banner-top12

Жаңалықтар салем казахстан

Қосқан уақыты Наурыз 14, 2016 | 676 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Жұлдызды жаңаша таны: «Сәлем, Қазақстан!»

25-наурыздан бастап «Қазақстан» телеарнасы «Сәлем, Қазақстан!» атты жаңа телевизиялық жобаны ұсынады. Бұл қазақстан эстрадасының жарық жұлдыздары жанды дауыста ән шырқайтын бірегей жоба болмақ.

Бүгінгі күні қазақстандық шоу бизнестің санаулы ғана өкілдері өздерінің «Live»  түріндегі өнер көрсетумен мақтана алады. Шыны керек, біздің көрермендеріміз әншілердің фонограммамен айтқан әндерін тыңдаудан жалықты. Бұл орайда «Қазақстан» телеарнасы көрермендерге де, әншілердің өздері де жанды дауыста шырқалған әндерді тыңдап, құмарларын қандыра алады.

Аталмыш жобаның ерекше қырларының бірі – бұл жай телевизиялық жоба ғана емес, сонымен қатар бір әртістің немесе бір топтың шығармашылығына арналған жеке концерт болмақшы. Яғни, кез келген адам билет сатып алу арқылы нағыз тамаша шоудың куәсі бола алады. Сүйікті әншісінің өлеңдерін тыңдап қана қоймай, оның шығармашылығы туралы жаңалықтармен таныса алады

Әрбір концертте көрермендер кеш жұлдызына өзін қызықтырған сауалын қоя алады. Бұл үшін «Еркін микрофон» арнайы айдары қарастырылған.

Бұдан басқа, кеш жүргізушілері залдағы көрермендермен ашық диалог құрады. Мұндай тәсілдің отандық телевизиядағы бірде-бір бағдарламада бұрын-соңды болмағаны анық.

Осылайша, осы жобаның арқасында көрермендер қазақстандық эстрада орындаушыларының деңгейін бағалай алады. Біз сүйікті әншілеріміздің жанды дауыста шырқаған әндерін естіп, арнайы бэнд-ансамбльмен және бірегей музыкалық қойылыммен сүйемелденетін ірі концерттік бағдарламаның куәгерлері бола аламыз. Әртістің репертуарындағы таңдаулы туындылар жаңаша өңдеуде орындалып, көрермендерді ерекше әсерге бөлейді.

Осы жобаның шеңберінде «Еркін микрофон», «Үздік орындаушылардың хит-шеруі» және т.б. сияқты арнайы айдарлар жүргізіледі. Хит-шерудің «Астана аруы-2013» – Ауялым Ерғазы жүргізеді. Апта сайын көрермендердің ресми сайтта дауыс беруі арқылы үздік орындаушылар анықталады, кейіннен ай сайын, одан кейін жыл сайын үздік жыл орындаушысын да анықтайтын болады. Сонымен қатар жаңа альбомдардың презентациясы өтеді.

«Сәлем, Қазақстан!» концерттік шоуының жүргізушелері – көпшілікке танымал, әрі көрермендердің сүйікті актері – Тәуекел Мүслім және белгілі фотомодель, әрі интернет кеңістіктің жұлдызы – Әсел Асқар.

«Сәлем, Қазақстан!» жобасының креативті құрамы әртістерге де, көрермендерге де арналған көптеген тосын сыйлар әзірледі. Өзіңіздің сүйікті жұлдызыңыздың жаңа қырларын біздің бағдарламада аша аласыз. Жылдың үздік ірі жобаның куәгері атану мүмкіндігін жіберіп алмаңыздар! Әр жұма күні «Қазақстан» телеарнасының эфирінен берілетін сүйікті әншілеріңіздің жанды дауыстағы орындауларын бірге тамашалайық!

Untitled-24 Untitled-13 Untitled-04

 




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑