banner-top12

Жаңа кітап no image

Қосқан уақыты Мамыр 15, 2013 | 788 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

«Жыр жаңбыр» атты өлеңдер жинағы жарық көрді

Жақында «Мерей» баспасынан Ақын Мақсұтқан Дәлей (Баркол-Дәлейұлының) «Жыр жаңбыр» атты өлеңдер жинағы жарық көрді. Ақынның бұл жинағы оқырманның жақсы ықыласына бөленетін кітап ретінде бағалауға болады. Өйткені, бұл кітапқа енген жырлары тоқсаншы жылдардың басында жазған жырларынан бастап, кейінгі кездері жазылған жаңа өлеңднрі енген.
Ақынның өлеңдері жан тебіреністері мен көңіл күйлерінің бұлқынысынан туған. 80 жылдардың басынала әдебиетке келген Мақсұтқан Дәлейүлы, Қытай қазақтарына таныла бастаған ақын. Ол тек поэезияға ғана емес, прозағада екпіндей кірген автор. Оның шығармалары шындықпен бірге, әдемі көркемділік ішіне құрылған сиужеттік оқиғалары бар ойлар. Оны кімде болса тұшына оқып, кімде болса өз керегін таба алады десем артық атқандық болмас.
Шынымен зерсала қараған адамға күнделікті өмірдің өзі оқиға, сиужет. Ал Мақсұтқан Дәлейұлының шығармалары дәл күнделікті болмыстың нақты айғағы сияқты.
Жақында прозалық шығармасы да жарық көру алдында тур. Автордың жаңа кітабы туралы шын қуанышымды білдіре отырып, алдағы күндерде оқырманына толассыз еңбектерін тарту етеді деген оймен сөзімді айяқтағалы отырмын.
Шығармашылықта табыстар көп болғай!
Лаззат Игісін




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑