banner-top12

Оралмандар 3dee1411b283bb248cf85b6c5c9ca56d

Қосқан уақыты Қазан 26, 2017 | 322 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

КӘСІБІҢІЗГЕ ҚОЛДАУ КЕРЕК БОЛСА

«ДАМУ» КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ ҚОРЫНЫҢ АҚПАРАТЫ

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры 2010 жылдан бастап мемлекет тарапынан қаржылық және қаржылық емес қолдаудың құралдарын өзіне қамтитын кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік бағдарламасы  (бұдан әрі – Бағдарлама) «Бизнестің жол картасы 2020» жүзеге асырылуда.

Бұл бағдарлама бойынша қаржылық қолдаудың  негізгі құралдары: сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау мен кредиттер бойынша ішінара кепілдік беру болып табылады.

Жобаларды іріктеуді және қаржыландыру (қайта қаржыландыру) жөніндегі шешімді екінші деңгейдегі банктер және лизингтік компаниялар Бағдарламада белгіленген шарттарға сәйкес дербес қабылдайды.

Банктен несие алу үшін кепілдік қамсыздандыру жетпеген жағдайда, бағдарламаға қатысушы «Даму» Қорының кепілдемесін пайдалана алады.«Даму» Қоры ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге арналған кепіл сомасының 85%-ына  дейін кепілдік береді, мұндағы несиенің максималды сомасы – 20,0 млн. теңге, және бұрыннан жұмыс істеп келе жатқан кәсіпкерлерге 50%.

Пайыздық мөлшердегі қаражаттандыру сыйақының атаулы мөлшерлемесінің 19%-дан артық болмаған, оның 7%-ін мемлекет беретін тек несие/лизинг бойынша жүзеге асырылады.

Сонымен қатар, биылғы жылдан бастап «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсәпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасы  жүзеге асырылуда.Несиені беру шарттары:Несие сомасы- 8 000 АЕК (айлық есептік көрсеткіш)-тен артық емес,мақсаты-инвестициялар, айналым қаражатын толықтыру, несиенің мөлшерлемесі- жылдық 6%-дан артық емес, несие мерзімі-5 жылға дейін,ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер үшін-кәсіпкерлік курсы бойынша сертификаттың болуы қажет.Бағдарламаға қатысушылар кепілдік қамсыздандыру жетпеген жағдайда, «Даму» Қорының кепілдемесін пайдалана алады.

Қазіргі уақытта, Алматы қаласы бойынша қаражат екінші деңгейлі 4 банкке берілді. Олар: «Қазақстан Халық Банкі» АҚ, «Сбербанк» АҚ ЕБ, «АТФ Банк» АҚ және «Нұр Банк» АҚ.

«Бизнестің жол картасы – 2020» бизнесті қолдаудың және дамытудың Бірыңғай бағдарламасының шеңберінде ісін жаңадан бастап жатқан кәсіпкерлерге, жас кәсіпкерлерге, әйелдерге, мүгедектерге және 50 жастан асқан тұлғаларға мемлекеттік гранттар ұсынылады.Мемлекеттік грантты инновацияларды енгізетін және жаңалығымен ерекшеленетін бизнес-идеялары бар тұлғалар ала алады. Конкурсқа қатысуға тапсырыс беру үшін Алматы қаласы, Республика алаңы, 4, индустриалды-инновациялық даму бөлімі, Алматы қаласы Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасына қабарласу қажет.

 

Сонымен бірге, толығырақ мәлімет алу үшін бағдарламаға қатысушыны Алматы қаласы бойынша «Даму» Қорының аймақтық филиалы жанындағы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына шақырамыз.

Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда ақпарат алу үшін мына телефондарға қабарласуға болады: 8/7272/44-55-66, 44-55-77, іш.нөмер 3110 Карменова Зарина, іш.нөмер 3113 Оралтаева Лаура.




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑