banner-top12

Ақпараттар ағымы gwlnaz-jolanova

Қосқан уақыты Қыркүйек 20, 2016 | 492 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Қазақстандық жұлдыздар 2017 жылғы Универсиада еріктілерінің қатарына қосылуда

diynara-bakytbaeva asyljan-tolepov grwppa-alaw gwlnaz-jolanova

20 қыркүйек 2016 ж. – Отандық кинематография және шоу-бизнес жұлдыздары 2017 жылы Алматыда өтетін 28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиада еріктілерінің қатарына қосылуда. 

Танымал киноәртісі Асылхан Төлепов Қазақстанның 25 жылдық тарихындағы ең ірі мультиспорттық жарыс Универсиада ойындарының ұйымдастырылуына барша жұртты бірге атсалысуға шақырды.

«2017 жылдың 29 қаңтары мен 8 ақпан аралығында біздің қаламыз Алматыда 28-ші қысқы Универсиаданың өтетіні барлығыңызға белгілі. Бұл Универсиадада әлемнің түкпір-түкпірінен келген спортшылар бақ сынайды. Дүбірлі доданың сәтті өтуіне 3000 ерікті атсалысады. Егер, еліміздің абыройын асқақтатып, Универсиаданың сәтті өтуіне атсалысқың келсе, біздің қатарға қосыл, біз сендерді күтеміз!», – деді Асылхан Толепов.

Жас киноәртісі Динара Бақтыбаева 2017 жылғы Универсиада- барлық еріктілер үшін әлемнің әр жерінен келген халықпен достық қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік беретінін айтты.

«Егер сен белсенді, жігерлі болсаң, шетелден достар іздеп жүрсең, онда Универсиада еріктілерінің қатарына қосыл! Біз – әлемнің әр елінен келген үлкен отбасымыз. Егер сен көкжиегіңді кеңейткің келсе, онда біздің қатарымызға қосыл. Барлық мәліметті біздің ресми сайттан біле аласыздар. Біз сені асыға күтеміз!», – деп атап өтті Динара Бақтыбаева.

«2017 жылғы Универсиаданың сәтті өтуі, сенің және менің қолымда, біздің қатарымызға қосыл!» Дәл осылай, қазақстандық актриса Гүлназ Жоланова белсенді қазақстандықтарды 2017 жылғы халықаралық студенттер ойындарына атсалысуға, оны жоғарғы деңгейде бірге өткізуге шақырды.

«Құрметті достар, 2017 жылы Алматыда 28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиада өтеді. Аталған шара керемет спорттық кешен  Алматы-Аренада өтеді.  Жалпы Универсиада – қазақ спортының биік жеңістерінің жалғасы болады деген сенімдемін.  Универсиадаға,  50-ден астам ел, 2000 спортшы 3000 волонтер қатысады. Мен, Алматы волонтерларының қатарына косыламын. Сен де, косыл! Универсиаданың жақсы өтуі менің және сенің қолыңда!»,- деп атап өтті Гүлназ Жоланова.

Бойз-бэндтың танымал қатысушылары «Алау» тобы, 2017 жылғы қысқы Универсиада еріктілерімен бірге  видеожолдау түсірді. Танымал ән орындаушылары еріктілер қозғалысына қосылуға шақырды.

«Универсиаданы абыроймен өткізу біздерге байланысты. Барлықтарыңызды біздің қатарымызға қосылуға шақырамын. Достар, егер сіздер ерікті болғыларыңыз келсе, барлық мәліметті Универсиаданың сайтынан қараңыздар. Өз университеттеріңізден таныстырылуын күтіңіздер. Немесе, Байзақов, 280, мекен-жайында орналасқан «Almaty towers» ғимаратының, 1 қабатындағы еріктілермен жұмыс департаментіне келіңіздер Еріктілер қозғалысына қосылыңыздар. Ұмытылмастай Универсиаданы бірге өткізейік!»,-деді «Алау тобының» мүшелері.

2017 жылғы қысқы Универсиаданың еріктісі болғыңыз келсе, ресми сайт almaty2017.com/ru/anketa-volontera кіріп, ерікті анкетасын толтырыңыз. Немесе, мына мекен-жайға келіңіз: Алматы қ, Байзақов, 280 үй, «Almaty towers», 1 қабат, байланыс телефондары: +7 707 4310188, +7 701 4802064.

Универсиаданың ресми еріктілер тобының Vkontakte-дегі парақшасы: https://vk.com/almatyvolunteers2017

Универсиаданың ресми еріктілер тобының Facebook-тағы парақшасы: https://www.facebook.com/groups/almatyvolunteers2017

Универсиаданың ресми еріктілер тобының Instagram-дағы парақшасы: https://www.instagram.com/almaty2017volunteers




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑