banner-top12

Ақпараттар ағымы 05-011-350x224

Қосқан уақыты Ақпан 19, 2015 | 742 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Жұмыссыздарға ХҚКО-да көрсетілетін қызметтер

Қазір ғаламдағы өзекті мәселелердің бірі – жұмыссыздық. Швед ғалымдардың пайымдауынша, әлемдегі өзін-өзі өлімге қиюдың әрбір бесіншісі жұмыссыздықтан болады екен. Жұмыссыз қалған адамдардың психологиясын жіті зерттеген ғалымдар осындай қорытынды жасауға мәжбір болған жайы бар. Цюрих университеті мамандарының зерттеу нәтижесіне сүйенсек, жұмыстан шығып қалған немесе жұмыс таба алмаған адамның өзін жайсыз сезінуі экономикалық дағдарыстын да жоғары тұрады. Жұмыссыздықтың әсерін көп жылдар бойы зерттеп жүрген Карлос Нордтың айтуынша, 2000-2011 жылдар аралығында 45 мыңға жуық адам бұл өмірден өз еркімен қош айтысқан. Біздің елімізде де жұмыссыздар саны жетерлік. Үкіметіміз жұмыссыздар санын азайту мақсатында түрлі бағдарламалар қабылдауда. «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы да жұмыссыздар армиясының азаюына жұмыс істеуде. Сонымен қатар, жұмыссыз азаматтар көп жүгірмей, жылдам әрі ыңғайлы түрде жұмыс табу үшін Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы жұмыссыз ретінде тіркелуге мүмкіндік жасалды. Өткен жылдың басында енгізілген «Жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке қою» қызметін Қазақстанның барлық ХҚКО-нан алуға болады. Сонымен қатар, ХҚКО-ларда «Жұмыссыз азаматтарға анықтамалар беру» қызметі де көрсетіледі. Бұл үшін көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе паспорты, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхаты және азаматтығы жоқ адамның куәлігі), сондай-ақ оралмандар үшін – оралман куәлігі болса болғаны.
Салыстырып тексеру үшін құжаттың түпнұсқасы беріледі, содан кейін құжаттың түпнұсқасы көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады.
Сонымен бірге Электрондық сандық қолтаңбаңыз болса қызметті алу үшін электрондық үкімет сайтына жүгінуге болады. Бұрын жұмыссыздар ретiнде тiркеу және азаматтарға жаңа жұмыстарды iздеу үшiн мемлекеттiк органдарға бес немесе одан да көп құжаттарды беру қажет болатын. Ендi жеке сәйкестендiру нөмiрi (ЖСН) және электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) бар болған кезде, клиент электрондық өтiнiш қана толтырса болғаны – жазылған деректер барлық мемлекеттiк деректер қорларынан жедел тексеруден өтедi.
Осы жылдың басынан бері «ХҚКО» РМК Алматы қаласы бойынша филиалында 329 жұмыссыз тіркеліп, 223 азаматқа жұмыссыздығы туралы анықтама берілді.

Алматы қаласы ХҚКО баспасөз қызметі.




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑