-ақ  eGov порталын пайдаланумен шешуге болатынын айтады.

серікбол сайлаубек1Айнұр НұрсейітоваНұраддин СадықЕвгений ЕгембердиевкенталНұрсұлтан ҚасымхановЖасұлан МұсағалиНұрсүлтан Жақсыген

Мұндай оймен әнші Серікбол Сайлаубек, дәстүрлі өнер театрының әншісі Жасұлан Мұсағали, «Оctagon promotion» кәсіби жекпе-жек ұйымының президенті Нұраддин Садық, ММА аралас жекпе-жек кәсіби спортшысы, «Алаш прайд» кәсіби спорт клубының  мүшесі, белгілі спорт шебері Евгений Егембердиев, АСА лигасының мүшесі, аралас жекпе-жек шебері Нұрсұлтан Қасымханов, белгілі тележүргізуші Андрей Малышев, белгілі сценарист, вайнер Әуез Әуезов (Тұрмағамбетов), танымал модель Айнұр Нұрсейітова, актер Мәлік Әбдіраманов, әнші-актриса, блогер Miss Jamba, актер Нұрсұлтан Жақсыген және т.б. танымал өнер және спорт жұлдыздары бөліседі.

әнші Райым УайысMiss Jamba1Малик абдраманов

Олар өздерінің бейнежазба арқылы жолдаған үндеулерінде, қазақстандықтарды eGov сайтын қолдануға шақыра отырып,  үйден шықпай отырып онлайн қызмет алу, бәріміздің денсаулығымыз бен қауіпсіздігіміз үшін керек дейді.

«Карантин кезінде де өркениеттің игіліктерінен құр қалмаңыздар! Өздеріңізді және жақындарыңызды сақтаңыздар!» – дейді олар.

 

 

 




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑