banner-top12

Айтарым бар

Уақыты 8 сентября, 2020 | қосқан shalqar | 55 рет оқылды

0

Кавасаки синдромы: ата-аналарға құлаққағыс

Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңындағы онлайн-сұхбат барысында Алматы қаласындағы Балалар клиникалық инфекциялық ауруханасының дәрігер-сарапшысы, балалар жұқпалы аурулары кафедрасының меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы, профессор Ғалия Құттықожанова ата-аналарға балалар арасындағы аурудың алдын алуға жауапкершілікпен қарауды және эпидемиологиялық талаптарды сақтауды ескертті. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің Telegram каналы жазады.

«Ата-аналар балалармен көп жерлерде жүрмеуі керек, сыртқы байланыстарды азайтып,  маска тағу керек. Көшеде тамақ ішпеу, гигиенаны сақтау, иммунитетті арттыру қажет. Асқынған жағдайда өзін – өзі емдеумен айналыспай, дәрігерлерге жүгіну керек», — дейді Г. Құттықожанова.

Эпидемиологиялық тұрақсыздық кезеңінде санитарлық талаптарды елемеген жағдайда балалар ауыры асқынуы мүмкін. Г.Құттықожанованың  хабарлауынша, сәуір айының соңында «Кавасаки» атты жаңа синдром пайда болды. Бұл синдром жиі кездеспейді, бірақ өте ауыр аурулар қатарына жатады. Covid-19-бен байланысты болуы мүмкін деген де  күдік бар.

«Кавасаки ауруы – бұл безгек, кем дегенде 5 күндей болады. Сонымен қатар, көздің қызаруы, ауыз қуысының шырышты қабығының гиперемиясы, еріннің зақымдануы, бөртпе, мұрынның қабыршақтануы, аяқ-қол мен табанның ісінуі және гиперемиясы (қызаруы), мойын лимфа түйіндерінің ұлғаюы секілді белгілері бар», — деді ол.

Сонымен қатар, балаларда Кавасаки белгілері толық байқалмауы мүмкін екенін білу керек. Алайда, жүрек асқынуын болдырмау үшін оларды дер кезінде оқшаулап, емдеуді бастау қажет. Сондай-ақ, ол емдеуге мұқият қарау керек және антибиотиктерді жөнсіз пайдаланбағаны абзал екенін айтты.

«Балаларға вирусқа қарсы препараттарды қолданбау ұсынылады. Балаларға симптоматикалық ем қолданылады. Аурудың белгілері және вирустың ағзалардағы әрекеті салдарынан пайда болған процестер емделеді. Кавасаки синдромы пайда болған кезде топтың консилиумын жүргізу қажет. Оған инфекционистер, ревматологтар, кардилогтар және реаниматологтар кіруі тиіс», — деді Г. Құттықожанова.

Сонымен қатар, ол 1-2 сынып оқушыларына оқудың ерекшелігіне байланысты мектепке күндізгі бөлімде баруға рұқсат етілетінін атап өтті. Сонымен қатар, 3-4 сынып оқушыларына қашықтан оқыту ұсынылады. Кезекші сыныптарда оқитын оқушыларға әлеуметтік қашықтықты сақтау, маска тағу қажет. Мектеп аумағында дерт  таралмауы үшін созылмалы науқасы бар балалардың кезекші сыныптарға барудан бас тартқаны жөн. Жүкті әйелдер, созылмалы аурулары бар адамдар, сондай-ақ 65 жастан асқан адамдар балалардың мектепке әкеліп, алып кетуді қазіргідей жағдайда міндетіне алмағаны дұрыс

Кілтсөздер: ,




Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to Top ↑