banner-top12

Ақпараттар ағымы no image

Қосқан уақыты Маусым 18, 2014 | 559 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Каирде бүгінгі Қазақстан мен оның тарихына арналған ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

 

Ү.ж. 17 маусымда Каир қаласында Қазақстан Республикасының Мысыр Араб Республикасындағы Елшілігі Каир университетінің Азиялық зерттеулер орталығымен бірлесе отырып, бүгінгі Қазақстан мен оның тарихы, сондай-ақ қазақстан-мысыр қарым-қатынастарына арналған ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырды, – деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.
Шараға сыртқы істер, уақыфтар, туризм, халықаралық ынтымақтастық, мәдениет министрліктерінің, Араб мемлекеттері лигасының, МАР шолушылары мен ғылыми топтарының, соның ішінде Сыртқы істер жөніндегі мысырлық кеңестің, «Әл-Гумхурия» саяси және қауіпсіздік мәселелерін зерттеу орталығының және т.б. өкілдері, сондай-ақ жоғары оқу орындарының ұстаздары мен студенттері қатысты. Еліміздің Мысырдағы Елшісі Берік Арын ашылу салтанатында сөйлеген сөзінде Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың басшылығымен тәуелсіздік алғаннан кейін біздің мемлекетіміздің қол жеткізген негізгі жетістіктерін атап өтті.
Азиялық зерттеулер орталығының директоры Магда Али Салих ханым да Конференция қонақтары мен қатысушыларына қошемет сөзін айтты. Ол әлемдегі қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайтуға бағытталған Қазақстанның халықаралық бастамалары мен күш-жігеріне ерекше тоқталды.
Айн-Шамс университеті Өнер факультетінің түрколог профессоры А.Әл-Катори «Уақыт қойнауындағы Қазақстан тарихы және Қазақстан мен Мысыр арасындағы тарихи байланыстар» тақырыбына; жазушы, Азияны зертеуші А.Тарабик «Бүгінгі Қазақстан тарихындағы Бірінші Президент Н.Назарбаевтың феномені» тақырыбына; Айн-Шамс университеті жанындағы Таяу Шығысты зерттеулер орталығының директоры Г.Шакра «Қазақстан-2050» Стратегиясы» тақырыбына; «Азат мысырлықтар» партиясының Энергетика істері жөніндегі комитетінің төрағасы Г.Әл-Гор «Еуроазиялық экономикалық одақ» тақырыбына баяндамалар жасады.
Шараға қатысушылар Қазақстан туралы алға тартылған ақпаратқа үлкен қызығушылық танытты және тақырыптарын барынша ашып көрсете білген баяндамалардың мазмұндылығы мен танымдылығын ерекше атап өтті. Тыңдаушылардың айтулары бойынша, олар Қазақстанның тарихы және оның бүгінгі таңдағы даму кезеңдері, Президент Н.Ә.Назарбаевтың көшбасшылығымен қол жеткізген зор жетістіктері, сондай-ақ қазіргі уақытта халықаралық қоғамдастықты толғандырған өзекті мәселелерді шешуге бағытталған Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі, АӨСШК, Еуразиялық медиа-форум, Астана экономикалық форумы, «G-Global», «ЭКСПО-2017» және т.б. осы секілді еліміздің халықаралық бастамалары туралы толық мағлұмат алды.
Қатысушы қонақтар мен журналистерге араб тіліндегі Қазақстан туралы кітаптар, «Қазақстан-2050» Стратегиясы», еліміздің халықаралық бастамалары туралы ақпараттық-танымдық кітпашалар және басқа да пайдалы материалдар таратылды.




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑