banner-top12

Ақпараттар ағымы rutoken-etsp-2-0

Қосқан уақыты Ақпан 6, 2020 | 83 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

ЖЫЛ  БАСЫНАН  БЕРІ  АЛМАТЫ  ҚАЛАСЫНДА  180 МЫҢДАЙ АДАМ ЭЦҚ АЛДЫ

СІЗДІҢ ЭЛЕКТРОНДЫҚ  САНДЫҚ ҚОЛТАҢБАҢЫЗ БАР МА?

Жоқ болса Азаматттарға арналған үкіметтің фронт-офистерінде және Мемлекеттік кірістер басқармаларында ала аласыздар.

ЭЦҚ алу үшін өзімен бірге жеке куәлігі және флэш тасығышы болуы қажет.

Бұдан басқа, ЭЦҚ-ның әрекет ету мерзімін Ұлттық куәландырушы орталықтың pki.gov.kz сайтында жеке кабинетте ұзартуға болатынын еске саламыз. Ол үшін келесідей әрекеттерді орындау қажет:

  1. Қолданыстағы ЭЦҚ қатысты барлық деректерді толтыру; 2. «Кілттер тізімін жаңарту» батырмасын басыңыз. ЭЦҚ паролін дұрыс енгізген кезде аутентификация кілті бейнеленеді. Қол қою және жұмысқа кірісу; 3. ЭЦҚ кілттерімен жұмыс істеу үшін «Менің ЭЦҚ кілттерім» батырмасына өту қажет. Шыққан мәзірден «ЭЦҚ қайта шығару» бөлімін таңдау қажет; 4. Сонан соң негізгі жолақтарды толтырып, «Өтінім беру» түймесін басып, растау және қол қою қажет; 5. Егер ЭЦҚ сақтау үшін компьютер таңдалса, ЭЦҚ кілттеріне пароль ойлап, енгізу және «сертификаттарды жүктеу» батырмасын басу керек;  6. Парольде төменгі және жоғарғы регистрлердің латын әріптері, сондай-ақ сандар болуы тиіс. Пароль кем дегенде 6 таңбадан құралғаны жөн. 7. «Сертификаттарды жүктеу» батырмасын басыңыз. Тіркеу куәліктерінің сәтті орнатылғаны туралы хабарлайтын терезе пайда болады.

ЭЦҚ арқылы порталға кіремін десеңіз, жүйе сізге сертификатты таңдауды ұсынады. Электронды кілт құпиясөзі толтырылғаннан кейін барлық мәліметтер сәйкестендіріледі.

Естеріңізге сала кетейік, ЭЦҚ мемлекеттік қызметтерді алу үшін салық төлеушілерге қажет. Оның көмегімен қазақстандықтар салықтық өтініш бере алады, есептілікті тапсыра алады және тоқтата алады, бақылау-кассалық машинаны есепке алады және т.б әрекеттерді жүзеге асыра алады.




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑